| وَالْمُرْسَلَاتِ عُرْفًا(1) Ант етемін, жалғасты түрде жіберілгендермен | 
| فَالْعَاصِفَاتِ عَصْفًا(2) әрі қатты есушілермен | 
| وَالنَّاشِرَاتِ نَشْرًا(3) және жайып таратушылармен | 
| فَالْفَارِقَاتِ فَرْقًا(4) және ажыратып айырушылармен | 
| فَالْمُلْقِيَاتِ ذِكْرًا(5) және еске салынатынды уахиды жеткізушілермен ант етемін | 
| عُذْرًا أَوْ نُذْرًا(6) уәж-кешіру ретінде, не ескерту ретінде | 
| إِنَّمَا تُوعَدُونَ لَوَاقِعٌ(7) Шын мәнінде, сендерге уәде етіліп жатқан нәрселер, әлбетте орындалады | 
| فَإِذَا النُّجُومُ طُمِسَتْ(8) жұлдыздар сөндірілген кезде | 
| وَإِذَا السَّمَاءُ فُرِجَتْ(9) әрі аспан айрылған кезде | 
| وَإِذَا الْجِبَالُ نُسِفَتْ(10) және таулар үгітіліп ұшырылған кезде | 
| وَإِذَا الرُّسُلُ أُقِّتَتْ(11) және елшілерге уақыт белгіленген кезде | 
| لِأَيِّ يَوْمٍ أُجِّلَتْ(12) Мұрсат қай күнге дейін берілген еді | 
| لِيَوْمِ الْفَصْلِ(13) Айыру күніне дейін | 
| وَمَا أَدْرَاكَ مَا يَوْمُ الْفَصْلِ(14) Ей, Мұхаммед! Айыру күнінің не екенін саған не білдірді | 
| وَيْلٌ يَوْمَئِذٍ لِّلْمُكَذِّبِينَ(15) Сол күні Аллаһтың уәдесін өтірік санаушыларға қасірет бар | 
| أَلَمْ نُهْلِكِ الْأَوَّلِينَ(16) Біз әуелгілерді жойып жібермедік пе | 
| ثُمَّ نُتْبِعُهُمُ الْآخِرِينَ(17) Сосын одан кейінгілерді де олардың артынан жібереміз | 
| كَذَٰلِكَ نَفْعَلُ بِالْمُجْرِمِينَ(18) Біз қылмыскерлерді осылай етеміз | 
| وَيْلٌ يَوْمَئِذٍ لِّلْمُكَذِّبِينَ(19) Сол күні ақиретті өтірік санаушыларға қасірет бар | 
| أَلَمْ نَخْلُقكُّم مِّن مَّاءٍ مَّهِينٍ(20) Біз сендерді болмашы бір сұйықтан жаратпадық па | 
| فَجَعَلْنَاهُ فِي قَرَارٍ مَّكِينٍ(21) әрі оны бір берік жайға жатырға орналастырмадық па | 
| إِلَىٰ قَدَرٍ مَّعْلُومٍ(22) белгілі бір мерзімге дейін | 
| فَقَدَرْنَا فَنِعْمَ الْقَادِرُونَ(23) Біз алдын ала өлшеп белгіледік, қандай жақсы өлшеп, белгілеушіміз | 
| وَيْلٌ يَوْمَئِذٍ لِّلْمُكَذِّبِينَ(24) Сол күні Аллаһтың құдіретін өтірік санаушыларға қасірет бар | 
| أَلَمْ نَجْعَلِ الْأَرْضَ كِفَاتًا(25) Біз жерді жинаушы етпедік пе | 
| أَحْيَاءً وَأَمْوَاتًا(26) тірілерді және өлілерді | 
| وَجَعَلْنَا فِيهَا رَوَاسِيَ شَامِخَاتٍ وَأَسْقَيْنَاكُم مَّاءً فُرَاتًا(27) Әрі онда мызғымас биік болғандарды тауларды орнатып, сендерді тұщы сумен қамтамасыз еттік | 
| وَيْلٌ يَوْمَئِذٍ لِّلْمُكَذِّبِينَ(28) Сол күні Аллаһтың белгілерін өтірік санаушыларға қасірет бар | 
| انطَلِقُوا إِلَىٰ مَا كُنتُم بِهِ تُكَذِّبُونَ(29) Оларға : «Өздерің өтірік деп санағандарыңа барыңдар | 
| انطَلِقُوا إِلَىٰ ظِلٍّ ذِي ثَلَاثِ شُعَبٍ(30) Үш тармақты көлеңкеге барыңдар | 
| لَّا ظَلِيلٍ وَلَا يُغْنِي مِنَ اللَّهَبِ(31) Оның саясы да жоқ әрі ол жалыннан да қорғамайды | 
| إِنَّهَا تَرْمِي بِشَرَرٍ كَالْقَصْرِ(32) Ол тозақ зәулім ғимараттардай ұшқындарды атып тұрады | 
| كَأَنَّهُ جِمَالَتٌ صُفْرٌ(33) Бейне бір сары түйелерге ұқсаған», делінеді | 
| وَيْلٌ يَوْمَئِذٍ لِّلْمُكَذِّبِينَ(34) Сол күні Сот күнін өтірік санаушыларға қасірет бар | 
| هَٰذَا يَوْمُ لَا يَنطِقُونَ(35) Бұл олар сөйлемейтін күн | 
| وَلَا يُؤْذَنُ لَهُمْ فَيَعْتَذِرُونَ(36) әрі оларға ақталуға рұқсат берілмейді | 
| وَيْلٌ يَوْمَئِذٍ لِّلْمُكَذِّبِينَ(37) Сол күні Есеп күнін өтірік санаушыларға қасірет бар | 
| هَٰذَا يَوْمُ الْفَصْلِ ۖ جَمَعْنَاكُمْ وَالْأَوَّلِينَ(38) Бұл Ажырату күні. Біз сендерді де, алдыңғыларды да жинаймыз | 
| فَإِن كَانَ لَكُمْ كَيْدٌ فَكِيدُونِ(39) Егер сендерде бірер айла-шарғы болса, Маған жасап көріңдер | 
| وَيْلٌ يَوْمَئِذٍ لِّلْمُكَذِّبِينَ(40) Сол күні Аллаһтың жазасын өтірік санаушыларға қасірет бар | 
| إِنَّ الْمُتَّقِينَ فِي ظِلَالٍ وَعُيُونٍ(41) Ал, тақуалар Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанғандар саялар мен бұлақтарда | 
| وَفَوَاكِهَ مِمَّا يَشْتَهُونَ(42) көңілдері қалаған жемістер арасында болады | 
| كُلُوا وَاشْرَبُوا هَنِيئًا بِمَا كُنتُمْ تَعْمَلُونَ(43) Оларға : «Жасаған амалдарын, үшін рахаттанып жеңдер, ішіңдер!» делінеді | 
| إِنَّا كَذَٰلِكَ نَجْزِي الْمُحْسِنِينَ(44) Анығында Біз ықыласпен жақсылық істеушілердің қайтарым сыйын осылай береміз | 
| وَيْلٌ يَوْمَئِذٍ لِّلْمُكَذِّبِينَ(45) Сол күні Қайтарымды өтірік санаушыларға қасірет бар | 
| كُلُوا وَتَمَتَّعُوا قَلِيلًا إِنَّكُم مُّجْرِمُونَ(46) Күнәһарларға : «Жеңдер әрі аздап пайдалана тұрындар. Себебі сендер қылмыскерсіңдер» делінеді | 
| وَيْلٌ يَوْمَئِذٍ لِّلْمُكَذِّبِينَ(47) Сол күні Қайта тірілуді өтірік санаушыларға қасірет бар | 
| وَإِذَا قِيلَ لَهُمُ ارْكَعُوا لَا يَرْكَعُونَ(48) Қашан оларға: «Рукуғ жасаңдар», делінгенде, олар рүкүғ жасамайды | 
| وَيْلٌ يَوْمَئِذٍ لِّلْمُكَذِّبِينَ(49) Сол күні діни парыздарды өтірік санаушыларға қасірет бар | 
| فَبِأَيِّ حَدِيثٍ بَعْدَهُ يُؤْمِنُونَ(50) Енді олар бұдан кейін қай сөзге сенеді |