📖 0/604 оқылған беттер
📄 507
Мухаммад сүресі

Мухаммад сүресі

47:1
ٱلَّذِينَ كَفَرُواْ وَصَدُّواْ عَن سَبِيلِ ٱللَّهِ أَضَلَّ أَعۡمَٰلَهُمۡ ١
Күпірлік еткендердің иманға келмегендердің және адамдарды Аллаһтың жолынан бұрғандардың амалдарын Ол зая кетірді
47:2
وَٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ وَعَمِلُواْ ٱلصَّٰلِحَٰتِ وَءَامَنُواْ بِمَا نُزِّلَ عَلَىٰ مُحَمَّدٍ وَهُوَ ٱلۡحَقُّ مِن رَّبِّهِمۡ كَفَّرَ عَنۡهُمۡ سَيِّـَٔاتِهِمۡ وَأَصۡلَحَ بَالَهُمۡ ٢
Ал, иманға келген және ізгі амал жасаған әрі Мұхаммедке түсірілгенге бұл Құран олардың Раббысынан келген ақиқат сенгендердің, Ол жамандықтарын өшірді әрі жағдайларын түзелтті
47:3
ذَٰلِكَ بِأَنَّ ٱلَّذِينَ كَفَرُواْ ٱتَّبَعُواْ ٱلۡبَٰطِلَ وَأَنَّ ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ ٱتَّبَعُواْ ٱلۡحَقَّ مِن رَّبِّهِمۡۚ كَذَٰلِكَ يَضۡرِبُ ٱللَّهُ لِلنَّاسِ أَمۡثَٰلَهُمۡ ٣
Мұның себебі, сондай күпірлік етушілердің имансыздардың жалғанға ілескендігі, ал иманға келгендердің өздерінің Раббысынан келген ақиқатқа ергендіктерінен. Аллаһ адамдарға, олардың мысалдарын осылай келтіреді
47:4
فَإِذَا لَقِيتُمُ ٱلَّذِينَ كَفَرُواْ فَضَرۡبَ ٱلرِّقَابِ حَتَّىٰٓ إِذَآ أَثۡخَنتُمُوهُمۡ فَشُدُّواْ ٱلۡوَثَاقَ فَإِمَّا مَنَّۢا بَعۡدُ وَإِمَّا فِدَآءً حَتَّىٰ تَضَعَ ٱلۡحَرۡبُ أَوۡزَارَهَاۚ ذَٰلِكَۖ وَلَوۡ يَشَآءُ ٱللَّهُ لَٱنتَصَرَ مِنۡهُمۡ وَلَٰكِن لِّيَبۡلُوَاْ بَعۡضَكُم بِبَعۡضٍۗ وَٱلَّذِينَ قُتِلُواْ فِي سَبِيلِ ٱللَّهِ فَلَن يُضِلَّ أَعۡمَٰلَهُمۡ ٤
Ал, қашан соғыс майданында күпірлік етушілермен сендермен соғысушы кәпірлермен кездессеңдер мойындарынан ұрыңдар. Қашан оларды басып, әлсіреткеннен кейін, байлауды мықтап бекітіңдер тұтқындарды қамаңдар ,Содан кейін соғыс жүгін түсіргенге аяқталғанға дейін не рақым ету, не төлем алу керек. Міне осылай! Егер де Аллаһ қалағанда, олардан Өзі кек алып жазалайтын еді. Бірақ, Ол сендерді біріңді-бірің арқылы сынауы үшін осылай етті . Аллаһ жолында өлтірілгендердің амалдарын Ол ешқашан зая кетірмейді
47:5
سَيَهۡدِيهِمۡ وَيُصۡلِحُ بَالَهُمۡ ٥
Ол Аллаһ оларды тура жолмен жүргізеді және олардың жағдайларын түзетіп оңалтады
47:6
وَيُدۡخِلُهُمُ ٱلۡجَنَّةَ عَرَّفَهَا لَهُمۡ ٦
әрі оларды Өзі сипаттап таныстырған Жәннатқа кіргізеді
47:7
يَٰٓأَيُّهَا ٱلَّذِينَ ءَامَنُوٓاْ إِن تَنصُرُواْ ٱللَّهَ يَنصُرۡكُمۡ وَيُثَبِّتۡ أَقۡدَامَكُمۡ ٧
Ей, иманға келгендер! Егер Аллаһқа көмек берсеңдер, Ол сендерге көмек береді және табандарыңды бекітеді
47:8
وَٱلَّذِينَ كَفَرُواْ فَتَعۡسًا لَّهُمۡ وَأَضَلَّ أَعۡمَٰلَهُمۡ ٨
Ал, сондай күпірлік еткендерге Аллаһқа қарсы келгендерге оларға жойылу бар әрі Ол Аллаһ олардың барлық амалдарын зая кетіреді
47:9
ذَٰلِكَ بِأَنَّهُمۡ كَرِهُواْ مَآ أَنزَلَ ٱللَّهُ فَأَحۡبَطَ أَعۡمَٰلَهُمۡ ٩
Бұл олардың Аллаһтың түсіргенін жақтырмағандығы жек көргендігі себебінен. Сондықтан Ол Аллаһ олардың амалдарын бекер етті
47:10
۞ أَفَلَمۡ يَسِيرُواْ فِي ٱلۡأَرۡضِ فَيَنظُرُواْ كَيۡفَ كَانَ عَٰقِبَةُ ٱلَّذِينَ مِن قَبۡلِهِمۡۖ دَمَّرَ ٱللَّهُ عَلَيۡهِمۡۖ وَلِلۡكَٰفِرِينَ أَمۡثَٰلُهَا ١٠
Олар жер бетінде сапар шекпеді ме, сөйтіп өздерінен бұрынғылардың соңы қалай болғанын көрмеді ме? Аллаһ оларды жойып жіберді. Кәпірлерге де сол секілді болады
47:11
ذَٰلِكَ بِأَنَّ ٱللَّهَ مَوۡلَى ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ وَأَنَّ ٱلۡكَٰفِرِينَ لَا مَوۡلَىٰ لَهُمۡ ١١
Мұның себебі, иманға келгендердің Иесі, Қамқоршысы Аллаһ, ал кәпірлердің қамқоршысы жоқ болғандығынан
العربيةEnglishBahasa IndonesiaTürkçeРусскийفارسیFrançaisاردوবাংলাDeutschEspañol中文हिन्दीPortuguêsItalianoภาษาไทยPolskiNederlandsShqipKiswahiliO'zbekதமிழ்MelayuBosanskiSoomaaliAzərbaycanکوردی한국어日本語SvenskaDanskNorskپښتوമലയാളംසිංහලTamazightHausaአማርኛБългарскиТоҷикӣҚазақшаFilipinoسنڌيYorùbáFulfuldeТатарчаئۇيغۇرچەКыргызчаਪੰਜਾਬੀJawaతెలుగుမြန်မာગુજરાતીOromoमराठीTiếng ViệtMalagasyНохчийнWolofދިވެހިಕನ್ನಡУкраїнськаΕλληνικάქართულიខ្មែរدریQafar afMaranaoनेपाली
Құран Кәрім
Sunday, August 30, 2026
Don't forget us in your sincere prayers







