Yaaa aiyuhal lazeena aamanoo laa tuhilloo sha`aaa `iral laahi wa lash Shahral Haraama wa lal hadya wa lal qalaaa`ida wa laa aaammeenal Baital Haraama yabtaghoona fadlam mir Rabbihim wa ridwaanaa; wa izaa halaltum fastaadoo; wa laa yajrimannakum shana aanu qawmin an saddookum `anil Masjidil-Haraami an ta`tadoo; wa ta`aawanoo `alalbirri wattaqwaa; wa laa ta`aawanoo `alal ismi wal`udwaan; wattaqul laah; innal laaha shadeedul `iqaab
📖 Аударма (Қазақ тілінде)
📖 Қазақ тілінде
Ей, иманға келгендер! Аллаһтың белгілеген хаж рәсімдеріне, тыйым салынған айға, құрбандық малдарына, алқа тағылғандарға құрбандық малдарға және тыйым салынған Үйге Қағбаға Раббысынан кеңшілік әрі ризалық іздеп келушілерге қатысты тыйымдарды өздеріңе рұқсат етілген етіп алмандар тыйымдарды бұзбаңдар . Қашан ихрамнан шықсаңдар, аң аулай беріңдер. Әл- Харам мешітінен тосқаны үшін бір қауымды жек көрулерің, сендерді қылмысқа итермелеп, шектен шығармасын. Бір-біріңе игілікте әрі тақуалықта Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтануда көмектесіңдер, күнәда және дұшпандықта көмектеспеңдер. Аллаһтан Оның жазасынан қорқып, сақтаныңдар! Ақиқатында, Аллаһ қатты азап Иесі
🌐 Additional reference in Русский
🌐 Русский
О вы, кто верует! Не нарушайте святости обрядов Божьих - Ни месяца запретного, ни жертвенных животных, Ни украшений, что повешены на них, (Чтоб отличить их от обычных), Ни тех людей, что устремились К Запретному (для зла) Святому Дому, Чтоб испросить благоволения и щедрости Владыки. Когда ж вы (снимете играм, покинув место поклоненья), И к состоянию обычности вернетесь, Вы можете охотою заняться. И ваша неприязнь к тем, Кто не пустил (когда-то) вас К Запретной (для греха) Мечети, Пусть вас не побуждает ко греху - Друг другу лучше помогайте В делах добра и благочестья, А в злодеяньях и вражде Друг другу не оказывайте помощь. Страшитесь Господа - Он в наказании силен!
Уа, иман келтіргендер! Аллаһ сендерге қасиетті әрі құрметті етіп белгілеген нәрселердің қасиетін бұзбаңдар. Қажылық рәсімдері мен ғибадат белгілерін, қасиетті айларды — Зулқағда, Зулхижжа, Мұхаррам және Ражаб айларын — бұл айларда соғыс жүргізуге жол бермеу арқылы құрметтеңдер. Қағбаға бағышталып апарылатын құрбандық малдарды, сондай-ақ мойнына құрбандық белгісі тағылған малдарды тоқтатпаңдар, оларға қол сұқпаңдар. Қасиетті үйге бет алып, Раббысының ризығы мен разылығын іздеп бара жатқан адамдарға да кедергі жасамаңдар.
Ал енді ихрамнан шығып, қажылық немесе умраны аяқтаған соң, аң аулауға рұқсат етіледі. Бір қауымның сендерді Мәсжид Харамға жеткізбегеніне байланысты оларға деген өшпенділік сендерді әділетсіздікке, шектен шығуға итермелемесін. Әділдіктен айнымаңдар.
Бір-бірлеріңе жақсылық пен тақуалық жолында көмектесіңдер. Күнә мен әділетсіздік жолында бір-бірлеріңе көмектеспеңдер. Аллаһтан қорқыңдар, сақтаныңдар. Шүбәсіз, Аллаһтың жазасы қатты. Кім Аллаһқа қарсы шықса, оның азабы ауыр болады.
3) Аяттан алынатын пайдалы ғибраттар:
Ислам діні қасиетті нәрселерді құрметтеуге, олардың қасиетін сақтауға шақырады. Бұл — мұсылманның рухани тәрбиесінің маңызды бөлігі.
Ислам әділеттілік діні. Тіпті дұшпанға деген өшпенділік те әділетсіздікке жетелемеуі керек. Бұл — Исламның биік адамгершілік қағидасы.
Ислам қоғамдық ынтымақтастыққа, бірлесіп жақсылық жасауға шақырады. Жақсылық пен тақуалық жолында бірлесу — мұсылман қауымының күші.
Күнә мен әділетсіздікке көмектесу — үлкен қателік. Мұсылман әрдайым хақ пен әділдіктің жағында болуы тиіс.
Аллаһтан қорқу, сақтану — барлық ізгі амалдардың негізі. Аллаһтың жазасы қатты екенін білу адамды күнәдан сақтайды.
Бұл аят мұсылмандарды бейбітшілікке, кешірімділікке, әділдікке және өзара көмекке шақырады. Ислам — бейбітшілік пен ізгілік діні.
Ей, иманға келгендер! Аллаһтың белгілеген хаж рәсімдеріне, тыйым салынған айға, құрбандық малдарына, алқа тағылғандарға құрбандық малдарға және тыйым салынған Үйге Қағбаға Раббысынан кеңшілік әрі ризалық іздеп келушілерге қатысты тыйымдарды өздеріңе рұқсат етілген етіп алмандар тыйымдарды бұзбаңдар . Қашан ихрамнан шықсаңдар, аң аулай беріңдер. Әл- Харам мешітінен тосқаны үшін бір қауымды жек көрулерің, сендерді қылмысқа итермелеп, шектен шығармасын. Бір-біріңе игілікте әрі тақуалықта Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтануда көмектесіңдер, күнәда және дұшпандықта көмектеспеңдер. Аллаһтан Оның жазасынан қорқып, сақтаныңдар! Ақиқатында, Аллаһ қатты азап Иесі
Ей, иманға келгендер! Келісімдерді толық орындаңдар. Сендерге өздеріңе тыйымы оқылатыннан басқа шаруа малдары рұқсат етілді. Бірақ ихрамда болған кездеріңде, аңшылыққа рұқсат етілмейді. Ақиқатында Аллаһ қалағанын үкім етеді
Ей, иманға келгендер! Аллаһтың белгілеген хаж рәсімдеріне, тыйым салынған айға, құрбандық малдарына, алқа тағылғандарға құрбандық малдарға және тыйым салынған Үйге Қағбаға Раббысынан кеңшілік әрі ризалық іздеп келушілерге қатысты тыйымдарды өздеріңе рұқсат етілген етіп алмандар тыйымдарды бұзбаңдар . Қашан ихрамнан шықсаңдар, аң аулай беріңдер. Әл- Харам мешітінен тосқаны үшін бір қауымды жек көрулерің, сендерді қылмысқа итермелеп, шектен шығармасын. Бір-біріңе игілікте әрі тақуалықта Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтануда көмектесіңдер, күнәда және дұшпандықта көмектеспеңдер. Аллаһтан Оның жазасынан қорқып, сақтаныңдар! Ақиқатында, Аллаһ қатты азап Иесі
Сендерге өлексе, қан, доңыз еті және Аллаһтан басқаға арналып шалынған, буынып өлген, ұрылып өлген, құлап өлген, сүзіліп өлген малдар және жыртқыштар жеп кеткен малдар тыйым етілді. Бірақ жаны шықпай бауыздап алғандарың рұқсат етіледі . Сондай-ақ Аллаһтан басқағақұрбандық шалу үшін орнатылған тастар үстінде сойылған малдар және жебелермен бал ашуларың да тыйым салынды . Бұлай істеу бұзықтық бойсұнбаушылық . Бүгін сондай күпірлік еткендер иманға келмегендер сендердің діндеріңнен күдерін үзді. Олардан қорықпаңдар, Менен қорқыңдар. Бүгін сендерге діндеріңді толық еттім және игілігімді соңына жеткіздім. Әрі сендерге Ислам дінімен риза болдым Исламды дін ретінде қош көрдім . Кім аштық кезінде күнәға көңілі аумай тыйым салынған нәрселерді жеуге мәжбүр болса, ақиқатында, Аллаһ өте Кешірімді, ерекше Мейірімді
Ей, Мұхаммед! Олар сенен өздеріне не рұқсат етілгені жайлы сұрайды. Айт:«Сендерге жақсы нәрселер рұқсат етілді әрі Аллаһтың өздеріңе үйреткені бойынша, үйреткендеріңнің аулағаны да. Олардың өздеріңе ұстап бергенінен жендер әрі оған аңшы ит не құсты салғанда Аллаһтың есімін атаңдар», деп айт. Аллаһтан Оның жазасынан қорқып, сақтаныңдар, ақиқатында Аллаһ есепте өте жылдам
SurahQuran.com was founded as a humble effort to serve the Noble Book and the pure Sunnah, to invite people to Allah, and to make the religious sciences accessible according to the methodology of the Quran and Sunnah. We praise and thank Allah for His grace, and we ask Him to accept our work and make it sincere for His noble Face.