📖 0/604 оқылған беттер
📄 7
Аль-Бакара

Аль-Бакара

2:38
قُلۡنَا ٱهۡبِطُواْ مِنۡهَا جَمِيعًاۖ فَإِمَّا يَأۡتِيَنَّكُم مِّنِّي هُدًى فَمَن تَبِعَ هُدَايَ فَلَا خَوۡفٌ عَلَيۡهِمۡ وَلَا هُمۡ يَحۡزَنُونَ ٣٨
«Барлығың одан Жәннаттан түсіңдер. Менен сендерге тура жол келген кезде, кім Менің тура жолыма ерсе, оларға ешбір қорқыныш жоқ әрі олар қайғырмайды», дедік
2:39
وَٱلَّذِينَ كَفَرُواْ وَكَذَّبُواْ بِـَٔايَٰتِنَآ أُوْلَٰٓئِكَ أَصۡحَٰبُ ٱلنَّارِۖ هُمۡ فِيهَا خَٰلِدُونَ ٣٩
Ал, аяттарымызға күпірлік еткендер қарсы келгендер және өтірік деп санағандар, міне, солар Отқа тозаққа түсетіндер. Олар онда мәңгі қалушылар
2:40
يَٰبَنِيٓ إِسۡرَٰٓءِيلَ ٱذۡكُرُواْ نِعۡمَتِيَ ٱلَّتِيٓ أَنۡعَمۡتُ عَلَيۡكُمۡ وَأَوۡفُواْ بِعَهۡدِيٓ أُوفِ بِعَهۡدِكُمۡ وَإِيَّٰيَ فَٱرۡهَبُونِ ٤٠
Ей, Исраил ұрпақтары! Менің сендерге берген игілігімді еске алыңдар және Менің сертіме берік болыңдар, Мен де сендерге берген сертті сақтаймын. Әрі Менен ғана қорқыңдар
2:41
وَءَامِنُواْ بِمَآ أَنزَلۡتُ مُصَدِّقًا لِّمَا مَعَكُمۡ وَلَا تَكُونُوٓاْ أَوَّلَ كَافِرِۭ بِهِۦۖ وَلَا تَشۡتَرُواْ بِـَٔايَٰتِي ثَمَنًا قَلِيلًا وَإِيَّٰيَ فَٱتَّقُونِ ٤١
Әрі өздеріңдегінің Тәураттың шындығын дәлелдеуші етіп, Мен түсіргенге Құранға сеніңдер әрі оған күпірлік етушілердің мойындамаушылардың алдыңғыларынан болмаңдар. Аяттарымды түкке тұрғысыз бағаға сатпаңдар және тек Менен қорқып, сақтаныңдар
2:42
وَلَا تَلۡبِسُواْ ٱلۡحَقَّ بِٱلۡبَٰطِلِ وَتَكۡتُمُواْ ٱلۡحَقَّ وَأَنتُمۡ تَعۡلَمُونَ ٤٢
Ақиқатты жалғанмен бүркемеңдер және ақиқатты біле тұрып жасырмаңдар
2:43
وَأَقِيمُواْ ٱلصَّلَوٰةَ وَءَاتُواْ ٱلزَّكَوٰةَ وَٱرۡكَعُواْ مَعَ ٱلرَّٰكِعِينَ ٤٣
Әрі намазды толық орындаңдар, зекетті беріңдер және рукуғ етушілермен бірге рукуғ етіңдер
2:44
۞ أَتَأۡمُرُونَ ٱلنَّاسَ بِٱلۡبِرِّ وَتَنسَوۡنَ أَنفُسَكُمۡ وَأَنتُمۡ تَتۡلُونَ ٱلۡكِتَٰبَۚ أَفَلَا تَعۡقِلُونَ ٤٤
Сендер Кітапты Тәуратты оқи тұра, адамдарды игілікке бұйыра отырып, өздеріңді ұмытасыңдар ма? Ақылдарыңды істетпейсіңдер ме
2:45
وَٱسۡتَعِينُواْ بِٱلصَّبۡرِ وَٱلصَّلَوٰةِۚ وَإِنَّهَا لَكَبِيرَةٌ إِلَّا عَلَى ٱلۡخَٰشِعِينَ ٤٥
Сабыр және намаз арқылы Аллаһтан жәрдем тілеңдер. Шындығында, ол намаз бойсұна беріліп тұратындардан басқаларға өте ауыр келеді
2:46
ٱلَّذِينَ يَظُنُّونَ أَنَّهُم مُّلَٰقُواْ رَبِّهِمۡ وَأَنَّهُمۡ إِلَيۡهِ رَٰجِعُونَ ٤٦
солар, өздерінің Раббысымен жолығатындықтарына әрі Оған қайтушы екендіктеріне айқын сенетіндер
2:47
يَٰبَنِيٓ إِسۡرَٰٓءِيلَ ٱذۡكُرُواْ نِعۡمَتِيَ ٱلَّتِيٓ أَنۡعَمۡتُ عَلَيۡكُمۡ وَأَنِّي فَضَّلۡتُكُمۡ عَلَى ٱلۡعَٰلَمِينَ ٤٧
Ей, Исраилдің ұрпақтары! Сендерге берген игілігімді және сендерді әлемдерден артық еткенімді еске алыңдар
2:48
وَٱتَّقُواْ يَوۡمًا لَّا تَجۡزِي نَفۡسٌ عَن نَّفۡسٍ شَيۡـًٔا وَلَا يُقۡبَلُ مِنۡهَا شَفَٰعَةٌ وَلَا يُؤۡخَذُ مِنۡهَا عَدۡلٌ وَلَا هُمۡ يُنصَرُونَ ٤٨
Біреу өзге біреуге ешқандай пайда бермейтін, шапағат етуі араға түсуі қабыл етілмейтін әрі одан күнәсін өтейтін төлем алынбайтын және оларға көмек берілмейтін Күннен сақтаныңдар
العربيةEnglishBahasa IndonesiaTürkçeРусскийفارسیFrançaisاردوবাংলাDeutschEspañol中文हिन्दीPortuguêsItalianoภาษาไทยPolskiNederlandsShqipKiswahiliO'zbekதமிழ்MelayuBosanskiSoomaaliAzərbaycanکوردی한국어日本語SvenskaDanskNorskپښتوമലയാളംසිංහලTamazightHausaአማርኛБългарскиТоҷикӣҚазақшаFilipinoسنڌيYorùbáFulfuldeТатарчаئۇيغۇرچەКыргызчаਪੰਜਾਬੀJawaతెలుగుမြန်မာગુજરાતીOromoमराठीTiếng ViệtMalagasyНохчийнWolofދިވެހިಕನ್ನಡУкраїнськаΕλληνικάქართულიខ្មែរدریQafar afMaranaoनेपाली
Құран Кәрім
Tuesday, August 18, 2026
Don't forget us in your sincere prayers







