PDF —
78 Аят Medinan PDF
Built right in your browser — download starts automatically

Ар-Рахман сүресі pdf — Жүктеу (Қазақша)

Ар-Рахман сүресі pdf Қазақша — Жүктеу Ар-Рахман сүресі Аударма. Ар-Рахман сүресі (Medinan) 78 Аят.

← Аль-КамарАр-Рахман сүресі Аль-Вакиа →


78 Аят · Medinan · Қазақша
bismillah
ﭷﭸ
55:1 әр-Рахман аса Қайырымды
ﭹﭺﭻ
55:2 Құранды үйретті
ﭼﭽﭾ
55:3 адамды жаратты
ﭿﮀﮁ
55:4 оған түсіндіріп жеткізуді үйретті
ﮂﮃﮄﮅ
55:5 Күн мен ай есеппен қозғалады
ﮆﮇﮈﮉ
55:6 және жұлдыздар мен өсімдіктер сәжде етеді
ﮊﮋﮌﮍﮎ
55:7 Әрі Ол аспанды көтерді және таразыны орнатты
ﮏﮐﮑﮒﮓ
55:8 таразыда шектен шықпауларың үшін
ﮔﮕﮖﮗﮘﮙﮚ
55:9 Өлшеуді де туралықпен орындаңдар және таразыда кемітпеңдер
ﮛﮜﮝﮞ
55:10 Әрі Ол, жерді жаратылғандар үшін орнатты
ﮟﮠﮡﮢﮣﮤ
55:11 Онда жемістер және қауашақты құрма ағаштары бар
ﮥﮦﮧﮨﮩ
55:12 және дәнді дақылдар, хош иісті шөптер бар
ﮪﮫﮬﮭﮮ
55:13 Сонда сендер адамзат пен жын , өздеріңнің Раббыңның қай игілігін өтірік дейсіңдер
ﮯﮰﮱﯓﯔﯕ
55:14 Ол адамды Адам атаны қыш құмыра секілді құрғақ лайдан жаратты
ﯖﯗﯘﯙﯚﯛﯜ
55:15 Ал жынды оттың жалынынан жа­ратты
ﯝﯞﯟﯠﯡ
55:16 Сонда сендер, өздеріңнің Раббыңның қай игілігін өтірік дейсіндер
ﯢﯣﯤﯥﯦ
55:17 Ол екі шығыстың Раббысы әрі екі батыстың Раббысы
ﯧﯨﯩﯪﯫ
55:18 Сонда сендер, өздеріңнің Раббыңның қай игілігін өтірік дейсіңдер
ﭑﭒﭓﭔ
55:19 Ол бір-бірімен кездесетін екі теңізді қосты
ﭕﭖﭗﭘﭙ
55:20 Ол екеуінің арасында, екеуі бір-біріне өтіп, араласа алмайтын кедергі бар
ﭚﭛﭜﭝﭞ
55:21 Сонда сендер, өздеріңнің Раббыңның қай игілігін өтірік дейсіңдер
ﭟﭠﭡﭢﭣ
55:22 Ол екеуінен інжу және маржан шығады
ﭤﭥﭦﭧﭨ
55:23 Сонда сендер, өздеріңнің Раббыңның қай игілігін өтірік дейсіндер
ﭩﭪﭫﭬﭭﭮﭯ
55:24 Теңізде көтерілген тау секілді жүзетіндер кемелер Оның иелігінде
ﭰﭱﭲﭳﭴ
55:25 Сонда сендер, өздеріңнің Раббыңның қай игілігін өтірік дейсіңдер
ﭵﭶﭷﭸﭹ
55:26 Оның жердің үстіндегілерінің барлығы да өтеді
ﭺﭻﭼﭽﭾﭿﮀ
55:27 ал ұлылық пен кеңшілік Иесі болған Раббыңның дидары мәңгі қалады
ﮁﮂﮃﮄﮅ
55:28 Сонда сендер, өздеріңнің Раббыңның қай игілігін өтірік дейсіңдер
ﮆﮇﮈﮉﮊﮋﮌﮍﮎﮏﮐﮑ
55:29 Аспандардағы және жердегілер Одан Аллаһтан тілейді. Ол әр күні іс үстініспен шұғылдануда
ﮒﮓﮔﮕﮖ
55:30 Сонда сендер, өздеріңнің Раббыңның қай игілігін өтірік дейсіңдер
ﮗﮘﮙﮚﮛ
55:31 Жақында Есеп күні сендермен айналысамыз, ей, екі ауыр топ
ﮜﮝﮞﮟﮠ
55:32 Сонда сендер, өздеріңнің Раббыңның қай игілігін өтірік дейсіңдер
ﮡﮢﮣﮤﮥﮦﮧﮨﮩﮪﮫﮬﮭﮮﮯﮰﮱﯓ
55:33 Ей, жын мен адамзат тобы! Аспандар мен жердің шектерінен өтуге шамаларың келсе, өтіңдер. Тек, бұйрық арқылы болмаса, өте алмайсыңдар
ﯔﯕﯖﯗﯘ
55:34 Сонда сендер, өздеріңнің Раббыңның қай игілігін өтірік дейсіндер
ﯙﯚﯛﯜﯝﯞﯟﯠﯡ
55:35 Сендерге оттан жалын және түтін жіберіледі, сендер қорғана алмай қаласыңдар
ﯢﯣﯤﯥﯦ
55:36 Сонда сендер, өздеріңнің Раббыңның қай игілігін өтірік дейсіңдер
ﯧﯨﯩﯪﯫﯬﯭ
55:37 Аспан жарылып, қызыл тері сияқты болған кезде
ﯮﯯﯰﯱﯲ
55:38 сонда сендер, өздеріңнің Раббыңның қай игілігін өтірік дейсіңдер
ﯳﯴﯵﯶﯷﯸﯹﯺﯻ
55:39 Сол күні адамдар да, жындар да күнәсі жайлы сұралмайды
ﯼﯽﯾﯿﰀ
55:40 Сонда сендер, өздеріңнің Раббыңның қай игілігін өтірік дейсіңдер
ﰁﰂﰃﰄﰅﰆﰇ
55:41 Қылмыскерлер белгілерінен танылып, кекілдері мен аяқтарынан ұсталады
ﭑﭒﭓﭔﭕ
55:42 Сонда сендер, өздеріңнің Раббыңның қай игілігін өтірік дейсіңдер
ﭖﭗﭘﭙﭚﭛﭜ
55:43 Қылмыскерлер өтірікке шығарған Жаһаннам (Тозақ) осы
ﭝﭞﭟﭠﭡﭢ
55:44 Олар оның тозақ отының және қайнап тұрған қызуы шегіне жеткен судың екі арасында жүреді
ﭣﭤﭥﭦﭧ
55:45 Сонда сендер, өздеріңнің Раббыңның қай игілігін өтірік дейсіңдер
ﭨﭩﭪﭫﭬﭭ
55:46 Ал, Раббысының алдында тұрудан қорыққанға екі бақ бар
ﭮﭯﭰﭱﭲ
55:47 Сонда сендер, өздеріңнің Раббыңның қай игілігін өтірік дейсіңдер
ﭳﭴﭵ
55:48 Олардың бұтақтары бар
ﭶﭷﭸﭹﭺ
55:49 Сонда сендер, өздеріңнің Раббыңның қай игілігін өтірік дейсіңдер
ﭻﭼﭽﭾ
55:50 Ол екеуінде ағып жатқан екі бұлақ бар
ﭿﮀﮁﮂﮃ
55:51 Сонда сендер, өздеріңнің Раббыңның қай игілігін өтірік дейсіңдер
ﮄﮅﮆﮇﮈﮉ
55:52 Ол екеуінде әрбір жемістің екі түрі бар
ﮊﮋﮌﮍﮎ
55:53 Сонда сендер, өздеріңнің Раббыңның қай игілігін өтірік дейсіндер
ﮏﮐﮑﮒﮓﮔﮕﮖﮗﮘﮙ
55:54 Олар астарлары қалың жібектен болған көрпелердің үстінде сүйеніп отырады. Әрі екі бақтың да үзілетін жемісі жақын
ﮚﮛﮜﮝﮞ
55:55 Сонда сендер, өздеріңнің Раббыңның қай игілігін өтірік дейсіңдер
ﮟﮠﮡﮢﮣﮤﮥﮦﮧﮨ
55:56 Онда олардан адам мен жыннан бұрын адам да, жын да жақындамаған, көздерін тыйып, сақтаушылар бар
ﮩﮪﮫﮬﮭ
55:57 Сонда сендер, өздеріңнің Раббыңның қай игілігін өтірік дейсіңдер
ﮮﮯﮰﮱ
55:58 Олар бейне бір жақұт пен маржан секілді
ﯓﯔﯕﯖﯗ
55:59 Сонда сендер, өздеріңнің Раббыңның қай игілігін өтірік дейсіңдер
ﯘﯙﯚﯛﯜﯝ
55:60 Жақсылықтың жақсылықтан басқа қайтарымы бар ма
ﯞﯟﯠﯡﯢ
55:61 Сонда сендер, өздеріңнің Раббыңның қай игілігін өтірік дейсіңдер
ﯣﯤﯥﯦ
55:62 Ол екеуінен өзге тағы да екі бақ бар
ﯧﯨﯩﯪﯫ
55:63 Сонда сендер, өздеріңнің Раббыңның қай игілігін өтірік дейсіңдер
ﯬﯭ
55:64 Екеуі де қою жасыл болғандықтан қара болып көрінетін
ﯮﯯﯰﯱﯲ
55:65 Сонда сендер, өздеріңнің Раббыңның қай игілігін өтірік дейсіндер
ﯳﯴﯵﯶ
55:66 Ол екеуінде қайнардан бұрқылдап шығып тұрған екі бұлақ бар
ﯷﯸﯹﯺﯻ
55:67 Сонда сендер, өздеріңнің Раббыңның қай игілігін өтірік дейсіңдер
ﯼﯽﯾﯿﰀ
55:68 Ол екеуінде жемістер, құрма және анар бар
ﰁﰂﰃﰄﰅ
55:69 Сонда сендер, өздеріңнің Раббыңның қай игілігін өтірік дейсіңдер
ﭑﭒﭓﭔ
55:70 Онда игі де көріктілер
ﭕﭖﭗﭘﭙ
55:71 сонда сендер, өздеріңнің Раббыңның қай игілігін өтірік дейсіңдер
ﭚﭛﭜﭝﭞ
55:72 шатырларда қорғалып күтілетін, көздері үлкен де әдемілер хурлар бар
ﭟﭠﭡﭢﭣ
55:73 сонда сендер, өздеріңнің Раббыңның қай игілігін өтірік дейсіңдер
ﭤﭥﭦﭧﭨﭩﭪ
55:74 олардан бұрын оларға адам да, жын да жақындамаған
ﭫﭬﭭﭮﭯ
55:75 Сонда сендер, өздеріңнің Раббыңның қай игілігін өтірік дейсіңдер
ﭰﭱﭲﭳﭴﭵﭶ
55:76 Олар әдемі қалың кілемдердің үстінде, жасыл жастықтарға сүйеніп отырады
ﭷﭸﭹﭺﭻ
55:77 Сонда сендер, өздеріңнің Раббыңның қай игілігін өтірік дейсіндер
ﭼﭽﭾﭿﮀﮁﮂ
55:78 Ұлылық пен кеңшілік иесі Раббыңның есімі берекелі

Құран Кәрім


Wednesday, September 9, 2026

Don't forget us in your sincere prayers