Аль-Мульк сүресі pdf — Жүктеу (Қазақша)
Аль-Мульк сүресі pdf Қазақша — Жүктеу Аль-Мульк сүресі Аударма. Аль-Мульк сүресі (Meccan) 30 Аят.
Related
- Аль-Мульк сүресі АудармаҚазақша
- Аль-Мульк сүресі mp3Тыңда
- Quran Index Қазақша114
More Сүресі PDF
Аль-Мульк сүресі

ﭑﭒﭓﭔﭕﭖﭗﭘﭙﭚ
67:1
Билік қолында болған Ол аса Берекелі әрі Ол барлық нәрсені Жасай алушы
ﭛﭜﭝﭞﭟﭠﭡﭢﭣﭤﭥﭦﭧ
67:2
Ол өлім және өмірді сендердің қайсыларың амал етуде жақсырақ екенін сынау үшін жаратқан. Әрі Ол аса Үстем, өте Кешірімді
ﭨﭩﭪﭫﭬﭭﭮﭯﭰﭱﭲﭳﭴﭵﭶﭷﭸﭹﭺﭻﭼ
67:3
Жеті аспанды қабат-қабат етіп жаратқан Сол Аллаһ . Әр-Рахманның аса Қайырымдының жаратуында ешбір кемшілік көрмейсің. Қайта көз салшы, қандай да бір сәйкессіздік көре аласың ба
ﭽﭾﭿﮀﮁﮂﮃﮄﮅﮆﮇ
67:4
Содан кейін де көзіңді қайта сал. Көзің саған қажып, талған күйде қайтады
ﮈﮉﮊﮋﮌﮍﮎﮏﮐﮑﮒﮓﮔﮕ
67:5
Ақиқатында Біз төменгі аспанды шырақтармен аспан денелерімен безендірдік әрі оларды шайтандарды қайтаратын нәрсе еттік. Әрі Біз оларға шайтандарға Саъир (Тозақтың бір аты. Мағнасы жалынды от) азабын әзірледік
ﮖﮗﮘﮙﮚﮛﮜﮝﮞ
67:6
Сондай-ақ өздерінің Раббысына, сондай күпірлік еткендерге сенбегендерге Жаһаннам (Тозақ) азабы бар. Ол баратын орын неткен жаман
ﮟﮠﮡﮢﮣﮤﮥﮦﮧ
67:7
Олар имансыздар онда лақтырылған кезде, оның өкіргенін естиді, әрі ол бұрқылдап қайнап тұрады
ﮨﮩﮪﮫﮬﮭﮮﮯﮰﮱﯓﯔﯕﯖﯗ
67:8
Ол қатты ашудан жарылып кете жаздайды. Оған бір топ лақтырылған сайын, оның сақшылары олардан: «Сендерге ескертуші келмеген бе еді?» деп сұрайды
ﯘﯙﯚﯛﯜﯝﯞﯟﯠﯡﯢﯣﯤﯥﯦﯧﯨﯩﯪ
67:9
Олар: «Иә, солай, бізге ескертуші келген еді. Бірақ біз оны өтірікші санап: «Аллаһ еш нәрсе түсірмеген. Сендер бар болғаны үлкен адасудасыңдар», дегенбіз», дейді
ﯫﯬﯭﯮﯯﯰﯱﯲﯳﯴﯵﯶ
67:10
Әрі олар: «Егер де біз тыңдағанымызда не ақылымызды істеткенде, Саъирға (Тозақтың бір аты. Мағнасы жалынды от) түскендер қатарында болмас едік», дейді
ﯷﯸﯹﯺﯻﯼ
67:11
Сөйтіп олар күнәсін мойындайды. Саъирға түскендер құрысын
ﯽﯾﯿﰀﰁﰂﰃﰄﰅﰆ
67:12
Шын мәнінде, өздерінің Раббысынан, Оны көрмей тұрып қорқатындарға кешірім әрі үлкен сый Жәннат бар
ﭑﭒﭓﭔﭕﭖﭗﭘﭙﭚﭛ
67:13
Сендер сөздеріңді жасырсаңдар да, не оны жарияласаңдар да, әлбетте, Ол көкіректердегіні жүректердегіні Білуші
ﭜﭝﭞﭟﭠﭡﭢﭣ
67:14
Бәрін Жаратқан білмей ме?! Әрі Ол аса Жұмсақ, Қырағы, әрбір нәрседен Хабардар
ﭤﭥﭦﭧﭨﭩﭪﭫﭬﭭﭮﭯﭰﭱﭲﭳ
67:15
Ол сендерге жерді көнгіш пайдалануға жеңіл етті. Оның жердің жан-жағында барлық тарабында жүріңдер және Оның Аллаһтың ризық еткенінен жеңдер. Әрі қайта тірілгеннен кейін Оған ораласыңдар
ﭴﭵﭶﭷﭸﭹﭺﭻﭼﭽﭾﭿ
67:16
Аспандағының Аллаһтың сендерді жерге, теңселіп тұрған кезінде жұттырып жіберуінен қауіпсізсіңдер ме
ﮀﮁﮂﮃﮄﮅﮆﮇﮈﮉﮊﮋﮌﮍ
67:17
Немесе сендер, аспандағының Аллаһтың өздеріңе тасты дауыл жіберуінен қауіпсізсіңдер ме? Жақында сендер ескертуімнің қалай екенін білесіңдер
ﮎﮏﮐﮑﮒﮓﮔﮕﮖ
67:18
Ақиқатында, олардан бұрынғылар да өтірікке шығарған еді. Сонда Менің жазалауым қалай болды
ﮗﮘﮙﮚﮛﮜﮝﮞﮟﮠﮡﮢﮣﮤﮥﮦﮧﮨ
67:19
Олар өздерінің үстінде қанаттарын жаятын және жинайтын кұстарды көрмей ме?! Оларды ауада әр-Рахманнан басқа ешкім ұстап тұра алмайды. Ақиқатында, Ол әрбір нәрсені Көруші
ﮩﮪﮫﮬﮭﮮﮯﮰﮱﯓﯔﯕﯖﯗﯘﯙﯚ
67:20
Сендердің әр-Рахманнан басқа жәрдем беретін жасақтарың кім олар бар ма ? Шын мәнінде, кәпірлер тек алданышта
ﯛﯜﯝﯞﯟﯠﯡﯢﯣﯤﯥﯦﯧﯨ
67:21
Егер Ол ризық беруін тоқтатса, сендерге кім ризық береді? Ақиқатында, олар қасарысуда және безулерін жалғастыруда
ﯩﯪﯫﯬﯭﯮﯯﯰﯱﯲﯳﯴﯵ
67:22
Жүзімен жер сүзіп жүрген тура жолда ма, әлде түзу жолда еңсесін тіктеп жүрген бе
ﯶﯷﯸﯹﯺﯻﯼﯽﯾﯿﰀﰁﰂﰃ
67:23
Ей, Мұхаммед! Айт: «Ол сендерді жоқтан бар етті және сендерге естуді, көруді және жүректерді берді. Сендер өте аз шүкір етесіңдер Аллаһтың берген игіліктеріне тым аз алғыс білдіресіңдер », деп
ﰄﰅﰆﰇﰈﰉﰊﰋﰌ
67:24
Айт: «Сендерді жер бетіне таратқан Сол Аллаһ , әрі сендер Оған жиналасыңдар», деп
ﰍﰎﰏﰐﰑﰒﰓﰔ
67:25
Олар сенбейтіндер : «Егер шын сөзді болсаңдар, бұл уәде қашан келеді ?»- дейді
ﰕﰖﰗﰘﰙﰚﰛﰜﰝﰞ
67:26
Ей, Мұхаммед!! Айт: «Шын мәнінде ол жайлы білім тек Аллаһта. Ал, мен анық ескертуші ғанамын», деп
ﭑﭒﭓﭔﭕﭖﭗﭘﭙﭚﭛﭜﭝﭞ
67:27
Ал, оны Есеп күнін жақыннан көрген кезде, күпірлік еткендердің Есеп күнін өтірікке шығарғандардың жүзі түнеріп кетеді. Оларға: «Міне, осы сендердің сұрағандарың!» делінеді
ﭟﭠﭡﭢﭣﭤﭥﭦﭧﭨﭩﭪﭫﭬﭭﭮ
67:28
Ей, Мұхаммед! Айт: «Айтыңдаршы, егер Аллаһ мені және менімен бірге болғандарды жоқ етсе, немесе бізді мейіріміне бөлесе де, кәпірлерді күйзелтуші азаптан кім қорғайды?!» деп
ﭯﭰﭱﭲﭳﭴﭵﭶﭷﭸﭹﭺﭻﭼﭽ
67:29
Айт: «Ол әр-Рахман аса Қайырымды , біз Оған сендік әрі Оған жүгініп, ісімізді Оған тапсырдық тәуекел еттік . Сендер жақында кімнің анық адасуда екенін білесіңдер», деп
ﭾﭿﮀﮁﮂﮃﮄﮅﮆﮇﮈ
67:30
Айт: «Айтыңдаршы, егер суларың жер астына сіңіп кетсе, сендерге ағатын су көзін кім келтіреді?!» деп
Құран Кәрім
Wednesday, September 9, 2026
Don't forget us in your sincere prayers







