Сүресі Аль-Муззаммиль pdf — Жүктеу (Қазақша)
Сүресі Аль-Муззаммиль pdf Қазақша — Жүктеу Сүресі Аль-Муззаммиль Аударма. Аль-Муззаммиль (Meccan) 20 Аят.
Related
- Аль-Муззаммиль АудармаҚазақша
- Аль-Муззаммиль mp3Тыңда
- Quran Index Қазақша114
More Сүресі PDF
Сүресі Аль-Муззаммиль

ﭑﭒﭓ
Ей, жамылып алушы
ﭔﭕﭖﭗﭘ
Түннің аз бөлігінен өзгесін, тұр намаз оқуға
ﭙﭚﭛﭜﭝﭞ
оның жартысын не одан біраз кеміт
ﭟﭠﭡﭢﭣﭤﭥ
не оған қос. Әрі Құранды анық етіп оқы
ﭦﭧﭨﭩﭪﭫ
Ей, Мұхаммед! Ақиқатында, саған салмақты Сөзді түсіреміз
ﭬﭭﭮﭯﭰﭱﭲﭳﭴ
Шын мәнінде, түнде түру өте эсерлі және айтылуы түсініктірек
ﭵﭶﭷﭸﭹﭺﭻ
Ақиқатында, күндіз сенің ұзақ істерің бар
ﭼﭽﭾﭿﮀﮁﮂ
Әрі Раббыңның есімін еске ал және Оған толығымен беріл
ﮃﮄﮅﮆﮇﮈﮉﮊﮋﮌ
Ол шығыс пен батыстың Раббысы. Одан басқа ешбір құдай жоқ. Сондықтан Оны Қамқоршы етіп ал
ﮍﮎﮏﮐﮑﮒﮓﮔ
Олардың серік қатушылардың айтып жатқандарына сабыр ет және оларды сыпайы түрде тәрк ет
ﮕﮖﮗﮘﮙﮚﮛ
Әрі өтірік санаушы дәулет иелерін Маған қалдырып, оларға біраз уақыт бер
ﮜﮝﮞﮟﮠ
Шын мәнінде, Бізде бұғаулар және Жахим бар
ﮡﮢﮣﮤﮥﮦ
әрі өңештен өтпейтін тамақ және күйзелтуші азап бар
ﮧﮨﮩﮪﮫﮬﮭﮮﮯ
Ол күні жер мен таулар тітірейді де таулар сусымалы құм төбелерге айналады
ﮰﮱﯓﯔﯕﯖﯗﯘﯙﯚﯛﯜ
Анығында, Біз Фиръаунға Елші жібергеніміздей, сендерге де өздеріңе қарсы куәлік беруші Елші жібердік
ﯝﯞﯟﯠﯡﯢﯣ
Ал, Фиръаун Елшіге бағынбады. Сондықтан оны қатты ұстаумен қолға алдық
ﯤﯥﯦﯧﯨﯩﯪﯫﯬ
Ал, егер сендер күпірлік етсеңдер қарсы келсеңдер , сәбилердің шашы ағаратын Күннен қалай сақтанасыңдар
ﯭﯮﯯﯰﯱﯲﯳﯴ
Сонда аспан жарылады. Оның уәдесі орындалады
ﯵﯶﯷﯸﯹﯺﯻﯼﯽﯾﯿ
Ақиқатында, бұл Еске салу. Ендеше кім қалайтын болса, Раббысына қарай жол ұстанады
ﭑﭒﭓﭔﭕﭖﭗﭘﭙﭚﭛﭜﭝﭞﭟﭠﭡﭢﭣﭤﭥﭦﭧﭨﭩﭪﭫﭬﭭﭮﭯﭰﭱﭲﭳﭴﭵﭶﭷﭸﭹﭺﭻﭼﭽﭾﭿﮀﮁﮂﮃﮄﮅﮆﮇﮈﮉﮊﮋﮌﮍﮎﮏﮐﮑﮒﮓﮔﮕﮖﮗﮘﮙﮚﮛﮜﮝﮞﮟﮠﮡﮢﮣﮤﮥﮦﮧﮨﮩ
Анығында, Раббың сенің түннің үштен екісінен азырақ бөлігін әрі оның жартысын және үштен бір бөлігін намазда тұрып өткізетініңді біледі және сенімен бірге болғандардан бір топтың да. Түн мен күндіздің мөлшерін Аллаһ белгілейді. Ол сендердің есептей алмайтындарыңды біледі, сондықтан Өзіне бойсұнуға қайтуларыңды тәубелеріңді қабыл етті. Құраннан жеңіл келгенін оқыңдар. Ол араларыңда науқастар болатынын, біреулер Аллаһтың кеңшілігін іздеп сапарда болатындарын және біреулер Аллаһтың жолында соғысатынын біледі. Ендеше, одан жеңіл келгенін оқыңдар әрі намазды барлық шарттарын сақтап, беріле! толық орындаңдар және зекетті беріңдер және Аллаһқа көркем қарыз беріңдер. Өздерің үшін алдын ала қандай жақсылық істеген болсаңдар, оны Аллаһтың алдында содан да қайырлы әрі ұлы сый күйінде табасыңдар. Аллаһтан кешірім тілеңдер. Шын мәнінде, Аллаһ өте Кешірімді, ерекше Рақымды
Құран Кәрім
Tuesday, August 18, 2026
Don't forget us in your sincere prayers







