📖 0/604 оқылған беттер
📄 477
Фуссилат сүресі

Фуссилат сүресі

41:3
كِتَٰبٌ فُصِّلَتۡ ءَايَٰتُهُۥ قُرۡءَانًا عَرَبِيًّا لِّقَوۡمٍ يَعۡلَمُونَ ٣
Арабша Құран етіп, білетін адамдар үшін аяттары анық түсіндіріліп түсірілген бір Кітап
41:4
بَشِيرًا وَنَذِيرًا فَأَعۡرَضَ أَكۡثَرُهُمۡ فَهُمۡ لَا يَسۡمَعُونَ ٤
қуанышты хабар жеткізуші әрі ескертіп, сақтандырушы ретінде. Бірақ, олардың адамдардың көбі теріс бұрылады сөйтіп құлақ аспайды
41:5
وَقَالُواْ قُلُوبُنَا فِيٓ أَكِنَّةٍ مِّمَّا تَدۡعُونَآ إِلَيۡهِ وَفِيٓ ءَاذَانِنَا وَقۡرٌ وَمِنۢ بَيۡنِنَا وَبَيۡنِكَ حِجَابٌ فَٱعۡمَلۡ إِنَّنَا عَٰمِلُونَ ٥
Әрі олар: «Сенің бізді шақырып жатқан нәрседен біздің жүректеріміз перделеніп тұмшаланған әрі құлақтарымызда кереңдік бар, ал біз бен сенің арамызда тосық бар. Сен өз амалыңды істе, біз де өз амалымызды істей береміз»,- деді
41:6
قُلۡ إِنَّمَآ أَنَا۠ بَشَرٌ مِّثۡلُكُمۡ يُوحَىٰٓ إِلَيَّ أَنَّمَآ إِلَٰهُكُمۡ إِلَٰهٌ وَٰحِدٌ فَٱسۡتَقِيمُوٓاْ إِلَيۡهِ وَٱسۡتَغۡفِرُوهُۗ وَوَيۡلٌ لِّلۡمُشۡرِكِينَ ٦
Ей, Мұхаммед! Айт: «Мен бар болғаны сендер сияқты ғана адаммын. Сендердің құдайларың бір ғана құдай екендігі маған уахи етілуде. Оған қарай тура барыңдар және Одан кешірім тілеңдер. Ал, серік қосушыларға үлкен қасірет бар
41:7
ٱلَّذِينَ لَا يُؤۡتُونَ ٱلزَّكَوٰةَ وَهُم بِٱلۡأٓخِرَةِ هُمۡ كَٰفِرُونَ ٧
сондай тазартатынды зекетті бермейтіндерге және соңғы, мәңгілік өмірге ақиретке сенбейтіндерге»,- деп
41:8
إِنَّ ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ وَعَمِلُواْ ٱلصَّٰلِحَٰتِ لَهُمۡ أَجۡرٌ غَيۡرُ مَمۡنُونٍ ٨
Ақиқатында иманға келген және ізгі амал жасағандарға үзілмейтін сый бар
41:9
۞ قُلۡ أَئِنَّكُمۡ لَتَكۡفُرُونَ بِٱلَّذِي خَلَقَ ٱلۡأَرۡضَ فِي يَوۡمَيۡنِ وَتَجۡعَلُونَ لَهُۥٓ أَندَادًاۚ ذَٰلِكَ رَبُّ ٱلۡعَٰلَمِينَ ٩
Ей, Мұхаммед! Айт: «Сендер жерді екі күнде жаратқанға күпірлік танытып сенбей, қарсы келіп және Оған өзгелерді теңдес жасайсыңдар ма? Ол Аллаһ бүкіл әлемдердің Раббысы», деп
41:10
وَجَعَلَ فِيهَا رَوَٰسِيَ مِن فَوۡقِهَا وَبَٰرَكَ فِيهَا وَقَدَّرَ فِيهَآ أَقۡوَٰتَهَا فِيٓ أَرۡبَعَةِ أَيَّامٍ سَوَآءً لِّلسَّآئِلِينَ ١٠
Әрі Ол онда жерде , оның үстіне берік тұрғандарды тауларды орнатты әрі оған береке берді және онда жердегі ризық несібелерін толық төрт күнде мөлшерлеп белгіледі. Бүл сұраушылар үшін
41:11
ثُمَّ ٱسۡتَوَىٰٓ إِلَى ٱلسَّمَآءِ وَهِيَ دُخَانٌ فَقَالَ لَهَا وَلِلۡأَرۡضِ ٱئۡتِيَا طَوۡعًا أَوۡ كَرۡهًا قَالَتَآ أَتَيۡنَا طَآئِعِينَ ١١
Кейін, Ол түтін бу күйіндегі аспанға қарап, оған және жерге: «Ерікті немесе мәжбүрлі түрде келіңдер», деді. Ол екеуі: «Біз ерікті түрде келдік», деді
العربيةEnglishBahasa IndonesiaTürkçeРусскийفارسیFrançaisاردوবাংলাDeutschEspañol中文हिन्दीPortuguêsItalianoภาษาไทยPolskiNederlandsShqipKiswahiliO'zbekதமிழ்MelayuBosanskiSoomaaliAzərbaycanکوردی한국어日本語SvenskaDanskNorskپښتوമലയാളംසිංහලTamazightHausaአማርኛБългарскиТоҷикӣҚазақшаFilipinoسنڌيYorùbáFulfuldeТатарчаئۇيغۇرچەКыргызчаਪੰਜਾਬੀJawaతెలుగుမြန်မာગુજરાતીOromoमराठीTiếng ViệtMalagasyНохчийнWolofދިވެހިಕನ್ನಡУкраїнськаΕλληνικάქართულიខ្មែរدریQafar afMaranaoनेपाली
Құран Кәрім
Saturday, August 29, 2026
Don't forget us in your sincere prayers







