📖 0/604 оқылған беттер
📄 415
Ас-Саджда сүресі

Ас-Саджда сүресі

32:2
تَنزِيلُ ٱلۡكِتَٰبِ لَا رَيۡبَ فِيهِ مِن رَّبِّ ٱلۡعَٰلَمِينَ ٢
Бұл Кітаптың әлемдердің Раббысынан түсірілгендігіне ешқандай күмән жоқ
32:3
أَمۡ يَقُولُونَ ٱفۡتَرَىٰهُۚ بَلۡ هُوَ ٱلۡحَقُّ مِن رَّبِّكَ لِتُنذِرَ قَوۡمًا مَّآ أَتَىٰهُم مِّن نَّذِيرٍ مِّن قَبۡلِكَ لَعَلَّهُمۡ يَهۡتَدُونَ ٣
Әлде олар: «Ол оны ойдан шығарды», дей ме? Жоқ, олай емес! Бұл сенен бұрын ескертуші келмеген елдің тура жолға түсуіне үгіттеп, ескертуің үшін Раббыңнан түскен ақиқат
32:4
ٱللَّهُ ٱلَّذِي خَلَقَ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضَ وَمَا بَيۡنَهُمَا فِي سِتَّةِ أَيَّامٍ ثُمَّ ٱسۡتَوَىٰ عَلَى ٱلۡعَرۡشِۖ مَا لَكُم مِّن دُونِهِۦ مِن وَلِيٍّ وَلَا شَفِيعٍۚ أَفَلَا تَتَذَكَّرُونَ ٤
Аллаһ, Ол сондай, аспандарды және жерді әрі екеуінің арасындағыларын алты күнде жаратты, кейін Аршыға көтерілді. Сендер үшін Одан басқа ешбір қамқоршы да, араша түсуші де жоқ. Еске алмайсыңдар ма
32:5
يُدَبِّرُ ٱلۡأَمۡرَ مِنَ ٱلسَّمَآءِ إِلَى ٱلۡأَرۡضِ ثُمَّ يَعۡرُجُ إِلَيۡهِ فِي يَوۡمٍ كَانَ مِقۡدَارُهُۥٓ أَلۡفَ سَنَةٍ مِّمَّا تَعُدُّونَ ٥
Ол аспаннан жерге дейін Өз әмірін жүргізеді. Кейін ол ол істер , мөлшері сендердің есептеріңмен мың жыл болатын бір күнде Оған көтеріледі
32:6
ذَٰلِكَ عَٰلِمُ ٱلۡغَيۡبِ وَٱلشَّهَٰدَةِ ٱلۡعَزِيزُ ٱلرَّحِيمُ ٦
Міне, сол ғайып пен айқын нәрсені Білуші, бәрінен Үстем, ерекше Мейірімді
32:7
ٱلَّذِيٓ أَحۡسَنَ كُلَّ شَيۡءٍ خَلَقَهُۥۖ وَبَدَأَ خَلۡقَ ٱلۡإِنسَٰنِ مِن طِينٍ ٧
Ол әрбір нәрсені өте жақсы кемел де кемшіліксіз етіп жаратты. Әрі Ол адамның Адам атаның жаратылысын лайдан бастады
32:8
ثُمَّ جَعَلَ نَسۡلَهُۥ مِن سُلَٰلَةٍ مِّن مَّآءٍ مَّهِينٍ ٨
кейін оның ұрпағын әлсіз елеусіз судың тамшысынан жасады
32:9
ثُمَّ سَوَّىٰهُ وَنَفَخَ فِيهِ مِن رُّوحِهِۦۖ وَجَعَلَ لَكُمُ ٱلسَّمۡعَ وَٱلۡأَبۡصَٰرَ وَٱلۡأَفۡـِٔدَةَۚ قَلِيلًا مَّا تَشۡكُرُونَ ٩
Кейін оны рет-ретімен теңестіріп, оған Өзіндегі иелігіндегі рухтан үрледі. Әрі Ол сендерге естуді, көруді және жүректерді берді. Сендер аз шүкір етесіңдер Оның берген игіліктеріне аз алғысбілдіресіңдер
32:10
وَقَالُوٓاْ أَءِذَا ضَلَلۡنَا فِي ٱلۡأَرۡضِ أَءِنَّا لَفِي خَلۡقٍ جَدِيدِۭۚ بَلۡ هُم بِلِقَآءِ رَبِّهِمۡ كَٰفِرُونَ ١٠
Ал, олар сенбейтіндер : «Біз жермен араласып жоғалсақ та жаңадан қайта жаратыламыз ба?» деді. Жоқ, олар өздерінің Раббысымен жолығуға сенбейді
32:11
۞ قُلۡ يَتَوَفَّىٰكُم مَّلَكُ ٱلۡمَوۡتِ ٱلَّذِي وُكِّلَ بِكُمۡ ثُمَّ إِلَىٰ رَبِّكُمۡ تُرۡجَعُونَ ١١
Ей, Мұхаммед! Айт: «Жандарыңды сендерге уәкіл етілген өлім періштесі алады, одан кейін сендер өздеріңнің Раббыңа қайтарыласыңдар», -деп
العربيةEnglishBahasa IndonesiaTürkçeРусскийفارسیFrançaisاردوবাংলাDeutschEspañol中文हिन्दीPortuguêsItalianoภาษาไทยPolskiNederlandsShqipKiswahiliO'zbekதமிழ்MelayuBosanskiSoomaaliAzərbaycanکوردی한국어日本語SvenskaDanskNorskپښتوമലയാളംසිංහලTamazightHausaአማርኛБългарскиТоҷикӣҚазақшаFilipinoسنڌيYorùbáFulfuldeТатарчаئۇيغۇرچەКыргызчаਪੰਜਾਬੀJawaతెలుగుမြန်မာગુજરાતીOromoमराठीTiếng ViệtMalagasyНохчийнWolofދިވެހިಕನ್ನಡУкраїнськаΕλληνικάქართულიខ្មែរدریQafar afMaranaoनेपाली
Құран Кәрім
Thursday, August 27, 2026
Don't forget us in your sincere prayers







