Аль-Вакиа сүресі арабша және қазақша

Аль-Вакиа сүресін толық қазақша аударма, транслитерация және аудио оқылыммен оқыңыз. Аят-аят аударма. (96 Аят — مكية). Аль-Вакиа Тыңда, Аль-Вакиа Аударма, Аль-Вакиа mp3, Аль-Вакиа pdf.

Аль-Вакиа сүресін оқы және тыңда

🎧 Аят
M Mishary Rashid Alafasy
M Mahmoud Khalil Al-Husary
A Abdurrahman As-Sudais
M Mohamed Siddiq Al-Minshawi
A Abdul Basit Abdul Samad
A Ali Al-Hudhaify
A Ahmed ibn Ali al-Ajamy
A Abu Bakr Ash-Shaatree
M Muhammad Ayyoub
A Abdullah Basfar
A Abdullah Al-Juhani
M Maher Al Muaiqly
x1
إِذَا وَقَعَتِ الْوَاقِعَةُ ۝١
📖 Аударма Аят 1
Әл-Уақиъа Қиямет болған кезде
لَيْسَ لِوَقْعَتِهَا كَاذِبَةٌ ۝٢
📖 Аударма Аят 2
оның болуын ешнәрсе жоққа шығармайды
خَافِضَةٌ رَّافِعَةٌ ۝٣
📖 Аударма Аят 3
ол төмендетеді, жоғарылатады
إِذَا رُجَّتِ الْأَرْضُ رَجًّا ۝٤
📖 Аударма Аят 4
Жер сілкініп қозғалтылған кезде
وَبُسَّتِ الْجِبَالُ بَسًّا ۝٥
📖 Аударма Аят 5
және таулар қирап, талқандалып
فَكَانَتْ هَبَاءً مُّنبَثًّا ۝٦
📖 Аударма Аят 6
әрі шашылған тозаңға айналған кезде
وَكُنتُمْ أَزْوَاجًا ثَلَاثَةً ۝٧
📖 Аударма Аят 7
сонда сендер үш топқа бөлінесіңдер
فَأَصْحَابُ الْمَيْمَنَةِ مَا أَصْحَابُ الْمَيْمَنَةِ ۝٨
📖 Аударма Аят 8
Бірі оң жақта болады. Оң жақтағылар деген не
وَأَصْحَابُ الْمَشْأَمَةِ مَا أَصْحَابُ الْمَشْأَمَةِ ۝٩
📖 Аударма Аят 9
Ал, біреулер сол жақта болады. Сол жақтағылар деген не
وَالسَّابِقُونَ السَّابِقُونَ ۝١٠
📖 Аударма Аят 10
Әрі озушылар, олар озушылар
أُولَٰئِكَ الْمُقَرَّبُونَ ۝١١
📖 Аударма Аят 11
Міне, солар жақындатылғандар
فِي جَنَّاتِ النَّعِيمِ ۝١٢
📖 Аударма Аят 12
Наъим (Жәннаттың бір аты. Мағнасы көптеген нығмет, игілік) бақтарында болады
ثُلَّةٌ مِّنَ الْأَوَّلِينَ ۝١٣
📖 Аударма Аят 13
Олар әуелгілерден көбірек
وَقَلِيلٌ مِّنَ الْآخِرِينَ ۝١٤
📖 Аударма Аят 14
соңғылардан азырақ
عَلَىٰ سُرُرٍ مَّوْضُونَةٍ ۝١٥
📖 Аударма Аят 15
Безендірілген, көтеріңкі жайлы орындарда
مُّتَّكِئِينَ عَلَيْهَا مُتَقَابِلِينَ ۝١٦
📖 Аударма Аят 16
оған сүйеніп, бір-біріне қараған күйде отырады
يَطُوفُ عَلَيْهِمْ وِلْدَانٌ مُّخَلَّدُونَ ۝١٧
📖 Аударма Аят 17
Оларды мәңгі бозбалалар айналып, қызмет етіп жүреді
بِأَكْوَابٍ وَأَبَارِيقَ وَكَأْسٍ مِّن مَّعِينٍ ۝١٨
📖 Аударма Аят 18
қайнар бұлақтан толтырылған көзе, құмыралар және кеселермен
لَّا يُصَدَّعُونَ عَنْهَا وَلَا يُنزِفُونَ ۝١٩
📖 Аударма Аят 19
одан олардың бастары ауырмайды әрі ақыл-естерін жоғалтпайды
وَفَاكِهَةٍ مِّمَّا يَتَخَيَّرُونَ ۝٢٠
📖 Аударма Аят 20
әрі олар таңдаған жемістерімен
وَلَحْمِ طَيْرٍ مِّمَّا يَشْتَهُونَ ۝٢١
📖 Аударма Аят 21
және қалаған кұс етімен
وَحُورٌ عِينٌ ۝٢٢
📖 Аударма Аят 22
Әрі Оларға жанарлары үлкен де әдемі хурлар
كَأَمْثَالِ اللُّؤْلُؤِ الْمَكْنُونِ ۝٢٣
📖 Аударма Аят 23
бейне бір қабығы ашылмаған сақтаулы інжу секілді жұбайлар бар
جَزَاءً بِمَا كَانُوا يَعْمَلُونَ ۝٢٤
📖 Аударма Аят 24
Бұлар істеген амалдарының қайтарым сыйы
لَا يَسْمَعُونَ فِيهَا لَغْوًا وَلَا تَأْثِيمًا ۝٢٥
📖 Аударма Аят 25
Ол жерде олар бос сөзді де, күнәлі сөзді де естімейді
إِلَّا قِيلًا سَلَامًا سَلَامًا ۝٢٦
📖 Аударма Аят 26
Тек: «Сәләм! Сәләм! Бейбітшілік бол­сын! Амандық болсын! » деген сөзді ғана естиді
وَأَصْحَابُ الْيَمِينِ مَا أَصْحَابُ الْيَمِينِ ۝٢٧
📖 Аударма Аят 27
Ал, оң жақтағылар. Оң жақтағылар деген не
فِي سِدْرٍ مَّخْضُودٍ ۝٢٨
📖 Аударма Аят 28
Тікенегі жоқ лотос ас-сидр өсімдіктері
وَطَلْحٍ مَّنضُودٍ ۝٢٩
📖 Аударма Аят 29
және жемістері шоғырланған банан ағаштары арасында
وَظِلٍّ مَّمْدُودٍ ۝٣٠
📖 Аударма Аят 30
әрі жайылып жатқан көлеңкеде
وَمَاءٍ مَّسْكُوبٍ ۝٣١
📖 Аударма Аят 31
және сарқырап аққан су
وَفَاكِهَةٍ كَثِيرَةٍ ۝٣٢
📖 Аударма Аят 32
мол жемістер арасында
لَّا مَقْطُوعَةٍ وَلَا مَمْنُوعَةٍ ۝٣٣
📖 Аударма Аят 33
сондай/ ешқашан таусылмайтын және тыйым салынбайтын
وَفُرُشٍ مَّرْفُوعَةٍ ۝٣٤
📖 Аударма Аят 34
әрі жоғары көтерілген жұмсақ төсектерде болады
إِنَّا أَنشَأْنَاهُنَّ إِنشَاءً ۝٣٥
📖 Аударма Аят 35
Ақиқатында, Біз оларды басқа жаратумен жараттық
فَجَعَلْنَاهُنَّ أَبْكَارًا ۝٣٦
📖 Аударма Аят 36
әрі оларды ер көрмеген пәк қыздар еттік
عُرُبًا أَتْرَابًا ۝٣٧
📖 Аударма Аят 37
күйеулеріне сүйікті, құрбылас
لِّأَصْحَابِ الْيَمِينِ ۝٣٨
📖 Аударма Аят 38
Бұл оң жақтағылар үшін
ثُلَّةٌ مِّنَ الْأَوَّلِينَ ۝٣٩
📖 Аударма Аят 39
Олар әуелгілерден көп
وَثُلَّةٌ مِّنَ الْآخِرِينَ ۝٤٠
📖 Аударма Аят 40
әрі кейінгілерден де көп
وَأَصْحَابُ الشِّمَالِ مَا أَصْحَابُ الشِّمَالِ ۝٤١
📖 Аударма Аят 41
Ал, сол жақтағылар. Сол жақтағылар деген не
فِي سَمُومٍ وَحَمِيمٍ ۝٤٢
📖 Аударма Аят 42
Олар саммум денені тесіп өтетін ыстық ауа және қайнап тұрған суда
وَظِلٍّ مِّن يَحْمُومٍ ۝٤٣
📖 Аударма Аят 43
және қара түтіннің көлеңкесінде болады
لَّا بَارِدٍ وَلَا كَرِيمٍ ۝٤٤
📖 Аударма Аят 44
салқын емес әрі жақсылығы да жоқ
إِنَّهُمْ كَانُوا قَبْلَ ذَٰلِكَ مُتْرَفِينَ ۝٤٥
📖 Аударма Аят 45
Негізінде, олар бұдан бұрын дүниеде сән-салтанат, рахатқа шалқып жүретін
وَكَانُوا يُصِرُّونَ عَلَى الْحِنثِ الْعَظِيمِ ۝٤٦
📖 Аударма Аят 46
және өте үлкен күнәда қайтпай қасарысатын
وَكَانُوا يَقُولُونَ أَئِذَا مِتْنَا وَكُنَّا تُرَابًا وَعِظَامًا أَإِنَّا لَمَبْعُوثُونَ ۝٤٧
📖 Аударма Аят 47
Әрі олар: «Біз өліп, топыраққа және сүйектерге айналған кезімізде қайта тірілтілеміз бе
أَوَآبَاؤُنَا الْأَوَّلُونَ ۝٤٨
📖 Аударма Аят 48
Біздің әуелгі аталарымыз да ма?» дейтін
قُلْ إِنَّ الْأَوَّلِينَ وَالْآخِرِينَ ۝٤٩
📖 Аударма Аят 49
Айт: «Әуелгілер де, кейінгілер де
لَمَجْمُوعُونَ إِلَىٰ مِيقَاتِ يَوْمٍ مَّعْلُومٍ ۝٥٠
📖 Аударма Аят 50
белгілі күні, белгіленген орынға міндетті түрде жиналады
ثُمَّ إِنَّكُمْ أَيُّهَا الضَّالُّونَ الْمُكَذِّبُونَ ۝٥١
📖 Аударма Аят 51
Содан кейін сендер, ей, өтірікші санайтын адасушылар
لَآكِلُونَ مِن شَجَرٍ مِّن زَقُّومٍ ۝٥٢
📖 Аударма Аят 52
Заққұм ағашынан жейтін боласыңдар
فَمَالِئُونَ مِنْهَا الْبُطُونَ ۝٥٣
📖 Аударма Аят 53
әрі одан қарындарыңды толтырасыңдар
فَشَارِبُونَ عَلَيْهِ مِنَ الْحَمِيمِ ۝٥٤
📖 Аударма Аят 54
Сөйтіп, оның үстіне қайнап тұрған судан ішесіңдер
فَشَارِبُونَ شُرْبَ الْهِيمِ ۝٥٥
📖 Аударма Аят 55
сондай қатты шөлдеген түйелер секілді сіміресіңдер», деп
هَٰذَا نُزُلُهُمْ يَوْمَ الدِّينِ ۝٥٦
📖 Аударма Аят 56
Олардың Есеп күніндегі “сый-сияпаттары” осы
نَحْنُ خَلَقْنَاكُمْ فَلَوْلَا تُصَدِّقُونَ ۝٥٧
📖 Аударма Аят 57
Сендерді Біз жараттық. Неге қайта тірілуді! шын деп білмейсіңдер
أَفَرَأَيْتُم مَّا تُمْنُونَ ۝٥٨
📖 Аударма Аят 58
Өздерің төгетін мәниді көрдіңдер ме ол жайлы ойладыңдар ма
أَأَنتُمْ تَخْلُقُونَهُ أَمْ نَحْنُ الْخَالِقُونَ ۝٥٩
📖 Аударма Аят 59
Оны сендер жаратасыңдар ма, әлде Біз жаратамыз ба
نَحْنُ قَدَّرْنَا بَيْنَكُمُ الْمَوْتَ وَمَا نَحْنُ بِمَسْبُوقِينَ ۝٦٠
📖 Аударма Аят 60
Біз араларыңда өлімді алдын ала белгіледік. Әрі Бізден ешкім оза алмайды кедергі келтіре алмайд
عَلَىٰ أَن نُّبَدِّلَ أَمْثَالَكُمْ وَنُنشِئَكُمْ فِي مَا لَا تَعْلَمُونَ ۝٦١
📖 Аударма Аят 61
сондай, сендердің түрлеріңді өзгертіп және сендерді өздерің білмейтін түрде жаратуда
وَلَقَدْ عَلِمْتُمُ النَّشْأَةَ الْأُولَىٰ فَلَوْلَا تَذَكَّرُونَ ۝٦٢
📖 Аударма Аят 62
Әрі сендер алғашқы жаратуды білесіңдер, ендеше еске алмайсыңдар ма
أَفَرَأَيْتُم مَّا تَحْرُثُونَ ۝٦٣
📖 Аударма Аят 63
Өздерің егіп жатқандарыңды көрдіңдер ме
أَأَنتُمْ تَزْرَعُونَهُ أَمْ نَحْنُ الزَّارِعُونَ ۝٦٤
📖 Аударма Аят 64
Оны сендер өсіресіңдер ме, не Біз өсіреміз бе
لَوْ نَشَاءُ لَجَعَلْنَاهُ حُطَامًا فَظَلْتُمْ تَفَكَّهُونَ ۝٦٥
📖 Аударма Аят 65
Егер де қаласақ, оны қоқымға айналдырар едік те, сендер таңқалып
إِنَّا لَمُغْرَمُونَ ۝٦٦
📖 Аударма Аят 66
«Шын мәнінде, біз зиянға ұшырадық
بَلْ نَحْنُ مَحْرُومُونَ ۝٦٧
📖 Аударма Аят 67
Оған қоса несібемізден де айрылдық», дейтін едіңдер
أَفَرَأَيْتُمُ الْمَاءَ الَّذِي تَشْرَبُونَ ۝٦٨
📖 Аударма Аят 68
Өздерің ішіп жүрген суды байқап көрдіңдер ме
أَأَنتُمْ أَنزَلْتُمُوهُ مِنَ الْمُزْنِ أَمْ نَحْنُ الْمُنزِلُونَ ۝٦٩
📖 Аударма Аят 69
Оны бұлттан сендер түсірдіңдер ме, әлде Біз түсіреміз бе
لَوْ نَشَاءُ جَعَلْنَاهُ أُجَاجًا فَلَوْلَا تَشْكُرُونَ ۝٧٠
📖 Аударма Аят 70
Егер қалағанымызда, оны ащы етер едік. Игіліктерімізге алғыс білдірсеңдер !шүкір етсеңдер болмай ма
أَفَرَأَيْتُمُ النَّارَ الَّتِي تُورُونَ ۝٧١
📖 Аударма Аят 71
Өздерің шағып жағатын отты көрдіңдер ме
أَأَنتُمْ أَنشَأْتُمْ شَجَرَتَهَا أَمْ نَحْنُ الْمُنشِئُونَ ۝٧٢
📖 Аударма Аят 72
Оның ағашын сендер пайда еттіңдер ме, әлде Біз пайда еттік пе
نَحْنُ جَعَلْنَاهَا تَذْكِرَةً وَمَتَاعًا لِّلْمُقْوِينَ ۝٧٣
📖 Аударма Аят 73
Біз оны еске алатын әрі елсіз жердегі жолаушыларға пайдаланатын нәрсе еттік
فَسَبِّحْ بِاسْمِ رَبِّكَ الْعَظِيمِ ۝٧٤
📖 Аударма Аят 74
Ей, Мұхаммед!IҰлы Раббыңның есімін барлық кемшіліктен пәк деп дәріпте
۞ فَلَا أُقْسِمُ بِمَوَاقِعِ النُّجُومِ ۝٧٥
📖 Аударма Аят 75
Жұлдыздардың орындарымен ант етемін
وَإِنَّهُ لَقَسَمٌ لَّوْ تَعْلَمُونَ عَظِيمٌ ۝٧٦
📖 Аударма Аят 76
Егер білетін болсаңдар, күмәнсіз, бұл ұлы ант
إِنَّهُ لَقُرْآنٌ كَرِيمٌ ۝٧٧
📖 Аударма Аят 77
Ақиқатында, бұл Құран Кәрим игілігі мол Құран
فِي كِتَابٍ مَّكْنُونٍ ۝٧٨
📖 Аударма Аят 78
Ол сақталынған Кітапта Ләухул-Махфузда
لَّا يَمَسُّهُ إِلَّا الْمُطَهَّرُونَ ۝٧٩
📖 Аударма Аят 79
Оны тазартылғаннан басқалар ұстамайды
تَنزِيلٌ مِّن رَّبِّ الْعَالَمِينَ ۝٨٠
📖 Аударма Аят 80
Әлемдердің Раббысынан түсірілген
أَفَبِهَٰذَا الْحَدِيثِ أَنتُم مُّدْهِنُونَ ۝٨١
📖 Аударма Аят 81
Сендер бұл Сөзге Құранға немқұрайлылық танытасыңдар ма
وَتَجْعَلُونَ رِزْقَكُمْ أَنَّكُمْ تُكَذِّبُونَ ۝٨٢
📖 Аударма Аят 82
Әрі ризықтарыңды өздерің жалғанға шығаратын нәрсе етесіңдер ме
فَلَوْلَا إِذَا بَلَغَتِ الْحُلْقُومَ ۝٨٣
📖 Аударма Аят 83
Ал жан жұтқыншаққа жеткен кезде
وَأَنتُمْ حِينَئِذٍ تَنظُرُونَ ۝٨٤
📖 Аударма Аят 84
әрі сендер сол уақытта өлім үстінде жатңанга/ қарап қалғанда
وَنَحْنُ أَقْرَبُ إِلَيْهِ مِنكُمْ وَلَٰكِن لَّا تُبْصِرُونَ ۝٨٥
📖 Аударма Аят 85
Біз оған сендерден де жақынбыз, алайда сендер көрмейсіңдер
فَلَوْلَا إِن كُنتُمْ غَيْرَ مَدِينِينَ ۝٨٦
📖 Аударма Аят 86
Ал, егер сендер есепке тартылмайтын болсаңдар, онда неге
تَرْجِعُونَهَا إِن كُنتُمْ صَادِقِينَ ۝٨٧
📖 Аударма Аят 87
оны жанды кері қайтармайсыңдар, егер шын сөзді болсаңдар
فَأَمَّا إِن كَانَ مِنَ الْمُقَرَّبِينَ ۝٨٨
📖 Аударма Аят 88
Ал, егер ол жақындатылғандардан озушылардан болса
فَرَوْحٌ وَرَيْحَانٌ وَجَنَّتُ نَعِيمٍ ۝٨٩
📖 Аударма Аят 89
онда оған тыным, ризық хош иіс және Наъим (Жәннаттың бір аты. Мағнасы көптеген нығмет, игілік) жәннаты бар
وَأَمَّا إِن كَانَ مِنْ أَصْحَابِ الْيَمِينِ ۝٩٠
📖 Аударма Аят 90
Ал, егер оң жақтағылардан болса
فَسَلَامٌ لَّكَ مِنْ أَصْحَابِ الْيَمِينِ ۝٩١
📖 Аударма Аят 91
онда оған: «Саған сәләм бейбітшілік, амандық болсын! Сен оң жақтағылардансың», делінеді
وَأَمَّا إِن كَانَ مِنَ الْمُكَذِّبِينَ الضَّالِّينَ ۝٩٢
📖 Аударма Аят 92
Ал, егер ол жалғанға шығарушы, адасушылардан болса
فَنُزُلٌ مِّنْ حَمِيمٍ ۝٩٣
📖 Аударма Аят 93
онда оның «сыйы» қайнап тұрған су
وَتَصْلِيَةُ جَحِيمٍ ۝٩٤
📖 Аударма Аят 94
әрі Жахимда (Тозақ) жану
إِنَّ هَٰذَا لَهُوَ حَقُّ الْيَقِينِ ۝٩٥
📖 Аударма Аят 95
Шын мәнінде, бұл айтылғандар айқын ақиқат
فَسَبِّحْ بِاسْمِ رَبِّكَ الْعَظِيمِ ۝٩٦
📖 Аударма Аят 96
Ей, Мұхаммед! Ұлы Раббыңның есімін бүкіл кемшіліктен пәк деп дәріпте
← 55 Аль-Вакиа (56/114) 57 →
Оқу Аль-Вакиа сүресі Қазақ тілінде – Аударма және Аудио

56الواقعة Al-Waqi'ah 📚 96 Аят مكية

Аят-аят – Аль-Вакиа сүресі — 96 Аят




Құран Кәрім


Tuesday, August 18, 2026

Don't forget us in your sincere prayers