Hurrimat `alaikumul maitatu waddamu wa lahmul khinzeeri wa maaa uhilla lighiril laahi bihee walmun khani qatu wal mawqoozatu wal mutarad diyatu wanna teehatu wa maaa akalas sabu`u illaa maa zakkaitum wa maa zubiha `alan nusubi wa an tastaqsimoo bil azlaam; zaalikum fisq; alyawma ya`isal lazeena kafaroo min deenikum falaa takhshawhum wakh shawn; alyawma akmaltu lakum deenakum wa atmamtu `alaikum ni`matee wa radeetu lakumul Islaama deenaa; famanidturra fee makhmasatin ghaira mutajaanifil li ismin fa innallaaha Ghafoorur Raheem
📖 Аударма (Қазақ тілінде)
📖 Қазақ тілінде
Сендерге өлексе, қан, доңыз еті және Аллаһтан басқаға арналып шалынған, буынып өлген, ұрылып өлген, құлап өлген, сүзіліп өлген малдар және жыртқыштар жеп кеткен малдар тыйым етілді. Бірақ жаны шықпай бауыздап алғандарың рұқсат етіледі . Сондай-ақ Аллаһтан басқағақұрбандық шалу үшін орнатылған тастар үстінде сойылған малдар және жебелермен бал ашуларың да тыйым салынды . Бұлай істеу бұзықтық бойсұнбаушылық . Бүгін сондай күпірлік еткендер иманға келмегендер сендердің діндеріңнен күдерін үзді. Олардан қорықпаңдар, Менен қорқыңдар. Бүгін сендерге діндеріңді толық еттім және игілігімді соңына жеткіздім. Әрі сендерге Ислам дінімен риза болдым Исламды дін ретінде қош көрдім . Кім аштық кезінде күнәға көңілі аумай тыйым салынған нәрселерді жеуге мәжбүр болса, ақиқатында, Аллаһ өте Кешірімді, ерекше Мейірімді
🌐 Additional reference in Русский
🌐 Русский
Запрещена вам в пищу мертвечина, Кровь, и свинина, и всякая живая тварь, Что с именем других, а не Аллаха Была заколота (для пищи), Мясо удавленной скотины, Или издохшей от удара иль от паденья с крутизны, Или забоданной (рогами), Или заеденной каким-то хищным зверем, Помимо случая того, Когда (в ней все еще теплИтся кровь) И вы заколете ее по нужному обряду. (Запрещено вам также в пищу) То, что на жертвенниках убиенно, А также и дележ по стрелам: Сие - нечестие и блажь. Сегодня те, кто вашей верой пренебрег, В отчаянии пребывают. Но их не бойтесь, а страшитесь лишь Меня. Я завершил для вас сегодня (Вероустав) религии (Своей) И проявил сполна Свою вам милость, Назначив изволением Своим ислам - (Как-то: покорность Моей Воле). Кого же голод вынудит (к сей пище) Без (нечестивости иль) склонности к греху, - Так ведь Аллах, поистине, прощающ И милостив (к людским заботам)!
الْمَيْتَةُ – табиғи жолмен өлген, діни рәсімсіз (бауыздаусыз) өлген мал.
الدَّمُ – ағызылған қан.
الْمُنْخَنِقَةُ – тұншығып өлген мал.
الْمَوْقُوذَةُ – ұрып өлтірілген мал.
الْمُتَرَدِّيَةُ – биіктен құлап өлген мал.
النَّطِيحَةُ – басқа малмен соқтығысып өлген мал.
السَّبُعُ – жыртқыш аң.
ذَكَّيْتُمْ – діни рәсіммен бауыздадыңдар.
النُّصُبِ – пұттар үшін арнайы тігілген тастар.
الْأَزْلَامِ – бал ашу үшін қолданылатын жебелер.
مَخْمَصَةٍ – аштық.
مُتَجَانِفٍ – қисаю, бұрылу.
Аяттың тәпсірі:
Аллаһ Тағала осы аятта өзіңдерге бірқатар нәрселерді арам етті: бауыздаусыз өлген малды, ағызылған қанды, шошқа етін, бауыздау кезінде Аллаһтың атынан басқаның аты аталған малды, тұншығып өлген малды, ұрып өлтірілген малды, биіктен құлап өлген малды, басқа малмен соқтығысып өлген малды, жыртқыш аң жеп қойған малды. Бірақ осылардың ішінен өлімге жетпей тұрып, діни рәсіммен бауыздап үлгергендеріңіз адал. Сондай-ақ пұттар үшін бауыздалған мал да, жебелермен бал ашу да арам етілді. Мұның бәрі Аллаһтың бұйрығынан шығу, күнә.
Бүгін кәпірлер сендердің діндеріңнен қайтатындарыңа үміттерін үзді. Енді олардан қорықпаңдар, Менен қорқыңдар. Бүгін Мен сендердің діндеріңді толықтырдым, сендерге берген нығметімді жетілдірдім және сендерге Исламды дін ретінде ұнаттым. Енді кімде-кім аштықтан қатты қиналса, күнәға әдейі бұрылмай, арам етілген нәрселерден жеуге мәжбүр болса, онда Аллаһ кешірімді, рақымды.
Аяттан алынатын пайдалар:
Ислам діні адамның денсаулығы мен жанын қорғауға ерекше мән береді. Арам етілген тағамдар адамның рухани және тәндік тазалығына зиян.
Аллаһтың әмірлері мен тыйымдары адам баласының игілігі үшін қойылған. Оларды ұстану – Жаратушыға деген құрмет пен мойынсұнудың белгісі.
Аштық пен қиындық кезінде дін жеңілдік көрсетеді. Бұл – Исламның рақымдылығы мен даналығының көрінісі.
Ислам діні толық әрі жетілген дін. Аллаһ оны ең соңғы әрі ең кемел дін етіп таңдады. Бұл – үлкен нығмет және мәртебе.
Кәпірлердің әлсіздігі мен мұсылмандардың күшеюі – Аллаһтың уәдесінің орындалуы. Мұсылмандар тек Аллаһтан қорқып, Оған ғана сенуі керек.
Бал ашу, ырымшылдық сияқты надандық әдеттер Исламда тыйым салынған. Мұсылман әрдайым Аллаһқа тәуекел етіп, Одан ғана пана сұрауы тиіс.
Сендерге өлексе, қан, доңыз еті және Аллаһтан басқаға арналып шалынған, буынып өлген, ұрылып өлген, құлап өлген, сүзіліп өлген малдар және жыртқыштар жеп кеткен малдар тыйым етілді. Бірақ жаны шықпай бауыздап алғандарың рұқсат етіледі . Сондай-ақ Аллаһтан басқағақұрбандық шалу үшін орнатылған тастар үстінде сойылған малдар және жебелермен бал ашуларың да тыйым салынды . Бұлай істеу бұзықтық бойсұнбаушылық . Бүгін сондай күпірлік еткендер иманға келмегендер сендердің діндеріңнен күдерін үзді. Олардан қорықпаңдар, Менен қорқыңдар. Бүгін сендерге діндеріңді толық еттім және игілігімді соңына жеткіздім. Әрі сендерге Ислам дінімен риза болдым Исламды дін ретінде қош көрдім . Кім аштық кезінде күнәға көңілі аумай тыйым салынған нәрселерді жеуге мәжбүр болса, ақиқатында, Аллаһ өте Кешірімді, ерекше Мейірімді
Ей, иманға келгендер! Келісімдерді толық орындаңдар. Сендерге өздеріңе тыйымы оқылатыннан басқа шаруа малдары рұқсат етілді. Бірақ ихрамда болған кездеріңде, аңшылыққа рұқсат етілмейді. Ақиқатында Аллаһ қалағанын үкім етеді
Ей, иманға келгендер! Аллаһтың белгілеген хаж рәсімдеріне, тыйым салынған айға, құрбандық малдарына, алқа тағылғандарға құрбандық малдарға және тыйым салынған Үйге Қағбаға Раббысынан кеңшілік әрі ризалық іздеп келушілерге қатысты тыйымдарды өздеріңе рұқсат етілген етіп алмандар тыйымдарды бұзбаңдар . Қашан ихрамнан шықсаңдар, аң аулай беріңдер. Әл- Харам мешітінен тосқаны үшін бір қауымды жек көрулерің, сендерді қылмысқа итермелеп, шектен шығармасын. Бір-біріңе игілікте әрі тақуалықта Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтануда көмектесіңдер, күнәда және дұшпандықта көмектеспеңдер. Аллаһтан Оның жазасынан қорқып, сақтаныңдар! Ақиқатында, Аллаһ қатты азап Иесі
Сендерге өлексе, қан, доңыз еті және Аллаһтан басқаға арналып шалынған, буынып өлген, ұрылып өлген, құлап өлген, сүзіліп өлген малдар және жыртқыштар жеп кеткен малдар тыйым етілді. Бірақ жаны шықпай бауыздап алғандарың рұқсат етіледі . Сондай-ақ Аллаһтан басқағақұрбандық шалу үшін орнатылған тастар үстінде сойылған малдар және жебелермен бал ашуларың да тыйым салынды . Бұлай істеу бұзықтық бойсұнбаушылық . Бүгін сондай күпірлік еткендер иманға келмегендер сендердің діндеріңнен күдерін үзді. Олардан қорықпаңдар, Менен қорқыңдар. Бүгін сендерге діндеріңді толық еттім және игілігімді соңына жеткіздім. Әрі сендерге Ислам дінімен риза болдым Исламды дін ретінде қош көрдім . Кім аштық кезінде күнәға көңілі аумай тыйым салынған нәрселерді жеуге мәжбүр болса, ақиқатында, Аллаһ өте Кешірімді, ерекше Мейірімді
Ей, Мұхаммед! Олар сенен өздеріне не рұқсат етілгені жайлы сұрайды. Айт:«Сендерге жақсы нәрселер рұқсат етілді әрі Аллаһтың өздеріңе үйреткені бойынша, үйреткендеріңнің аулағаны да. Олардың өздеріңе ұстап бергенінен жендер әрі оған аңшы ит не құсты салғанда Аллаһтың есімін атаңдар», деп айт. Аллаһтан Оның жазасынан қорқып, сақтаныңдар, ақиқатында Аллаһ есепте өте жылдам
Бүгін сендерге жақсы нәрселер рұқсат етілді. Сондай-ақ, Кітап берілгендердің тағамы бауыздаған малы сендер үшін рұқсат етілген әрі сендердің тағамдарыңды Оларға беруге рұқсат етілген. Сондай-ақ имандылардан мүміндерденәйелдік пәктігін сақтайтын әйелдерге және сендерден бұрын Кітап берілгендердің ішінен әйелдік пәктігін сақтайтын әйелдерге мәһрлерін берсеңдер, өздеріңнің еркектік адалдықтарыңды сақтаған түрде ойнастық жасамай, көңілдес ұстамасаңдар үйленулеріңе рұқсат етілді . Кім иманға күпірлік етсе иман шарттарын теріске шығарса ақиқатында, оның амалы зая болып, соңғы, мәңгілік өмірде ақиретте зиян шегушілерден болады
SurahQuran.com was founded as a humble effort to serve the Noble Book and the pure Sunnah, to invite people to Allah, and to make the religious sciences accessible according to the methodology of the Quran and Sunnah. We praise and thank Allah for His grace, and we ask Him to accept our work and make it sincere for His noble Face.