Аль-Иншикак сүресі pdf — Жүктеу (Қазақша)
Аль-Иншикак сүресі pdf Қазақша — Жүктеу Аль-Иншикак сүресі Аударма. Аль-Иншикак сүресі (Meccan) 25 Аят.
Related
- Аль-Иншикак сүресі АудармаҚазақша
- Аль-Иншикак сүресі mp3Тыңда
- Quran Index Қазақша114
More Сүресі PDF
Аль-Иншикак сүресі

ﭣﭤﭥﭦ
84:1
Аспан айрылған кезде
ﭧﭨﭩﭪ
84:2
және Раббысына бойсұнып әрі міндетті болып
ﭫﭬﭭﭮ
84:3
Әрі жер созылып
ﭯﭰﭱﭲﭳ
84:4
ішіндегісін шығарып, босаған кезде
ﭴﭵﭶﭷ
84:5
Раббысына бойсұнып, міндетті болып
ﭸﭹﭺﭻﭼﭽﭾﭿﮀ
84:6
Ей, адам! Негізінде сен іс-әрекеттеріңмен Раббыңа қарай ұмтылып бара жатырсың, сөйтіп Оған жолығасың
ﮁﮂﮃﮄﮅﮆ
84:7
Сонда, кімге кітабы амал дәптері оң жағынан берілсе
ﮇﮈﮉﮊﮋ
84:8
жеңіл есеппен есептеліп
ﮌﮍﮎﮏﮐ
84:9
жәннаттағы үй ішіне қуанған күйде қайтады
ﮑﮒﮓﮔﮕﮖﮗ
84:10
Ал, кімге кітабы арқа жағынан берілсе
ﮘﮙﮚﮛ
84:11
ол сонда өлім тілейді де
ﮜﮝﮞ
84:12
Саъирға (Тозақтың бір аты. Мағнасы жалынды от) кіреді
ﮟﮠﮡﮢﮣﮤ
84:13
Ақиқатында ол осы өмірде үй-ішіндегілері арасында мәз-мәйрам болған еді
ﮥﮦﮧﮨﮩﮪ
84:14
Анығында ол, қайтпаймын деп ойлайтын
ﮫﮬﮭﮮﮯﮰﮱﯓ
84:15
Жоқ, олай емес! Шын мәнінде Раббысы оны көруші
ﯔﯕﯖﯗ
84:16
Жоқ! Кешкі шапақпен ант етемін
ﯘﯙﯚﯛ
84:17
және түнмен әрі ол жинаған нәрселермен
ﯜﯝﯞﯟ
84:18
және толған кездегі айменен
ﯠﯡﯢﯣﯤ
84:19
Сендер міндетті түрде, бір халден басқа бір халге өтесіңдер
ﯥﯦﯧﯨﯩ
84:20
Сонда оларға не болды, иманға келмейтіндей
ﯪﯫﯬﯭﯮﯯﯰﯱ
84:21
әрі оларға Құран оқылған кезде, сәжде етпейтіндей
ﯲﯳﯴﯵﯶ
84:22
Алайда, күпірлік етушілер Аллаһқа қарсы келушілер хақты өтірікке шығарады
ﯷﯸﯹﯺﯻ
84:23
Ал, Аллаһ олардың жасырған нәрселерін жақсы білуші
ﯼﯽﯾﯿ
84:24
Ей, Мұхаммед! Сондықтан оларды күйзелтуші азаппен «сүйіншіле»
ﭑﭒﭓﭔﭕﭖﭗﭘﭙﭚ
84:25
Ал, сондай иманға келген және ізгі амал істегендер басқа. Оларға таусылмайтын сый бар
Құран Кәрім
Wednesday, September 9, 2026
Don't forget us in your sincere prayers







