PDF —
30 Аят Meccan PDF
Built right in your browser — download starts automatically

Ас-Саджда сүресі pdf — Жүктеу (Қазақша)

Ас-Саджда сүресі pdf Қазақша — Жүктеу Ас-Саджда сүресі Аударма. Ас-Саджда сүресі (Meccan) 30 Аят.

← ЛукманАс-Саджда сүресі Аль-Ахзаб →


30 Аят · Meccan · Қазақша
bismillah
ﭑﭒ
32:1 Әлиф. Ләм. Мим
ﭓﭔﭕﭖﭗﭘﭙﭚﭛ
32:2 Бұл Кітаптың әлемдердің Раббысынан түсірілгендігіне ешқандай күмән жоқ
ﭜﭝﭞﭟﭠﭡﭢﭣﭤﭥﭦﭧﭨﭩﭪﭫﭬﭭﭮﭯ
32:3 Әлде олар: «Ол оны ойдан шығарды», дей ме? Жоқ, олай емес! Бұл сенен бұрын ескертуші келмеген елдің тура жолға түсуіне үгіттеп, ескертуің үшін Раббыңнан түскен ақиқат
ﭰﭱﭲﭳﭴﭵﭶﭷﭸﭹﭺﭻﭼﭽﭾﭿﮀﮁﮂﮃﮄﮅﮆﮇﮈﮉﮊ
32:4 Аллаһ, Ол сондай, аспандарды және жерді әрі екеуінің арасындағыларын алты күнде жаратты, кейін Аршыға көтерілді. Сендер үшін Одан басқа ешбір қамқоршы да, араша түсуші де жоқ. Еске алмайсыңдар ма
ﮋﮌﮍﮎﮏﮐﮑﮒﮓﮔﮕﮖﮗﮘﮙﮚﮛﮜ
32:5 Ол аспаннан жерге дейін Өз әмірін жүргізеді. Кейін ол ол істер , мөлшері сендердің есептеріңмен мың жыл болатын бір күнде Оған көтеріледі
ﮝﮞﮟﮠﮡﮢﮣ
32:6 Міне, сол ғайып пен айқын нәрсені Білуші, бәрінен Үстем, ерекше Мейірімді
ﮤﮥﮦﮧﮨﮩﮪﮫﮬﮭﮮﮯ
32:7 Ол әрбір нәрсені өте жақсы кемел де кемшіліксіз етіп жаратты. Әрі Ол адамның Адам атаның жаратылысын лайдан бастады
ﮰﮱﯓﯔﯕﯖﯗﯘﯙ
32:8 кейін оның ұрпағын әлсіз елеусіз судың тамшысынан жасады
ﯚﯛﯜﯝﯞﯟﯠﯡﯢﯣﯤﯥﯦﯧﯨﯩﯪ
32:9 Кейін оны рет-ретімен теңестіріп, оған Өзіндегі иелігіндегі рухтан үрледі. Әрі Ол сендерге естуді, көруді және жүректерді берді. Сендер аз шүкір етесіңдер Оның берген игіліктеріне аз алғысбілдіресіңдер
ﯫﯬﯭﯮﯯﯰﯱﯲﯳﯴﯵﯶﯷﯸﯹﯺ
32:10 Ал, олар сенбейтіндер : «Біз жермен араласып жоғалсақ та жаңадан қайта жаратыламыз ба?» деді. Жоқ, олар өздерінің Раббысымен жолығуға сенбейді
ﯻﯼﯽﯾﯿﰀﰁﰂﰃﰄﰅﰆﰇ
32:11 Ей, Мұхаммед! Айт: «Жандарыңды сендерге уәкіл етілген өлім періштесі алады, одан кейін сендер өздеріңнің Раббыңа қайтарыласыңдар», -деп
ﭑﭒﭓﭔﭕﭖﭗﭘﭙﭚﭛﭜﭝﭞﭟﭠﭡ
32:12 Сен қылмыскерлердің өздерінің Раббы­сы алдында бастарын иіп: «Раббымыз! Біз көрдік және естідік. Бізді артқа қайтар, ізгі амал істейік. Біз енді анық сендік», — деп айтқандарын көргеніңде еді
ﭢﭣﭤﭥﭦﭧﭨﭩﭪﭫﭬﭭﭮﭯﭰﭱﭲ
32:13 Егер де қалағанымызда, барлық адамды тура жолмен жүргізер едік. Бірақ Менен: «Тозақты жындардың және адамдардың кәпір, күнәһарларының барлығымен әлбетте толтырамын» деп айтылған сөз болды
ﭳﭴﭵﭶﭷﭸﭹﭺﭻﭼﭽﭾﭿﮀﮁﮂ
32:14 Имансыздарға : «Өздеріңнің осы күндеріңе жолығуды ұмытқандарың үшін азапты татыңдар. Анығында, Біз де сендерді Есеп күнін ұмытқандарыңдай ұмыттық. Істеп өткен амалдарың үшін мәңгіліктің азабын татыңдар», делінеді
ﮃﮄﮅﮆﮇﮈﮉﮊﮋﮌﮍﮎﮏﮐﮑﮒﮓ
32:15 Анығында, Біздің аяттарымызға, ол арқылы естеріне салынған кезде, өздерін жоғары санап, менменсімей сәждеге жығылып және өздерінің Раббысына мақтаулар айтып, барлық кемшіліктен пәк деп дәріптейтіндер ғана сенеді
ﮔﮕﮖﮗﮘﮙﮚﮛﮜﮝﮞﮟ
32:16 Олар жамбастары төсектерден ажырап, өздерінің Раббысынан қорқып және үміт етіп тілейді әрі Біз өздеріне ризық етіп бергеннен жұмсайды
ﮠﮡﮢﮣﮤﮥﮦﮧﮨﮩﮪﮫﮬﮭ
32:17 Ешбір жан істеген амалдары үшін қайтарым сый ретінде өздері көзайым болатын қандай қуаныштың жасырылғанын білмейді
ﮮﮯﮰﮱﯓﯔﯕﯖﯗﯘ
32:18 Иманды жан мүмін бүлдіруші бойсұнбаушы біреу секілді ме?! Олар тең емес
ﯙﯚﯛﯜﯝﯞﯟﯠﯡﯢﯣﯤﯥ
32:19 Иманға келген және ізгі амал жасағандарға істеген амалдары үшін Мәуа жәннатының бақтарында сый-құрметтер болады
ﯦﯧﯨﯩﯪﯫﯬﯭﯮﯯﯰﯱﯲﯳﯴﯵﯶﯷﯸﯹﯺﯻﯼ
32:20 Ал, бұзық іс істейтіндердің бойсұнбағандардың тұрағы От. Олар әркез ол жерден шығуды қалағанда, оған қайтарылады әрі оларға: «Өздерің өтірік санаған от азабын татыңдар», делінеді
ﭑﭒﭓﭔﭕﭖﭗﭘﭙﭚ
32:21 Әрі міндетті түрде, Біз оларға иманға қайтулары үшін үлкен азаптан алдын жақын азапты осы дүниедегі ауыртпашылықтарды таттырамыз
ﭛﭜﭝﭞﭟﭠﭡﭢﭣﭤﭥﭦﭧﭨﭩ
32:22 Әрі Раббысының аят-белгілері есіне салынғаннан кейін, одан теріс бұрылғаннан өткен әділетсіз кім бар? Анығында, Біз қылмыскерлерден кек аламыз
ﭪﭫﭬﭭﭮﭯﭰﭱﭲﭳﭴﭵﭶﭷﭸﭹ
32:23 Ей, Мұхаммед! Біз Мұсаға Кітапты бердік. Онымен жолығудан күмәнда болма. Әрі Біз оны Тәуратты Исраил ұрпақтарына тура жолды ұстануға жолбасшы еттік
ﭺﭻﭼﭽﭾﭿﮀﮁﮂﮃﮄﮅ
32:24 және олар сабыр етіп, аяттарымызға айқын сенген кезде, араларынан әміріміз бойынша тура жолға бастайтын жетекшілер шығардық
ﮆﮇﮈﮉﮊﮋﮌﮍﮎﮏﮐﮑ
32:25 Ақиқатында, Раббың Қайта тірілу күні қайшылыққа түскен нәрселеріне қатысты олардың араларына, әлбетте, үкім шығарады
ﮒﮓﮔﮕﮖﮗﮘﮙﮚﮛﮜﮝﮞﮟﮠﮡﮢﮣﮤﮥﮦ
32:26 Олардан бұрын өткен қаншама ұрпақтарды Біздің жойып жібергеніміз, оларды шынымен жолға салмады ма? Өздері бүгін олардың жұрттарынан мекендерінен өтіп жүр. Ақиқатында, мұнда белгі-ғибраттар бар. Олар сонда да құлақ аспай ма
ﮧﮨﮩﮪﮫﮬﮭﮮﮯﮰﮱﯓﯔﯕﯖﯗﯘﯙﯚ
32:27 Олар имансыздар суды шел жерге қарай айдап, ол арқылы олардың малдары және өздері жейтін егін шығарғанымызды көрмеді ме? Олар әлі де көрмей ме
ﯛﯜﯝﯞﯟﯠﯡﯢ
32:28 Әрі олар: «Егер шын сөзді болсаңдар, бұл үкім шешім қашан болады?» дейді
ﯣﯤﯥﯦﯧﯨﯩﯪﯫﯬﯭﯮ
32:29 Ей, Мұхаммед! Айт: «Үкім берілетін күні сондай күпірлік еткендерге Аллаһқа қарсы келгендерге сенімдері пайда бермейді және оларға мұрсат та берілмейді», -деп
ﯯﯰﯱﯲﯳﯴ
32:30 Енді олардан теріс бұрыл және күт. Өйткені олар да күтуде

Құран Кәрім


Wednesday, September 9, 2026

Don't forget us in your sincere prayers