Сүресі Аль-Джинн
PDF —
Built right in your browser — download starts automatically
Сүресі Аль-Джинн pdf — Жүктеу (Қазақша)
Сүресі Аль-Джинн pdf Қазақша — Жүктеу Сүресі Аль-Джинн Аударма. Аль-Джинн (Meccan) 28 Аят.
Related
- Аль-Джинн АудармаҚазақша
- Аль-Джинн mp3Тыңда
- Quran Index Қазақша114
More Сүресі PDF
Сүресі Аль-Джинн

ﭑﭒﭓﭔﭕﭖﭗﭘﭙﭚﭛﭜﭝﭞ
Ей, Мұхаммед! Айт: «Жындардың бір тобының тыңдағаны маған уахи етілді, сонда олар: «Ақиқатында, біз бір ғажап Құранды естідік
ﭟﭠﭡﭢﭣﭤﭥﭦﭧﭨﭩ
Ол тура жолға салады. Біз оған сендік. Енді Раббымызға ешкімді серік етіп қоспаймыз
ﭪﭫﭬﭭﭮﭯﭰﭱﭲﭳ
Әрі күдіксіз, Раббымыздың ұлылығы өте жоғары. Ол Өзіне жұбай да, бала да алған емес
ﭴﭵﭶﭷﭸﭹﭺﭻ
Ал біздің ішіміздегі жетесіз Ібіліс Аллаһ жөнінде шектен шыққан сөз айтатын еді
ﭼﭽﭾﭿﮀﮁﮂﮃﮄﮅﮆ
Ақиқатында, біз адамдар да, жындар да Аллаһ жөнінде ешқашан өтірік айтпайды деп ойлаған едік
ﮇﮈﮉﮊﮋﮌﮍﮎﮏﮐﮑﮒ
Адамдардың ішіндегі кейбір кісілер жындардың ішіндегі кейбір еркек жындардан пана сұрап, олардың менменсіп, басынуларын арттыратын еді
ﮓﮔﮕﮖﮗﮘﮙﮚﮛﮜ
Әрі олар да сендер сияқты «Аллаһ ешқашан, ешкімді қайта тірілтпейді», деп ойлаған еді
ﮝﮞﮟﮠﮡﮢﮣﮤﮥ
Анығында, біз аспанға шыққанымызда, оны аспанды қатаң күзетшілер мен отты ұшқындар толы түрде таптық
ﮦﮧﮨﮩﮪﮫﮬﮭﮮﮯﮰﮱﯓﯔ
Әрі расында, біз оның аспанның кейбір жайларында тыңдау үшін отыратын едік. Ал, енді кім тыңдамақшы болса, сол сәтте-ақ ол өзін көздеген отты ұшқынға кезігеді
ﯕﯖﯗﯘﯙﯚﯛﯜﯝﯞﯟﯠﯡﯢ
Шын мәнінде, біз білмейміз, жер бетіндегілерге жамандық көзделді ме әлде оларға өздерінің Раббысы тура жолды қалады ма
ﯣﯤﯥﯦﯧﯨﯩﯪﯫﯬﯭ
Ақиқатында, біздің арамызда түзулер де бар және арамызда одан өзгелер де бар. Біз түрлі жолдарда едік
ﯮﯯﯰﯱﯲﯳﯴﯵﯶﯷﯸﯹ
Негізінде, біз Аллаһты Оның құдіретін жерде ешқашан әлсірете алмайтынымызды және қашып та Оны Оның азабын! ешқашан әлсірете алмайтынымызды білдік
ﯺﯻﯼﯽﯾﯿﰀﰁﰂﰃﰄﰅﰆﰇﰈﰉ
Әрі біз тура жолды естіген соң, оған сендік. Кім Раббысына сенсе, ол жақсылығының кемуінен де, әділетсіздіктен де қорықпайды
ﭑﭒﭓﭔﭕﭖﭗﭘﭙﭚﭛﭜ
Ақиқатында, біздің арамызда мұсылмандар бойсұнушылар да бар және арамызда ауытқығандар бар. Кім бойсұнса, міне, солар туралықты ұстанған болады
ﭝﭞﭟﭠﭡﭢ
Ал, ауытқығандар Жаһаннамға отын болады»,- деді
ﭣﭤﭥﭦﭧﭨﭩﭪ
Егер олар ауытқығандар жолда тура дұрыс тұрғандарында, онда Біз оларды мол сумен қамтамасыз етер едік
ﭫﭬﭭﭮﭯﭰﭱﭲﭳﭴﭵﭶ
сонымен оларды сынау үшін. Кім Раббысының Еске салуынан Құраннан бет бұрса, Ол оны ауыр азапқа салады
ﭷﭸﭹﭺﭻﭼﭽﭾﭿ
Әрі ақиқатында, мешіттер Аллаһтікі. Аллаһпен қатар ешкімді шақырмаңдар құлшылық етпеңдер
ﮀﮁﮂﮃﮄﮅﮆﮇﮈﮉﮊ
Әрі шын мәнінде, Аллаһтың құлы Оған дұға қылып тұрған кезінде, олар жындар үсті-үстіне үймелеп, оның үстіне түсе жаздады
ﮋﮌﮍﮎﮏﮐﮑﮒﮓ
Ей, Мұхаммед! Айт: «Шын мәнінде, мен тек Раббымнан ғана тілеймін, Оған ешкімді серік етіп қоспаймын», деп
ﮔﮕﮖﮗﮘﮙﮚﮛﮜ
Айт: «Ақиқатында мен сендерге зиян да тигізе алмаймын әрі тура жолға салу билігіне де ие емеспін», деп
ﮝﮞﮟﮠﮡﮢﮣﮤﮥﮦﮧﮨﮩ
Айт: «Ақиқатында мені ешкім Аллаһтан қорғай алмайды әрі мен де Одан басқа бір қорғаныш-пана таба алмаймын
ﮪﮫﮬﮭﮮﮯﮰﮱﯓﯔﯕﯖﯗﯘﯙﯚﯛﯜ
Мен тек Аллаһтан жіберілгенді әрі Оның тапсырғанын жеткіземін. Енді кім Аллаһқа және Оның елшісіне қарсы келсе, әлбетте, оған Жаһаннам оты бар. Олар онда мәңгі қалады», деп
ﯝﯞﯟﯠﯡﯢﯣﯤﯥﯦﯧﯨ
Олар өздеріне уәде етілгенді көрген сәтте, кімнің жәрдемшілерінің әлсіз және саны аз екенін біледі
ﯩﯪﯫﯬﯭﯮﯯﯰﯱﯲﯳﯴ
Ей, Мұхаммед! Айт: «Сендерге уәде етілген нәрсе жақын ба, әлде Раббым оғанұзақ мерзім белгіледі ме, білмеймін», деп
ﯵﯶﯷﯸﯹﯺﯻﯼ
Ол ғайыпты Білуші. Өзінің ғайып еткенін ешкімге білдірмейді
ﯽﯾﯿﰀﰁﰂﰃﰄﰅﰆﰇﰈﰉﰊ
тек, Өзі разы болған елшілерге ғана білдіреді . Сонда оның алдынан да, артынан да күзетушілер қорғаушылар қойып қояды
ﰋﰌﰍﰎﰏﰐﰑﰒﰓﰔﰕﰖﰗﰘ
олардың елшілердің Раббысының жібергендерін жеткізгендігін білу үшін. Ол олардағыны барлық нәрсені қамтыған және әрбір нәрсені санап, есептеп қойған
Құран Кәрім
Tuesday, August 18, 2026
Don't forget us in your sincere prayers







