Ад-Духан сүресі pdf — Жүктеу (Қазақша)
Ад-Духан сүресі pdf Қазақша — Жүктеу Ад-Духан сүресі Аударма. Ад-Духан сүресі (Meccan) 59 Аят.
Related
- Ад-Духан сүресі АудармаҚазақша
- Ад-Духан сүресі mp3Тыңда
- Quran Index Қазақша114
More Сүресі PDF
Ад-Духан сүресі

ﭑﭒ
44:1
Ха. Мим
ﭓﭔﭕ
44:2
Анық Кітаппен ант етемін
ﭖﭗﭘﭙﭚﭛﭜﭝﭞﭟ
44:3
Ақиқатында, Біз оны берекелі түнде түсірдік. Шын мәнінде, Біз ескертіп, сақтандырамыз
ﭠﭡﭢﭣﭤﭥ
44:4
Ол түні әрбір хикметті бұйрықтар бөлінеді
ﭦﭧﭨﭩﭪﭫﭬﭭ
44:5
Біздің әміріміз бойынша. Анығында, Біз жіберуші болдық
ﭮﭯﭰﭱﭲﭳﭴﭵﭶ
44:6
Раббыңнан бір мейірім етіп. Ақиқатында, Ол бәрін Естуші , барлық нәрсені Білуші
ﭷﭸﭹﭺﭻﭼﭽﭾﭿﮀ
44:7
Егер айқын сенуші болсаңдар, бұл мейірім аспандардың және жердің әрі ол екеуінің арасындағылардың Раббысынан
ﮁﮂﮃﮄﮅﮆﮇﮈﮉﮊﮋﮌ
44:8
Одан басқа ешбір құдай жоқ. Ол тірілтеді және өлтіреді. Ол сендердің Раббың әрі бұрынғы ата-бабаларыңның да Раббысы
ﮍﮎﮏﮐﮑﮒ
44:9
Бірақ олар сенбейтіндер күмәнда болып, ойын етіп жүр
ﮓﮔﮕﮖﮗﮘﮙ
44:10
Ей, Мұхаммед! Ал, сен аспан анық түтінді әкелетін Күнді күт
ﮚﮛﮜﮝﮞﮟﮠ
44:11
Ол адамдарды орап алады. Бұл күйзелтуші азап
ﮡﮢﮣﮤﮥﮦﮧ
44:12
Олар : «Раббымыз! Бізді азаптан айықтыр, біз иманға келеміз»,- дейді
ﮨﮩﮪﮫﮬﮭﮮﮯ
44:13
Оларда еске алу қалай болсын, анығында оларға анық түсіндіруші Елші келген еді ғой
ﮰﮱﯓﯔﯕﯖﯗ
44:14
Кейін олар одан теріс бұрылды әрі: «Үйретілген, жын соққан», деді
ﯘﯙﯚﯛﯜﯝﯞﯟ
44:15
(Негізінде, Біз азапты аз уақытқа арылта тұрамыз. Алайда сендер имансыздьіща) қайта ораласыңдар
ﯠﯡﯢﯣﯤﯥﯦ
44:16
Сол қиямет күні Біз имансыздарды қатты ұстаумен ұстаймыз, сонда, Біз сөзсіз, жазалаймыз
ﯧﯨﯩﯪﯫﯬﯭﯮﯯﯰ
44:17
Әрі Біз олардан бұрын Фиръаунның елін сынаған едік. Әрі оларға бір ардақты Елші келді
ﯱﯲﯳﯴﯵﯶﯷﯸﯹﯺﯻ
44:18
Ол : «Аллаһтың құлдарын маған тапсырыңдар. Ақиқатында мен сендерге жіберілген сенімді Елшімін
ﭑﭒﭓﭔﭕﭖﭗﭘﭙﭚﭛ
44:19
Аллаһқа қарсы менмендік етпеңдер, мен сендерге анық дәлелмен келдім
ﭜﭝﭞﭟﭠﭡﭢ
44:20
Әрі мен сендердің таспен ұруларыңнан өзімнің Раббым әрі сендердің Раббыңа Аллаһқа сиынып, Оның қорғауына жүгіндім
ﭣﭤﭥﭦﭧﭨ
44:21
Егер маған сенбесеңдер, онда менен аулақ болыңдар», деді
ﭩﭪﭫﭬﭭﭮﭯ
44:22
Сөйтіп кейін ол: «Негізінде, бұлар қылмыскер ел», деп, Раббысына жалбарынды
ﭰﭱﭲﭳﭴﭵ
44:23
Сонда: «Құлдарымды алып, түнде жолға шық. Олар сендердің соңдарыңнан түседі
ﭶﭷﭸﭹﭺﭻﭼﭽ
44:24
Әрі теңізді тыныш күйінде қалдыр, өйткені олар фиръаундықтар суға батырылатын әскер»,- деген уахи келді
ﭾﭿﮀﮁﮂﮃ
44:25
Олар қаншама бақтар мен бұлақтарды қалдырды
ﮄﮅﮆﮇ
44:26
егіндер мен кең салтанатты орын жайларды
ﮈﮉﮊﮋﮌ
44:27
әрі өздері рахатын көрген игіліктерді
ﮍﮎﮏﮐﮑﮒ
44:28
Міне осылай! Біз бұлардың барлығын басқа елге мұра етіп бердік
ﮓﮔﮕﮖﮗﮘﮙﮚﮛ
44:29
Оларға фиръаундықтарға аспан да, жер де жыламады әрі оларға ұзартылмады мұрсат берілмеді
ﮜﮝﮞﮟﮠﮡﮢﮣ
44:30
Әрі Біз Исраил ұрпақтарын қорлаушы азаптан құтқардық
ﮤﮥﮦﮧﮨﮩﮪﮫﮬ
44:31
Фиръауннан. Анығында, ол өзін жоғары санап, менменсіген әрі шектен шығушылардан еді
ﮭﮮﮯﮰﮱﯓﯔ
44:32
Әрі Біз оларды білімімізбен әлемдерден таңдадық
ﯕﯖﯗﯘﯙﯚﯛﯜ
44:33
Біз оларға белгі-мұғжизаларды бердік. Оларда анық сынақтар бар еді
ﯝﯞﯟﯠ
44:34
Ақиқатында, бұлар мүшріктер әлбетте былай деп айтады
ﯡﯢﯣﯤﯥﯦﯧﯨﯩ
44:35
«Біздің тек бірінші өлуіміз ғана бар әрі біз қайта тірілтілмейміз
ﯪﯫﯬﯭﯮﯯ
44:36
Егер шын сөзді болсаңдар, аталарымызды келтіріңдер», деп
ﯰﯱﯲﯳﯴﯵﯶﯷﯸﯹﯺﯻﯼﯽ
44:37
Олар артық па, әлде Туббаъның елі және олардан бұрын өткендер ме? Біз оларды жойып жібердік. Өйткені олар қылмыскер еді
ﯾﯿﰀﰁﰂﰃﰄﰅ
44:38
Біз аспандарды және жерді әрі екеуінің арасындағыларын ермек етіп, бостан-бос жаратқан жоқпыз
ﰆﰇﰈﰉﰊﰋﰌﰍﰎ
44:39
Біз екеуін ақиқатпен ғана жараттық. Бірақ олардың көбі білмейді
ﭑﭒﭓﭔﭕﭖ
44:40
Шын мәнінде, Айыру Күні олардың барлығы үшін белгіленген мерзім
ﭗﭘﭙﭚﭛﭜﭝﭞﭟﭠﭡ
44:41
Ол күні ешбір жақын жақынына пайда бермейді әрі оларға көмек те көрсетілмейді
ﭢﭣﭤﭥﭦﭧﭨﭩﭪ
44:42
тек Аллаһ мейіріміне бөлегендер ғана басқа. Ақиқатында, Ол бәрінен Үстем, ерекше Мейірімді
ﭫﭬﭭﭮ
44:43
Күдіксіз, заққұм ағашы
ﭯﭰﭱ
44:44
күнәһардың тамағы
ﭲﭳﭴﭵﭶ
44:45
Ол қарындарда балқыған мыс секілді қайнайды
ﭷﭸﭹ
44:46
қайнап тұрғаны судың бұрқылдап қайнағанындай
ﭺﭻﭼﭽﭾﭿ
44:47
Оны ұстаңдар да Жахимнің ортасына сүйретіп апарыңдар
ﮀﮁﮂﮃﮄﮅﮆﮇ
44:48
Содан кейін оның басының үстінен қайнап тұрған судың азабынан құйыңдар
ﮈﮉﮊﮋﮌﮍ
44:49
Сонда сенбеушілерге : «Татып көр, сен «күшті, құрметтісің» ғой
ﮎﮏﮐﮑﮒﮓﮔ
44:50
Анығында, бұл сендердің күмәнданып келгендерің
ﮕﮖﮗﮘﮙﮚ
44:51
Ақиқатында, тақуалар Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанушылар бейбіт орындарда
ﮛﮜﮝﮞ
44:52
Жәннат бақтары мен бұлақтарында
ﮟﮠﮡﮢﮣﮤ
44:53
Олар жұқа және қалың жібектен киімдер киіп, бір-біріне жүзбе-жүз халде отырады
ﮥﮦﮧﮨﮩ
44:54
Осылай! Әрі оларды аппақ, көздері үлкен де әдемілермен хурлармен үйлендіреміз
ﮪﮫﮬﮭﮮﮯ
44:55
Олар ол жерде амандықта болып, кез келген жемісті алдыра алады
ﮰﮱﯓﯔﯕﯖﯗﯘﯙﯚﯛﯜ
44:56
Алғашқы өлімнен кейін ол жерде олар өлімді татпайды. Әрі Ол оларды Жахим азабынан сақтаған
ﯝﯞﯟﯠﯡﯢﯣﯤﯥ
44:57
Ей, Мұхаммед! Бұл сенің Раббыңның кеңшілігімен. Міне, осы ұлы жетістік
ﯦﯧﯨﯩﯪﯫ
44:58
Шын мәнінде, Біз оны Құранды олардың еске алулары үшін сенің тіліңде жеңілдеттік
ﯬﯭﯮﯯ
44:59
Енді күт, негізінде олар да күтуде
Құран Кәрім
Wednesday, September 9, 2026
Don't forget us in your sincere prayers







