Аль-Хиджр сүресі pdf — Жүктеу (Қазақша)
Аль-Хиджр сүресі pdf Қазақша — Жүктеу Аль-Хиджр сүресі Аударма. Аль-Хиджр сүресі (Meccan) 99 Аят.
Related
- Аль-Хиджр сүресі АудармаҚазақша
- Аль-Хиджр сүресі mp3Тыңда
- Quran Index Қазақша114
More Сүресі PDF
Аль-Хиджр сүресі

ﭑﭒﭓﭔﭕﭖﭗﭘ
15:1
Әлиф, Ләм, Ра. Бұл Кітаптың және анық Құранның аяттары
ﭙﭚﭛﭜﭝﭞﭟﭠ
15:2
Сондай күпірлік еткендер иманға келмегендер өздерінің мұсылман болғанын қалайтын болады
ﭡﭢﭣﭤﭥﭦﭧﭨﭩ
15:3
Ей, Мұхаммед! Оларды жайына қалдыр. Жесін, рахаттансын, үміттері алдандыра тұрсын. Олар жақында біледі
ﭪﭫﭬﭭﭮﭯﭰﭱﭲ
15:4
Біз ешбір елді мекенді, мерзімін алдын ала белгілемей тұрып жоймадық
ﭳﭴﭵﭶﭷﭸﭹﭺ
15:5
Бірде бір ел белгіленген мерзімінен оза алмайды және оны кейінге қалдыра алмайды
ﭻﭼﭽﭾﭿﮀﮁﮂﮃ
15:6
Олар мүшріктер : «Әй, өзіне Еске салу Құран түсірілген! Негізінде, сені жын соққан
ﮄﮅﮆﮇﮈﮉﮊﮋﮌ
15:7
Егер шын сөзділерден болсаң, бізге періштелерді әкелмейсің бе?» деді
ﮍﮎﮏﮐﮑﮒﮓﮔﮕﮖ
15:8
Біз періштелерді ақиқатпен ғана түсіреміз. Сонда оларға имансыздарға мұрсат берілмейді
ﮗﮘﮙﮚﮛﮜﮝﮞ
15:9
Ақиқатында, бұл Еске салуды Құранды Біз түсірдік әрі міндетті түрде оны Өзіміз сақтап-қорғаушымыз
ﮟﮠﮡﮢﮣﮤﮥﮦ
15:10
Ей, Мұхаммед! Біз сенен алдын, әуелгі өткен топтарға да елшілер жібергенбіз
ﮧﮨﮩﮪﮫﮬﮭﮮﮯ
15:11
Әрі өздеріне қандай да бір Елші келсе, олар өткен қауымдар сөзсіз оны келеке етті
ﮰﮱﯓﯔﯕﯖ
15:12
Біз қылмыскерлердің жүректеріне оны имансыздықты , міне, осылай ендіреміз
ﯗﯘﯙﯚﯛﯜﯝﯞ
15:13
Олар оған Елшіге сенбейді. Әрі олардан бұрынғылардың да басынан осындай жағдай өткен еді
ﯟﯠﯡﯢﯣﯤﯥﯦﯧﯨ
15:14
Егер Біз оларға аспаннан есік ашып, олар одан жоғары көтерілсе де
ﯩﯪﯫﯬﯭﯮﯯﯰﯱ
15:15
олар: «Біздің көздеріміз байланған. Тіпті, Біз сиқырланған адамдармыз», деп айтар еді
ﭑﭒﭓﭔﭕﭖﭗﭘ
15:16
Біз аспанда жұлдыздар аспан денелерін жасап, қарайтындар үшін оны көріктендірдік
ﭙﭚﭛﭜﭝﭞ
15:17
Әрі оны аспанды әрбір қуылған шайтаннан қорғадық
ﭟﭠﭡﭢﭣﭤﭥﭦ
15:18
Ал, кім ұрланып тыңдаса, оны анық бір жалындаған аспан денесі қуады
ﭧﭨﭩﭪﭫﭬﭭﭮﭯﭰﭱﭲ
15:19
және жерді жайып, оған берік тұрғандарды тауларды тастадық орнаттың . Әрі онда өлшемі белгілеген әрбір нәрсені өсірдік
ﭳﭴﭵﭶﭷﭸﭹﭺﭻ
15:20
Әрі онда жерде сендер үшін және сендер қоректендірмейтіндер үшін күн көріс негіздерін тіршілік қажеттерін! жасадық
ﭼﭽﭾﭿﮀﮁﮂﮃﮄﮅﮆﮇ
15:21
Қазыналары Бізде болмаған бірде-бір нәрсе жоқ және Біз оны белгілі мөлшермен ғана түсіреміз
ﮈﮉﮊﮋﮌﮍﮎﮏﮐﮑﮒﮓﮔ
15:22
Әрі Біз желдерді тозаңдандырушы құнарландырушы етіп жібердік. Аспаннан су түсіріп, онымен сендерді қамтамасыз еттік. Ал, оны сақтаушы сендер емессіңдер
ﮕﮖﮗﮘﮙﮚﮛ
15:23
Ақиқатында, Біз тірілтеміз және өлтіреміз әрі барлығыжойылғанда Біз ие болып қалушымыз
ﮜﮝﮞﮟﮠﮡﮢﮣ
15:24
Біз сендерден бұрын өткендерді де білдік әрі кейінгілерді де білдік
ﮤﮥﮦﮧﮨﮩﮪﮫﮬ
15:25
Ей, Мұхаммед! Шын мәнінде, Раббың, оларды жинайды. Ол аса Дана, бәрін Білуші
ﮭﮮﮯﮰﮱﯓﯔﯕﯖ
15:26
Біз адамды қара балшықтың өзгертіліп, кепкенінен жараттық
ﯗﯘﯙﯚﯛﯜﯝﯞ
15:27
Ал, жынды адамнан алдын, қызуы қатты түтінсіз оттан жараттық
ﯟﯠﯡﯢﯣﯤﯥﯦﯧﯨﯩﯪﯫ
15:28
Раббың періштелерге: «Мен қара балшықтың өзгертіліп, кепкенінен адам жаратамын
ﯬﯭﯮﯯﯰﯱﯲﯳﯴﯵ
15:29
Оны тұла бойын жасап, тіктегеннен кейін, оған Өзімдегі иелігімдегі рухтан үрлеген кезде, сәжде етіңдер», деді
ﯶﯷﯸﯹﯺ
15:30
Сонда періштелердің барлығы түгелдей сәжде жасады
ﯻﯼﯽﯾﯿﰀﰁﰂ
15:31
Тек Ібіліс қана сәжде етушілермен бірге болудан бас тартты
ﭑﭒﭓﭔﭕﭖﭗﭘﭙ
15:32
Аса ұлы Аллаһ : «Ей, Ібіліс! Сәжде етушілермен бірге болмайтындай саған не болды?» деді
ﭚﭛﭜﭝﭞﭟﭠﭡﭢﭣﭤﭥ
15:33
Ібіліс «Сен қара балшықтың өзгертіліп, кепкенінен жаратқан адамға сәжде етуіме болмайды», деді
ﭦﭧﭨﭩﭪﭫ
15:34
Аса ұлы Аллаһ : «Ол жерден шық, сен енді қуылдың
ﭬﭭﭮﭯﭰﭱﭲ
15:35
Саған Есеп күніне дейін лағнет бар», деді
ﭳﭴﭵﭶﭷﭸﭹ
15:36
Ібіліс : «Раббым! Маған, олар қайта тірілетін күнге дейін мерзімімді ұзарт», -деді
ﭺﭻﭼﭽﭾ
15:37
Аса ұлы Аллаһ : «Анығында, сен мерзімі ұзартылғандардансың
ﭿﮀﮁﮂﮃ
15:38
Уақыты белгілі күнге дейін», деді
ﮄﮅﮆﮇﮈﮉﮊﮋﮌﮍﮎ
15:39
Ібіліс . «Раббым, мені адастырғаның үшін оларға жерде бойсұнбаушылықты көрікті етіп көрсетемін және олардың барлығын адастырамын
ﮏﮐﮑﮒﮓ
15:40
Бірақ, олардың ішіндегі тазарған құлдарыңды ғана адастыра алмаймын», деді
ﮔﮕﮖﮗﮘﮙ
15:41
Аса ұлы Аллаһ : «Осы тура жол Менде
ﮚﮛﮜﮝﮞﮟﮠﮡﮢﮣﮤﮥ
15:42
Ақиқатында, Менің құлдарыма Маған шынайы құл болғандарға олардың үстінен сенде билік жоқ. Тек адасқандардан, сондай саған ергендерге ғана бар »,- деді
ﮦﮧﮨﮩﮪ
15:43
Ақиқатында, олардың барлығына уәде етілген орын Жаһаннам (Тозақ)
ﮫﮬﮭﮮﮯﮰﮱﯓﯔ
15:44
Оның жеті қақпасы бар. Әрбір қақпада олардан бөлінген бір бөлігі болады
ﯕﯖﯗﯘﯙﯚ
15:45
Ал, тақуалар Раббысына бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанушылар Жәннат бақтары мен бұлақтарында
ﯛﯜﯝﯞ
15:46
Оларға : «Оған бейбіт түрде, амандықпен кіріңдер», делінеді
ﯟﯠﯡﯢﯣﯤﯥﯦﯧﯨﯩ
15:47
Біз олардың көкіректеріндегі реніш, қарсылықты алып тастаймыз. Олар өзара бауыр болып, жайлы орындарда, жүзбе-жүз қарап отырады
ﯪﯫﯬﯭﯮﯯﯰﯱﯲ
15:48
Оларға ол жерде шаршау тимейді әрі олар ол жерден шығарылмайды
ﯳﯴﯵﯶﯷﯸﯹﯺ
15:49
Ей, Мұхаммед! Құлдарыма Менің өте Кешірімді, ерекше Мейірімді екенімді хабарла
ﯻﯼﯽﯾﯿﰀ
15:50
әрі шын мәнінде, Менің азабымның да өте күйзелтуші азап екенін
ﰁﰂﰃﰄﰅ
15:51
Оларға Ибраһимнің қонақтары жайлы хабар бер
ﭑﭒﭓﭔﭕﭖﭗﭘﭙﭚ
15:52
Сол кезде олар оған кіріп: «Сәләм» Амандық болсын , деген еді. Ибраһим : «Анығында, біз сендерден қорқып тұрмыз»,- деді
ﭛﭜﭝﭞﭟﭠﭡﭢ
15:53
Періштелер : «Қорықпа! Ақиқатында, Біз сені білімді бір ұлменен сүйіншілейміз»,- деді
ﭣﭤﭥﭦﭧﭨﭩﭪﭫ
15:54
Ибраһим : «Сендер мені, маған кәрілік жеткенде сүйіншілеп тұрсыңдар ма?! Немен сүйіншілемексіңдер?»- деді
ﭬﭭﭮﭯﭰﭱﭲﭳ
15:55
Олар «Біз сені ақиқатпен сүйіншіледік. Үміт үзушілерден болма!»- деді
ﭴﭵﭶﭷﭸﭹﭺﭻﭼ
15:56
Ибраһим . «Раббысының мейірімінен адасқандардан өзге кім үмітін үзеді?» -деді
ﭽﭾﭿﮀﮁﮂ
15:57
Ол : «Ей, елшілер! Қандай жұмыспен жіберілдіңіз?» -деді
ﮃﮄﮅﮆﮇﮈﮉ
15:58
Олар «Анығында, Біз қылмыскер елге жіберілдік
ﮊﮋﮌﮍﮎﮏﮐ
15:59
Лұттың үй-ішінен өзгелерге. Ақиқатында, Біз олардың үй-ішінің бәрін құтқарамыз
ﮑﮒﮓﮔﮕﮖﮗ
15:60
тек оның әйелінен басқа»- деді . Біз оның қалуын үкім еттік
ﮘﮙﮚﮛﮜﮝ
15:61
Елшілер Лұттың үйіне келген кезде
ﮞﮟﮠﮡﮢ
15:62
ол: «Сендер бейтаныс жандар екенсіңдер», -деді
ﮣﮤﮥﮦﮧﮨﮩﮪ
15:63
Періштелер . «Негізінде, біз саған олар елің күмән келтірген нәрсемен келдік
ﮫﮬﮭﮮﮯ
15:64
Әрі біз саған ақиқатпен келдік және біз шын сөздіміз
ﮰﮱﯓﯔﯕﯖﯗﯘﯙﯚﯛﯜﯝﯞﯟ
15:65
Түннің бір бөлігінде үй-ішіңді алып шық та өзің олардың соңынан жүр. Сендерден ешкім бұрылып қарамасын. Өздеріңе бұйырылған жаққа қарай жүріңдер», деді
ﯠﯡﯢﯣﯤﯥﯦﯧﯨﯩ
15:66
Әрі Біз оған осы істі олардың соңы таң уақытында кесілетінін жойылатынын білдірдік
ﯪﯫﯬﯭﯮ
15:67
Ал, қала халқы мәз болып жетіп келді
ﯯﯰﯱﯲﯳﯴﯵ
15:68
Лұт : «Анығында, бұлар менің қонақтарым. Мені масқара қылмаңдар
ﯶﯷﯸﯹﯺ
15:69
Аллаһтан Оның жазасынан қорқып, сақтаныңдар . Мені қорламаңдар», -деді
ﯻﯼﯽﯾﯿﰀ
15:70
Олар : «Біз сені әлемдерден бөгде адамдардан тыймап па едік?»- деді
ﭑﭒﭓﭔﭕﭖﭗ
15:71
Лұт : «Егер сендер бұл тірлікті жасайтын болсаңдар қажет болса , мыналар қыздарым», деді
ﭘﭙﭚﭛﭜﭝ
15:72
Ей, Мұхаммед!! Сенің өміріңмен ант етемін! Негізінде, олар құмарлыққа мас болып естерінен айрылып , лағып жүр
ﭞﭟﭠﭡ
15:73
Сонда күн шыға бастағанда оларды сайха (азап, айқай-шу,қатты дауыс деген мағналарды қамтиды, яғни бір ащы дауыстан олар өлді) алды
ﭢﭣﭤﭥﭦﭧﭨﭩﭪ
15:74
Біз оның ол мекеннің үстін астына келтірдік және олардың үстіне күйдірілген кесектен тас жаудырдық
ﭫﭬﭭﭮﭯﭰ
15:75
Күмәнсіз, көре алатындар үшін Мұнда белгі-ғибраттар бар
ﭱﭲﭳﭴ
15:76
Анығында, ол ел белгілі жолдың бойында еді
ﭵﭶﭷﭸﭹﭺ
15:77
Әлбетте, Мұнда имандылар мүміндер үшін белгі-ғибраттар бар
ﭻﭼﭽﭾﭿﮀ
15:78
Әрі шын мәнінде, Әйке елінің тұрғындары да әділетсіз болды
ﮁﮂﮃﮄﮅﮆ
15:79
Сондықтан Біз оларды жазаладық. Бұл екі қала да белгілі бір жолдың бойында орналасқан еді
ﮇﮈﮉﮊﮋﮌ
15:80
Сондай-ақ Хижр тұрғындары (Салих пайғамбардың қауымы) да елшілерді өтірікші санады
ﮍﮎﮏﮐﮑﮒ
15:81
Біз оларға белгілерімізді келтірдік. Бірақ олар одан теріс бұрылды
ﮓﮔﮕﮖﮗﮘﮙ
15:82
Олар амандықта жүріп , таулардан үйлер қашайтын
ﮚﮛﮜﮝ
15:83
Сонда оларды таң уақытында сайха (азап, айқай-шу,қатты дауыс деген мағналарды қамтиды, яғни бір ащы дауыстан олар өлді) тұтты
ﮞﮟﮠﮡﮢﮣﮤ
15:84
Сөйтіп, оларға дүниеде тапқандары пайда бермеді
ﮥﮦﮧﮨﮩﮪﮫﮬﮭﮮﮯﮰﮱﯓﯔﯕﯖ
15:85
Біз аспандарды және жерді әрі ол екеуінің арасындағыларын ақиқатпен ғана жараттық. Шын мәнінде, Сағат қиямет сөзсіз келеді. Ей, Мұхаммед! Сондықтан сен көркем сыңай байқат
ﯗﯘﯙﯚﯛﯜ
15:86
Ақиқатында, Раббың Жаратушы, бәрін Білуші
ﯝﯞﯟﯠﯡﯢﯣﯤ
15:87
Ей, Мұхаммед! Біз саған Құрандағы қайталанатындардан жетеуін және ұлы Құранды бердік
ﯥﯦﯧﯨﯩﯪﯫﯬﯭﯮﯯﯰﯱﯲﯳﯴ
15:88
Біз адамдардың кейбіріне берген нәрселерімізге көзіңді салма. Әрі олар үшін қайғырма. Ал, имандыларға мүміндерге қанатыңды игін
ﯵﯶﯷﯸﯹﯺ
15:89
Әрі: «Ақиқатында, мен тек анық етіп түсіндіретін ескертушімін», де
ﯻﯼﯽﯾﯿ
15:90
Серт бергендерге азап түсіргеніміз секілді
ﭑﭒﭓﭔﭕ
15:91
Құранды бөліктерге ажыратқандарға да азап түсіреміз
ﭖﭗﭘﭙ
15:92
Раббыңмен ант етемін! Біз олардың барлығын сұраққа тартамыз
ﭚﭛﭜﭝ
15:93
не істегендері жайында
ﭞﭟﭠﭡﭢﭣﭤ
15:94
Ей, Мұхаммед! Өзіңе бұйырылғанды ашық жарияла және Аллаһпен қатар өзгеге табынушылардан мүшріктерден теріс бұрыл
ﭥﭦﭧﭨ
15:95
Ақиқатында, Біз сені келеке етушілерден құтқардық
ﭩﭪﭫﭬﭭﭮﭯﭰﭱﭲ
15:96
сондай, өзге біреуді Аллаһпен қатар құдай етіп алатындардан. Жақында олар біледі
ﭳﭴﭵﭶﭷﭸﭹﭺ
15:97
Олардың айтып жатқандарынан сенің көкірегіңнің сығылатынын білеміз
ﭻﭼﭽﭾﭿﮀﮁ
15:98
Раббыңды барлық кемшіліктен пәк деп мақтаумен дәріпте әрі сәжде жасаушылардан бол
ﮂﮃﮄﮅﮆﮇ
15:99
Өзіңе айқын нәрсе өлім келгенге дейін Раббыңа құлшылық ет
Құран Кәрім
Wednesday, September 9, 2026
Don't forget us in your sincere prayers







