Сүресі Ат-Тагабун
PDF —
18 Аят Medinan PDF
Built right in your browser — download starts automatically

Сүресі Ат-Тагабун pdf — Жүктеу (Қазақша)

Сүресі Ат-Тагабун pdf Қазақша — Жүктеу Сүресі Ат-Тагабун Аударма. Ат-Тагабун (Medinan) 18 Аят.



Сүресі Ат-Тагабун
18 Аят · Medinan · Қазақша
bismillah
ﭑﭒﭓﭔﭕﭖﭗﭘﭙﭚﭛﭜﭝﭞﭟﭠﭡﭢﭣﭤ
Аспандардағылар және жердегілер Аллаһты барлық кемшіліктен пәк деп дәріптейді. Билік Онікі әрі мақтау да Оған арналады. Ол барлық нәрсені Жасай алушы
ﭥﭦﭧﭨﭩﭪﭫﭬﭭﭮﭯﭰﭱ
Сендерді жаратқан Сол Аллаһ . Сендердің араларыңда кәпір де бар, әрі сендердің араларыңда иманды да мүмін де бар. Аллаһ не істеп жатқандарыңды Көруші
ﭲﭳﭴﭵﭶﭷﭸﭹﭺﭻﭼ
Ол аспандарды және жерді ақиқатпен жаратты және сендерге түр-тұлға беріп, тұлғаларыңды көркем етті. Әрі қайту да Оған
ﭽﭾﭿﮀﮁﮂﮃﮄﮅﮆﮇﮈﮉﮊﮋﮌ
Ол аспандар мен жердегі нәрселерді біледі әрі Ол сендердің жасырғандарың мен жариялағандарыңды да біледі. Аллаһ кеуделердегіні жүректердегіні жақсы Білуші
ﮍﮎﮏﮐﮑﮒﮓﮔﮕﮖﮗﮘﮙﮚ
Сендерге бұрыннан сондай күпірлік еткендердің иманды теріске шығарушылардың хабары келмеді ме? Олар істерінің жазасын татты. Әрі оларға күйзелтуші азап бар
ﮛﮜﮝﮞﮟﮠﮡﮢﮣﮤﮥﮦﮧﮨﮩﮪﮫﮬﮭ
Бұл, оларға елшілері анық дәлелдермен келген кезде олардың: «Бізді адам тура жолға салады ма?» деп, күпірлік еткендіктері қарсы келгендіктері және теріс бұрылғандықтары себепті. Аллаһ Оларға мұқтаж емес. Аллаһ Бай, Мұқтажсыз, мақтауға лайық
ﮮﮯﮰﮱﯓﯔﯕﯖﯗﯘﯙﯚﯛﯜﯝﯞﯟﯠﯡﯢﯣ
Күпірлік етушілер ақиретке сенбегендер ешқашан тірілтілмейміз деп есептеді. Ей, Мұхаммед! Айт: «Олай емес, Раббыммен ант етемін! әлбетте, қайта тірілтілесіңдер, содан кейін сендерге не істегендеріңнің хабары беріледі. Бұл Аллаһқа оңай»,- деп
ﯤﯥﯦﯧﯨﯩﯪﯫﯬﯭﯮﯯ
Аллаһқа, Оның елшісіне және Біз түсірген Нұрға Құранға сеніңдер. Аллаһ не істеп жатқандарыңнан Хабардар
ﯰﯱﯲﯳﯴﯵﯶﯷﯸﯹﯺﯻﯼﯽﯾﯿﰀﰁﰂﰃﰄﰅﰆﰇﰈﰉﰊﰋﰌﰍﰎ
Сол күні Ол сендерді Жинау Қиямет күні үшін жинайды. Бұл Тағабун (Бірін бірі алдаудың белгілі болатын, бірі пайда тауып,бірі ұтылатын) күні. Кім Аллаһқа сенсе және ізгі амал жасаса, Ол оның жамандықтарын кешіреді және оны астынан өзендер ағып жататын Жәннаттағы бақтарға кіргізеді. Олар онда мәңгі қалады. Міне, осы ұлы жетістік
ﭑﭒﭓﭔﭕﭖﭗﭘﭙﭚﭛﭜﭝ
Ал, сондай күпірлік етіп қарсы келіп және Біздің аят-белгілерімізді өтірік санағандар, олар Отта болатындар. Олар онда мәңгі қалады. Ол баратын орын неткен жаман
ﭞﭟﭠﭡﭢﭣﭤﭥﭦﭧﭨﭩﭪﭫﭬﭭﭮﭯﭰ
Кез келген қиындық тек Аллаһтың рұқсатымен ғана болады. Кім Аллаһқа сенсе, Ол оның жүрегін тура жолға бұрады. Аллаһ барлық нәрсені жақсы Білуші
ﭱﭲﭳﭴﭵﭶﭷﭸﭹﭺﭻﭼﭽ
Аллаһқа бойсұныңдар және Елшіге бағыныңдар. Егер теріс бұрылсаңдар, Елшімізге анық жеткізу ғана жүктелген
ﭾﭿﮀﮁﮂﮃﮄﮅﮆﮇﮈ
Аллаһ, Одан басқа ешбір құдай жоқ. Сондықтан имандылар Аллаһқажүгініп, істерін Оған тапсырсын тәуекел етсін
ﮉﮊﮋﮌﮍﮎﮏﮐﮑﮒﮓﮔﮕﮖﮗﮘﮙﮚﮛﮜ
Ей, иманға келгендер! Негізінде жұбайларыңның және балаларыңның ішінде сендерге жау болатындар бар, олардан абай болыңдар. Егер жазаламай, кең пейілдік танытсаңдар және кешірсеңдер, ақиқатында, Аллаһ өте Кешірімді, ерекше Мейірімді
ﮝﮞﮟﮠﮡﮢﮣﮤﮥﮦ
Анығында, сендердің мал-дәулеттерің және балаларың бір сынақ. Ал, Аллаһта ұлы сый бар
ﮧﮨﮩﮪﮫﮬﮭﮮﮯﮰﮱﯓﯔﯕﯖﯗﯘﯙ
Шама-шарықтарың жеткенше Аллаһ­тан Оның жазасынан қорқып, сақтаныңдар! Тыңдаңдар, бойсұныңдар және өздерің үшін қайырлы нәрседен зекет, садақадан беріңдер. Кім өзінің сараңдығынан сақталса, міне, солар мұратына жететіндер
ﯚﯛﯜﯝﯞﯟﯠﯡﯢﯣﯤﯥﯦﯧ
Егер Аллаһқа көркем қарыз берсеңдер, Ол оны сендерге еселеп арттырып қайтарады және сендерді кешіреді. Әрі Аллаһ алғысқа бөлеуші, өте Ұстамды, Жұмсақ
ﯨﯩﯪﯫﯬﯭ
құпия мен айқын нәрсені Білуші бәрінен Үстем, аса Дана

Құран Кәрім


Tuesday, August 18, 2026

Don't forget us in your sincere prayers