Сүресі Каф
PDF —
Built right in your browser — download starts automatically
Сүресі Каф pdf — Жүктеу (Қазақша)
Сүресі Каф pdf Қазақша — Жүктеу Сүресі Каф Аударма. Каф (Meccan) 45 Аят.
Related
- Каф АудармаҚазақша
- Каф mp3Тыңда
- Quran Index Қазақша114
More Сүресі PDF
Сүресі Каф

ﭑﭒﭓﭔﭕ
Қаф. Ұлы дәрежелі Құранмен ант етемін
ﭖﭗﭘﭙﭚﭛﭜﭝﭞﭟﭠﭡ
Иә, олар өз араларынан бір ескертуші келгеніне таң қалды әрі кәпірлер: «Бұл бір таңқаларлық нәрсе екен
ﭢﭣﭤﭥﭦﭧﭨﭩﭪ
Біз өліп, топыраққа айналған кезімізде ме? Бұл қайту ұзақ мүмкін емес », деді
ﭫﭬﭭﭮﭯﭰﭱﭲﭳﭴﭵ
Біз олардан мүрделерінен жердің нені кемітіп жатқанын білеміз, әрі Біздің алдымызда сақтаушы Кітап бар
ﭶﭷﭸﭹﭺﭻﭼﭽﭾﭿ
Негізінде, олар өздеріне ақиқат келген кезде оны өтірік деді, ал енді олар сасқалақтап абыржуда
ﮀﮁﮂﮃﮄﮅﮆﮇﮈﮉﮊﮋﮌ
Олар үстеріндегі аспанға назар салмай ма? Оны қалай құрғанымызға және безендіргенімізге? Онда бір сызат жарықшақ жоқ
ﮍﮎﮏﮐﮑﮒﮓﮔﮕﮖﮗﮘ
Әрі жерді жайып және оған берік орналасқандарды тауларды тастадық орнаттық , әрі онда барлық көркем түрлерден өсірдік
ﮙﮚﮛﮜﮝﮞ
мұны әрбір Раббысына әрдайым қайтушы құлға көрнекі белгі етіп және есіне салу ғибрат үшін істедік
ﮟﮠﮡﮢﮣﮤﮥﮦﮧﮨﮩ
Аспаннан берекелі су түсіріп, онымен бақтар және орып алынатын дақылдар өсірдік
ﮪﮫﮬﮭﮮﮯ
әрі қауашақтары шоғырланған ұзын құрмаағаштарын да
ﮰﮱﯓﯔﯕﯖﯗﯘﯙﯚﯛ
құлдарға ризық ретінде. Әрі ол сумен тіршіліксіз қалған жерді жандандырдық. Қабірлерден шығу да осылай болады
ﯜﯝﯞﯟﯠﯡﯢﯣ
Олардан бұрын Нұхтың елі, ар-Рас тұрғындары құлық иелері және Сәмұдтықтар елшілерін өтірікші санады
ﯤﯥﯦﯧﯨ
Әрі Ад елі, Фиръаун және Лұттың ағайындары да
ﯩﯪﯫﯬﯭﯮﯯﯰﯱﯲﯳ
Әйке тұрғындары мен Туббаъның елі де. Барлығы елшілерді өтірікші санады, сонда Менің жазамен қорқытуым шындыққа айналды орындалды
ﯴﯵﯶﯷﯸﯹﯺﯻﯼﯽﯾﯿ
Біз алғашқы жаратқанда әлсіз болдық па? Жоқ! Алайда олар жаңадан жаратуға қайта тірілтуге қатысты күмәндануда
ﭑﭒﭓﭔﭕﭖﭗﭘﭙﭚﭛﭜﭝﭞﭟﭠ
Ақиқатында, адамды Біз жараттық және оған оның жаны не деп сыбырлағанын уәсуәса еткенін білеміз. Әрі Біз оған күре тамырынан да жақынбыз
ﭡﭢﭣﭤﭥﭦﭧﭨﭩ
Міне, әрбір адамның оң жағынан және сол жағынан екі тіркеп жазып алушы отыр
ﭪﭫﭬﭭﭮﭯﭰﭱﭲ
Ол қандай сөз айтпасын, оның жанында дайын тұрған бақылаушы бар
ﭳﭴﭵﭶﭷﭸﭹﭺﭻﭼﭽ
Әрі өлім арпалысы жан шығатын кездегі қиыншылық ақиқатпен келеді. Сен қаламай қашқақтап келген нәрсең міне осы
ﭾﭿﮀﮁﮂﮃﮄﮅ
Әрі Сүр үріледі. Бұл уәде етілген ескертілген Күн
ﮆﮇﮈﮉﮊﮋﮌ
Сонда әрбір жан бір айдаушымен және куәгермен бірге келеді
ﮍﮎﮏﮐﮑﮒﮓﮔﮕﮖﮗﮘﮙ
«Сен бұдан қаперсіздікте едің, Біз сенен пердені аштық, енді бүгін сенің көзің өткір, -деп әрбір сенбеушіге үнделеді
ﮚﮛﮜﮝﮞﮟﮠ
Әрі оның қасында бірге болған періште : «Міне, мынау мендегі дайындағаны», -дейді
ﮡﮢﮣﮤﮥﮦﮧ
«Екеуің ақиқатқа қасарысқан әрбір кәпірді Жаһаннамға тастаңдар
ﮨﮩﮪﮫﮬ
жақсылыққа кедергі жасаған, шектен шыққан және күмән келтіргенді
ﮭﮮﮯﮰﮱﯓﯔﯕﯖﯗﯘ
сондай, Аллаһпен қатар басқаны құдай етіп алғанды. Оны қатты азапқа тастаңдар», -делінеді
ﯙﯚﯛﯜﯝﯞﯟﯠﯡﯢﯣﯤ
Оның серігі: «Раббымыз! Мен оны күнәға батырып адастырған жоқпын, керісінше оның өзі ұзақ адасуда болды», дейді
ﯥﯦﯧﯨﯩﯪﯫﯬﯭ
Ол Аллаһ : «Менің алдымда дауласпаңдар. Мен сендерге алдын ала ескерткенмін
ﯮﯯﯰﯱﯲﯳﯴﯵﯶ
Менің алдымда сөз өзгертілмейді әрі Мен құлдарға әділетсіздік етуші емеспін», -дейді
ﯷﯸﯹﯺﯻﯼﯽﯾﯿﰀ
Сол күні Біз Жаһаннамға: «Толдың ба?» дейміз. Ал ол: «Тағы да бар ма?» дейді
ﰁﰂﰃﰄﰅﰆ
Ал, тақуалар Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанушылар үшін жәннат жақындатылып, олардан алыс болмайды
ﰇﰈﰉﰊﰋﰌﰍ
Міне, осы сендерге әрбір әрдайым Раббысына қайтушыға, сақтаушыға уәде етілген нәрсе
ﰎﰏﰐﰑﰒﰓﰔﰕ
сондай әр-Рахманнан көрмей-ақ, құпия түрде қорыққанға әрі әрқашан Раббысына бұрылған жүрекпен келгенге
ﰖﰗﰘﰙﰚﰛﰜ
«Оған жәннатқа амандықпен кіріңдер! Міне, бұл мәңгілік Күні
ﰝﰞﰟﰠﰡﰢﰣ
Оларға ол жерде қалаған нәрселері бар, ал Бізде және қосатынымыз бар
ﭑﭒﭓﭔﭕﭖﭗﭘﭙﭚﭛﭜﭝﭞﭟﭠ
Біз олардан Мекке кәпірлерінен бұрын қаншама халықты жойып жібердік. Олардың күш-қуаты бұларға қарағанда мықты әрі көп елдерді шарлаған еді. Оларға қашатын құтылатын жер болды ма
ﭡﭢﭣﭤﭥﭦﭧﭨﭩﭪﭫﭬﭭﭮ
Ақиқатында, Мұнда жүрегі барға немесе естігенін қабылдағанға еске салу ескерту бар
ﭯﭰﭱﭲﭳﭴﭵﭶﭷﭸﭹﭺﭻﭼ
Біз аспандарды және жерді, әрі екеуінің арасындағыларын алты күнде жараттық және Бізге шаршау тимеді
ﭽﭾﭿﮀﮁﮂﮃﮄﮅﮆﮇﮈﮉ
Ей, Мұхаммед! Сен олардың айтып жатқандарына сабыр ет. Әрі күн шығардан алдын және күн батардан бұрын Раббыңды мақтап, барлық кемшіліктен пәк деп дәріпте
ﮊﮋﮌﮍﮎﮏ
және түннің бір бөлігінде және сәжделердің намаздардың артында да Оны барлық кемшіліктен пәк деп дәріпте
ﮐﮑﮒﮓﮔﮕﮖﮗ
Әрі шақырушы сол күні жақын жайдан шақырғанда тыңда
ﮘﮙﮚﮛﮜﮝﮞﮟﮠ
Сол күні олар сайханы анық естиді. Міне, бұл Шығу күні
ﮡﮢﮣﮤﮥﮦﮧ
Анығында, Біз тірілтеміз және өлтіреміз, әрі қайту Бізге
ﮨﮩﮪﮫﮬﮭﮮﮯﮰﮱﯓ
Сол күні жер жарылып, олар асыққан күйде болады. Бүл жинау Бізге оңай
ﯔﯕﯖﯗﯘﯙﯚﯛﯜﯝﯞﯟﯠﯡﯢﯣ
Ей, Мұхаммед! Біз олардың не айтып жатқандарын жақсы білеміз, ал сен оларға мәжбүрлеуші емессің. Менің ескертуімнен қорқатындарға Құран арқылы еске сал насихат ет
Құран Кәрім
Tuesday, August 18, 2026
Don't forget us in your sincere prayers







