Йа Син сүресі pdf — Жүктеу (Қазақша)
Йа Син сүресі pdf Қазақша — Жүктеу Йа Син сүресі Аударма. Йа Син сүресі (Meccan) 83 Аят.
Related
- Йа Син сүресі АудармаҚазақша
- Йа Син сүресі mp3Тыңда
- Quran Index Қазақша114
More Сүресі PDF
Йа Син сүресі

ﭬﭭ
36:1
Йа, Син
ﭮﭯﭰ
36:2
Хикметті Құранмен ант етемін
ﭱﭲﭳﭴ
36:3
Ей, Мұхаммед! Шын мәнінде, сен елшілерденсің
ﭵﭶﭷﭸ
36:4
тура жолдағы
ﭹﭺﭻﭼ
36:5
Бұл бәрінен Үстем, ерекше Рақымдының түсіргені
ﭽﭾﭿﮀﮁﮂﮃﮄ
36:6
аталары ескертілмей, өздері қаперсіз жүрген елге ескертуің үшін
ﮅﮆﮇﮈﮉﮊﮋﮌﮍ
36:7
Олардың көпшілігіне қатысты Сөз шындыққа айналды, енді олар сенбейді
ﮎﮏﮐﮑﮒﮓﮔﮕﮖﮗﮘ
36:8
Біз олардың кәпірлердің мойындарын иектеріне дейін жететін бұғаулармен құрсаулап қаптадық. Содан олардың бастары кекшиіп қалады
ﮙﮚﮛﮜﮝﮞﮟﮠﮡﮢﮣﮤﮥ
36:9
Әрі Біз олардың алдарынан да тосқауыл және арттарынан да тосқауыл қойып, оларды бүркедік, сондықтан олар көрмейді
ﮦﮧﮨﮩﮪﮫﮬﮭﮮ
36:10
Ей, Мұхаммед! Ескертсең де, ескертпесең де оларға бәрібір, олар иманға келмейді
ﮯﮰﮱﯓﯔﯕﯖﯗﯘﯙﯚﯛﯜﯝ
36:11
Негізінде, сен Ескертуге Құранға ерген және әр-Рахманнан аса Қайырымдыдан , Оны көрмей-ақ қорыққанға ескерте аласың. Оны кешірім әрі көркем сыймен сүйіншіле
ﯞﯟﯠﯡﯢﯣﯤﯥﯦﯧﯨﯩﯪﯫﯬﯭ
36:12
Ақиқатында, Біз өлілерді қайта тірілтеміз және олардың бұрын әзірлегендерін істеген амалдарын және артында қалдырған іздерін жазып қоямыз. Біз әрбірнәрсені анық Түпнұсқада Ләухул-Махфузда Ш есептеп қойдық
ﭑﭒﭓﭔﭕﭖﭗﭘﭙ
36:13
Ей, Мұхаммед! Оларға бір кент халқының мысалын келтір. Кезінде ол кентке елшілер келген еді
ﭚﭛﭜﭝﭞﭟﭠﭡﭢﭣﭤﭥ
36:14
Біз оларға елшінің екеуін жібергенімізде, олар кент халқы екеуін өтірікшіге шығарды. Сонда Біз ол екеуін үшіншімен күшейттік те, олар: «Біз сендерге жіберілген елшілерміз», деді
ﭦﭧﭨﭩﭪﭫﭬﭭﭮﭯﭰﭱﭲﭳﭴﭵ
36:15
Кент халқы : «Сендер бар болғаны біз сияқты ғана адамсыңдар. Әр-Рахман аса Қайырымды ешнәрсе түсірмеді, сендер өтірік айтып тұрсыңдар», деді
ﭶﭷﭸﭹﭺﭻﭼ
36:16
Елшілер : «Раббымыз біледі. Ақиқатында, біз сендерге жіберілген елшілерміз
ﭽﭾﭿﮀﮁﮂ
36:17
Әрі Бізге жүктелгені анық түрде жеткізу ғана»,-деді
ﮃﮄﮅﮆﮇﮈﮉﮊﮋﮌﮍﮎﮏﮐ
36:18
Кент халқы : «Біз сендерден жамандықтың нышанын байқап тұрмыз. Егер тыйылмасаңдар, сендерді таспен ұрамыз. Әрі біздің тарапымыздан болған азапқа ұшырайсыңдар», деді
ﮑﮒﮓﮔﮕﮖﮗﮘﮙﮚﮛﮜ
36:19
Елшілер : «Жаман ырымдарың өздеріңмен бірге. Естеріңе салса да ма ескертсе де ме ? Олай емес, сендер шектен шыққан елсіңдер», деді
ﮝﮞﮟﮠﮡﮢﮣﮤﮥﮦﮧ
36:20
Сонда қаланың шетінен бір кісі жүгіріп келіп: «Әй, адамдар! Елшілерге еріңдер
ﮨﮩﮪﮫﮬﮭﮮﮯ
36:21
Өздеріңнен ақы сұрамайтындарға және тура жолда болғандарға еріндер
ﮰﮱﯓﯔﯕﯖﯗﯘﯙ
36:22
Әрі мен өзімді жаратқанға және өздерің Оған қайтарылатынға Аллаһқа қалайша құлшылық етпеймін
ﯚﯛﯜﯝﯞﯟﯠﯡﯢﯣﯤﯥﯦﯧﯨﯩ
36:23
Мен Одан өзгелерді құдайлар етіп аламын ба? Егер әр-Рахман аса Қайырымды маған бір зиян тигізуді қаласа, олардың ара түсулері шапағаты маған еш пайда бермейді әрі олар мені құтқара да алмайды
ﯪﯫﯬﯭﯮﯯ
36:24
Онда мен сөзсіз анық адасуда болған боламын
ﯰﯱﯲﯳﯴ
36:25
Ақиқатында, мен сендердің Раббыңа сендім. Мені тыңдаңдар.»,- деді
ﯵﯶﯷﯸﯹﯺﯻﯼﯽ
36:26
Оған: «Жәннатқа кір»,- делінді. Ол: «Егер елім білгенде еді
ﯾﯿﰀﰁﰂﰃﰄﰅ
36:27
Раббымның мені не үшін кешіргенін әрі мені қадірлілер қатарынан еткенін», деді
ﭑﭒﭓﭔﭕﭖﭗﭘﭙﭚﭛﭜﭝﭞﭟ
36:28
Біз оның еліне одан кейін аспаннан ешқандай әскер түсірмедік және түсіруші де емеспіз
ﭠﭡﭢﭣﭤﭥﭦﭧﭨ
36:29
Бар болғаны бір ғана сайха болды да, олар сол сәтте өшті
ﭩﭪﭫﭬﭭﭮﭯﭰﭱﭲﭳﭴﭵ
36:30
Өздеріне келген әрбір Елшіні келеке еткен құлдарға қасірет бар
ﭶﭷﭸﭹﭺﭻﭼﭽﭾﭿﮀﮁ
36:31
Олар өздерінен бұрын қанша ұрпақтарды жойып жібергенімізді көрмеді ме? Әрі олардың өздеріне қайта келмейтіндіктерін
ﮂﮃﮄﮅﮆﮇﮈ
36:32
Әрі күмәнсіз, барлығы бірге алдымызға жиналады
ﮉﮊﮋﮌﮍﮎﮏﮐﮑﮒﮓ
36:33
Әрі тіршіліксіз өлі жер олар үшін бір белгі. Біз оны жандандырып тіршілік бітіріп , одан олар азық ететін дән шығардық
ﮔﮕﮖﮗﮘﮙﮚﮛﮜﮝﮞ
36:34
Әрі онда құрма бақтары және жүзімдіктер жасадық және онда бастаулар ағыздық
ﮟﮠﮡﮢﮣﮤﮥﮦﮧﮨ
36:35
оның жемістерінен жеулері үшін. бұл олардың қолдарының істегендері емес. Сонда олар шүкір етпей ме Раббысының берген игіліктеріне алғыс білдірмей ме
ﮩﮪﮫﮬﮭﮮﮯﮰﮱﯓﯔﯕﯖﯗ
36:36
Жердің өсірген нәрселерін, олардың адамдардың өздерін және олар білмейтін нәрселердің барлығын жұп етіп жаратқан Ол Аллаһ барлық кемшіліктен пәк
ﯘﯙﯚﯛﯜﯝﯞﯟﯠﯡ
36:37
Әрі олар үшін түн бір белгі. Біз одан күндізді ажыратып аламыз, сол кезде олар қараңғылықта қалады
ﯢﯣﯤﯥﯦﯧﯨﯩﯪﯫ
36:38
Сондай-ақ, күн өзінің белгіленген уақытына жүзеді. бұл бәрінен Үстем, бәрін Білушінің белгілеуі тағдыр еткені
ﯬﯭﯮﯯﯰﯱﯲﯳ
36:39
Әрі айдың да құрманыңқурағанбұтағындай болғанына дейінгі орындарын белгілеп қойдық
ﯴﯵﯶﯷﯸﯹﯺﯻﯼﯽﯾﯿﰀﰁﰂﰃﰄ
36:40
Күннің айға жетуі мүмкін емес әрі түн де күндізден озбайды. Барлығы өз орбиталарында кеңістіктегі белгіленген айналу жолында жүзеді
ﭑﭒﭓﭔﭕﭖﭗﭘﭙ
36:41
Әрі олардың адамдардың ұрпақтарын толған кемеде алып жүруіміз олар үшін бір белгі
ﭚﭛﭜﭝﭞﭟﭠ
36:42
Біз олар үшін соған кемеге ұқсастан өздері мінетін нәрселерді түрлі көлік түрлерін жаратып бердік
ﭡﭢﭣﭤﭥﭦﭧﭨﭩﭪ
36:43
Егер қаласақ, оларды суға батырамыз. Сонда оларға көмекші болмайды әрі өздерін құтқара алмайды
ﭫﭬﭭﭮﭯﭰﭱ
36:44
тек Бізден бір мейірім болып және белгіленген уақытқа дейінгі пайдаландыруымыз болмаса
ﭲﭳﭴﭵﭶﭷﭸﭹﭺﭻﭼﭽ
36:45
Қашан оларға имансыздарға : «Сендер мейірімге бөленулерің үшін алдарыңдағы және өздеріңнен кейінгі нәрседен қорқып, сақтаныңдар», деп айтылса
ﭾﭿﮀﮁﮂﮃﮄﮅﮆﮇﮈﮉ
36:46
әрі олардың Раббысының белгілерінен оларға бір белгі келсе, олар одан теріс бұрылды
ﮊﮋﮌﮍﮎﮏﮐﮑﮒﮓﮔﮕﮖﮗﮘﮙﮚﮛﮜﮝﮞﮟﮠﮡﮢ
36:47
Қашан оларға: «Аллаһтың өздеріңе ризық етіп бергенінен жұмсаңдар», делінсе, күпірлік етушілер Аллаһқа шүкірсіздікетушілер иманға келгендерге: «Егер қаласа Аллаһтың Өзі тамақтандыратын біреуді тамақтандырамыз ба? Негізінде сендер анық адасудасыңдар», деді
ﮣﮤﮥﮦﮧﮨﮩﮪ
36:48
Әрі олар: «Шын сөзді болсаңдар, бүл уәде қашан?» дейді
ﮫﮬﮭﮮﮯﮰﮱﯓﯔ
36:49
Олар дүние істерімен таласып-тартысып жатқандарында өздерін ұстайтын сайхадан басқаны күтпейді
ﯕﯖﯗﯘﯙﯚﯛﯜ
36:50
Сонда олар өсиет қалдыруға шамасы келмейді не үй іштеріне қайта алмайды
ﯝﯞﯟﯠﯡﯢﯣﯤﯥﯦﯧ
36:51
Әрі Сүр үрілген кезде олар қабірлерден шығып , өздерінің Раббысына қарай тез жүреді
ﯨﯩﯪﯫﯬﯭﯮﯯﯰﯱﯲﯳﯴﯵﯶ
36:52
Олар: «Қап! Сорымыз құрысын! Бізді жатқан жерімізден кім тұрғызды?» дейді. Оларға : «Бүл әр-Рахманның аса Қайырымдының уәде еткені және елшілердің айтқан шындығы», делінеді
ﯷﯸﯹﯺﯻﯼﯽﯾﯿﰀﰁ
36:53
Ол тек бір сайха ғана, міне сонда олардың барлығы Біздің алдымызға жиналады
ﰂﰃﰄﰅﰆﰇﰈﰉﰊﰋﰌﰍ
36:54
Сол күні ешбір жанға ешқандай әділетсіздік жасалмайды әрі сендерге тек істеген амалдарыңа сай қайтарым беріледі
ﭑﭒﭓﭔﭕﭖﭗﭘ
36:55
Ақиқатында, жәннаттықтар ол күні қуаныш пен рахаттан босамайды
ﭙﭚﭛﭜﭝﭞﭟﭠ
36:56
Олар және олардың жұбайлары көлеңкелердегі перделермен сәнденген жұмсақ сәкілерде сүйеніп отырады
ﭡﭢﭣﭤﭥﭦﭧ
36:57
Олар үшін онда жемістер бар әрі қалаған нәрселері бар
ﭨﭩﭪﭫﭬﭭ
36:58
Ерекше Мейірімді әр-Рахим Раббысынан оларға амандасу сөзі «Сәләм!» болады
ﭮﭯﭰﭱﭲ
36:59
Қиямет күні кәпірлерге : «Ей, қылмыскерлер! Сендер бүгін бөлек тұрыңдар
ﭳﭴﭵﭶﭷﭸﭹﭺﭻﭼﭽﭾﭿﮀﮁﮂ
36:60
Ей, Адам ұрпақтары! Мен сендерге: «Шайтанға Құлшылық қылмаңдар, өйткені ол -сендерге анық дұшпан»,- деп өсиет етіп, тапсырмадым ба
ﮃﮄﮅﮆﮇﮈﮉ
36:61
Әрі« Маған ғана Құлшылық етіңдер, тура жол осы», деп
ﮊﮋﮌﮍﮎﮏﮐﮑﮒﮓ
36:62
Ол сендерден көптеген топтарды адамдарды, халықтарды үмметтерді адастырды. Ақылдарыңды істетуші болмадыңдар ма
ﮔﮕﮖﮗﮘﮙ
36:63
Сендерге уәде етіліп келген Жаһаннам (Тозақ) міне осы
ﮚﮛﮜﮝﮞﮟ
36:64
Күпірлік еткендерің имансыздықтарың үшін бүгін онда жаныңдар
ﮠﮡﮢﮣﮤﮥﮦﮧﮨﮩﮪﮫ
36:65
Бүгін олардың ауыздарын мөрлейміз де Бізге олардың жасаған істері күнәлары туралы қолдары айтып, аяқтары куәлік береді
ﮬﮭﮮﮯﮰﮱﯓﯔﯕﯖ
36:66
Ал, егер де қалағанымызда, олардың көздерін алып қояр едік, сонда олар жолға ұмтылар еді. Бірақ олар жолды қалай көреді
ﯗﯘﯙﯚﯛﯜﯝﯞﯟﯠﯡ
36:67
Әрі егер де қалағанымызда, олардың түрлерін басқа түрге тұрған орындарында өзгертіп жіберер едік. Сонда олар алға да жүре алмай, артқа да қайта алмай қалар еді
ﯢﯣﯤﯥﯦﯧﯨﯩﯪ
36:68
Біз кімге ұзақ өмір берсек, оны бастапқы жаратылысына кері қайтарамыз. Олар ақылдарын істетпей ме
ﯫﯬﯭﯮﯯﯰﯱﯲﯳﯴﯵﯶﯷﯸ
36:69
Біз оған елшіге өлең құрастыруды үйреткен жоқпыз, бұл оған лайықты нәрсе емес. Шын мәнінде, ол тек еске салу әрі анық Кітап
ﯹﯺﯻﯼﯽﯾﯿﰀﰁ
36:70
оның Құранның тірілерді ескертуі және кәпірлерге қатысты Сөздің орындалуы үшін
ﭑﭒﭓﭔﭕﭖﭗﭘﭙﭚﭛﭜﭝ
36:71
Біз олар үшін Өз қолдарымызбен жасағаннан шаруа малдарын жаратып бергенімізді көрмей ме?Әрі олар оған иелік етеді
ﭞﭟﭠﭡﭢﭣﭤ
36:72
Сондай-ақ Біз оны малдарды оларға бағынышты етіп бердік. Олар оның кейбірін мінеді, ал кейбірін жеп, азық етеді
ﭥﭦﭧﭨﭩﭪﭫﭬ
36:73
және олар үшін бұларда пайдалар және ішетін нәрсе сүт бар. Олар шүкір етпей ме Раббысының берген игіліктеріне алғыс білдірмей ме
ﭭﭮﭯﭰﭱﭲﭳﭴ
36:74
Ал олар өздеріне көмектесетін шығар деп Аллаһтан өзгелерді құдайлар етіп алды
ﭵﭶﭷﭸﭹﭺﭻﭼ
36:75
Өздері олар жасанды құдайлары үшін дайын тұрған әскер болса да олар бұларға көмектесуге шамасыз
ﭽﭾﭿﮀﮁﮂﮃﮄﮅﮆﮇ
36:76
Ей, Мұхаммед! Олардың сөздері сені қайғыға салмасын. Біз олардың жасыратындары мен жария етіп жатқандарын білеміз
ﮈﮉﮊﮋﮌﮍﮎﮏﮐﮑﮒﮓ
36:77
Адам баласы, Біз өзін бір тамшыдан ұрық суынан жаратқанымызды көрмеді ме? Міне, енді ол ашықтан-ашық тартысушы
ﮔﮕﮖﮗﮘﮙﮚﮛﮜﮝﮞﮟﮠ
36:78
Әрі ол өзінің жаратылысын қалай жаратылғанын ұмытып, Бізге мысал келтірді. Ол: «Шіріген сүйектерді кім тірілтеді?» деді
ﮡﮢﮣﮤﮥﮦﮧﮨﮩﮪﮫﮬ
36:79
Ей, Мұхаммед!! Айт: «Оны сондай, алғашқы рет жоқтан бар еткен тірілтеді. Ол әрбір жаратылғанды жақсы Білуші», -деп
ﮭﮮﮯﮰﮱﯓﯔﯕﯖﯗﯘﯙ
36:80
Ол сендерге жасыл ағаштан от пайда етті, сендер одан от жағасыңдар
ﯚﯛﯜﯝﯞﯟﯠﯡﯢﯣﯤﯥﯦﯧﯨﯩ
36:81
Аспандарды және жерді жаратушы, олар адамдар секілдіні жарата алмай ма? Әрине, жарата алады , өйткені Ол барлық нәрсені Жаратушы, бәрін Білуші
ﯪﯫﯬﯭﯮﯯﯰﯱﯲﯳﯴ
36:82
Ол бір нәрсенің болуын қаласа, Оның әмірі бар болғаны: «Бол!» деу ғана. Сонда ол болады
ﯵﯶﯷﯸﯹﯺﯻﯼﯽ
36:83
Әрбір нәрсенің билігі Өз қолында болған Ол барлық кемшіліктен пәк. Сендер Оған қайтарыласыңдар
Құран Кәрім
Wednesday, September 9, 2026
Don't forget us in your sincere prayers







