Сүресі Аль-Муджадиля
PDF —
Built right in your browser — download starts automatically
Сүресі Аль-Муджадиля pdf — Жүктеу (Қазақша)
Сүресі Аль-Муджадиля pdf Қазақша — Жүктеу Сүресі Аль-Муджадиля Аударма. Аль-Муджадиля (Medinan) 22 Аят.
Related
- Аль-Муджадиля АудармаҚазақша
- Аль-Муджадиля mp3Тыңда
- Quran Index Қазақша114
More Сүресі PDF
Сүресі Аль-Муджадиля

ﭑﭒﭓﭔﭕﭖﭗﭘﭙﭚﭛﭜﭝﭞﭟﭠﭡﭢﭣﭤ
Ей, Мұхаммед! Аллаһ сенімен өзінің күйеуі жайында тартысып, әрі оның үстінен Аллаһқа шағым жасап жатқан әйелдің сөзін естіді. Аллаһ екеуіңнің өзара әңгімелеріңді естиді. Сөзсіз, Аллаһ бәрін Естуші, барлық нәрсені Көруші
ﭥﭦﭧﭨﭩﭪﭫﭬﭭﭮﭯﭰﭱﭲﭳﭴﭵﭶﭷﭸﭹﭺﭻﭼﭽﭾﭿ
Сендердің араларындағы өз әйелдерін зиһар ететіндердің әйелдері олардың аналары емес. Олардың аналары өздерін туғандар ғана. Негізінде, олар теріс әрі өтірік сөзді айтады. Ақиқатында, Аллаһ жазаламай Кешіруші, өте Кешірімді
ﮀﮁﮂﮃﮄﮅﮆﮇﮈﮉﮊﮋﮌﮍﮎﮏﮐﮑﮒﮓﮔﮕﮖﮗ
Әйелдерін зиһар етіп, кейін айтқан сөздерінен қайтатындар, жұбайы екеуі жақындасудан бұрын бір құл азат етуі тиіс. Сендерге осы арқылы насихат етіледі. Аллаһ сендердің не істеп жатқандарыңнан Хабардар
ﮘﮙﮚﮛﮜﮝﮞﮟﮠﮡﮢﮣﮤﮥﮦﮧﮨﮩﮪﮫﮬﮭﮮﮯﮰﮱﯓﯔﯕﯖﯗ
Сонда кім азат ететін құл таба алмаса, жұбайы екеуі жақындасудан бұрын екі ай үздіксіз ораза тұтуы тиіс. Кімнің бұған шамасы келмесе, алпыс кедейді тамақтандырсын. Бұл сендердің Аллаһқа және Оның елшісіне сенгендіктерің үшін. Міне, осы Аллаһтың шектері. Ал, кәпірлерге күйзелтуші азап бар
ﯘﯙﯚﯛﯜﯝﯞﯟﯠﯡﯢﯣﯤﯥﯦﯧﯨﯩﯪﯫﯬ
Аллаһқа және Оның елшісіне қарсы шығатындар, өздерінен бұрынғылар қорлыққа ұшыратылғанындай, қорлыққа ұшыратылады. Біз анық аяттар түсірдік. Ал, кәпірлер үшін қорлаушы азап бар
ﯭﯮﯯﯰﯱﯲﯳﯴﯵﯶﯷﯸﯹﯺﯻﯼﯽﯾ
Сол күні қияметте Аллаһ олардың барлығын қайта тірілтіп, оларға істеген іс-амалдарының хабарын береді. Аллаһ оны есептеп сақтады, ал олар ұмытып кетті. Әрі Аллаһ әрбір нәрсеге Куә Шаһид
ﭑﭒﭓﭔﭕﭖﭗﭘﭙﭚﭛﭜﭝﭞﭟﭠﭡﭢﭣﭤﭥﭦﭧﭨﭩﭪﭫﭬﭭﭮﭯﭰﭱﭲﭳﭴﭵﭶﭷﭸﭹﭺﭻﭼﭽﭾﭿﮀﮁﮂﮃ
Ей, Мұхаммед! Аллаһтың аспандардағы және жердегі нәрселерді білетінін көрмедің бе білмедің бе ? Үшеу құпия сөйлессе, Ол төртіншісі, бесеу сөйлессе, Ол алтыншысы болады. Әрі бұдан аз не көп болса да, олар қайда болмасын Ол әлбетте олармен бірге. Содан кейін Ол Қайта тірілу күні оларға істеген іс-амалдарының хабарын береді. Ақиқатында Аллаһ барлық нәрсені Білуші
ﮄﮅﮆﮇﮈﮉﮊﮋﮌﮍﮎﮏﮐﮑﮒﮓﮔﮕﮖﮗﮘﮙﮚﮛﮜﮝﮞﮟﮠﮡﮢﮣﮤﮥﮦﮧﮨﮩﮪﮫﮬﮭ
Өздеріне құпия сөйлесу тыйым салынғаннан кейін де, тыйылғанға қайта оралатындарды көрмедің бе? Олар күнә, дұшпандық және Елшіге бағынбау жайлы өзара құпия әңгімелеседі. Қашан олар алдыңа келсе, Аллаһ саған сәлем жолдамаған сөзбен сәлемдеседі. Әрі іштерінен: «Аллаһ бізді айтқан сөзіміз үшін неге азаптамайды?» дейді. Оларға өздері ішінде жанатын Жаһаннам жеткілікті! Ол баратын орын неткен жаман
ﮮﮯﮰﮱﯓﯔﯕﯖﯗﯘﯙﯚﯛﯜﯝﯞﯟﯠﯡﯢﯣ
Ей, иманға келгендер! Егер құпия сөйлесетін болсаңдар күнә, дұшпандық және Елшіге бағынбау жайында емес, игілік және тақуалық Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтану туралы құпиясөйлесіңдер әрі өздерің алдында жиналатын Аллаһтан қорқыңдар
ﯤﯥﯦﯧﯨﯩﯪﯫﯬﯭﯮﯯﯰﯱﯲﯳﯴﯵﯶ
Анығында, құпия сұхбат шайтаннан, иманға келгендерді қапаландыру үшін. Алайда, Аллаһтың рұқсатынсыз ол шайтан Оларға ешқандай зиян тигізе алмайды. Сондықтан иманға келгендер Аллаһқа жүгініп, істерін Оған тапсырсын тәуекел етсін
ﯷﯸﯹﯺﯻﯼﯽﯾﯿﰀﰁﰂﰃﰄﰅﰆﰇﰈﰉﰊﰋﰌﰍﰎﰏﰐﰑﰒﰓﰔﰕﰖﰗ
Ей, иманға келгендер! Сендерге мәжілістерде кеңінен отырыңдар делінсе, араларыңды кеңейтіңдер. Аллаһ та сендерге кеңшілік етеді. Ал, қашан сендерге: «Орындарыңнан тұрындар», делінсе, орындарыңнан тұрыңдар. Аллаһ сендерден иманға келгендердің және білім берілгендердің дәрежелерін көтереді. Аллаһ сендердің істеп жатқандарыңнан Хабардар
ﭑﭒﭓﭔﭕﭖﭗﭘﭙﭚﭛﭜﭝﭞﭟﭠﭡﭢﭣﭤﭥﭦﭧﭨﭩ
Ей, иманға келгендер! Елшімен оңаша сөйлесетін болсаңдар, сөйлесулеріңнің алдында садақа беріңдер. Бұл сендер үшін қайырлы әрі тазарақ. Ал, егер садақа таба алмасаңдар, ақиқатында Аллаһ өте Кешірімді, ерекше Мейірімді
ﭪﭫﭬﭭﭮﭯﭰﭱﭲﭳﭴﭵﭶﭷﭸﭹﭺﭻﭼﭽﭾﭿﮀﮁﮂﮃﮄ
Сендер Елшімен оңаша сөйлесулеріңнен алдын садақа беруден қорықтыңдар ма? Егер сендер мұны істемесеңдер, ал Аллаһ істеген күнәләріңе шынайы өкініп, Өзіне бойсұнуға қайтуларыңды тәубелеріңді қабыл етсе,онда намазды барлық шарттарын сақтап,ықыласпен, толық орындаңдар, зекетті беріңдер, Аллаһқа және Оның елшісіне бағыныңдар. Аллаһ сендердің не істейтіндеріңнен Хабардар
ﮅﮆﮇﮈﮉﮊﮋﮌﮍﮎﮏﮐﮑﮒﮓﮔﮕﮖﮗﮘﮙ
Ей, Мұхаммед! Аллаһтың қаһарына қалған адамдарды өздеріне дос жақтас тұтқандарды көрмедің бе? Негізінде, олар сендерден де емес, олардан да емес. Олар өздері біле тұра өтірікке ант ішеді
ﮚﮛﮜﮝﮞﮟﮠﮡﮢﮣﮤﮥ
Аллаһ оларға қатты азап әзірлеген. күмәнсіз, олардың істеген амалдары өте жаман
ﮦﮧﮨﮩﮪﮫﮬﮭﮮﮯﮰ
Олар мұнафиқтар өздерінің анттарын қалқан қылып алып, өзгелерді Аллаһтың жолынан тосып, қайтарады. Енді оларға қорлаушы азап бар
ﮱﯓﯔﯕﯖﯗﯘﯙﯚﯛﯜﯝﯞﯟﯠﯡﯢﯣ
Оларға дүниелері де, балалары да Аллаһтан келетін ешнәрсені қайтара алмайды. Міне, солар Отта болатындар. Олар онда мәңгі қалады
ﯤﯥﯦﯧﯨﯩﯪﯫﯬﯭﯮﯯﯰﯱﯲﯳﯴﯵﯶﯷ
Сол Есеп күні Аллаһ олардың барлығын қайта тірілтеді де, олар сендердің алдарыңда ант ішкендей, Оның алдында да ант ішеді. Әрі олар өздерін пайда тигізетін нәрседеміз деп ойлайды. Біліндер! Ақиқатында, олар өтірікшілер
ﯸﯹﯺﯻﯼﯽﯾﯿﰀﰁﰂﰃﰄﰅﰆﰇﰈﰉ
Шайтан оларды иектеп, билеп алып, оларға Аллаһты еске алуды ұмыттырды. Олар -шайтанның жақтастары. Біліңдер! Негізінде, шайтанның жақтастары нағыз зиян шегушілер
ﰊﰋﰌﰍﰎﰏﰐﰑﰒ
Анығында, Аллаһқа және Оның елшісіне қарсы шығып жатқандар ең қор болғандардың қатарында болады
ﰓﰔﰕﰖﰗﰘﰙﰚﰛﰜﰝ
Аллаһ Ләухул-махфузда : «Мен міндетті түрде жеңемін және елшілерім де», деп жазған. Ақиқатында, Аллаһ өте Күшті , бәрінен Үстем
ﭑﭒﭓﭔﭕﭖﭗﭘﭙﭚﭛﭜﭝﭞﭟﭠﭡﭢﭣﭤﭥﭦﭧﭨﭩﭪﭫﭬﭭﭮﭯﭰﭱﭲﭳﭴﭵﭶﭷﭸﭹﭺﭻﭼﭽﭾﭿﮀﮁﮂﮃﮄﮅﮆﮇﮈﮉ
Аллаһқа және Ақирет күніне сенетін адамдардың Аллаһқа және Оның елшісіне қарсы келгендерді ұнатқанын көрмейсің, мейлі ол әкелері, не балалары, не бауырлары немесе туыстары болса да. Міне, солардың жүректеріне Ол иман жазған және оларды Өзінен болған бір рухпен Өзінің көмегі, мейірімі және білімімен қолдаған. Әрі Ол Аллаһ оларды астынан өзендер ағып жататын және олар онда мәңгі қалатын Жәннаттағы бақтарға кіргізеді. Аллаһ оларға разы, олар Оған разы болды. Міне, солар Аллаһтың жақтастары. Біліңдер! Ақиқатында Аллаһтың жақтастары мұратына бақытына жетушілер
Құран Кәрім
Tuesday, August 18, 2026
Don't forget us in your sincere prayers







