وَالنَّازِعَاتِ غَرْقًا(1) Қатты тартып, суырып алушылармен |
وَالنَّاشِطَاتِ نَشْطًا(2) жеңіл етіп шығарып алушылармен |
وَالسَّابِحَاتِ سَبْحًا(3) және жылдам жүзушілермен |
فَالسَّابِقَاتِ سَبْقًا(4) солай, екпінді озушылармен |
فَالْمُدَبِّرَاتِ أَمْرًا(5) бұйрықты орындаушылармен ант етемін |
يَوْمَ تَرْجُفُ الرَّاجِفَةُ(6) Ол күні сілкінуші сілкінеді |
تَتْبَعُهَا الرَّادِفَةُ(7) оған артынан келесісі жалғасады |
قُلُوبٌ يَوْمَئِذٍ وَاجِفَةٌ(8) Ол күні жүректер тітірейді |
أَبْصَارُهَا خَاشِعَةٌ(9) көздер қорлана бағынып, төмен қарайды |
يَقُولُونَ أَإِنَّا لَمَرْدُودُونَ فِي الْحَافِرَةِ(10) Олар сенбеушілер : «Біз артқа қайтарыламыз ба |
أَإِذَا كُنَّا عِظَامًا نَّخِرَةً(11) Егер біз үгітілген сүйекке айналсақ та ма?» дейді |
قَالُوا تِلْكَ إِذًا كَرَّةٌ خَاسِرَةٌ(12) Олар: «Ендеше, ол тиімсіз бір қайту екен», дейді |
فَإِنَّمَا هِيَ زَجْرَةٌ وَاحِدَةٌ(13) Ақиқатында, ол бар болғаны бір ғана қатты дауыс |
فَإِذَا هُم بِالسَّاهِرَةِ(14) Сонда олар жер бетінде тіріліп тұрады |
هَلْ أَتَاكَ حَدِيثُ مُوسَىٰ(15) Саған Мұсаның хабары келді ме |
إِذْ نَادَاهُ رَبُّهُ بِالْوَادِ الْمُقَدَّسِ طُوًى(16) Кезінде қасиетті Тууа алқабында оған Раббысы үндеді |
اذْهَبْ إِلَىٰ فِرْعَوْنَ إِنَّهُ طَغَىٰ(17) «Фиръаунға бар, өйткені ол шектен шықты |
فَقُلْ هَل لَّكَ إِلَىٰ أَن تَزَكَّىٰ(18) Әрі оған айт: «Сен тазаруды қалайсың ба |
وَأَهْدِيَكَ إِلَىٰ رَبِّكَ فَتَخْشَىٰ(19) Саған Раббыңа апаратын жолды көрсетейін. Сонда сен Оның жазасынан қорқатын боласың», деп |
فَأَرَاهُ الْآيَةَ الْكُبْرَىٰ(20) Сөйтіп оған үлкен бір белгі-мұғжизаны көрсетті |
فَكَذَّبَ وَعَصَىٰ(21) бірақ Фиръаун оны өтірікке шығарды және қарсы шықты |
ثُمَّ أَدْبَرَ يَسْعَىٰ(22) Содан кейін ол теріс айналып, әрекетке кірісті |
فَحَشَرَ فَنَادَىٰ(23) Әрі халқын жинап, жар салды |
فَقَالَ أَنَا رَبُّكُمُ الْأَعْلَىٰ(24) «Мен сендердің ең жоғарғы иелеріңмін», деп |
فَأَخَذَهُ اللَّهُ نَكَالَ الْآخِرَةِ وَالْأُولَىٰ(25) Сондықтан Аллаһ, оны соңғы, мәңгілік өмір ақирет және осы өмір азабымен жазалады |
إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَعِبْرَةً لِّمَن يَخْشَىٰ(26) Күмәнсіз, мұнда қорқатындар үшін бір ғибрат бар |
أَأَنتُمْ أَشَدُّ خَلْقًا أَمِ السَّمَاءُ ۚ بَنَاهَا(27) Жаратуда сендерді жарату қиын ба, әлде аспанды ма? Ол оны құрды |
رَفَعَ سَمْكَهَا فَسَوَّاهَا(28) оның төбесін көтеріп, оны теңестірді |
وَأَغْطَشَ لَيْلَهَا وَأَخْرَجَ ضُحَاهَا(29) және оның түнін қараңғы етіп, күндіз жарығын шығарды |
وَالْأَرْضَ بَعْدَ ذَٰلِكَ دَحَاهَا(30) Әрі одан кейін жерді жайды |
أَخْرَجَ مِنْهَا مَاءَهَا وَمَرْعَاهَا(31) Одан жерден оның суы мен жайылымдарын шығарды |
وَالْجِبَالَ أَرْسَاهَا(32) және тауларды бекітіп орнықтырды |
مَتَاعًا لَّكُمْ وَلِأَنْعَامِكُمْ(33) сендердің пайдалануларың әрі малдарың үшін |
فَإِذَا جَاءَتِ الطَّامَّةُ الْكُبْرَىٰ(34) Ал, өте үлкен бір қасірет келген кезде |
يَوْمَ يَتَذَكَّرُ الْإِنسَانُ مَا سَعَىٰ(35) сол күні адам не нәрсеге талпынғанын есіне алады |
وَبُرِّزَتِ الْجَحِيمُ لِمَن يَرَىٰ(36) және көрушілерге Жахим анық көрсетіледі |
فَأَمَّا مَن طَغَىٰ(37) Сонда кім шектен шыққан болса |
وَآثَرَ الْحَيَاةَ الدُّنْيَا(38) әрі бұл өмірді артық көрген болса |
فَإِنَّ الْجَحِيمَ هِيَ الْمَأْوَىٰ(39) онда күмәнсіз, оның баратын орны Жахим (Тозақ) |
وَأَمَّا مَنْ خَافَ مَقَامَ رَبِّهِ وَنَهَى النَّفْسَ عَنِ الْهَوَىٰ(40) Ал, кім Раббысының алдына тұрудан қорқып, өзін құмарлықтан қайтарса |
فَإِنَّ الْجَنَّةَ هِيَ الْمَأْوَىٰ(41) онда күмәнсіз, оның баратын орны жәннат |
يَسْأَلُونَكَ عَنِ السَّاعَةِ أَيَّانَ مُرْسَاهَا(42) Ей, Мұхаммед! Олар сенен Сағат Қиямет туралы: «Ол қашан болады?», деп сұрайды |
فِيمَ أَنتَ مِن ذِكْرَاهَا(43) Ол туралы сен не айта аласың |
إِلَىٰ رَبِّكَ مُنتَهَاهَا(44) Оның ол жайлы толық мағлұматтың шегі Раббыңда |
إِنَّمَا أَنتَ مُنذِرُ مَن يَخْشَاهَا(45) сен тек одан Есеп күнінен қорыққандарды ғана ескерте аласың |
كَأَنَّهُمْ يَوْمَ يَرَوْنَهَا لَمْ يَلْبَثُوا إِلَّا عَشِيَّةً أَوْ ضُحَاهَا(46) Олар оны қияметті көрген күні, дүниеде бір кеш немесе бір сәске уақыты тұрғандай болады |