📖 0/604 оқылған беттер
📄 499
Аль-Джасия сүресі

Аль-Джасия сүресі

45:2
تَنزِيلُ ٱلۡكِتَٰبِ مِنَ ٱللَّهِ ٱلۡعَزِيزِ ٱلۡحَكِيمِ ٢
Бұл Кітап бәрінен Үстем , аса Дана Аллаһтан түсірілген
45:3
إِنَّ فِي ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضِ لَأٓيَٰتٍ لِّلۡمُؤۡمِنِينَ ٣
Ақиқатында, аспандарда және жерде имандылар үшін белгі-ғибраттар бар
45:4
وَفِي خَلۡقِكُمۡ وَمَا يَبُثُّ مِن دَآبَّةٍ ءَايَٰتٌ لِّقَوۡمٍ يُوقِنُونَ ٤
Әрі сендерді жаратуда және Оның барлық жаны барды жаратып, оларды таратуында анық сенетін адамдар үшін белгі-дәлелдер бар
45:5
وَٱخۡتِلَٰفِ ٱلَّيۡلِ وَٱلنَّهَارِ وَمَآ أَنزَلَ ٱللَّهُ مِنَ ٱلسَّمَآءِ مِن رِّزۡقٍ فَأَحۡيَا بِهِ ٱلۡأَرۡضَ بَعۡدَ مَوۡتِهَا وَتَصۡرِيفِ ٱلرِّيَٰحِ ءَايَٰتٌ لِّقَوۡمٍ يَعۡقِلُونَ ٥
Сондай-ақ, түн мен күндіздің алмасуында, Аллаһтың аспаннан ризық жаңбыр түсіруінде, онымен жаңбырмен жерді тіршіліксіз қалғанынан өлгенінен кейін жандандыруында және желдерді бағыттауында ақылын істетіп, үғынатын адамдар үшін белгі-ғибраттар бар
45:6
تِلۡكَ ءَايَٰتُ ٱللَّهِ نَتۡلُوهَا عَلَيۡكَ بِٱلۡحَقِّۖ فَبِأَيِّ حَدِيثِۭ بَعۡدَ ٱللَّهِ وَءَايَٰتِهِۦ يُؤۡمِنُونَ ٦
Ей, Мұхаммед! Бүл Құран Аллаһтың аят-белгілері, оны саған ақиқатпен оқимыз. Сонда Аллаһтан және Оның аят-белгілерінен кейін олар қай сөзге сенеді
45:8
يَسۡمَعُ ءَايَٰتِ ٱللَّهِ تُتۡلَىٰ عَلَيۡهِ ثُمَّ يُصِرُّ مُسۡتَكۡبِرًا كَأَن لَّمۡ يَسۡمَعۡهَاۖ فَبَشِّرۡهُ بِعَذَابٍ أَلِيمٍ ٨
Ол өзіне оқылған Аллаһтың аяттарын естіп, содан кейін оны естімегендей, менменсіне қасарысады. Ей, Мұхаммед! Міне, соларды күйзелтуші азаппен «сүйіншіле»
45:9
وَإِذَا عَلِمَ مِنۡ ءَايَٰتِنَا شَيۡـًٔا ٱتَّخَذَهَا هُزُوًاۚ أُوْلَٰٓئِكَ لَهُمۡ عَذَابٌ مُّهِينٌ ٩
Ал, қашан ол Біздің аят-белгілерімізден бірнәрсені білсе, оны келеке етеді. Міне, соларға қорлаушы азап бар
45:10
مِّن وَرَآئِهِمۡ جَهَنَّمُۖ وَلَا يُغۡنِي عَنۡهُم مَّا كَسَبُواْ شَيۡـًٔا وَلَا مَا ٱتَّخَذُواْ مِن دُونِ ٱللَّهِ أَوۡلِيَآءَۖ وَلَهُمۡ عَذَابٌ عَظِيمٌ ١٠
Олардың артынан Жаһаннам бар. Оларға істеп тапқандары да, Аллаһтан өзге қамқоршы етіп алғандары да ешбір пайда бермейді. Әрі оларға үлкен азап болады
45:11
هَٰذَا هُدًىۖ وَٱلَّذِينَ كَفَرُواْ بِـَٔايَٰتِ رَبِّهِمۡ لَهُمۡ عَذَابٌ مِّن رِّجۡزٍ أَلِيمٌ ١١
Бұл Құран — жолбасшы тура жолды ұстануға басшылық . Ал, өздерінің Раббысының аяттарына сондай күпірлік еткендерге теріске шығарғандарға күйзелтуші азаптан ауыр жаза болады
45:12
۞ ٱللَّهُ ٱلَّذِي سَخَّرَ لَكُمُ ٱلۡبَحۡرَ لِتَجۡرِيَ ٱلۡفُلۡكُ فِيهِ بِأَمۡرِهِۦ وَلِتَبۡتَغُواْ مِن فَضۡلِهِۦ وَلَعَلَّكُمۡ تَشۡكُرُونَ ١٢
Аллаһ сендерге теңізді, онда Оның әмірімен кемелердің жүзуі әрі сендер Оның кеңшілігін іздеулерің және шүкір етулерің Оның берген игіліктеріне алғыс білдірулерің үшін бағындырды
45:13
وَسَخَّرَ لَكُم مَّا فِي ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَمَا فِي ٱلۡأَرۡضِ جَمِيعًا مِّنۡهُۚ إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَأٓيَٰتٍ لِّقَوۡمٍ يَتَفَكَّرُونَ ١٣
Әрі Ол сендерге аспандардағы және жердегі нәрселерді бағындырды. Мұның барлығы да Одан. Анығында, мұндаақылға салып ойланатын адамдар үшін белгілер бар
العربيةEnglishBahasa IndonesiaTürkçeРусскийفارسیFrançaisاردوবাংলাDeutschEspañol中文हिन्दीPortuguêsItalianoภาษาไทยPolskiNederlandsShqipKiswahiliO'zbekதமிழ்MelayuBosanskiSoomaaliAzərbaycanکوردی한국어日本語SvenskaDanskNorskپښتوമലയാളംසිංහලTamazightHausaአማርኛБългарскиТоҷикӣҚазақшаFilipinoسنڌيYorùbáFulfuldeТатарчаئۇيغۇرچەКыргызчаਪੰਜਾਬੀJawaతెలుగుမြန်မာગુજરાતીOromoमराठीTiếng ViệtMalagasyНохчийнWolofދިވެހިಕನ್ನಡУкраїнськаΕλληνικάქართულიខ្មែរدریQafar afMaranaoनेपाली
Құран Кәрім
Sunday, August 30, 2026
Don't forget us in your sincere prayers







