Аль-Хакка сүресі pdf — Жүктеу (Қазақша)
Аль-Хакка сүресі pdf Қазақша — Жүктеу Аль-Хакка сүресі Аударма. Аль-Хакка сүресі (Meccan) 52 Аят.
Related
- Аль-Хакка сүресі АудармаҚазақша
- Аль-Хакка сүресі mp3Тыңда
- Quran Index Қазақша114
More Сүресі PDF
Аль-Хакка сүресі

ﮯﮰ
69:1
Әл-Хаққа міндетті түрде болатын
ﮱﯓﯔ
69:2
«Міндетті түрде болатын», деген не
ﯕﯖﯗﯘﯙ
69:3
Ей, Мұхаммед! Әрі «Міндетті түрде болатынның» не екенін саған не білдірді
ﯚﯛﯜﯝﯞ
69:4
Сәмұд және Ад елдері «Қариъаны» Қиямет күнін өтірік санады
ﯟﯠﯡﯢﯣ
69:5
Сөйтіп, Сәмүдтықтар «Тағиямен» шектен тыс қуатты нәрсемен жойылды
ﯤﯥﯦﯧﯨﯩﯪ
69:6
Ал, Адтықтар жойқын, аязды дауылмен жойылды
ﯫﯬﯭﯮﯯﯰﯱﯲﯳﯴﯵﯶﯷﯸﯹﯺﯻ
69:7
Ол Аллаһ оны олардың үстіне жеті түн, сегіз күн жалғасты түрде соқтырып қойды. Сен ол елді іші кеуек кұрма ағаштарындай құлап жатқанын көресің
ﯼﯽﯾﯿﰀﰁ
69:8
Сен олардан қалған бірер нәрсені көресің бе
ﭑﭒﭓﭔﭕﭖﭗ
69:9
Фиръаун мен одан алдыңғылар да және асты үстіне төңкеріліп ойран болған елдер де әдейі біле тұра қате істеді
ﭘﭙﭚﭛﭜﭝﭞ
69:10
Олар Раббысының Елшісіне бойсұнбады да Ол Аллаһ оларды өте қатты ұстаумен тұтты
ﭟﭠﭡﭢﭣﭤﭥﭦ
69:11
Ақиқатында, су тасыған кезде, Біз сендерді кемеге мінгіздік
ﭧﭨﭩﭪﭫﭬﭭ
69:12
оны сендерге еске салу үшін әрі оны ұғатын құлақтардың ұғуы үшін істедік
ﭮﭯﭰﭱﭲﭳﭴ
69:13
Ал, қашан сүр бір рет үрілгенде
ﭵﭶﭷﭸﭹﭺﭻ
69:14
әрі жер мен таулар көтеріліп, бір соққымен күйретілген кезде
ﭼﭽﭾﭿ
69:15
міне, сол күні Уақиъа Қиямет басталады
ﮀﮁﮂﮃﮄﮅ
69:16
Сондай-ақ аспан сетінеп, сол күні ол әлсіз берік емес күйде болады
ﮆﮇﮈﮉﮊﮋﮌﮍﮎﮏﮐ
69:17
Әрі Періштелер оның шеттерінде болады. Сол күні олардың үстінде Раббыңның аршын сегіз періште көтеріп тұрады
ﮑﮒﮓﮔﮕﮖﮗ
69:18
Сол күні сендер Аллаһтың алдына шығарыласыңдар, сендердегі ешбір құпия жасырын қалмайды
ﮘﮙﮚﮛﮜﮝﮞﮟﮠﮡ
69:19
Міне, сонда кімнің кітабы оң жағынан берілсе: «Мінеки, менің кітабымды оқыңдар
ﮢﮣﮤﮥﮦﮧ
69:20
Анығында, мен осы Есебіме кездесетініме сенген едім», дейді
ﮨﮩﮪﮫﮬ
69:21
Сөйтіп ол разы болатын өмірде
ﮭﮮﮯﮰ
69:22
биік Жәннат бағында болады
ﮱﯓﯔ
69:23
сондай жемістері төніп тұратын
ﯕﯖﯗﯘﯙﯚﯛﯜﯝ
69:24
Оларға: «Өткен күндерде істеген амалдарың себепті рахаттана жеңдер әрі ішіңдер», делінеді
ﯞﯟﯠﯡﯢﯣﯤﯥﯦﯧﯨ
69:25
Ал, кімнің кітабы сол жағынан берілсе, ол: «Еһ, әттең, маған кітабым берілмесе еді
ﯩﯪﯫﯬﯭ
69:26
Есебімнің не екенін білмесем еді
ﯮﯯﯰﯱ
69:27
Әттең, бұл өлімім бәрін бітіруші болғанда еді
ﯲﯳﯴﯵﯶﯷ
69:28
Мал-дүнием мені құтқармады
ﯸﯹﯺﯻ
69:29
Менің билігім күш-қуатым жойылды», дейді
ﯼﯽﯾ
69:30
Тозақ сақшыларына бұйырылады : «Оны ұстаңдар да бұғаулаңдар
ﯿﰀﰁﰂ
69:31
Кейін оны Жахимға салыңдар
ﰃﰄﰅﰆﰇﰈﰉﰊ
69:32
Содан кейін оны денесін ұзындығы жетпіс шынтақ шынжырдан өткізіңдер
ﰋﰌﰍﰎﰏﰐﰑ
69:33
Себебі ол ұлы Аллаһқа сенбеген еді
ﰒﰓﰔﰕﰖﰗ
69:34
әрі кедей, жарлыларды тамақтандыруға үгіттемеген өзгелерді шақырмаған еді
ﰘﰙﰚﰛﰜﰝ
69:35
Бүгін мұнда оған бір жақын дос жоқ
ﭑﭒﭓﭔﭕﭖ
69:36
және сасық іріңнен басқа ешбір тамақ та жоқ
ﭗﭘﭙﭚﭛ
69:37
Оны біле тұра қателескендерден күнәһарлардан басқа ешкім жемейді
ﭜﭝﭞﭟﭠ
69:38
Сендердің көріп тұрғандарыңмен ант етемін
ﭡﭢﭣﭤ
69:39
Әрі көрмей тұрғандарыңмен де
ﭥﭦﭧﭨﭩ
69:40
Ақиқатында, бұл Құран ардақты бір Елшінің Аллаһтан жеткізген сөзі
ﭪﭫﭬﭭﭮﭯﭰﭱﭲ
69:41
Бұл ақынның сөзі емес. Сендер қандай аз сенесіңдер
ﭳﭴﭵﭶﭷﭸﭹﭺ
69:42
Әрі ол бақсы-балгердің, сәуегейдің де сөзі емес. Сендер қандай аз еске аласыңдар
ﭻﭼﭽﭾﭿ
69:43
Бұл әлемдердің Раббысынан түсірілген
ﮀﮁﮂﮃﮄﮅ
69:44
Егер де ол кейбір сөздерді Бізге таңса
ﮆﮇﮈﮉ
69:45
онда оны оң қолынан ұстап алатын едік
ﮊﮋﮌﮍﮎ
69:46
кейін оның күре тамырын үзер едік
ﮏﮐﮑﮒﮓﮔﮕ
69:47
Сонда сендерден ешкім де оны тосып қала алмас еді
ﮖﮗﮘﮙ
69:48
Әрі шын мәнінде, бүл Құран тақуалар Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанатындар үшін бір еске салу
ﮚﮛﮜﮝﮞﮟ
69:49
Және анығында, Біз сендердің араларыңда өтірікке шығаратындар бар екенін анық білеміз
ﮠﮡﮢﮣﮤ
69:50
Әрі күдіксіз, бүл күпірлік етушілер теріске шығарушылар үшін өкініш
ﮥﮦﮧﮨ
69:51
Және күдіксіз, ол айқын ақиқат
ﮩﮪﮫﮬﮭ
69:52
Ей, Мұхаммед! Ұлы Раббыңның есімін барлық кемшіліктен пәк деп дәріпте
Құран Кәрім
Wednesday, September 9, 2026
Don't forget us in your sincere prayers







