PDF —
96 Аят Meccan PDF
Built right in your browser — download starts automatically

Аль-Вакиа сүресі pdf — Жүктеу (Қазақша)

Аль-Вакиа сүресі pdf Қазақша — Жүктеу Аль-Вакиа сүресі Аударма. Аль-Вакиа сүресі (Meccan) 96 Аят.

← Ар-РахманАль-Вакиа сүресі Аль-Хадид →


96 Аят · Meccan · Қазақша
bismillah
ﮃﮄﮅﮆ
56:1 Әл-Уақиъа Қиямет болған кезде
ﮇﮈﮉﮊ
56:2 оның болуын ешнәрсе жоққа шығармайды
ﮋﮌﮍ
56:3 ол төмендетеді, жоғарылатады
ﮎﮏﮐﮑﮒ
56:4 Жер сілкініп қозғалтылған кезде
ﮓﮔﮕﮖ
56:5 және таулар қирап, талқандалып
ﮗﮘﮙﮚ
56:6 әрі шашылған тозаңға айналған кезде
ﮛﮜﮝﮞ
56:7 сонда сендер үш топқа бөлінесіңдер
ﮟﮠﮡﮢﮣﮤ
56:8 Бірі оң жақта болады. Оң жақтағылар деген не
ﮥﮦﮧﮨﮩﮪ
56:9 Ал, біреулер сол жақта болады. Сол жақтағылар деген не
ﮫﮬﮭ
56:10 Әрі озушылар, олар озушылар
ﮮﮯﮰ
56:11 Міне, солар жақындатылғандар
ﮱﯓﯔﯕ
56:12 Наъим (Жәннаттың бір аты. Мағнасы көптеген нығмет, игілік) бақтарында болады
ﯖﯗﯘﯙ
56:13 Олар әуелгілерден көбірек
ﯚﯛﯜﯝ
56:14 соңғылардан азырақ
ﯞﯟﯠﯡ
56:15 Безендірілген, көтеріңкі жайлы орындарда
ﯢﯣﯤﯥ
56:16 оған сүйеніп, бір-біріне қараған күйде отырады
ﭑﭒﭓﭔﭕ
56:17 Оларды мәңгі бозбалалар айналып, қызмет етіп жүреді
ﭖﭗﭘﭙﭚﭛ
56:18 қайнар бұлақтан толтырылған көзе, құмыралар және кеселермен
ﭜﭝﭞﭟﭠﭡ
56:19 одан олардың бастары ауырмайды әрі ақыл-естерін жоғалтпайды
ﭢﭣﭤﭥ
56:20 әрі олар таңдаған жемістерімен
ﭦﭧﭨﭩﭪ
56:21 және қалаған кұс етімен
ﭫﭬﭭ
56:22 Әрі Оларға жанарлары үлкен де әдемі хурлар
ﭮﭯﭰﭱ
56:23 бейне бір қабығы ашылмаған сақтаулы інжу секілді жұбайлар бар
ﭲﭳﭴﭵﭶ
56:24 Бұлар істеген амалдарының қайтарым сыйы
ﭷﭸﭹﭺﭻﭼﭽ
56:25 Ол жерде олар бос сөзді де, күнәлі сөзді де естімейді
ﭾﭿﮀﮁﮂ
56:26 Тек: «Сәләм! Сәләм! Бейбітшілік бол­сын! Амандық болсын! » деген сөзді ғана естиді
ﮃﮄﮅﮆﮇﮈ
56:27 Ал, оң жақтағылар. Оң жақтағылар деген не
ﮉﮊﮋﮌ
56:28 Тікенегі жоқ лотос ас-сидр өсімдіктері
ﮍﮎﮏ
56:29 және жемістері шоғырланған банан ағаштары арасында
ﮐﮑﮒ
56:30 әрі жайылып жатқан көлеңкеде
ﮓﮔﮕ
56:31 және сарқырап аққан су
ﮖﮗﮘ
56:32 мол жемістер арасында
ﮙﮚﮛﮜﮝ
56:33 сондай/ ешқашан таусылмайтын және тыйым салынбайтын
ﮞﮟﮠ
56:34 әрі жоғары көтерілген жұмсақ төсектерде болады
ﮡﮢﮣﮤ
56:35 Ақиқатында, Біз оларды басқа жаратумен жараттық
ﮥﮦﮧ
56:36 әрі оларды ер көрмеген пәк қыздар еттік
ﮨﮩﮪ
56:37 күйеулеріне сүйікті, құрбылас
ﮫﮬﮭ
56:38 Бұл оң жақтағылар үшін
ﮮﮯﮰﮱ
56:39 Олар әуелгілерден көп
ﯓﯔﯕﯖ
56:40 әрі кейінгілерден де көп
ﯗﯘﯙﯚﯛﯜ
56:41 Ал, сол жақтағылар. Сол жақтағылар деген не
ﯝﯞﯟﯠ
56:42 Олар саммум денені тесіп өтетін ыстық ауа және қайнап тұрған суда
ﯡﯢﯣﯤ
56:43 және қара түтіннің көлеңкесінде болады
ﯥﯦﯧﯨﯩ
56:44 салқын емес әрі жақсылығы да жоқ
ﯪﯫﯬﯭﯮﯯ
56:45 Негізінде, олар бұдан бұрын дүниеде сән-салтанат, рахатқа шалқып жүретін
ﯰﯱﯲﯳﯴﯵ
56:46 және өте үлкен күнәда қайтпай қасарысатын
ﯶﯷﯸﯹﯺﯻﯼﯽﯾﯿ
56:47 Әрі олар: «Біз өліп, топыраққа және сүйектерге айналған кезімізде қайта тірілтілеміз бе
ﰀﰁﰂ
56:48 Біздің әуелгі аталарымыз да ма?» дейтін
ﰃﰄﰅﰆﰇ
56:49 Айт: «Әуелгілер де, кейінгілер де
ﰈﰉﰊﰋﰌﰍ
56:50 белгілі күні, белгіленген орынға міндетті түрде жиналады
ﭑﭒﭓﭔﭕﭖ
56:51 Содан кейін сендер, ей, өтірікші санайтын адасушылар
ﭗﭘﭙﭚﭛﭜ
56:52 Заққұм ағашынан жейтін боласыңдар
ﭝﭞﭟﭠ
56:53 әрі одан қарындарыңды толтырасыңдар
ﭡﭢﭣﭤﭥ
56:54 Сөйтіп, оның үстіне қайнап тұрған судан ішесіңдер
ﭦﭧﭨﭩ
56:55 сондай қатты шөлдеген түйелер секілді сіміресіңдер», деп
ﭪﭫﭬﭭﭮ
56:56 Олардың Есеп күніндегі “сый-сияпаттары” осы
ﭯﭰﭱﭲﭳ
56:57 Сендерді Біз жараттық. Неге қайта тірілуді! шын деп білмейсіңдер
ﭴﭵﭶﭷ
56:58 Өздерің төгетін мәниді көрдіңдер ме ол жайлы ойладыңдар ма
ﭸﭹﭺﭻﭼﭽ
56:59 Оны сендер жаратасыңдар ма, әлде Біз жаратамыз ба
ﭾﭿﮀﮁﮂﮃﮄﮅ
56:60 Біз араларыңда өлімді алдын ала белгіледік. Әрі Бізден ешкім оза алмайды кедергі келтіре алмайд
ﮆﮇﮈﮉﮊﮋﮌﮍﮎﮏ
56:61 сондай, сендердің түрлеріңді өзгертіп және сендерді өздерің білмейтін түрде жаратуда
ﮐﮑﮒﮓﮔﮕﮖ
56:62 Әрі сендер алғашқы жаратуды білесіңдер, ендеше еске алмайсыңдар ма
ﮗﮘﮙﮚ
56:63 Өздерің егіп жатқандарыңды көрдіңдер ме
ﮛﮜﮝﮞﮟﮠ
56:64 Оны сендер өсіресіңдер ме, не Біз өсіреміз бе
ﮡﮢﮣﮤﮥﮦﮧ
56:65 Егер де қаласақ, оны қоқымға айналдырар едік те, сендер таңқалып
ﮨﮩﮪ
56:66 «Шын мәнінде, біз зиянға ұшырадық
ﮫﮬﮭﮮ
56:67 Оған қоса несібемізден де айрылдық», дейтін едіңдер
ﮯﮰﮱﯓﯔ
56:68 Өздерің ішіп жүрген суды байқап көрдіңдер ме
ﯕﯖﯗﯘﯙﯚﯛﯜ
56:69 Оны бұлттан сендер түсірдіңдер ме, әлде Біз түсіреміз бе
ﯝﯞﯟﯠﯡﯢﯣ
56:70 Егер қалағанымызда, оны ащы етер едік. Игіліктерімізге алғыс білдірсеңдер !шүкір етсеңдер болмай ма
ﯤﯥﯦﯧﯨ
56:71 Өздерің шағып жағатын отты көрдіңдер ме
ﯩﯪﯫﯬﯭﯮﯯ
56:72 Оның ағашын сендер пайда еттіңдер ме, әлде Біз пайда еттік пе
ﯰﯱﯲﯳﯴﯵ
56:73 Біз оны еске алатын әрі елсіз жердегі жолаушыларға пайдаланатын нәрсе еттік
ﯶﯷﯸﯹﯺ
56:74 Ей, Мұхаммед!IҰлы Раббыңның есімін барлық кемшіліктен пәк деп дәріпте
ﯻﯼﯽﯾﯿﰀ
56:75 Жұлдыздардың орындарымен ант етемін
ﰁﰂﰃﰄﰅﰆ
56:76 Егер білетін болсаңдар, күмәнсіз, бұл ұлы ант
ﭑﭒﭓﭔ
56:77 Ақиқатында, бұл Құран Кәрим игілігі мол Құран
ﭕﭖﭗﭘ
56:78 Ол сақталынған Кітапта Ләухул-Махфузда
ﭙﭚﭛﭜﭝ
56:79 Оны тазартылғаннан басқалар ұстамайды
ﭞﭟﭠﭡﭢ
56:80 Әлемдердің Раббысынан түсірілген
ﭣﭤﭥﭦﭧ
56:81 Сендер бұл Сөзге Құранға немқұрайлылық танытасыңдар ма
ﭨﭩﭪﭫﭬ
56:82 Әрі ризықтарыңды өздерің жалғанға шығаратын нәрсе етесіңдер ме
ﭭﭮﭯﭰﭱ
56:83 Ал жан жұтқыншаққа жеткен кезде
ﭲﭳﭴﭵ
56:84 әрі сендер сол уақытта өлім үстінде жатңанга/ қарап қалғанда
ﭶﭷﭸﭹﭺﭻﭼﭽ
56:85 Біз оған сендерден де жақынбыз, алайда сендер көрмейсіңдер
ﭾﭿﮀﮁﮂﮃ
56:86 Ал, егер сендер есепке тартылмайтын болсаңдар, онда неге
ﮄﮅﮆﮇﮈ
56:87 оны жанды кері қайтармайсыңдар, егер шын сөзді болсаңдар
ﮉﮊﮋﮌﮍﮎ
56:88 Ал, егер ол жақындатылғандардан озушылардан болса
ﮏﮐﮑﮒﮓ
56:89 онда оған тыным, ризық хош иіс және Наъим (Жәннаттың бір аты. Мағнасы көптеген нығмет, игілік) жәннаты бар
ﮔﮕﮖﮗﮘﮙﮚ
56:90 Ал, егер оң жақтағылардан болса
ﮛﮜﮝﮞﮟﮠ
56:91 онда оған: «Саған сәләм бейбітшілік, амандық болсын! Сен оң жақтағылардансың», делінеді
ﮡﮢﮣﮤﮥﮦﮧ
56:92 Ал, егер ол жалғанға шығарушы, адасушылардан болса
ﮨﮩﮪﮫ
56:93 онда оның «сыйы» қайнап тұрған су
ﮬﮭﮮ
56:94 әрі Жахимда (Тозақ) жану
ﮯﮰﮱﯓﯔﯕ
56:95 Шын мәнінде, бұл айтылғандар айқын ақиқат
ﯖﯗﯘﯙﯚ
56:96 Ей, Мұхаммед! Ұлы Раббыңның есімін бүкіл кемшіліктен пәк деп дәріпте

Құран Кәрім


Wednesday, September 9, 2026

Don't forget us in your sincere prayers