Сүресі Ан-Наджм
PDF —
Built right in your browser — download starts automatically
Сүресі Ан-Наджм pdf — Жүктеу (Қазақша)
Сүресі Ан-Наджм pdf Қазақша — Жүктеу Сүресі Ан-Наджм Аударма. Ан-Наджм (Meccan) 62 Аят.
Related
- Ан-Наджм АудармаҚазақша
- Ан-Наджм mp3Тыңда
- Quran Index Қазақша114
More Сүресі PDF
Сүресі Ан-Наджм

ﭑﭒﭓﭔ
Батып көрінбей бара жатқан жұлдызбен ант етемін
ﭕﭖﭗﭘﭙﭚ
Ағайындарың адаспады және жолдан ауытқымады
ﭛﭜﭝﭞﭟ
Әрі ол өз ойынан сөйлемейді
ﭠﭡﭢﭣﭤﭥ
Бұл тек білдірілген уахи ғана
ﭦﭧﭨﭩ
Оны оған орасан күшті үйретті
ﭪﭫﭬﭭ
бітімі келіскен. Кейін ол тұрды
ﭮﭯﭰﭱ
ең жоғарғы көкжиекте
ﭲﭳﭴﭵ
Содан кейін ол жақындап, төмендеді
ﭶﭷﭸﭹﭺﭻ
әрі ол екі садақ арасындай немесе одан да жақын болды
ﭼﭽﭾﭿﮀﮁ
Сонда ол Оның Аллаһтың құлына Ол Раббысы уахи еткенін білдірді
ﮂﮃﮄﮅﮆﮇ
Ал, жүрегі оның көргенін жалғанға шығармады
ﮈﮉﮊﮋﮌ
Сендер оның көргені жайлы, онымен тартысасыңдар ма
ﮍﮎﮏﮐﮑ
Әрі ол оны басқа бір түскенінде де көрді
ﮒﮓﮔﮕ
соңғы шектегі Сидрдің жанында
ﮖﮗﮘﮙ
Оның қасында Маъуа жәннаты бар
ﮚﮛﮜﮝﮞﮟ
Сол кезде Сидраны (Бұл аса ұлы Аллаһқа ғана мәлім нәрсе) қаптайтын нәрсе қаптады
ﮠﮡﮢﮣﮤﮥ
Оның көзі одан аумады да әрі шектен де аспады
ﮦﮧﮨﮩﮪﮫﮬ
ол, анығында, Раббысының белгілерінен ең үлкендерін көрді
ﮭﮮﮯﮰ
Сендер Лат пен Ғұззаны көрдіңдер ме
ﮱﯓﯔﯕ
Әрі басқасын, үшіншісі Манатты
ﯖﯗﯘﯙﯚ
Сендердікі ер, ал әйелдер Онікі ме
ﯛﯜﯝﯞﯟ
Бұл онда әділетсіз бөліс
ﯠﯡﯢﯣﯤﯥﯦﯧﯨﯩﯪﯫﯬﯭﯮﯯﯰﯱﯲﯳﯴﯵﯶﯷﯸﯹﯺﯻ
Олар пұттар бар болғаны өздерің және аталарың қойған құр есімдер ғана. Аллаһ олар жайында ешбір дәлел түсірген жоқ. Оларға мүшріктерге Раббысынан тура жол келсе де олар жорамалдарына және жандары ғана ереді
ﯼﯽﯾﯿﰀ
Әлде адамға қалағаны бола бере ме
ﰁﰂﰃﰄ
Соңғы, мәңгілік өмір де ақирет те , алғашқы да осы өмір де! -Аллаһтікі
ﰅﰆﰇﰈﰉﰊﰋﰌﰍﰎﰏﰐﰑﰒﰓﰔﰕﰖﰗﰘ
Аспандардағы қаншама періштенің ара түсуі шапағаты ешқандай пайда бермейді, егер тек Аллаһ Өзі қалаған және разы болғандар үшін рұқсат бермейінше
ﭑﭒﭓﭔﭕﭖﭗﭘﭙﭚ
Анығында, соңғы, мәңгілік өмірге ақиретке сенбейтіндер періштелерді әйелдерге тән аттармен атайды
ﭛﭜﭝﭞﭟﭠﭡﭢﭣﭤﭥﭦﭧﭨﭩﭪﭫﭬﭭ
Алайда, оларда бұл жайында ешбір білім жоқ. Олар бос ой, болжамдарына ғана ереді. Ал, анығында болжам ақиқаттың орнын баспайды
ﭮﭯﭰﭱﭲﭳﭴﭵﭶﭷﭸﭹ
Ей, Мұхаммед! Біздің Еске салуымыздан Құраннан сырт айналғандардан және осы дүниедегі өмірден басқаны қаламағандардан теріс бұрыл
ﭺﭻﭼﭽﭾﭿﮀﮁﮂﮃﮄﮅﮆﮇﮈﮉﮊﮋ
Олардың білімінің жеткен жерлері міне, осы. Ақиқатында, Раббың Өзінің жолынан адасқанды жақсы біледі әрі Ол тура жолдағыны да жақсы біледі
ﮌﮍﮎﮏﮐﮑﮒﮓﮔﮕﮖﮗﮘﮙﮚﮛﮜ
Аспандардағы және жердегі барлық нәрселер Аллаһтікі, Оның жамандық істегендерге жасаған істеріне орай қайтарым жаза беруі, ал жақсылық істегендерге ең жақсымен қайтарым сый беруі үшін
ﮝﮞﮟﮠﮡﮢﮣﮤﮥﮦﮧﮨﮩﮪﮫﮬﮭﮮﮯﮰﮱﯓﯔﯕﯖﯗﯘﯙﯚﯛﯜﯝﯞﯟﯠﯡ
тек кішігірім күнәлардан басқа, сондай күнәнің үлкендерінен және жиіркенішті істерден аулақ болатындарға. Анығында, Раббыңның кешірімі кең. Ол сендерді Адам атаны жерден пайда еткенде әрі сендер аналарыңның құрсағында болған кездеріңде жақсы біледі. Сондықтан өздеріңді ақтамаңдар. Ол тақуа болғандарды Өзіне бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанғандарды жақсы біледі
ﯢﯣﯤﯥ
Теріс бұрылғанды көрдің бе
ﯦﯧﯨﯩ
аз берген және сараңдық еткенді
ﯪﯫﯬﯭﯮﯯ
Онда ғайып жайлы білім бар ма, ол көретіндей
ﯰﯱﯲﯳﯴﯵﯶﯷ
Әлде оған Мұсаның жазбаларындағы оған түскен сухуфтарда хабар айтылмады ма
ﯸﯹﯺﯻ
және бұйырылғанды толық орындаған Ибраһимнің де сухуфтарындағы
ﯼﯽﯾﯿﰀﰁ
ешбіреу басқа біреудің жүгін күнәсін көтермейтіні
ﰂﰃﰄﰅﰆﰇﰈ
әрі адамға өзі ұмтылып істеген амалынан басқа ешнәрсе болмайтыны тек өз амалына сай алатыны
ﰉﰊﰋﰌﰍ
әрі оның ұмтылыс-амалы ғана көрсетілетіні, қайта тірілу күні алдынан шығатыны
ﰎﰏﰐﰑﰒ
кейін оған істерінің қайтарымы толығымен берілетіндігі
ﰓﰔﰕﰖﰗ
және соңғы шек қайту Раббыңа екендігі жайлы
ﰘﰙﰚﰛﰜ
Әрі күлдіретін де, жылататын да Ол
ﰝﰞﰟﰠﰡ
және өлтіріп, тірілтетін де Ол екендігі
ﭑﭒﭓﭔﭕﭖ
Әрі Оның жұпты ер және ұрғашыны жаратқандығы
ﭗﭘﭙﭚﭛ
атылып шығатын тамшыдан
ﭜﭝﭞﭟﭠ
және басқа ақиреттегі жарату да Оған тән екендігі
ﭡﭢﭣﭤﭥ
Әрі Ол байлық беруші және қанағаттандырушы
ﭦﭧﭨﭩﭪ
және Ол Шиъраның Сириус жұлдызының Раббысы екендігі жайлы
ﭫﭬﭭﭮﭯ
Әрі Ол алдыңғы Ад елін жойғаны
ﭰﭱﭲﭳ
және Сәмұд елін де жойып ешкімді қалдырмағандығы жайында
ﭴﭵﭶﭷﭸﭹﭺﭻﭼﭽﭾ
ал, одан бұрын Нұхтың елін де жойғандығы жайлы . Анығында, олар өте әділетсіз әрі шектен шыққандар еді
ﭿﮀﮁ
Әрі Ол төңкеріліп түскен елді де құлатты
ﮂﮃﮄﮅ
сонда оны жапқан нәрсемен жапты
ﮆﮇﮈﮉﮊ
Енді Раббыңның қай игілігіне күмән келтіресің
ﮋﮌﮍﮎﮏﮐ
Бұл алдыңғы ескертушілер қатарындағы бір ескертуші
ﮑﮒﮓ
Жақындап келе жатқан жақындады
ﮔﮕﮖﮗﮘﮙﮚ
оны Аллаһтан өзге қайтарушы жоқ
ﮛﮜﮝﮞﮟ
Ал, сендер бұл Сөзге Құранға таң қаласыңдар ма
ﮠﮡﮢﮣ
әрі күлесіңдер де жыламайсыңдар ма
ﮤﮥﮦ
қаперсіздікте болған күйлеріңде
ﮧﮨﮩﮪﮫ
Енді Аллаһқа сәжде етіңдер және құлшылық қылыңдар
Құран Кәрім
Tuesday, August 18, 2026
Don't forget us in your sincere prayers







