Сүресі Аль-Фуркан
PDF —
77 Аят Meccan PDF
Built right in your browser — download starts automatically

Сүресі Аль-Фуркан pdf — Жүктеу (Қазақша)

Сүресі Аль-Фуркан pdf Қазақша — Жүктеу Сүресі Аль-Фуркан Аударма. Аль-Фуркан (Meccan) 77 Аят.



Сүресі Аль-Фуркан
77 Аят · Meccan · Қазақша
bismillah
ﯔﯕﯖﯗﯘﯙﯚﯛﯜﯝ
Әлемдерге насихат етіп ескертуші болуы үшін Өз құлына Фұрқанды Құранды түсірген Ол -аса Берекелі
ﯞﯟﯠﯡﯢﯣﯤﯥﯦﯧﯨﯩﯪﯫﯬﯭﯮﯯﯰﯱ
Аспандардың және жердің билігі Онікі әрі Ол ешбір бала иемденбеді және билікте Оның ешбір серігі болмады. Әрі ол әрбір нәрсені жаратып, оны өлшеп белгіледі
ﭑﭒﭓﭔﭕﭖﭗﭘﭙﭚﭛﭜﭝﭞﭟﭠﭡﭢﭣﭤﭥﭦﭧ
Ал олар мүшріктер ешнәрсе жарата алмайтын, керісінше өздері жаратылған, әрі өздеріне зиян не пайда келтіру билігіне ие емес және өлтіруге, өмір беруге әрі қайта тірілтуге де иелік ете алмайтын өзгелерді Оның орнына құдайлар етіп алды
ﭨﭩﭪﭫﭬﭭﭮﭯﭰﭱﭲﭳﭴﭵﭶﭷﭸﭹ
Әрі күпірлік етушілер Құранды мойындамаушылар : «бұл Құран бар болғаны, ойдан шығарған өтірік қана. Әрі бұл істе оған басқа адамдар көмектескен»,- деді. Сөйтіп, олар әділетсіздік жасады және өтірік айтты
ﭺﭻﭼﭽﭾﭿﮀﮁﮂﮃ
Сондай-ақ олар: « Бұл бұрынғылардың ертегілері. Ол мұны жазғызып алған әрі бұл оған таңертең және кешке оқылып тұрады», деді
ﮄﮅﮆﮇﮈﮉﮊﮋﮌﮍﮎﮏﮐﮑ
Ей, Мұхаммед! Айт: «Мұны Құранды аспандар мен жердегі құпияны білетін түсірді. Күмәнсіз, Ол кешірімді, мейірімді», деп
ﮒﮓﮔﮕﮖﮗﮘﮙﮚﮛﮜﮝﮞﮟﮠﮡﮢ
Әрі олар: «Тамақ жейтін және базарларда жүретін бұл неғылған Елші? Оған бір періште түсіріліп әрі ол онымен бірге ескертуші болса еді
ﮣﮤﮥﮦﮧﮨﮩﮪﮫﮬﮭﮮﮯﮰﮱﯓﯔﯕﯖ
Немесе оған бір қазына тасталмай ма? Не оның бір бағы болып, ол одан өзі жесе еді?» -деді. Әрі әділетсіздер: «Сендер сиқырланған бір адамға ғана еріп жүрсіңдер», деді
ﯗﯘﯙﯚﯛﯜﯝﯞﯟﯠ
Ей, Мұхаммед! Қара! Олар саған мысалдарды қалай келтіреді. Олар осылай адасты, енді олар жол таба алмайды
ﯡﯢﯣﯤﯥﯦﯧﯨﯩﯪﯫﯬﯭﯮﯯﯰﯱﯲ
Ол Аллаһ аса Берекелі, егер қаласа, саған бұдан олардың айтқанынан жақсысын -астынан өзендер ағып жататын бақтарды және сарайлар жасап береді
ﯳﯴﯵﯶﯷﯸﯹﯺﯻﯼ
Жоқ! Негізінде олар Сағатты Қияметті жалған санады. Ал Біз, Сағатты жалған деушілер үшін Саъирді әзірледік
ﭑﭒﭓﭔﭕﭖﭗﭘﭙﭚ
Қашан ол тозақ оларды алыс жер­дей көргеннен, олар оның ашу-ызамен бұрқылдағанын әрі өкірік үнін естиді
ﭛﭜﭝﭞﭟﭠﭡﭢﭣﭤ
Ал, олардың қолдары мойындарына байланып, тозақтағы тар орынға тасталған кезде, ол жерде олар өздерінің жойылып кетуін тілейді
ﭥﭦﭧﭨﭩﭪﭫﭬﭭ
Оларға : «Сендер бүгін жойылуды бір рет қанатілемеңдер, коп жойылуды тілеңдер», -делінеді
ﭮﭯﭰﭱﭲﭳﭴﭵﭶﭷﭸﭹﭺﭻﭼ
Ей, Мұхаммед! Айт: «Осы жақсы ма, әлде тақуаларға Аллаһқа бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанатындарға уәде етілген мәңгілік жәннат жақсы ма? Бұл олар үшін істегендерінің қайтарымы әрі қайтар орны», деп
ﭽﭾﭿﮀﮁﮂﮃﮄﮅﮆﮇﮈ
Олар онда жәннатта мәңгі қалып, оларға онда қалаған нәрселері бар. Бұл Раббың міндетіне алған, ол туралы құлдары тілейтін уәде
ﮉﮊﮋﮌﮍﮎﮏﮐﮑﮒﮓﮔﮕﮖﮗﮘﮙ
Әрі ол күні оларды мүшріктерді және олардың Аллаһпен қатар табынғандарын жинап оларға: «Мына құлдарымды сендер адастырдыңдар ма, әлде жолдан өздері адасты ма?» дейді
ﮚﮛﮜﮝﮞﮟﮠﮡﮢﮣﮤﮥﮦﮧﮨﮩﮪﮫﮬﮭﮮﮯ
Олар олардыңтабынғандары : «Сен барлық кемшіліктен пәксің. Бізге сенен басқаларды Ие етіп алуға болмайды. Алайда Сен оларды және ата-бабаларын қамтамасыз еттің пайдаландырдың , олар тіпті еске алуды ескертуді ұмытты. Олар құритын ел еді», дейді
ﮰﮱﯓﯔﯕﯖﯗﯘﯙﯚﯛﯜﯝﯞﯟﯠﯡ
Серік қосушыларға : «Олар табынған заттарың сендердің айтқандарыңды өтірікке шығарды. Енді сендер жазаны бұрып жіберуге де әрі өздеріңе көмек беруге де әлдерің келмейді. Сендерден кім әділетсіздік істесе, оған үлкен азапты таттырамыз», делінеді
ﯢﯣﯤﯥﯦﯧﯨﯩﯪﯫﯬﯭﯮﯯﯰﯱﯲﯳﯴﯵﯶﯷﯸ
Ей, Мұхаммед! Сенен бұрын Біз жіберген елшілер де тамақ жейтін және базарларда да жүретін еді. Біз кейбіріңді кейбіріңе сынақ еттік, осыған сабырлық танытасыңдар ма? Раббың барлық нәрсені Көруші
ﭑﭒﭓﭔﭕﭖﭗﭘﭙﭚﭛﭜﭝﭞﭟﭠﭡﭢﭣﭤﭥﭦ
Бізге жолығуды үміт етпегендер: «Бізге періштелер түсірілгенде немесе біз Раббымызды көрсек еді?» дейді. Олар менменсіп, өздерін жоғары санады және үлкен қарсылықпен шектен шықты
ﭧﭨﭩﭪﭫﭬﭭﭮﭯﭰﭱ
Олар періштелерді көретін қайтатірілу күні сол күні күнәһарлар үшін ешқандай қуанышты хабар болмайды. Сонда періштелер оларға: «Тыйым салынды», -дейді
ﭲﭳﭴﭵﭶﭷﭸﭹﭺﭻ
Біз олар істеген әрбір амалға келеміз де оны шашылған тозаңға айналдырамыз
ﭼﭽﭾﭿﮀﮁﮂﮃ
Бұл күні жәннаттықтар ең жақсы тұрақ жайларда әрі ең көркем тынығатын орындарда болады
ﮄﮅﮆﮇﮈﮉﮊﮋ
Ол Күні аспан сетінеп бұлттармен айрылады және періштелер түсіріледі
ﮌﮍﮎﮏﮐﮑﮒﮓﮔﮕﮖ
Сол күні хақ билік әр-Рахманда аса Қайырымдыда . Кәпірлер үшін ол ауыр күн болады
ﮗﮘﮙﮚﮛﮜﮝﮞﮟﮠﮡﮢ
Ол күні әділетсіз адам қолдарын тістеп: «Қап, әттең! Елшімен бірге оған еріп , бір жолды ұстанған болсам еді
ﮣﮤﮥﮦﮧﮨﮩ
Қап, сорым құрысын! Пәленшені өзіме жақын дос етіп алмағанымда еді
ﮪﮫﮬﮭﮮﮯﮰﮱﯓﯔﯕﯖﯗ
Маған Еске салу Құран келгеннен кейін, ол имансыз досым мені Құраннан бұрып адастырды», дейді. Ақиқатында, шайтан, адамды көмексіз тастап кетеді
ﯘﯙﯚﯛﯜﯝﯞﯟﯠﯡ
Әрі Елші: «Раббым! Қауымым бұл Құранды шет қалдырды»,- деді
ﯢﯣﯤﯥﯦﯧﯨﯩﯪﯫﯬﯭﯮ
Осылай әрбір пайғамбарға Біз, бұзықтардан жау шығарғанбыз. Сенің Раббың тура жолмен жүргізуде және көмек беруде жеткілікті
ﯯﯰﯱﯲﯳﯴﯵﯶﯷﯸﯹﯺﯻﯼﯽﯾﯿﰀ
Ал, күпірлік етушілер Аллаһқа серік қосушылар : «Оған Құран бірден түсірілсе еді?» деді. Біз, жүрегіңді онымен орнықтыру үшін оны осылай түсірдік және оны бөліп, ретімен анық етіп оқып бердік
ﭑﭒﭓﭔﭕﭖﭗﭘﭙ
Ей, Мұхаммед! Олар саған қандай да бір мысал келтірсе, Біз саған ақиқатты әрі ең жақсы мән-мағынасын ашатын түсіндірмені келтіреміз
ﭚﭛﭜﭝﭞﭟﭠﭡﭢﭣﭤﭥ
Сондай, Жаһаннамға беттерімен сүйретіліп жиналатындар, олар ең жаман орындағылар және жолдан қатты адасқандар
ﭦﭧﭨﭩﭪﭫﭬﭭﭮﭯ
Әрі Біз Мұсаға Кітапты бердік, онымен бірге, бауыры Һарұнды көмекші еттік
ﭰﭱﭲﭳﭴﭵﭶﭷﭸﭹ
Әрі Оларға : «Екеуің Біздің белгілерімізді өтірік санаған елге барыңдар»,-дедік. Кейін оларды фиръаундықтарды жойып, жоқ еттік
ﭺﭻﭼﭽﭾﭿﮀﮁﮂﮃﮄﮅﮆﮇﮈ
Нұхтың елін де, олар елшілерді өтірікші санаған кездерінде суға батырдық және оларды адамдарға бір белгі-ғибрат еттік. Әділетсіздер үшін Біз күйзелтуші азап әзірледік
ﮉﮊﮋﮌﮍﮎﮏﮐﮑ
Сондай-ақ Ад және Сәмүд елдерін, әр-Расс тұрғындарын әрі олардың арасындағы көп ұрпақтарды да жойдық
ﮒﮓﮔﮕﮖﮗﮘﮙﮚ
Әрі Біз олардың әрбіріне тәмсіл, мысалдар келтірдік және сенбегендердің барлығын құртып, жойып жібердік
ﮛﮜﮝﮞﮟﮠﮡﮢﮣﮤﮥﮦﮧﮨﮩﮪﮫﮬﮭ
Әрі олар мүшріктер пәлекет жаңбыры жаудырылған мекеннің қасынан өтетін еді. Сонда олар көрмеді ме оны? Жоқ! Олар қайта тірілуді үміт етпеді
ﮮﮯﮰﮱﯓﯔﯕﯖﯗﯘﯙﯚ
Ей, Мұхаммед! Олар сені көрген кездерінде келеке етіп: «Аллаһтың Елші етіп жібергені мынау ма
ﯛﯜﯝﯞﯟﯠﯡﯢﯣﯤﯥﯦﯧﯨﯩﯪﯫﯬﯭ
Егер біз құдайларымызға байланысты табандылық танытпағанымызда, ол бізді олардан тайдыруға жақын қалған еді», дейді. Азапты көрген кездерінде, олар жолдан кімнің адасқанын біледі
ﯮﯯﯰﯱﯲﯳﯴﯵﯶﯷ
Ей, Мұхаммед! Өзінің құмарлығын өзіне құдай етіп алғанды көрдің бе? Сен ол үшін жауапкер боласың ба
ﭑﭒﭓﭔﭕﭖﭗﭘﭙﭚﭛﭜﭝﭞﭟﭠﭡ
Әлде сен олардың көпшілігі тыңдай алады, не ақылдарын істетіп ұғына алады деп ойлайсың ба? Негізінде олар, бар болғаны малдар тәрізді. Жоқ! Олар жолдан қатты адасушы
ﭢﭣﭤﭥﭦﭧﭨﭩﭪﭫﭬﭭﭮﭯﭰﭱﭲ
Раббыңның көлеңкені қалай созғанын көрмедің бе? Егер Ол қалағанда, оны көлеңкені тұрақты етер еді. Сөйтіп күнді оған белгі-дәлел еттік
ﭳﭴﭵﭶﭷﭸ
Кейін оны Өзімізге қарай біртіндеп жинаймыз
ﭹﭺﭻﭼﭽﭾﭿﮀﮁﮂﮃﮄ
Әрі Ол Аллаһ сендерге түнді жамылғы, ұйқыны тынығу етті және күндізді жан-жаққа таралу еткен
ﮅﮆﮇﮈﮉﮊﮋﮌﮍﮎﮏﮐﮑﮒﮓ
Және Ол Аллаһ Өз мейірімінің жаңбырдың алдында желдерді қуанышты хабар ретінде жіберді. Әрі аспаннан таза су түсірдік
ﮔﮕﮖﮗﮘﮙﮚﮛﮜﮝﮞ
онымен өлі аймақтарды тірілтіп және Өзіміз жаратқандардан көптеген малдар мен көптеген адамдарды сумен қамтамасыз етуіміз үшін
ﮟﮠﮡﮢﮣﮤﮥﮦﮧﮨ
Әрі олар еске алулары үшін, Біз оны жаңбыр суын араларына бөлдік. Бірақ адамдардың көпшілігі күпірліктен игіліктерді теріске шығарудан басқасын қаламайды
ﮩﮪﮫﮬﮭﮮﮯﮰ
Егер де қаласақ, әрбір елді мекенге ескертуші жіберетін едік
ﮱﯓﯔﯕﯖﯗﯘﯙ
Ей, Мұхаммед! Сен кәпірлерге бағынба және олармен ол Құран арқылы үлкен күрес жүргіз
ﯚﯛﯜﯝﯞﯟﯠﯡﯢﯣﯤﯥﯦﯧﯨﯩﯪ
Әрі Ол Аллаһ бірі сүйкімді тұщы, ал бірі тұзды ащы екі теңізді қосты және екеуінің арасына бөгет пен өте алмайтын тосқауыл орнатты
ﯫﯬﯭﯮﯯﯰﯱﯲﯳﯴﯵﯶﯷﯸ
Әрі Ол адамзатты судан ұрық суынан жаратып, оны әке жағынан туыстар және неке жағынанжекжатетті. Сенің Раббың барлық нәрсеніЖасай алушы
ﯹﯺﯻﯼﯽﯾﯿﰀﰁﰂﰃﰄﰅﰆﰇﰈ
Ал, олар Аллаһтан өзге, өздеріне пайда да келтіре алмайтын, зиян да жеткізе алмайтын нәрселерге табынады. Анығында, кәпір өзінің Раббысына қарсы көмектесуші
ﭑﭒﭓﭔﭕﭖ
Ей, Мұхаммед! Біз сені жақсы хабар жеткізуші әрі ескертуші етіп қана жібердік
ﭗﭘﭙﭚﭛﭜﭝﭞﭟﭠﭡﭢﭣﭤﭥ
Айт: «Мен сендерден бұл үшін ақы сұрамаймын, тек кім қаласа Раббысына апаратын жол ұстансын» деп
ﭦﭧﭨﭩﭪﭫﭬﭭﭮﭯﭰﭱﭲﭳﭴ
Ешқашан өлмейтін, мәңгі Тіріге әл-Хаййға жүгініп, Оған ісіңді тапсыр тәуекел ет және Оған мақтаулар айтып, барлық кемшіліктен пәк деп дәріпте. Ал құлдарының күнәларын білуде Ол Оның Өзі жеткілікті
ﭵﭶﭷﭸﭹﭺﭻﭼﭽﭾﭿﮀﮁﮂﮃﮄﮅﮆﮇ
Ол аспандар мен жерді әрі екеуінің арасындағыларын алты күнде жаратты, кейін Аршыға көтерілді. Ол әр-Рахман аса Қайырымды . Ол туралы бәрінен Хабардардан Хабирден сұра
ﮈﮉﮊﮋﮌﮍﮎﮏﮐﮑﮒﮓﮔﮕﮖ
Ал, қашан оларға: «Әр-Рахманға сәжде етіңдер» -делінсе, олар: «Әр-Рахман деген не? Біз сен бұйырғанға сәжде ете береміз бе?» дейді әрі бұл олардың безінуін арттырады
ﮗﮘﮙﮚﮛﮜﮝﮞﮟﮠﮡﮢ
Аса Берекелі Ол, аспанда шоқжұлдыздарды орнатты, әрі онда шырақ күн және сәулеленген айды жасады
ﮣﮤﮥﮦﮧﮨﮩﮪﮫﮬﮭﮮﮯﮰ
Әрі Ол Аллаһ еске алуды және шүкір етуді Өзінің берген игіліктеріне алғыс білдіруді қалағандар үшін түн мен күндізді бір-бірінің артынан келетін етіп жасады
ﮱﯓﯔﯕﯖﯗﯘﯙﯚﯛﯜﯝﯞ
Әрі әр-Рахманның құлдары жер бетінде кішіпейілдікпен сыпайы жүріп, оларға надандар тіл тигізсе: «Сәләм Тыныштық болсын !» деп айтатындар
ﯟﯠﯡﯢﯣﯤ
және түндерін өздерінің Раббысына намазда сәжде жасап және тік тұрып қиямда өткізетіндер
ﯥﯦﯧﯨﯩﯪﯫﯬﯭﯮﯯﯰﯱ
және: «Раббымыз! Жаһаннам азабын бізден бұр. Ақиқатында оның азабы тұрақты
ﯲﯳﯴﯵﯶ
Шын мәнінде, ол тұрақтың және орынның ең жаманы!» дейтіндер
ﯷﯸﯹﯺﯻﯼﯽﯾﯿﰀﰁﰂ
Әрі олар дүниелерін жұмсағандарында ысырап та қылмай және сараңдық та етпей, осының арасында тура болатындар
ﭑﭒﭓﭔﭕﭖﭗﭘﭙﭚﭛﭜﭝﭞﭟﭠﭡﭢﭣﭤﭥﭦﭧﭨ
Және олар Аллаһпен қатар басқа құдайға жалбарынбайтындар, Аллаһ өлтіруге тыйым салған жанды өлтірмейтіндер, тек заңды түрде болмаса. Әрі зина жасамайтындар. Ал мұны істеген, қайтарым жазасын алады
ﭩﭪﭫﭬﭭﭮﭯﭰﭱ
Оған Қайта тірілу күні азап бірнеше есе арттырылады әрі ол онда қор болып, мәңгілік қалады
ﭲﭳﭴﭵﭶﭷﭸﭹﭺﭻﭼﭽﭾﭿﮀﮁﮂﮃ
алайда, кім істеген күнәсіне шынайы өкініп, Аллаһқа бойсұнуға қайтса тәубе етсе әрі иманға келсе және ізгі амал жасаса, олар басқа. Аллаһ олардың жамандықтарын жақсылықтарға ауыстырады. Аллаһ өте Кешірімді , ерекше Мейірімді
ﮄﮅﮆﮇﮈﮉﮊﮋﮌﮍ
Ал, кім күнәсіне шынайы өкініп, Аллаһқа бойсұнуға қайтса тәубеге келсе және ізгі амал жасаса, міне сол, шын мәнінде Аллаһқа қайтқан болады
ﮎﮏﮐﮑﮒﮓﮔﮕﮖﮗ
Әрі олар әр-Рахманның құлдары -/ өтірік нәрселерге қатыспайды және бос нәрселердің пайдасыз боссөздермен істердің жанынан өткенде, өз қадір-абыройын сақтап өтеді
ﮘﮙﮚﮛﮜﮝﮞﮟﮠﮡﮢ
және солар өздерінің Раббысының аяттары естеріне салынғанда, оған керең және соқыр күйде жығылмайды
ﮣﮤﮥﮦﮧﮨﮩﮪﮫﮬﮭﮮﮯﮰ
және солар:«Раббымыз! Жұбайларымызды және ұрпақтарымызды көзіміздің қуанышы ет әрі бізді тақуалардың Өзіңе бойсұнып, жазадан қорқып, сақтанғандардың алды ете гөр», дейтіндер
ﮱﯓﯔﯕﯖﯗﯘﯙﯚﯛ
Оларға сабыр еткендіктері үшін қайтарым сый ретінде Жәннаттағы жоғарғы орындар беріледі. Олар ол жерде сәлеммен және амандықпен қарсы алынады
ﯜﯝﯞﯟﯠﯡﯢ
Олар онда мәңгі қалады. Ол мекен әрі тұрақ жай ретінде қандай жақсы
ﯣﯤﯥﯦﯧﯨﯩﯪﯫﯬﯭﯮﯯﯰ
Ей, Мұхаммед! Айт мүшріктерге : «Егер тілек, сиынуларың Аллаһқағанаарналғанқұлшылықтарың болмаса, Раббым сендерге қарамайды. Сендер өтірікке шығардыңдар, енді сендерге азап міндетті түрде болады», деп

Құран Кәрім


Tuesday, August 18, 2026

Don't forget us in your sincere prayers