📖 0/604 оқылған беттер
📄 342
Аль-Муминун сүресі

Аль-Муминун сүресі

23:1
قَدۡ أَفۡلَحَ ٱلۡمُؤۡمِنُونَ ١
Ақиқатында имандылар мүміндер жеңіске бақытқа, мұраттарына жетті
23:3
وَٱلَّذِينَ هُمۡ عَنِ ٱللَّغۡوِ مُعۡرِضُونَ ٣
және олар пайдасы жоқ, бос нәрселерден бас тартатындар
23:6
إِلَّا عَلَىٰٓ أَزۡوَٰجِهِمۡ أَوۡ مَا مَلَكَتۡ أَيۡمَٰنُهُمۡ فَإِنَّهُمۡ غَيۡرُ مَلُومِينَ ٦
тек жұбайлары мен қолдарындағы басыбайлы күңдерінен басқа. Бұлар үшін олар айыпталмайды
23:7
فَمَنِ ٱبۡتَغَىٰ وَرَآءَ ذَٰلِكَ فَأُوْلَٰٓئِكَ هُمُ ٱلۡعَادُونَ ٧
ал кім бұдан басқаны қалаушы болса, міне, солар шектен шығушылар
23:8
وَٱلَّذِينَ هُمۡ لِأَمَٰنَٰتِهِمۡ وَعَهۡدِهِمۡ رَٰعُونَ ٨
Әрі олар аманаттарын өздеріне сеніп тапсырылғанды және келісімдерін сақтайтындар
23:9
وَٱلَّذِينَ هُمۡ عَلَىٰ صَلَوَٰتِهِمۡ يُحَافِظُونَ ٩
және олар намаздарына мұқият қарап, орындайтындар
23:11
ٱلَّذِينَ يَرِثُونَ ٱلۡفِرۡدَوۡسَ هُمۡ فِيهَا خَٰلِدُونَ ١١
Фирдаусты мұра етіп алып, ол жерде мәңгі қалатындар
23:12
وَلَقَدۡ خَلَقۡنَا ٱلۡإِنسَٰنَ مِن سُلَٰلَةٍ مِّن طِينٍ ١٢
Ақиқатында, Біз адамды Адам атаны лайдың негізінен жараттық
23:13
ثُمَّ جَعَلۡنَٰهُ نُطۡفَةً فِي قَرَارٍ مَّكِينٍ ١٣
Кейін оны берік орынға орналасқан тамшы ұрық су еттік
23:14
ثُمَّ خَلَقۡنَا ٱلنُّطۡفَةَ عَلَقَةً فَخَلَقۡنَا ٱلۡعَلَقَةَ مُضۡغَةً فَخَلَقۡنَا ٱلۡمُضۡغَةَ عِظَٰمًا فَكَسَوۡنَا ٱلۡعِظَٰمَ لَحۡمًا ثُمَّ أَنشَأۡنَٰهُ خَلۡقًا ءَاخَرَۚ فَتَبَارَكَ ٱللَّهُ أَحۡسَنُ ٱلۡخَٰلِقِينَ ١٤
Содан кейін тамшыны ұйыған қан етіп жараттық, ұйыған қанды бір тілім шайналған секілді ет етіп жаратып, шайналған секілді етті сүйектер етіп жараттық, сүйектерді етпен қаптадық. Содан кейін оны өзге жаратылыспен жараттық. Жасап шығарушылардың ең жақсысы Аллаһ аса Берекелі
23:15
ثُمَّ إِنَّكُم بَعۡدَ ذَٰلِكَ لَمَيِّتُونَ ١٥
Осыдан соң сендер туылып ,кейін әлбетте өлесіңдер
23:16
ثُمَّ إِنَّكُمۡ يَوۡمَ ٱلۡقِيَٰمَةِ تُبۡعَثُونَ ١٦
Содан кейін сендер Қайта тірілу күні қайта тірілесіңдер
23:17
وَلَقَدۡ خَلَقۡنَا فَوۡقَكُمۡ سَبۡعَ طَرَآئِقَ وَمَا كُنَّا عَنِ ٱلۡخَلۡقِ غَٰفِلِينَ ١٧
Ақиқатында Біз үстеріңнен жеті қабатты жараттық. Біз жаратылғандардан ғапыл қапы қалушы емеспіз
العربيةEnglishBahasa IndonesiaTürkçeРусскийفارسیFrançaisاردوবাংলাDeutschEspañol中文हिन्दीPortuguêsItalianoภาษาไทยPolskiNederlandsShqipKiswahiliO'zbekதமிழ்MelayuBosanskiSoomaaliAzərbaycanکوردی한국어日本語SvenskaDanskNorskپښتوമലയാളംසිංහලTamazightHausaአማርኛБългарскиТоҷикӣҚазақшаFilipinoسنڌيYorùbáFulfuldeТатарчаئۇيغۇرچەКыргызчаਪੰਜਾਬੀJawaతెలుగుမြန်မာગુજરાતીOromoमराठीTiếng ViệtMalagasyНохчийнWolofދިވެހިಕನ್ನಡУкраїнськаΕλληνικάქართულიខ្មែរدریQafar afMaranaoनेपाली
Құран Кәрім
Wednesday, August 26, 2026
Don't forget us in your sincere prayers







