Сүресі Марьям
PDF —
98 Аят Meccan PDF
Built right in your browser — download starts automatically

Сүресі Марьям pdf — Жүктеу (Қазақша)

Сүресі Марьям pdf Қазақша — Жүктеу Сүресі Марьям Аударма. Марьям (Meccan) 98 Аят.



Сүресі Марьям
98 Аят · Meccan · Қазақша
bismillah
ﭑﭒ
Кәф, Ха, Йа, Айн, Сад
ﭓﭔﭕﭖﭗﭘ
Ей, Мұхаммед! Бұл Раббыңның Өз құлы Зәкәрияға жасаған игілігін еске салуы
ﭙﭚﭛﭜﭝﭞ
Міне, кезінде ол Раббысына өзгелерден жасырын түрде жалбарынды
ﭟﭠﭡﭢﭣﭤﭥﭦﭧﭨﭩﭪﭫﭬﭭ
Ол: «Раббым! Менің сүйегім қаусады, басымды ақ шалды. Раббым! Саған дұға еткенімде бақытсыз болған жоқ едім
ﭮﭯﭰﭱﭲﭳﭴﭵﭶﭷﭸﭹﭺﭻ
Мен артымда қалатын ағайындарымнан қорқамын қауіптемін . Әйелім бедеу. Маған өз қасыңнан бір мұрагер бере гөр
ﭼﭽﭾﭿﮀﮁﮂﮃﮄﮅ
Маған да мұрагер әрі Яғқұптың әулетіне де мұрагер болатын. Раббым! Оны Өзің разы болатын ізгілерден ет», деді
ﮆﮇﮈﮉﮊﮋﮌﮍﮎﮏﮐﮑﮒ
«Ей, Зәкәрия! Біз сені ұлмен сүйіншілейміз, есімі Йахйа. Бұған дейін ешкімді ол секілді атамадық»
ﮓﮔﮕﮖﮗﮘﮙﮚﮛﮜﮝﮞﮟﮠﮡ
Зәкәрия : «Раббым!? Әйелім бедеу, ал, өзім қатты қартайған болсам, менде қалай бала болмақ?» деді
ﮢﮣﮤﮥﮦﮧﮨﮩﮪﮫﮬﮭﮮﮯﮰ
Періште : «Міне осылай. Раббың айтты: «Ол маған оңай. Сені, бұрын сен ешнәрсе болмағаныңда да жараттым», деді
ﮱﯓﯔﯕﯖﯗﯘﯙﯚﯛﯜﯝﯞﯟﯠ
Зәкәрия : «Раббым, маған бір белгі бер»,- деді. Ол: «Сенің белгің сау бола тұра адамдарға қатарынан үш түн сөйлемеуің»,- деді
ﯡﯢﯣﯤﯥﯦﯧﯨﯩﯪﯫﯬ
Сөйтіп ол, құлшылық ететін орнынан қауымының алдына шығып, оларға: «Таңертең және кешке Аллаһты барлық кемшіліктен пәк деп дәріптеңдер»,- деп ишарамен білдірді
ﭑﭒﭓﭔﭕﭖﭗﭘﭙ
Оған : «Ей, Йахйа! Кітапты мықтап ұста!» дедік. Әрі Біз оған бала кезінен даналық бердік
ﭚﭛﭜﭝﭞﭟﭠﭡ
Әрі оған Өз тарапымыздан мейірбандық пен тазалық бердік. Ол тақуа Раббысына бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанушы! еді
ﭢﭣﭤﭥﭦﭧﭨ
Әрі ол ата-анасына игілік істеуші болып, өктемшіл, бойсұнбаушы емес еді
ﭩﭪﭫﭬﭭﭮﭯﭰﭱﭲ
Әрі оған туылған күні, қайтыс болатын күні және қайта тірілетін күні амандық болады
ﭳﭴﭵﭶﭷﭸﭹﭺﭻﭼﭽ
Әрі Кітаптағы Мәриямды есіңе ал. Ол үйіндегілерден шығыс жақтағы бір орынға оңашаланып
ﭾﭿﮀﮁﮂﮃﮄﮅﮆﮇﮈﮉ
олардан тосық артына тасаланып алды. Біз оған Рухымызды Жәбірейілді жібердік. Ол оған толыққанды адам бейнесінде көрінді
ﮊﮋﮌﮍﮎﮏﮐﮑﮒ
Мэриям :«Мен әр-Рахманға аса Мейірімдіге сиынып, сенен қорғауын сұраймын. Егер Аллаһқа бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанушы тақуа болсаң тиіспе », -деді
ﮓﮔﮕﮖﮗﮘﮙﮚﮛﮜ
Періште : «Анығында мен саған бір таза бала сыйлау үшін Раббыңның жіберген Елшісімін», деді
ﮝﮞﮟﮠﮡﮢﮣﮤﮥﮦﮧﮨ
Мәриям : «Маған ешбір адам жақындамаған болса және мен жеңіл жүрісті болмасам, менде қалай бала болмақ?» деді
ﮩﮪﮫﮬﮭﮮﮯﮰﮱﯓﯔﯕﯖﯗﯘﯙﯚﯛ
Періште : «Міне осылай. Раббың: «Бұл Маған оңай. Оны адамдар үшін Бізден бір белгі мұғжиза және мейірім етеміз. Бүл шешіліп қойылған іс», деп айтты»,- деді
ﯜﯝﯞﯟﯠﯡﯢ
Сөйтіп, ол оған жүкті болып, онымен кұрсағындағымен алыс бір орынға барып оңашаланды
ﯣﯤﯥﯦﯧﯨﯩﯪﯫﯬﯭﯮﯯﯰ
Сонда, толғақ оны бір құрма ағашының діңіне алып келді. Ол: «Қап, бұдан бұрын өліп кетсем әрі мүлдем ұмытылған болсам еді», деді
ﯱﯲﯳﯴﯵﯶﯷﯸﯹﯺﯻ
Періште оған төменгі жақтан үн қатып: «Қайғырма! Раббың аяқ астыңнан бастау ағызды
ﯼﯽﯾﯿﰀﰁﰂﰃﰄ
Құрманың діңін өзіңе қарай сілкі. Саған жаңа піскен кұрма түседі
ﭑﭒﭓﭔﭕﭖﭗﭘﭙﭚﭛﭜﭝﭞﭟﭠﭡﭢﭣﭤ
Құрмадан же, су іш әрі тыныштыққа болен! Егер адамдардан біреуді көрсең: «Мен әр-Рахман аса Мейірімді үшін ауыз бекітуге нәзір атадым. Енді бүгін ешбір адаммен сөйлеспеймін», деп айт»,- деді
ﭥﭦﭧﭨﭩﭪﭫﭬﭭﭮﭯﭰ
Ол оны көтеріп еліне келді. Олар: «Ей, Мэриям! Сен шошынарлық нәрсе келтірдің
ﭱﭲﭳﭴﭵﭶﭷﭸﭹﭺﭻﭼ
Ей, Һарұнның қарындасы! Әкең жаман кісі емес еді, әрі анаң да теріс жолда емес еді»,-деді
ﭽﭾﭿﮀﮁﮂﮃﮄﮅﮆﮇﮈ
Сонда ол оған балаға меңзеді. Олар: «Біз құндақтағы нәрестемен қайтып сөйлесеміз?» деді
ﮉﮊﮋﮌﮍﮎﮏﮐﮑ
Иса : «Мен Аллаһтың құлымын. Ол маған Кітапты берді әрі мені Пайғамбар етті
ﮒﮓﮔﮕﮖﮗﮘﮙﮚﮛﮜﮝ
Әрі қайда болсам да мені берекелі етті. Өмір сүріп тұрған кезімде намазды және зекетті өтеуді бұйырды
ﮞﮟﮠﮡﮢﮣﮤ
Әрі анама игілік етуші перзент етті және мені өктемшіл, бақытсыз етпеді
ﮥﮦﮧﮨﮩﮪﮫﮬﮭﮮ
Әрі маған, мен туылған күні, қайтыс болатын күні және қайта тірілетін күні амандық болады », деді
ﮯﮰﮱﯓﯔﯕﯖﯗﯘﯙﯚ
Міне бұл олар күмәнданып, тартысатын Мәриямның ұлы Иса жайлы хақ сөз
ﯛﯜﯝﯞﯟﯠﯡﯢﯣﯤﯥﯦﯧﯨﯩﯪﯫﯬﯭ
Аллаһтың бала иемденуі мүмкін емес. Ол барлық кемшіліктен пәк. Ол бір істің болуын үкім етсе, оған тек қана «бол» дейді. Сонда ол, болады
ﯮﯯﯰﯱﯲﯳﯴﯵﯶﯷ
Иса «Ақиқатында, Аллаһ менің Раббым әрі сендердің Раббың. Оған құлшылық етіңдер. Міне осы тура жол», деді
ﯸﯹﯺﯻﯼﯽﯾﯿﰀﰁﰂﰃﰄ
Ал айда топтар өзара қайшылыққа түсті. Сондай күпірлік етушілерге хақ дінді бұрмалаушы ағымдарға Ұлы күннің Қияметтің көрінісінен үлкен қасірет бар
ﰅﰆﰇﰈﰉﰊﰋﰌﰍﰎﰏﰐﰑ
Бізге келген күні, олардың есту, көрулері өте анық болады. Алайда бүгін әділетсіздер ашық адасуда
ﭑﭒﭓﭔﭕﭖﭗﭘﭙﭚﭛﭜﭝ
Ей, Мұхаммед! Оларға барлық іс шешілетін қасіретті Күнді ескерт. Ал, олар қаперсіздік танытуда бейғамдықта әрі сенбеуде
ﭞﭟﭠﭡﭢﭣﭤﭥﭦ
Ақиқатында жер және оның үстіндегілері Бізде қалады. Әрі олар Бізге қайтарылады
ﭧﭨﭩﭪﭫﭬﭭﭮﭯﭰ
Ей, Мұхаммед! Әрі Кітаптағы Ибраһимді есіңе ал. Анығында, ол өте шыншыл және Пайғамбар еді
ﭱﭲﭳﭴﭵﭶﭷﭸﭹﭺﭻﭼﭽﭾﭿﮀ
Міне, кезінде ол әкесіне: «Әй, әкешім! Неге сен естімейтін, көрмейтін және өзіңе ешпайда бермейтін нәрсеге табынасың
ﮁﮂﮃﮄﮅﮆﮇﮈﮉﮊﮋﮌﮍﮎ
Әй, әкетайым! Шын мәнінде маған, саған келмеген бір білім келді. Сондықтан маған ілес, сені тура жолға бастаймын
ﮏﮐﮑﮒﮓﮔﮕﮖﮗﮘﮙ
Әй, әкешім! Шайтанға табынба! Анығында, шайтан, әр-Рахманға аса Қайырымдыға бойсұнбаушы болды
ﮚﮛﮜﮝﮞﮟﮠﮡﮢﮣﮤﮥ
Әй, әкешім! Мен саған әр-Рахманнан азап тиіп, шайтанға жақын болып қалуыңнан қорқамын», деді
ﮦﮧﮨﮩﮪﮫﮬﮭﮮﮯﮰﮱﯓﯔﯕ
Әкесі : «Ей, Ибраһим! Сен менің құдайларымнан бас тартасың ба? Егер, тыйылмасаң, менің сөгісіме ұшырайсың. Менен біраз уақыт аулақ жүр», деді
ﯖﯗﯘﯙﯚﯛﯜﯝﯞﯟﯠﯡﯢ
Ибраһим : «Саған амандық болсын. Мен сен үшін Раббымнан кешірім тілеймін. Шын мәнінде, Ол маған Мейірбан
ﯣﯤﯥﯦﯧﯨﯩﯪﯫﯬﯭﯮﯯﯰﯱ
Әрі мен сендерден және сендердің Аллаһтан өзге тілейтіндеріңнен араны ашамын әрі Раббымнан тілеймін. Раббыма сиынып, тілек етуімде бақытсыз болмауды үміт етемін»,- деді
ﯲﯳﯴﯵﯶﯷﯸﯹﯺﯻﯼﯽﯾﯿﰀﰁ
Сөйтіп ол олардан және олардың Аллаһтан өзге табынатындарынан алыстап, бөлек кеткенде, Біз оған Исхақ пен Яғқұпты тарту еттік әрі олардың барлығын пайғамбар қылдық
ﰂﰃﰄﰅﰆﰇﰈﰉﰊﰋ
Әрі оларға Өз мейірімізден тарту етіп, олар жайлы ақиқат сөзін жоғары еттік
ﰌﰍﰎﰏﰐﰑﰒﰓﰔﰕﰖﰗ
Ей, Мұхаммед! Әрі Кітаптағы Мұсаны есіңе ал. Ол таңдалған және Елші расул әрі Пайғамбар нәби еді
ﭑﭒﭓﭔﭕﭖﭗﭘ
Біз оған таудың оң жағынан үн қаттық және сөйлесу үшін оны жақындаттық
ﭙﭚﭛﭜﭝﭞﭟﭠ
Әрі Өз мейірімізбен оған бауыры Һарұнды пайғамбар етіп сыйладық
ﭡﭢﭣﭤﭥﭦﭧﭨﭩﭪﭫﭬﭭ
Ей, Мұхаммед! Әрі Кітаптағы Исмаъилды есіңе ал. Ол уәдеге адал әрі Елші және Пайғамбар еді
ﭮﭯﭰﭱﭲﭳﭴﭵﭶﭷ
Ол үй-ішін намазға оны орындауға және зекетке парыз, нәпіл садақа беруге бұйыратын. Әрі Раббысы одан разы болған еді
ﭸﭹﭺﭻﭼﭽﭾﭿﮀﮁ
Ей, Мұхаммед! Әрі Кітаптағы Идристі есіңе ал. Ол шыншыл әрі Пайғамбар еді
ﮂﮃﮄﮅ
Біз оны жоғары орынға көтердік
ﮆﮇﮈﮉﮊﮋﮌﮍﮎﮏﮐﮑﮒﮓﮔﮕﮖﮗﮘﮙﮚﮛﮜﮝﮞﮟﮠﮡﮢﮣﮤﮥ
Міне осылар Аллаһ игілік берген Адамның ұрпағындағы пайғамбарлардан әрі Біз Нұхпен бірге алып жүргендеріміздің және Ибраһим мен Исраилдың ұрпағындағы әрі Біз тура жолмен жүргізіп және таңдап алғандардан. Оларға әр-Рахманның аса Қайырымдының аяттары оқылған кезде олар жылаған күйлерінде сәждеге жығылады
ﮦﮧﮨﮩﮪﮫﮬﮭﮮﮯﮰﮱﯓﯔ
Олардан кейін намазды зая қылған әрі тән құмарлықтарына шәһуәттарына ергендер келді. Жақында олар Ғайға тозақтағы терең шұңқырға тасталады
ﯕﯖﯗﯘﯙﯚﯛﯜﯝﯞﯟﯠﯡ
Тек істеген күнәсіне шынайы өкініп, Раббысына бойсұнуға қайтып тәубе етіп , иманға келген әрі ізгі амал істегендер басқа. Олар Жәннатқа кіреді әрі Оларға еш әділетсіздік жасалмайды
ﯢﯣﯤﯥﯦﯧﯨﯩﯪﯫﯬﯭﯮ
Олар ’Адн жәннатының бақтарына кіреді , сондай, әр-Рахман құлдарына ғайып түрде көрсетпестен уәде еткен. Ақиқатында оның уәдесі орындалады
ﯯﯰﯱﯲﯳﯴﯵﯶﯷﯸﯹﯺﯻ
Олар ол жерде бос сөз естімейді. Еститіндері тек «Сәлам» Амандық болсын деген сөздер. Әрі олардың ондағы ризықтары таңертең де, кешке де қалаған кездерінде
ﯼﯽﯾﯿﰀﰁﰂﰃﰄﰅ
Құлдарымыздан тақуа болғандарға Раббысына бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанғандарға мұра ететін Жәннат осы
ﰆﰇﰈﰉﰊﰋﰌﰍﰎﰏﰐﰑﰒﰓﰔﰕﰖﰗﰘﰙﰚ
Ей, Жәбірейіл Мұхаммедке айт! : «Біз періштелер Раббыңның әмірімен ғана түсеміз. Біздің алдымыздағы және артымыздағы әрі осының арасындағылар Оның иелігінде. Раббың ұмытушы емес
ﭑﭒﭓﭔﭕﭖﭗﭘﭙﭚﭛﭜﭝﭞ
Ол аспандардың және жердің әрі олардың арасындағыларының Раббысы. Оған құлшылық ет және Оған құлшылық етуде сабырлы бол. Оған ұқсас біреуді білесің бе?», деп
ﭟﭠﭡﭢﭣﭤﭥﭦﭧ
Әрі адам баласы: «Мен өлгеннен кейін, қайтадан тірі күйімде шығарыламын ба?» дейді
ﭨﭩﭪﭫﭬﭭﭮﭯﭰﭱﭲ
Адам баласы әуелде Біздің оны жаратқанымызды есіне алмай ма? Ал, ол ешнәрсе болмаған еді
ﭳﭴﭵﭶﭷﭸﭹﭺﭻ
Раббыңмен ант етемін! Біз оларды және шайтандарды әлбетте жинаймыз. Содан кейін оларды Жаһаннамның айналасына тізерлетіп қоямыз
ﭼﭽﭾﭿﮀﮁﮂﮃﮄﮅﮆ
Кейін әрбір топтан, олардың ішіндегі әр-Рахманға аса Қайырымдыға бойсұнбауда ең қатты болғандарын шығарып аламыз
ﮇﮈﮉﮊﮋﮌﮍﮎﮏ
Одан кейін, әлбетте онда жандырылуға ең лайықтылардың кім екенін Біз жақсы білеміз
ﮐﮑﮒﮓﮔﮕﮖﮗﮘﮙﮚ
Сендерден әрбіреу оған келеді. Бұл Раббыңның міндетіндегі, шешілген бір үкім
ﮛﮜﮝﮞﮟﮠﮡﮢﮣ
Кейін, тақуа болғандарды Раббысына бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанғандарды құтқарамыз. Ал, әділетсіздерді оның ішінде тізерлеген күйінде қалдырамыз
ﮤﮥﮦﮧﮨﮩﮪﮫﮬﮭﮮﮯﮰﮱﯓﯔﯕ
Оларға анық түрдегі аяттарымыз оқылған кезде, күпірлік еткендер имансыздар иманға келгендерге: «Екі топтың имандылар мен имансыздардың қайсысы жағдайы және жиыны құрамы тұрғысында артық?» дейді
ﯖﯗﯘﯙﯚﯛﯜﯝﯞﯟ
Ал, олардан бұрын қанша халықтарды жойған едік. Олар байлықтарында және түр-тұрпатында жақсырақ еді
ﯠﯡﯢﯣﯤﯥﯦﯧﯨﯩﯪﯫﯬﯭﯮﯯﯰﯱﯲﯳﯴﯵﯶﯷﯸﯹﯺ
Ей, Мұхаммед! Айт: «Кім адасуда болса, әр-Рахман оларға оны адасуларын өздеріне уәде етілген не азап, не Сағатты қияметті көргендеріне дейін ұзартып қойсын. Сол кезде олар, кімнің орын тұрғысынан жаман әрі әскері әлсіз екенін біледі»,- деп
ﯻﯼﯽﯾﯿﰀﰁﰂﰃﰄﰅﰆﰇﰈﰉ
Әрі Аллаһ тура жолда болғандардың туралығын арттырады. Ал, қалатын жойылмайтын ізгі амалдар Раббыңның құзырында қайтарым сый әрі нәтиже ретінде одан қайырлы
ﭑﭒﭓﭔﭕﭖﭗﭘﭙ
Аяттарымызға күпірлік етіп сенбей : «Маған мал және балалар беріледі»,- дегенді көрдің бе
ﭚﭛﭜﭝﭞﭟﭠﭡ
Ол ғайыпты білді ме, әлдеәр-Рахманнан аса Қайырымдыдан серт алды ма
ﭢﭣﭤﭥﭦﭧﭨﭩﭪﭫﭬ
Жоқ! Олай емес! Біз оның айтқанын жазып қоямыз әрі оған азапты арттырамыз
ﭭﭮﭯﭰﭱﭲ
Әрі оның айтқан нәрселері Бізге қалады да, ол Бізге бір өзі келеді
ﭳﭴﭵﭶﭷﭸﭹﭺﭻ
Олар өздеріне абырой күш-құдірет болуы үшін Аллаһтан өзгелерді құдай етіп алды
ﭼﭽﭾﭿﮀﮁﮂﮃ
Жоқ! Олай емес! Олар табынғандары бұлардың құлшылықтарын теріске шығарады және бұларға қарсы болады
ﮄﮅﮆﮇﮈﮉﮊﮋﮌﮍ
Ей, Мұхаммед! Біз кәпірлердің үстінен шайтандарды, оларға түрткі салып, итермелеуші етіп жібергенімізді көрмедің бе
ﮎﮏﮐﮑﮒﮓﮔﮕﮖ
Сондықтан оларға жазаның келуіне асықпа. Біз олар үшін нақты есеп жүргізушіміз
ﮗﮘﮙﮚﮛﮜﮝ
Сол қайта тірілу Күні, тақуаларды Раббысына бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанғандарды әр-Рахманға таңдаулы өкілдер тобы етіп жинап
ﮞﮟﮠﮡﮢﮣ
ал қылмыскерлерді қатты шөлдеген халдерінде Жаһаннамға айдаймыз
ﮤﮥﮦﮧﮨﮩﮪﮫﮬﮭ
Әр-Рахманнан уәде алғандардан басқалары арашалық ету шапағат ету құқығына ие болмайды
ﮮﮯﮰﮱﯓ
Әрі олар: «әр-Рахман аса Қайырымды Өзіне бала алды», деді
ﯔﯕﯖﯗﯘ
Расында сендер өрескел нәрсе істедіңдер
ﯙﯚﯛﯜﯝﯞﯟﯠﯡﯢ
Бұдан аспандар жарылып әрі жер айрылып және таулар күйреп, құлап түсе жаздайды
ﯣﯤﯥﯦﯧ
олардың әр-Рахманға бала таңғандықтары үшін
ﯨﯩﯪﯫﯬﯭﯮ
Өзіне бала иемдену әр-Рахманға лайықты емес үйлеспейді
ﯯﯰﯱﯲﯳﯴﯵﯶﯷﯸﯹ
Аспандар мен жердегілердің барлығы әр-Рахманға бар болғаны құл ғана болып келеді
ﯺﯻﯼﯽﯾ
Ол Аллаһ оларды санап, есептеп қойған
ﯿﰀﰁﰂﰃﰄ
Олардың барлығы Қайта тірілу күні Оған жалғыз келеді
ﭑﭒﭓﭔﭕﭖﭗﭘﭙﭚ
Иманға келген және ізгі амал істегендерге әр-Рахман аса Қайырымды сүйіспеншілік салады
ﭛﭜﭝﭞﭟﭠﭡﭢﭣﭤﭥ
Ей, Мұхаммед! Шын мәнінде, Біз бұны Құранды өз тіліңде жеңіл еттік, сенің онымен тақуаларды Раббысына бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанушыларды қуандыруың және қасарысқан керісшіл адамдарды ескертуің үшін
ﭦﭧﭨﭩﭪﭫﭬﭭﭮﭯﭰﭱﭲﭳﭴ
Әрі олардан бұрын қанша халықтарды жоқ еттік. Енді сен олардың бірін сезіп, біле аласың ба немесе олардың сыбдырын естисің бе

Құран Кәрім


Tuesday, August 18, 2026

Don't forget us in your sincere prayers