Сүресі Аль-Анфаль
PDF —
Built right in your browser — download starts automatically
Сүресі Аль-Анфаль pdf — Жүктеу (Қазақша)
Сүресі Аль-Анфаль pdf Қазақша — Жүктеу Сүресі Аль-Анфаль Аударма. Аль-Анфаль (Medinan) 75 Аят.
Related
- Аль-Анфаль АудармаҚазақша
- Аль-Анфаль mp3Тыңда
- Quran Index Қазақша114
More Сүресі PDF
Сүресі Аль-Анфаль

ﭑﭒﭓﭔﭕﭖﭗﭘﭙﭚﭛﭜﭝﭞﭟﭠﭡﭢﭣﭤﭥﭦ
Ей, Мұхаммед! Олар сақабалар сенен олжалар туралы сұрайды. Айт: «Олжалар Аллаһқа және Оның Елшісіне тән. Тақуалық етіңдер Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтаныңдар және араларыңдағыны түзетіңдер. Егер иманды мүмін болсаңдар, Аллаһқа және Оның Елшісіне бойсұныңдар»-деп
ﭧﭨﭩﭪﭫﭬﭭﭮﭯﭰﭱﭲﭳﭴﭵﭶﭷﭸ
Шын мәнінде, имандылар мүміндер олар Аллаһ еске алынған кезде, жүректері Раббысының жазасынан қорқып діріл қағатындар, және Оның аяттары оқылғанда, ол аяттар оларда иманды арттырады әрі олар Раббысына жүгініп, Оған істерін тапсыратындар тәуекел ететіндер
ﭹﭺﭻﭼﭽﭾﭿ
Солар намазды барлық шарттарын сақтап, беріле толық орындайтындар және Біз ризық етіп бергендерден тиісті орынға жұмсайтындар
ﮀﮁﮂﮃﮄﮅﮆﮇﮈﮉﮊﮋﮌ
Міне, солар шын имандылар мүміндер . Олар үшін олардың Раббысының алдында дәрежелер, кешірім және кең ризық бар
ﮍﮎﮏﮐﮑﮒﮓﮔﮕﮖﮗﮘ
Ей, Мұхаммед! Раббың сені үйіңнен ақиқатпен шығарғанда, имандылардың мүміндердің бір тобы мұны қаламаған еді
ﮙﮚﮛﮜﮝﮞﮟﮠﮡﮢﮣﮤﮥ
Олар сенімен ақиқат анықталғаннан кейін де ол жөнінде тартысқан еді, бейне бір өлімге айдалып бара жатқанын көріп тұрғандай
ﮦﮧﮨﮩﮪﮫﮬﮭﮮﮯﮰﮱﯓﯔﯕﯖﯗﯘﯙﯚﯛﯜﯝﯞ
Сонда, Аллаһ сендерге екі топтың керуен мен әскер бірі сендердікі болатынын уәде еткен еді. Сендер қарусыз топтың керуеннің өздеріңдікі болуын қаладыңдар. Ал, Аллаһ Өзінің сөздері арқылы ақиқатты шындыққа шығаруды және кәпірлердің соңын үзуді жоюды қалайды
ﯟﯠﯡﯢﯣﯤﯥﯦ
қылмыскерлер жек көрсе де ақиқатты шындыққа шығару және жалғанды бекер ету үшін
ﭑﭒﭓﭔﭕﭖﭗﭘﭙﭚﭛﭜ
Сол кезде, сендер өздеріңнің Раббыңнан жәрдем тілегендеріңде Ол: «Сендерге бірінен кейін бірі ерген мың періштемен көмек беремін», деп жауап берді
ﭝﭞﭟﭠﭡﭢﭣﭤﭥﭦﭧﭨﭩﭪﭫﭬﭭﭮﭯﭰﭱ
Аллаһ мұны сендерге қуанышты хабар ретінде әрі осы арқылы жүректеріңнің орнығуы үшін істеді. Көмек тек қана Аллаһтан. Ақиқатында, Аллаһ бәрінен Үстем, аса Дана
ﭲﭳﭴﭵﭶﭷﭸﭹﭺﭻﭼﭽﭾﭿﮀﮁﮂﮃﮄﮅﮆﮇﮈ
Сонда, Ол сендерге Өз тарапынан бір тыныштық ретінде қалғу жеңіл ұшы! жіберді. Әрі сендерге өздеріңді тазарту және шайтанның азғыруын кетіру әрі жүректеріңді орнықтыру және табандарыңды бекіту үшін аспаннан су жаңбыр түсірген еді
ﮉﮊﮋﮌﮍﮎﮏﮐﮑﮒﮓﮔﮕﮖﮗﮘﮙﮚﮛﮜﮝﮞﮟﮠﮡ
Сол уақытта Раббың періштелерге: «Мен сендермен біргемін. Иманға келгендерді бекемдеңдер», деп уахи еткен еді. Мен күпірлік еткендердің имансыздардың жүректеріне үрей тастаймын. Олардың мойындарынан ұрыңдар әрі оларды әрбір саусақтарынан буынынан ұрыңдар
ﮢﮣﮤﮥﮦﮧﮨﮩﮪﮫﮬﮭﮮﮯﮰ
Бұл олардың Аллаһқа және Оның Елшісіне қарсы келгендіктері себепті. Кім Аллаһқа және Оның Елшісіне қарсы шықса, шын мәнінде Аллаһ жаза беруде қатты
ﮱﯓﯔﯕﯖﯗﯘ
Міне, бұл жаза сендерге, енді оны татыңдар. Әрі күмәнсіз, кәпірлерге От тозақ азабы бар
ﯙﯚﯛﯜﯝﯞﯟﯠﯡﯢﯣﯤ
Ей, иманға келгендер! Қашан күпірлік етушілермен кәпірлермен әскери сап түзеп кездессеңдер, оларға ту сырттарыңды бермеңдер қашпаңдар
ﯥﯦﯧﯨﯩﯪﯫﯬﯭﯮﯯﯰﯱﯲﯳﯴﯵﯶﯷﯸﯹﯺ
Кім сол күні соғыс барысын өзгерту немесе өзге топқа қосылудан басқа түрде қашса, сол Аллаһтың ашуына ұшырап қайтады. Оның орны Жаһаннам (Тозақ). Ол баратын орын қандай жаман
ﭑﭒﭓﭔﭕﭖﭗﭘﭙﭚﭛﭜﭝﭞﭟﭠﭡﭢﭣﭤﭥﭦﭧﭨ
Оларды сендер өлтірмедіңдер, алайда оларды Аллаһ өлтірді. Сондай-ақ, ей,Мұхаммед, топырақты! лақтырған кезінде, сен лақтырған жоқсың, оны имандыларды Өз жағынан жақсы бір сынақпен сынау үшін Аллаһ лақтырды. Аллаһ бәрін Естуші, бәрін Білуші
ﭩﭪﭫﭬﭭﭮﭯ
Міне, бұл сендерге. Ақиқатында, Аллаһ кәпірлердің айла-шарғысын осалдатушы
ﭰﭱﭲﭳﭴﭵﭶﭷﭸﭹﭺﭻﭼﭽﭾﭿﮀﮁﮂﮃﮄﮅﮆﮇﮈﮉﮊ
Ей, мүшріктер, егер сендер жеңіс шешім шығарылуын сұраған болсаңдар, міне сендерге жеңіс шешім шығарылды . Егер тыйылсаңдар, бұл өздерің үшін қайырлы. Ал, егер қайталасаңдар, Біз де қайталаймыз. Топтарың қанша көп болса да, сендерге ешқандай пайда бермейді. Анығында, Аллаһ имандылармен бірге
ﮋﮌﮍﮎﮏﮐﮑﮒﮓﮔﮕﮖ
Ей, иманға келгендер! Аллаһқа және Оның Елшісіне бойсұныңдар. Әрі естіп тұрып одан теріс бұрылмаңдар
ﮗﮘﮙﮚﮛﮜﮝﮞﮟ
Әрі өздері құлақ аспаса да, «естідік» дегендер тәрізді болмаңдар
ﮠﮡﮢﮣﮤﮥﮦﮧﮨﮩﮪﮫ
Шын мәнінде, Аллаһтың алдында жерде жүретіндердің ең нашары ақылмен ұғынбайтын саңырау, мылқауы
ﮬﮭﮮﮯﮰﮱﯓﯔﯕﯖﯗﯘﯙ
Егер оларда бір игілік бар болғанда, Аллаһ оларға міндетті түрде құлақ астыратын еді. Ал егер Оларға осы жағдайында естірткен күнде де олар бет бұрған күйде, теріс айналып кетер еді
ﯚﯛﯜﯝﯞﯟﯠﯡﯢﯣﯤﯥﯦﯧﯨﯩﯪﯫﯬﯭﯮﯯ
Ей, иманға келгендер! Сендерді тірілтетін жандандыратын нәрсеге шақырған кезде, Аллаһқа және Елшіге жауап беріңдер бойсұныңдар . Адам мен оның жүрегінің арасын Аллаһтың бөліп тұратынын және Оған жиналатындарыңды біліңдер
ﯰﯱﯲﯳﯴﯵﯶﯷﯸﯹﯺﯻﯼﯽﯾ
Араларыңдағы әділетсіздерге ғана тиіп қоймайтын бүліктен сақтаныңдар. Сондай-ақ, Аллаһтың жаза беруде қатты екенін біліңдер
ﭑﭒﭓﭔﭕﭖﭗﭘﭙﭚﭛﭜﭝﭞﭟﭠﭡﭢﭣﭤ
Сендер жер бетінде аз әрі әлсіз болып, адамдардың сендерді басып алуынан қорқып тұрған кездеріңде, Оның сендерге пана бергенін, Өз жәрдемімен қолдағанын және шүкір етулерің берген игіліктеріне алғыс білдірулерің үшін жақсы нәрселерден ризықтандырғанын естеріңе алыңдар
ﭥﭦﭧﭨﭩﭪﭫﭬﭭﭮﭯﭰ
Ей, иманға келгендер! Біле тұрып Аллаһқа және Елшіге опасыздық сатқындық жасамаңдар, сондай-ақ аманаттарыңа қиянат етпеңдер
ﭱﭲﭳﭴﭵﭶﭷﭸﭹﭺﭻ
Біліңдер! Шын мәнінде, мал-дүниелерің және балаларың бір сынақ. Ал Аллаһта ұлы сый бар
ﭼﭽﭾﭿﮀﮁﮂﮃﮄﮅﮆﮇﮈﮉﮊﮋﮌﮍﮎﮏ
Ей, иманға келгендер! Егер Аллаһтан Оның жазасынан қорқып, сақтаныңдар , Ол сендерге фурқанды береді, жамандықтарыңды өшіреді әрі сендерге кешірім етеді. Аллаһ ұлы кеңшілік Иесі
ﮐﮑﮒﮓﮔﮕﮖﮗﮘﮙﮚﮛﮜﮝﮞﮟﮠﮡﮢ
Ей, Мұхаммед! Кезінде күпірлік еткендер Аллаһқа серік қосушылар сені ұстау не өлтіру немесе Меккеден шығарып жіберу үшін айла-шарғы жасады. Олар айла-шарғы жасады, сонда Аллаһ та амал-тәсіл жасады. Ал, Аллаһ амал-тәсіл жасаушылардың ең қайырлысы
ﮣﮤﮥﮦﮧﮨﮩﮪﮫﮬﮭﮮﮯﮰﮱﯓﯔﯕ
Оларға аяттарымыз оқылған кезде, олар: «Естідік, егер қаласақ, осы тәріздіні біз де айта алар едік. Бұл бұрынғылардың аңыз-ертегілері ғана», деді
ﯖﯗﯘﯙﯚﯛﯜﯝﯞﯟﯠﯡﯢﯣﯤﯥﯦﯧﯨﯩ
Сол кезде олар: «Ей, Аллаһ! Егер бұл Құран Сенің қасыңнан түскен шындық болса, онда үстімізге аспаннан тас жаудыр немесе бізге күйзелтуші азап келтір», деді
ﯪﯫﯬﯭﯮﯯﯰﯱﯲﯳﯴﯵﯶﯷ
Ей, Мұхаммед! Сен олардың арасында тұрған кезде, Аллаһ оларды азаптамайды. Әрі Аллаһ кешірім тілеп тұрған кездерінде де оларды азаптаушы емес
ﭑﭒﭓﭔﭕﭖﭗﭘﭙﭚﭛﭜﭝﭞﭟﭠﭡﭢﭣﭤﭥﭦﭧ
Аллаһ оларды неге азаптамасын, олар әл-Харам мешітінен оған жақын құлшылық етуге лайықты болмай тұрып, одан тосып тұрса. Анығында, оған әл- Харамға жақын лайықтылар тақуалар Аллаһқа бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанушылар ғана. Алайда, олардың көбі білмейді
ﭨﭩﭪﭫﭬﭭﭮﭯﭰﭱﭲﭳﭴﭵﭶ
Олардың Үйдің Қағбаның жанындағы намаздары құлшылықтары ысқыру мен қол шапалақтау ғана еді. Енді күпір келтіргендерің Бір Аллаһқа құлшы-лық етпегендерің үшін азапты татыңдар
ﭷﭸﭹﭺﭻﭼﭽﭾﭿﮀﮁﮂﮃﮄﮅﮆﮇﮈﮉﮊﮋﮌﮍﮎ
Ақиқатында, күпірлік еткендер Аллаһқа серік қосушылар мал-дүниелерін Аллаһтың жолынан тосу үшін істетеді. Сөйтіп олар оны солай жұмсайды, ал кейін бұл олар үшін қасіретке айналады, содан кейін олар жеңіліске ұшырайды. Күпірлік еткендер Аллаһқа қарсы келгендер Жаһаннамға (Тозаққа) жиналдырылады
ﮏﮐﮑﮒﮓﮔﮕﮖﮗﮘﮙﮚﮛﮜﮝﮞﮟﮠﮡﮢ
бұл Аллаһтың жаманды жақсыдан бөлуі және жаманды бір-бірінің үстіне барлығын үйіп, Жаһаннамға салуы үшін. Міне, солар нағыз жеңіліске ұшырағандар
ﮣﮤﮥﮦﮧﮨﮩﮪﮫﮬﮭﮮﮯﮰﮱﯓﯔ
Ей, Мұхаммед! Күпірлік еткендерге Аллаһқа серік қосушыларға айт, егер олар тыйылса, олардың бұрынғы істеріне кешірім жасалады. Ал, егер қайта оралса, онда бұрынғылардың да жолы осылай өткен
ﯕﯖﯗﯘﯙﯚﯛﯜﯝﯞﯟﯠﯡﯢﯣﯤﯥﯦ
Олармен бүлік қалмай және дін бүтіндей Аллаһқа арналғанға дейін соғысыңдар. Егер олар тыйылса, ақиқатында Аллаһ олардың не істейтіндерін Көруші
ﯧﯨﯩﯪﯫﯬﯭﯮﯯﯰﯱﯲ
Ал, егер олар теріс бұрылса, қамқоршыларың Аллаһ екенін біліндер. Ол қандай жақсы Қамқоршы әрі қандай жақсы көмек беруші
ﭑﭒﭓﭔﭕﭖﭗﭘﭙﭚﭛﭜﭝﭞﭟﭠﭡﭢﭣﭤﭥﭦﭧﭨﭩﭪﭫﭬﭭﭮﭯﭰﭱﭲﭳﭴ
Егер сендер Аллаһқа сенген болсаңдар және Айыру күні екі топ Бәдірде кездескен күні құлымызға түсіргенімізге сенсеңдер, онда біліңдер, олжалап алған заттарыңның бестен бірі Аллаһқа және Елшіге, сонымен бірге Елшінің жақын туыстарына, жетімдерге, кедейлер мен жолда қалған жолаушыға тиісті. Аллаһ барлық нәрсені Жасай алушы
ﭵﭶﭷﭸﭹﭺﭻﭼﭽﭾﭿﮀﮁﮂﮃﮄﮅﮆﮇﮈﮉﮊﮋﮌﮍﮎﮏﮐﮑﮒﮓﮔﮕﮖﮗﮘﮙﮚ
Сол кезде сендер алқаптың Мәдинаға жақын жағында болсаңдар, олар мүшріктер әскері алыс жағында, ал керуен сендерден төмен жақта еді. Егер де уәделескендерінде де келіскен уақыт пен орында кездесе алмайтын едіңдер. Алайда, құрыған адам анық дәлелмен құруы үшін әрі өмір сүрген адам анық дәлелмен өмір сүруі үшін Аллаһ орындалуы тиіс істі жүзеге асырды. Ақиқатында, Аллаһ әрбір нәрсені Естуші, әрбірнәрсені Білуші
ﮛﮜﮝﮞﮟﮠﮡﮢﮣﮤﮥﮦﮧﮨﮩﮪﮫﮬﮭﮮﮯﮰﮱ
Ей, Мұхаммед! Сонда Аллаһ, түсінде саған оларды аз етіп көрсеткен еді. Егер оларды саған көп етіп көрсеткенде, әлсіздік танытып, іс жайында тартысар едіңдер. Алайда, Аллаһ сақтап қалды. Ақиқатында, Ол кеуделердегіні жүректердегіні жақсы Білуші
ﯓﯔﯕﯖﯗﯘﯙﯚﯛﯜﯝﯞﯟﯠﯡﯢﯣﯤﯥﯦﯧ
Сендер жаумен кездескен кезде, Аллаһ орындалуы тиіс істі жүзеге асыруы үшін оларды сендердің көздеріңе аз етіп көрсетті, сендерді де олардың көздеріне аз етіп көрсеткен еді. Барлық істер Аллаһқа қайтарылады
ﯨﯩﯪﯫﯬﯭﯮﯯﯰﯱﯲﯳﯴ
Ей, иманға келгендер! Қашан бір қарсы топпен бетпе-бет келсеңдер, мақсатқа жету үшін берік болыңдар да Аллаһты көп еске алыңдар
ﭑﭒﭓﭔﭕﭖﭗﭘﭙﭚﭛﭜﭝﭞﭟﭠ
Әрі Аллаһқа және Оның Елшісіне бойсұныңдар және өзара тартыспаңдар. Олай болса рухтарың түсіп, күш-қуаттарың кетіп қалады тастап кетеді . Сабыр етіңдер! Ақиқатында, Аллаһ сабыр етушілермен бірге
ﭡﭢﭣﭤﭥﭦﭧﭨﭩﭪﭫﭬﭭﭮﭯﭰﭱﭲﭳ
Үйлерінен менменсінген түрде және адамдар көруі үшін шығып, Аллаһтың жолынан тосатындар секілді болмаңдар! Аллаһ олардың не істеп жатқандарын толық Қамтушы
ﭴﭵﭶﭷﭸﭹﭺﭻﭼﭽﭾﭿﮀﮁﮂﮃﮄﮅﮆﮇﮈﮉﮊﮋﮌﮍﮎﮏﮐﮑﮒﮓﮔﮕﮖﮗﮘﮙﮚ
Сол кезде шайтан оларға мүшріктерге : «Бүгін адамдардың ішінде сендерден үстем келуші жоқ. Шын мәнінде, мен сендер жақта боламын», деп істерін көрікті етіп көрсетті. Екі топ бірін-бірі көрген кезде, шайтан теріс айналып: «Менің сендерге мүлдем қатысым жоқ. Мен сендер көрмейтінді көремін. Ақиқатында, мен Аллаһтан қорқамын. Аллаһ жаза беруде қатты», деді
ﮛﮜﮝﮞﮟﮠﮡﮢﮣﮤﮥﮦﮧﮨﮩﮪﮫﮬﮭﮮ
Сол уақытта мұнафиқтар және жүректерінде дерті барлар иманы әлсіздер : «Оларды діндері алдап қойды», деді. Негізінде, кім Аллаһқа жүгініп, Оған өзін тапсырса тәуекел етсе , ақиқатында, Аллаһ бәрінен Үстем, аса Дана
ﮯﮰﮱﯓﯔﯕﯖﯗﯘﯙﯚﯛﯜﯝ
Періштелер күпірлік еткендерді Аллаһқа қарсы келгендерді беттері мен арт жақтарынан ұрып: «Күйдіріп, жандырушы оттың азабын татыңдар!» деп, жандарын алып жатқан кезде көрсең еді
ﯞﯟﯠﯡﯢﯣﯤﯥﯦﯧ
Бұл азап сендердің өз қолдарыңмен істегендеріңнің салдары, Аллаһ құлдарына әділетсіздік етуші емес
ﯨﯩﯪﯫﯬﯭﯮﯯﯰﯱﯲﯳﯴﯵﯶﯷﯸﯹﯺﯻ
олардың істері Фиръаун әулеті мен олардан бұрынғы өткендердің істегендері секілді. Олар Аллаһтың белгілеріне күпірлік етті сенбеді, теріске шығарды . Сонда Аллаһ оларды күнәлары себепті ұстады. Аллаһ өте Күшті, жаза беруде қатты
ﭑﭒﭓﭔﭕﭖﭗﭘﭙﭚﭛﭜﭝﭞﭟﭠﭡﭢﭣ
Бұның себебі, Аллаһ адамдарға берген игілігін, ол адамдар өздеріңдегіні өзгертпейінше, өзгертуші еместігі және Аллаһ барлық нәрсені Естуші, әрбірнәрсені Білуші ’Алим болғандығынан
ﭤﭥﭦﭧﭨﭩﭪﭫﭬﭭﭮﭯﭰﭱﭲﭳﭴﭵﭶﭷ
Фиръаун әулеті мен олардан бұрынғы өткендердің де істері осы секілді болды. Олар өздерінің Раббысының аяттарын өтірікке шығарған еді. Біз оларды күнәлары себебінен құртып, Фиръаун тобын суға батырдық. Олардың барлығы да әділетсіздер еді
ﭸﭹﭺﭻﭼﭽﭾﭿﮀﮁﮂ
Негізінде, Аллаһтың алдында, қозғалатын жаны барлардың ең жаманы күпірлік етушілер аманатқа қиянат етуші имансыздар , Олар иманға келмейді
ﮃﮄﮅﮆﮇﮈﮉﮊﮋﮌﮍﮎﮏ
Ей, Мұхаммед! Солар, сен олармен келісім жасасқаннан кейін, келісімдерін әрқашан бұзып отырады әрі олар Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанбайды
ﮐﮑﮒﮓﮔﮕﮖﮗﮘﮙﮚ
Сондықтан, олармен соғыста кездессең соққы беріп , олар арқылы артындағыларды да үрей салып ыдырат, мүмкін олар ескерту алар
ﮛﮜﮝﮞﮟﮠﮡﮢﮣﮤﮥﮦﮧﮨﮩﮪ
Ап, егер бір елдің сатқындығынан қауіптенсең, келісімді олармен тең түрде таста бұз . Ақиқатында, Аллаһ опасыздарды жақсы көрмейді
ﮫﮬﮭﮮﮯﮰﮱﯓﯔﯕ
Әрі күпірлік еткендер иманға келуден бас тартқандар өздерін құтылдық деп ойламасын. Олар әлсірете Аллаһтың жазасынан қашып құтыла алмайды
ﯖﯗﯘﯙﯚﯛﯜﯝﯞﯟﯠﯡﯢﯣﯤﯥﯦﯧﯨﯩﯪﯫﯬﯭﯮﯯﯰﯱﯲﯳﯴﯵﯶﯷﯸ
Оларға қарсы шамаларың келгенше күш-қуат және атты әскер әзірлеңдер, онымен Аллаһтың жауын және өз жауларынды әрі өзгелерді де сескендіру үшін. Оларды сендер білмейсіңдер, Аллаһ біледі. Аллаһ жолында не нәрсе жұмсасаңдар да өздеріңе толық қайтарылады әрі сендерге әділетсіздік жасалмайды
ﯹﯺﯻﯼﯽﯾﯿﰀﰁﰂﰃﰄﰅﰆﰇ
Ей, Мұхаммед! Егер олар бейбіт келісімге бейімділік танытса, сен де бұрыл әрі Аллаһқа жүгініп, Оған ісіңді тапсыр тәуекел ет . Ақиқатында, Ол бәрін Естуші, бәрін Білуші
ﭑﭒﭓﭔﭕﭖﭗﭘﭙﭚﭛﭜﭝﭞ
Егер олар сені алдамақшы болса, негізінде, саған Аллаһтың Өзі жеткілікті. Ол сені Өз жәрдемі және имандылар мүміндер арқылы қолдады
ﭟﭠﭡﭢﭣﭤﭥﭦﭧﭨﭩﭪﭫﭬﭭﭮﭯﭰﭱﭲﭳﭴﭵ
әрі олардың жүректерін біріктірді. Егер сен жердегі барлық нәрселерді жұмсасаң да олардың жүректерін қоса алмас едің. Алайда, Аллаһ олардың араларын біріктірді. Ақиқатында, Ол барлығынан Үстем , аса Дана
ﭶﭷﭸﭹﭺﭻﭼﭽﭾ
Ей, Пайғамбар! Саған және өзіңе ерген имандыларға мүміндерге Аллаһ жетіп асады
ﭿﮀﮁﮂﮃﮄﮅﮆﮇﮈﮉﮊﮋﮌﮍﮎﮏﮐﮑﮒﮓﮔﮕﮖﮗﮘﮙﮚﮛ
Ей, Пайғамбар! Имандыларды мүміндерді шайқасқа үнде. Егер сендерден сабырлы жиырма кісі болса, екі жүз кісіні жеңеді. Ал егер сендерден жүз кісі болса, күпірлік етушілердің Аллаһқа қарсы келушілердің мыңын жеңеді. Өйткені олар – түсінбейтін адамдар
ﮜﮝﮞﮟﮠﮡﮢﮣﮤﮥﮦﮧﮨﮩﮪﮫﮬﮭﮮﮯﮰﮱﯓﯔﯕﯖﯗﯘﯙﯚ
Енді Аллаһ сендерге жеңілдік жасады, өйткені сендерде әлсіздік бар екені Оған белгілі. Егер сендерден сабырлы жүз кісі болса, екі жүз кісіні жеңеді. Ал егер сендерден мың болса, Аллаһтың рұқсатымен екі мыңды жеңеді. Негізінде, Аллаһ сабырлылармен бірге
ﯛﯜﯝﯞﯟﯠﯡﯢﯣﯤﯥﯦﯧﯨﯩﯪﯫﯬﯭﯮﯯﯰﯱ
Бірде-бір пайғамбарға жерде өз жерінде басымдылыққа жеткенге дейін тұтқын ұстау жөн емес. Сендер дүниенің өткінші нәрсесін қалайсыңдар. Ал, Аллаһ соңғы, мәңгілік өмірді ақиретті қалайды. Әрі Аллаһ бәрінен Үстем, аса Дана
ﯲﯳﯴﯵﯶﯷﯸﯹﯺﯻﯼ
Егер Аллаһтың алдын ала жазып бекіткені болмағанда, сендерге олжа алғандарың үшін өте үлкен азап болар еді
ﯽﯾﯿﰀﰁﰂﰃﰄﰅﰆﰇﰈﰉﰊ
Олжа ретінде алған нәрселеріңнің халалын рұқсат етілгенін , жақсысын жеңдер пайдаланыңдар әрі Аллаһтан Оның жазасынан! қорқып, сақтаныңдар . Ақиқатында, Аллаһ өте Кешірімді , ерекше Мейірімді
ﭑﭒﭓﭔﭕﭖﭗﭘﭙﭚﭛﭜﭝﭞﭟﭠﭡﭢﭣﭤﭥﭦﭧﭨﭩﭪ
Ей, Пайғамбар! Қолдарыңдағы тұтқындарға: «Егер де жүректеріңде бір қайыр болса, Аллаһ оны біледі және сендерге өздеріңнен алынғаннан қайырлысын береді әрі сендерді кешіреді. Аллаһ өте Кешірімді, ерекше Мейірімді » деп айт
ﭫﭬﭭﭮﭯﭰﭱﭲﭳﭴﭵﭶﭷﭸﭹ
Егер олар саған қиянат істегісі келсе, олар бұрын Аллаһқа қиянат істеген еді. Сонда Ол сендерді олардан үстем етті. Аллаһ бәрін Білуші , аса Дана
ﭺﭻﭼﭽﭾﭿﮀﮁﮂﮃﮄﮅﮆﮇﮈﮉﮊﮋﮌﮍﮎﮏﮐﮑﮒﮓﮔﮕﮖﮗﮘﮙﮚﮛﮜﮝﮞﮟﮠﮡﮢﮣﮤﮥﮦﮧﮨﮩﮪ
Ақиқатында иманға келгендер, қоныс аударғандар, Аллаһтың жолында малдары әрі жандарымен күрескендер және пана бергендер мен көмектескендер, міне, бұлар бір-бірінің жақыны. Ал, иманға келген, бірақ қоныс аудармағандар болса, қоныс аудармайынша, сендер олармен ешбір жақын бола алмайсыңдар. Егер олар сендерден дін үшін көмек сұраса, тек сендермен араларыңда келісімі бар елге қарсы болмаса, көмектесуге міндеттісіңдер. Аллаһ не істеп жатқандарыңды Көруші
ﮫﮬﮭﮮﮯﮰﮱﯓﯔﯕﯖﯗﯘﯙﯚ
Әрі күпірлік етушілер имансыздар бір-біріне дос, жақтас. Егер сендер осыны орындамасаңдар жер жүзінде бүлік фитна және зор бүлініс бәрі астаң-кестең болады
ﯛﯜﯝﯞﯟﯠﯡﯢﯣﯤﯥﯦﯧﯨﯩﯪﯫﯬﯭﯮ
Ал, иманға келгендер әрі қоныс аударғандар және Аллаһтың жолында күрескендер әрі пана беріп және көмектескендер, міне, солар шын имандылар мүміндер . Оларға кешірім және мол ризық бар
ﯯﯰﯱﯲﯳﯴﯵﯶﯷﯸﯹﯺﯻﯼﯽﯾﯿﰀﰁﰂﰃﰄﰅﰆﰇ
Әрі иманға келген, кейін қоныс аударған және сендермен бірге соғысқандар өздеріңнен. Содай-ақ, туысқандар Аллаһтың Кітабы бойынша бір-біріне жақынырақ. Ақиқатында, Аллаһ барлық нәрсені Білуші
Құран Кәрім
Tuesday, August 18, 2026
Don't forget us in your sincere prayers







