Аш-Шуара сүресі pdf — Жүктеу (Қазақша)
Аш-Шуара сүресі pdf Қазақша — Жүктеу Аш-Шуара сүресі Аударма. Аш-Шуара сүресі (Meccan) 227 Аят.
Related
- Аш-Шуара сүресі АудармаҚазақша
- Аш-Шуара сүресі mp3Тыңда
- Quran Index Қазақша114
More Сүресі PDF
Аш-Шуара сүресі

ﭑﭒ
26:1
Та. Син. Мим
ﭓﭔﭕﭖﭗ
26:2
Бұл анық Кітаптың аяттары
ﭘﭙﭚﭛﭜﭝﭞ
26:3
Ей, Мұхаммед! Олардың иманға келмегеніне қайғырып , өзіңді жойып жібере жаздайсың
ﭟﭠﭡﭢﭣﭤﭥﭦﭧﭨﭩﭪ
26:4
Егер қалағанымызда, оларға аспаннан бір белгі түсірер едік те олардың мойыны оған иілген болар еді
ﭫﭬﭭﭮﭯﭰﭱﭲﭳﭴﭵﭶ
26:5
Ал, оларға әр-Рахманнан жаңа бір еске салу, ескерту келген сайын, олар одан теріс бұрылды
ﭷﭸﭹﭺﭻﭼﭽﭾﭿ
26:6
Әрі олар оны жалғанға шығарды. Таяуда оларға келеке еткен нәрселерінің хабары келеді
ﮀﮁﮂﮃﮄﮅﮆﮇﮈﮉﮊﮋ
26:7
Олар жерге қарамай ма, Біз онда жер бетінде қаншама керемет түрлерді өсірдік
ﮌﮍﮎﮏﮐﮑﮒﮓﮔﮕ
26:8
Әлбетте мұнда белгі-дәлел бар. Бірақ олардың көпшілігі иманды мүмін болмады
ﮖﮗﮘﮙﮚﮛ
26:9
Ей, Мұхаммед! Шын мәнінде сенің Раббың аса Үстем, ерекше Мейірімді
ﮜﮝﮞﮟﮠﮡﮢﮣﮤ
26:10
Кезінде Раббың Мұсаға: «Әділетсіз елге бар
ﮥﮦﮧﮨﮩﮪ
26:11
Фиръаунның еліне. Олар Раббысынан қорқып, сақтанбай ма?» деді
ﮫﮬﮭﮮﮯﮰﮱ
26:12
Ол: «Раббым! Мен олардың өзімді өтірікшіге шығаруларынан қорқамын
ﯓﯔﯕﯖﯗﯘﯙﯚﯛ
26:13
әрі кеудемнің тарылып, тілімнің күрмеліп қалуынан. Сондықтан Һарұнға да жібер
ﯜﯝﯞﯟﯠﯡﯢ
26:14
Әрі менің мойнымда оларға қатысты істелген күнә бар. Олардың мені өлтіруінен қорқамын», -деді
ﯣﯤﯥﯦﯧﯨﯩﯪﯫﯬ
26:15
Аллаһ : «Жоқ, олай болмайды. Екеуің Біздің белгілерімізбен барыңдар. Ақиқатында Біз сендермен біргеміз, естіп тұрамыз
ﯭﯮﯯﯰﯱﯲﯳﯴ
26:16
Фиръаунға барып: «Біз әлемдер Раббысының Елшісіміз
ﯵﯶﯷﯸﯹﯺ
26:17
Исраил ұрпақтарын бізбен бірге жібер», деп айтыңдар», деді
ﯻﯼﯽﯾﯿﰀﰁﰂﰃﰄﰅ
26:18
Фиръаун : «Біз сені сәби кезіңнен арамызда бағып өсірмедік пе? Сен өміріңнің талай жылын арамызда өткізіп едің ғой
ﰆﰇﰈﰉﰊﰋﰌﰍ
26:19
Кейін сол бір жасаған ісінді жасадың адам өлтірдің.Әрі сен жақсылықты мойындамаушылардансың», деді
ﭑﭒﭓﭔﭕﭖﭗ
26:20
Мұса : «Мен оны адасушылардан болған кезімде істедім
ﭘﭙﭚﭛﭜﭝﭞﭟﭠﭡﭢﭣ
26:21
Сендерден қорыққан соң қашып кеттім. Кейін Раббым маған үкім берді әрі мені елшілерден етті
ﭤﭥﭦﭧﭨﭩﭪﭫﭬ
26:22
Ал, сенің маған міндетсініп отырған игілігің, бұл Исраил ұрпақтарын құл етуің», деді
ﭭﭮﭯﭰﭱﭲ
26:23
Фиръаун: «Әлемдердің Раббысы деген не?» деді
ﭳﭴﭵﭶﭷﭸﭹﭺﭻﭼﭽ
26:24
Мұса : «Ол аспандар мен жердің және екеуінің арасындағылардың Раббысы Иесі , егер көз жеткізетін болсаңдар», деді
ﭾﭿﮀﮁﮂﮃ
26:25
Фиръаун айналасындағыларға: «Сендер естіп тұрсыңдар ма?» деді
ﮄﮅﮆﮇﮈﮉ
26:26
Мұса : «Ол сендердің Раббың әрі бұрынғы ата-бабаларыңның Раббысы», -деді
ﮊﮋﮌﮍﮎﮏﮐﮑ
26:27
Фиръаун : «Шындығында сендерге жіберілген Елші жын соққан біреу», деді
ﮒﮓﮔﮕﮖﮗﮘﮙﮚﮛﮜ
26:28
Мұса : «Егер ақылдарыңды істететін болсаңдар, Ол шығыс пен батыстың әрі екеуінің арасындағылардың Раббысы», деді
ﮝﮞﮟﮠﮡﮢﮣﮤﮥ
26:29
Фиръаун : «Егер сен менен басқаны құдай етіп алсаң, сені зынданғатасталғандардан етемін»,- деді
ﮦﮧﮨﮩﮪﮫ
26:30
Мұса : «Мен саған айқын бірнәрсе келтірсем де ме?» деді
ﮬﮭﮮﮯﮰﮱﯓﯔ
26:31
Фиръаун : «Егер шын сөзділерден болсаң, оны әкел», деді
ﯕﯖﯗﯘﯙﯚﯛ
26:32
Сонда ол асасын тастады да, сол уақытта ол нағызжыланға айналды
ﯜﯝﯞﯟﯠﯡﯢ
26:33
Әрі қолын шығарғанда ол қарап тұрғандарға аппақ нұрлы болды
ﯣﯤﯥﯦﯧﯨﯩﯪ
26:34
Фиръаун айналасындағы уәзірлеріне: «Негізінде бұл білгір сиқыршы
ﯫﯬﯭﯮﯯﯰﯱﯲﯳ
26:35
Ол сендерді сиқыры арқылы жерлеріңнен шығарып жіберуді қалайды, енді не кеңес бересіңдер?» деді
ﯴﯵﯶﯷﯸﯹﯺﯻ
26:36
Олар: «Оны және оның бауырын қоя тұр да қалаларға сиқыршыларды жинап келушілерді жібер
ﯼﯽﯾﯿﰀ
26:37
Олар саған әрбір білгір сиқыршыны алып келсін», деді
ﰁﰂﰃﰄﰅﰆ
26:38
Сөйтіп сиқыршылар белгілі күннің белгіленген уақытына жиналды
ﰇﰈﰉﰊﰋﰌ
26:39
Әрі адамдарға: «Сендер жиналып болдыңдар ма
ﭑﭒﭓﭔﭕﭖﭗﭘ
26:40
Егер сиқыршылар жеңетін болса, біз соларға еретін шығармыз», делінді
ﭙﭚﭛﭜﭝﭞﭟﭠﭡﭢﭣﭤﭥ
26:41
Сиқыршылар келген соң, олар Фиръаунға: «Егер жеңіске жетсек, бізге сый бар ма?» -деді
ﭦﭧﭨﭩﭪﭫﭬ
26:42
Ол: «Иә. Ол жағдайда сендер маған жақындатылғандардан боласыңдар», деді
ﭭﭮﭯﭰﭱﭲﭳﭴ
26:43
Мұса Оларға: «Тастайтын нәрселеріңді тастаңдар», деді
ﭵﭶﭷﭸﭹﭺﭻﭼﭽﭾ
26:44
Олар жіптері мен асаларын таяқтарын тастап: «Фиръаунның құдіретімен ант етеміз! Әлбетте біз жеңеміз»,- деді
ﭿﮀﮁﮂﮃﮄﮅﮆﮇ
26:45
Мұса да асасын тастады, сол кезде ол олардың жасаған жалған елес етіп көрсеткен нәрселерін жұта бастады
ﮈﮉﮊﮋ
26:46
Сонда сиқыршылар сәждеге жығылды
ﮌﮍﮎﮏﮐ
26:47
Олар: «Біз әлемдердің Раббысына сендік
ﮑﮒﮓﮔ
26:48
Мұса мен Һарұнның Раббысына», деді
ﮕﮖﮗﮘﮙﮚﮛﮜﮝﮞﮟﮠﮡﮢﮣﮤﮥﮦﮧﮨﮩﮪﮫﮬ
26:49
Фиръаун : «Сендер мен рұқсат берместен бұрын оған сендіңдер ме? Негізінде ол сендерге сиқыр үйреткен үлкендерің екен. Жақында білесіңдер. Мен сендердің қол-аяқтарыңды айқыштап оң қол сол аяқ, сол қол оң аяқтарыңды кесемін жәнебарлығыңды керіп тастаймын»,- деді
ﮭﮮﮯﮰﮱﯓﯔﯕﯖ
26:50
Олар: «Бізге оның зияны жоқ! Өйткені біз -Раббымызға қайтушымыз
ﯗﯘﯙﯚﯛﯜﯝﯞﯟﯠﯡﯢ
26:51
Біз иманға келушілердің ең алдыңғылары болғанымыз үшін Раббымыздың күнәларымызды кешіруін қатты үміт етеміз», деді
ﯣﯤﯥﯦﯧﯨﯩﯪﯫﯬ
26:52
Біз Мұсаға: «Құлдарымды түн ішінде жолға алып шық, өйткені олар сендердің соңдарыңнан түседі», деп уахи еттік
ﯭﯮﯯﯰﯱﯲ
26:53
Сонда Фиръаун қалаларға әскер жинаушыларды жіберді
ﯳﯴﯵﯶﯷ
26:54
Ол : «Негізінде олар аз ғана топ
ﯸﯹﯺﯻ
26:55
Әрі олар біздің ашу-ызамызды келтірді
ﯼﯽﯾﯿ
26:56
және шын мәнінде біз барлығымыз да сақ болуымыз керек», деді
ﰀﰁﰂﰃﰄ
26:57
Біз оларды бақтары мен бұлақтарынан осылай шығардық
ﰅﰆﰇﰈ
26:58
әрі қазыналары мен сәулетті тұрақ жайларынан
ﰉﰊﰋﰌﰍﰎ
26:59
Осылай. Әрі Біз оны ол жерді Исраил ұрпақтарына мура етіп бердік
ﰏﰐﰑ
26:60
Олар Мұсаның артынан таңертең түскен еді
ﭑﭒﭓﭔﭕﭖﭗﭘﭙ
26:61
Екі топ бірін-бірі көрген кезде, Мұсаның жанындағылар: «Анығында, бізге қуып жететін болды», деді
ﭚﭛﭜﭝﭞﭟﭠﭡ
26:62
Мұса : «Жоқ, олай емес! Ақиқатында, Раббым менімен. Ол маған жол көрсетеді», -деді
ﭢﭣﭤﭥﭦﭧﭨﭩﭪﭫﭬﭭﭮﭯﭰ
26:63
Сонда Біз Мұсаға: «Таяғыңмен теңізді ұр», деп уахи еттік. Сол кезде ол теңіз екіге жарылып, әр бөлігі үлкен таудай болды
ﭱﭲﭳﭴ
26:64
Әрі Біз ол жерге басқаларды фиръаундықтарды жақындаттық
ﭵﭶﭷﭸﭹﭺ
26:65
Әрі Біз Мұсаны және онымен бірге болғандарды барлығын құтқардық
ﭻﭼﭽﭾ
26:66
Содан кейін басқаларды суға батырдық
ﭿﮀﮁﮂﮃﮄﮅﮆﮇﮈ
26:67
Шын мәнінде мұнда белгі-ғибрат бар. Бірақ олардың көбі иманға келушілерден болмады
ﮉﮊﮋﮌﮍﮎ
26:68
Ақиқатында, Раббың аса Үстем , ерекше Мейірімді
ﮏﮐﮑﮒﮓ
26:69
Оларға Ибраһим жайлы хабарды оқы
ﮔﮕﮖﮗﮘﮙﮚ
26:70
Кезінде ол әкесіне және еліне: «Сендер не нәрсеге құлшылық етесіңдер?» деді
ﮛﮜﮝﮞﮟﮠﮡ
26:71
Олар: «Біз пұттарға табынамыз әрі олармен әрқашан біргеміз», деді
ﮢﮣﮤﮥﮦﮧ
26:72
Ол: «Сұрап, жалбарынған кездерінде, олар сендерді ести ме
ﮨﮩﮪﮫﮬ
26:73
Әлде олар сендерге пайда келтіре ала ма, не зиян жеткізе ала ма?» деді
ﮭﮮﮯﮰﮱﯓﯔ
26:74
Олар: «Жоқ. Біз аталарымыздың құлшылықтарын осылай жасайтынын көрдік», -деді
ﯕﯖﯗﯘﯙﯚ
26:75
Ол: «Не нәрсеге табынып жатқандарыңа байқап қарадыңдар ма
ﯛﯜﯝﯞ
26:76
өздеріңнің және бұрынғы өткен аталарыңның
ﯟﯠﯡﯢﯣﯤﯥ
26:77
Ақиқатында, тек әлемдердің Раббысынан басқа олардың пұттардың бәрі менің жауым
ﯦﯧﯨﯩﯪ
26:78
Ол мені жаратты әрі Ол мені тура жолмен жүргізеді
ﯫﯬﯭﯮﯯ
26:79
және Ол мені тамақтандырады әрі сусындатады
ﯰﯱﯲﯳﯴ
26:80
Ал, ауырған кезімде, Ол маған шипа береді
ﯵﯶﯷﯸﯹ
26:81
Әрі Ол мені өлтіреді, содан кейін тірілтеді
ﯺﯻﯼﯽﯾﯿﰀﰁﰂ
26:82
Ал Есеп күні мен Оның қателерімді кешіруін үміт етемін
ﰃﰄﰅﰆﰇﰈﰉ
26:83
Раббым! Маған даналық білім бер және мені ізгілермен бірге ет
ﭑﭒﭓﭔﭕﭖﭗ
26:84
Және кейінгілердің ішінде мені тура сөз турашылдықтың тілі ет
ﭘﭙﭚﭛﭜﭝ
26:85
және мені Наъим жәннатының мұрагерлерінен ете гөр
ﭞﭟﭠﭡﭢﭣﭤ
26:86
Әрі әкемді кешір, өйткені ол адасушылардан болды
ﭥﭦﭧﭨﭩ
26:87
және олар қайта тірілтілетін күні мені қор ете көрме», деді
ﭪﭫﭬﭭﭮﭯﭰ
26:88
Ол күні байлық та, балалар да пайда бермейді
ﭱﭲﭳﭴﭵﭶﭷ
26:89
тек Аллаһқа cay жүрекпен келгендер ғана басқа
ﭸﭹﭺﭻ
26:90
Әрі тақуаларға Раббысына бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанатындарға Жәннат жақындатылады
ﭼﭽﭾﭿ
26:91
Ал, адасқандарға Жаһим тозағы көрсетіледі
ﮀﮁﮂﮃﮄﮅﮆ
26:92
Оларға: «Сендердің табынғандарың қайда
ﮇﮈﮉﮊﮋﮌﮍﮎ
26:93
Аллаһтан өзге? Олар сендерге жәрдем бере ала ма, әлде өздеріне көмек бере ала ма?» делінеді
ﮏﮐﮑﮒﮓ
26:94
Сөйтіп олар және адасқандар оның ішіне лақтырылады
ﮔﮕﮖﮗ
26:95
әрі Ібілістің жын мен адамнан болганШ әскерлерінің барлығы да
ﮘﮙﮚﮛﮜ
26:96
Олар онда тартысқан күйлерінде
ﮝﮞﮟﮠﮡﮢﮣ
26:97
«Аллаһпен ант етейік, шын мәнінде біз анық адасуда болыппыз
ﮤﮥﮦﮧﮨ
26:98
сендерді әлемдердің Раббысына теңеген кезімізде
ﮩﮪﮫﮬﮭ
26:99
Бізді тек қылмыскерлер күнәһарлар адастырды
ﮮﮯﮰﮱﯓ
26:100
Енді бізге ара түсушілер жоқ
ﯔﯕﯖﯗ
26:101
жанашыр дос та жоқ
ﯘﯙﯚﯛﯜﯝﯞﯟ
26:102
Егер де бізге қайту мүмкіндігі болғанда, онда біз имандылардан мүміндерден болар едік», дейді
ﯠﯡﯢﯣﯤﯥﯦﯧﯨﯩ
26:103
Әлбетте Мұнда осы оқиғада белгі-ғибрат бар. Бірақ олардың көпшілігі иманға келмейді
ﯪﯫﯬﯭﯮﯯ
26:104
Ақиқатында, Раббың бәрінен Үстем , ерекше Мейірімді
ﯰﯱﯲﯳﯴ
26:105
Нұхтың елі елшілерді өтірікшіге шығарды
ﯵﯶﯷﯸﯹﯺﯻﯼ
26:106
Кезінде оларға ағайыны Нұх: «Сендер қорықпайсыңдар ма
ﯽﯾﯿﰀﰁ
26:107
Ақиқатында, мен сендерге сенімді бір Елшімін
ﰂﰃﰄﰅ
26:108
енді Аллаһтан Оның тыйымдарынан қорқып, сақтаныңдар және маған бағыныңдар
ﰆﰇﰈﰉﰊﰋﰌﰍﰎﰏﰐﰑﰒ
26:109
Мен сендерден бұл үшін сыйақы сұрамаймын. Менің сыйым әлемдердің Раббысында
ﰓﰔﰕﰖ
26:110
Енді Аллаһтан Оның жазасынан қорқып, сақтаныңдар және маған бағыныңдар»,- деді
ﰗﰘﰙﰚﰛﰜﰝ
26:111
Олар: «Саған ілескендер ең төмен бейшара адамдар болса, біз саған сенеміз бе?» деді
ﭑﭒﭓﭔﭕﭖﭗ
26:112
Ол: «Менде олардың не істегендері туралы білім жоқ
ﭘﭙﭚﭛﭜﭝﭞﭟﭠ
26:113
Егер де сезетін аңғаратын болсаңдар, олардың есебі Раббымда
ﭡﭢﭣﭤﭥ
26:114
Әрі мен иманға келгендерді қумаймын
ﭦﭧﭨﭩﭪﭫ
26:115
Мен тек анық ескертуші ғанамын»,- деді
ﭬﭭﭮﭯﭰﭱﭲﭳﭴ
26:116
Олар: «Ей, Нұх! Егер насихатыңды тоқтатпасаң, таспен атқыланғандардан боласың», деді
ﭵﭶﭷﭸﭹﭺ
26:117
Ол: «Раббым! Елім мені өтірікші санады
ﭻﭼﭽﭾﭿﮀﮁﮂﮃﮄ
26:118
Енді мені мен олардың арасына нақ үкім бер және мені әрі менімен бірге болған имандыларды құтқар», деді
ﮅﮆﮇﮈﮉﮊﮋ
26:119
Сонда, Біз оны және онымен бірге болғандарды лық толы кемеде құтқардық
ﮌﮍﮎﮏﮐ
26:120
Содан кейін қалғандарды суға батырдық
ﮑﮒﮓﮔﮕﮖﮗﮘﮙﮚ
26:121
Әлбетте, мұнда белгі-ғибрат бар. Бірақ олардың көпшілігі иманға келмейді
ﮛﮜﮝﮞﮟﮠ
26:122
Ей, Мұхаммед! Ақиқатында, Раббың бәрінен Үстем, ерекше Мейірімді
ﮡﮢﮣﮤ
26:123
Ад елі елшілерді өтірікшігешығарды
ﮥﮦﮧﮨﮩﮪﮫﮬ
26:124
Сонда оларға ағайыны Һұд: «Сендер қорықпайсыңдар ма
ﮭﮮﮯﮰﮱ
26:125
Ақиқатында мен сендерге сенімді бір Елшімін
ﯓﯔﯕﯖ
26:126
енді Аллаһтан Оның тыйымдарынан қорқып, сақтаныңдар және маған бағыныңдар
ﯗﯘﯙﯚﯛﯜﯝﯞﯟﯠﯡﯢﯣ
26:127
Мен сендерден бұл үшін сыйақы сұрамаймын. Менің сыйым әлемдердің Раббысында
ﯤﯥﯦﯧﯨﯩ
26:128
Сендер әр төбеге қажетсіз бір белгі ескерткіш тұрғызасыңдар ма
ﯪﯫﯬﯭﯮ
26:129
Әрі мәңгі өмір сүретіндей сарайлар саласыңдар
ﯯﯰﯱﯲﯳ
26:130
Ал, біреуді ұстасаңдар, қатыгездікпен ұстадыңдар жазаладыңдар
ﯴﯵﯶﯷ
26:131
Енді Аллаһтан Оның тыйымдарынан қорқып, сақтаныңдар және маған бағыныңдар
ﯸﯹﯺﯻﯼﯽ
26:132
Сендерді өздерің білетін нәрселермен қамтамасыз еткеннен қорқыңдар
ﯾﯿﰀﰁ
26:133
Ол сендерге малдарды және ұлдарды берді
ﰂﰃﰄ
26:134
бақтар мен бұлақтарды
ﰅﰆﰇﰈﰉﰊﰋ
26:135
Ақиқатында, мен сендерге ұлы Күннің азабы түсуінен қорқамын», деді
ﰌﰍﰎﰏﰐﰑﰒﰓﰔﰕ
26:136
Олар: «Сен үгіттесең де, үгіттеушілерден болмасаң да біз үшін бәрібір
ﭑﭒﭓﭔﭕﭖ
26:137
Бұл бар болғаны бұрынғылардың салты ғана
ﭗﭘﭙﭚ
26:138
әрі біз азапталмаймыз», деді
ﭛﭜﭝﭞﭟﭠﭡﭢﭣﭤﭥﭦﭧ
26:139
Сөйтіп олар оны өтірікшіге шығарды, сонда Біз оларды жойдық. Әлбетте Мұнда осы оқиғада дәлел бар. Бірақ олардың көпшілігі иманға келмейді
ﭨﭩﭪﭫﭬﭭ
26:140
Ей, Мұхаммед! Ақиқатында, Раббың бәрінен Үстем, ерекше Мейірімді
ﭮﭯﭰﭱ
26:141
Сәмұд елі елшілерді өтірікшіге шығарды
ﭲﭳﭴﭵﭶﭷﭸﭹ
26:142
Сонда оларға ағайыны Салих: «Сендер қорықпайсыңдар ма
ﭺﭻﭼﭽﭾ
26:143
Анығында, мен сендерге сенімді бір Елшімін
ﭿﮀﮁﮂ
26:144
енді Аллаһтан Оның жазасынан қорқып, сақтаныңдар және маған бағыныңдар
ﮃﮄﮅﮆﮇﮈﮉﮊﮋﮌﮍﮎﮏ
26:145
Мен сендерден бұл үшін сыйақы сұрамаймын. Менің сыйым әлемдердің Раббысында
ﮐﮑﮒﮓﮔﮕ
26:146
Сендер осындағы бар нәрселердің арасында қауіпсіз күйде қалдырыласыңдар ма
ﮖﮗﮘﮙ
26:147
бақтар мен бұлақтардың
ﮚﮛﮜﮝﮞ
26:148
және егіндіктер мен жемісі жұмсақ құрма ағаштары арасында
ﮟﮠﮡﮢﮣﮤ
26:149
Әрі сендер менмендік танытып, тауларда үйлер қашап аласыңдар
ﮥﮦﮧﮨ
26:150
Енді Аллаһтан Оның тыйымдарынан қорқып, сақтаныңдар және маған бағыныңдар
ﮩﮪﮫﮬﮭ
26:151
Әрі шектен шығушылардың бұйрығына бағынбаңдар
ﮮﮯﮰﮱﯓﯔﯕ
26:152
сондай, жер бетінде бұзу-бүлдірушілік жасап, ешбір нәрсе түзетпейтіндердің», деді
ﯖﯗﯘﯙﯚﯛ
26:153
Олар: «Шын мәнінде сен сиқырланғанның бірісің
ﯜﯝﯞﯟﯠﯡﯢﯣﯤﯥﯦﯧ
26:154
Сен бар болғаны біз секілді бір адамсың. Егер шын сөзділерден болсаң, онда бір белгі келтір»,- деді
ﯨﯩﯪﯫﯬﯭﯮﯯﯰﯱ
26:155
Ол Салих : «Міне, мынау түйе. Оның су ішетін кезегі әрі сендердің де су ішетін кезектерің белгіленген күндер бойынша бөлінеді
ﯲﯳﯴﯵﯶﯷﯸﯹ
26:156
Оған жамандықпен тиіспеңдер, болмаса сендерге ұлы Күннің азабы тиеді», деді
ﯺﯻﯼﯽ
26:157
Алайда олар оның тірсегін кесіп өлтіріп , кейін өкінушілерге айналды
ﯾﯿﰀﰁﰂﰃﰄﰅﰆﰇﰈﰉﰊ
26:158
Сонда оларға азап түсті. Әлбетте мұнда осы оқиғада дәлел-ғибрат бар. Алайда олардың көпшілігі иманға келмейді
ﰋﰌﰍﰎﰏﰐ
26:159
Ей, Мұхаммед! Ақиқатында, Раббың бәрінен Үстем, ерекше Мейірімді
ﭑﭒﭓﭔﭕ
26:160
Лұттың елі елшілерді өтірікшіге шығарды
ﭖﭗﭘﭙﭚﭛﭜﭝ
26:161
Оларға ағайыны Лұт: «Сендер Аллаһтың жазасынан қорқып,сақтанбайсыңдарма
ﭞﭟﭠﭡﭢ
26:162
Ақиқатында мен сендерге сенімді бір Елшімін
ﭣﭤﭥﭦ
26:163
енді Аллаһтан Оның жазасынан қорқып, сақтаныңдар және маған бағыныңдар
ﭧﭨﭩﭪﭫﭬﭭﭮﭯﭰﭱﭲﭳ
26:164
Мен сендерден бүл үшін сыйақы сұрамаймын. Менің сыйым – әлемдердің Раббысында
ﭴﭵﭶﭷﭸ
26:165
Бүкіл әлемдердің ішінде сендер еркектермен жақындасып
ﭹﭺﭻﭼﭽﭾﭿﮀﮁﮂﮃﮄﮅ
26:166
өздеріңнің Раббың, сендер үшін жаратқан жұбайларыңды тастайсыңдар ма? Күмәнсіз, сендер шектен шыққан елсіңдер», деді
ﮆﮇﮈﮉﮊﮋﮌﮍﮎ
26:167
Олар: «Ей, Лұт! Егер сен тоқтатпасаң, әлбетте, елден қуып шығарылғандардан боласың», деді
ﮏﮐﮑﮒﮓﮔ
26:168
Ол: «Әрине, мен сендердің істеріңнен жиіркенемін
ﮕﮖﮗﮘﮙﮚ
26:169
Раббым! Мені және үй-ішімді олардың істеп жатқандарынан құтқар», деді
ﮛﮜﮝﮞ
26:170
Сонда Біз оны және оның үй ішінің барлығын құтқардық
ﮟﮠﮡﮢﮣ
26:171
тек, қалатындардың қатарындағы бір кемпірден басқасын
ﮤﮥﮦﮧ
26:172
Содан кейін, басқаларын жойып жібердік
ﮨﮩﮪﮫﮬﮭﮮﮯ
26:173
Әрі олардың үстіне жаңбыр жаудырдық. Ескертілгендердің жаңбыры неткен жаман
ﮰﮱﯓﯔﯕﯖﯗﯘﯙﯚ
26:174
Әлбетте осыда бұл хабарда белгі-ғибрат бар. Бірақ олардың көпшілігі иманға келмейді
ﯛﯜﯝﯞﯟﯠ
26:175
Ей, Мұхаммед! Ақиқатында Раббың әл-’Азиз бәрінен Үстем , әр-Рахим ерекше Мейірімді
ﯡﯢﯣﯤﯥ
26:176
Әйке тұрғындары елшілерді өтірікшіге шығарды
ﯦﯧﯨﯩﯪﯫﯬ
26:177
Сонда оларға Шұғайып: «Сендер қорықпайсыңдар ма
ﯭﯮﯯﯰﯱ
26:178
Ақиқатында мен сендерге сенімді бір Елшімін
ﯲﯳﯴﯵ
26:179
енді Аллаһтан Оның жазасынан қорқып, сақтаныңдар және маған бағыныңдар
ﯶﯷﯸﯹﯺﯻﯼﯽﯾﯿﰀﰁﰂ
26:180
Мен сендерден бұл үшін сыйақы сұрамаймын. Менің сыйым әлемдердің Раббысында
ﰃﰄﰅﰆﰇﰈﰉﰊ
26:181
Өлшеуді толық сақтаңдар, кемітушілерден болмаңдар
ﰋﰌﰍﰎ
26:182
әрі тура таразымен тартыңдар
ﰏﰐﰑﰒﰓﰔﰕﰖﰗﰘ
26:183
және адамдардың заттарын кемітіп бермеңдер әрі бұзу-бүлдірушілік жасап, жер бетіне таратпаңдар
ﭑﭒﭓﭔﭕﭖ
26:184
Әрі сендерді және алғашқы ұрпақтарды жаратқаннан қорқыңдар», деді
ﭗﭘﭙﭚﭛﭜ
26:185
Олар: «Шын мәнінде сен сиқырланған адамдардың бірісің
ﭝﭞﭟﭠﭡﭢﭣﭤﭥﭦ
26:186
Әрі сен бар болғаны біз сияқты адамсың. Біз сені сөзсіз өтірікшілерден деп ойлаймыз
ﭧﭨﭩﭪﭫﭬﭭﭮﭯﭰ
26:187
Егер шын сөзділерден болсаң, үстімізге аспаннан бір бөлік түсір», деді
ﭱﭲﭳﭴﭵﭶ
26:188
Ол Шұғайып : «Раббым сендердің не істеп жатқандарыңды жақсы біледі»,- деді
ﭷﭸﭹﭺﭻﭼﭽﭾﭿﮀﮁﮂ
26:189
Олар оны өтірікші санады. Сондықтан оларға көлеңкелі күннің азабы түсті. Негізінде ол ұлы Күннің азабы еді
ﮃﮄﮅﮆﮇﮈﮉﮊﮋﮌ
26:190
Әлбетте мұнда осы хабарда белгі-ғибрат бар. Бірақ олардың көпшілігі иманға келмейді
ﮍﮎﮏﮐﮑﮒ
26:191
Ей, Мұхаммед Ақиқатында, Раббың бәрінен Үстем, ерекше Мейірімді
ﮓﮔﮕﮖﮗ
26:192
Шын мәнінде, бұл Құран әлемдердің Раббысының түсіргені
ﮘﮙﮚﮛﮜ
26:193
Оны сенімді Рух Жәбірейіл түсірді
ﮝﮞﮟﮠﮡﮢ
26:194
ескертушілерден болуың үшін сенің жүрегіңе
ﮣﮤﮥﮦ
26:195
анық араб тілінде түсірді
ﮧﮨﮩﮪﮫ
26:196
Әрі ол жайлы бұрынғылардың кітаптарында бар
ﮬﮭﮮﮯﮰﮱﯓﯔﯕﯖ
26:197
Оны Исраил ұрпақтарының ғалымдары білуі, олар үшін жеткілікті дәлел болмады ма
ﯗﯘﯙﯚﯛﯜ
26:198
Егер де оны араб емес, өзгелердің біріне түсіріп
ﯝﯞﯟﯠﯡﯢﯣ
26:199
ол оны оларға оқып берсе де, олар бәрібір оған сенуші болмас еді
ﯤﯥﯦﯧﯨﯩ
26:200
Біз қылмыскерлердің жүректеріне оны имансыздықты, қарсы келуді осылай кіргіземіз
ﯪﯫﯬﯭﯮﯯﯰﯱ
26:201
Олар күйзелтуші азапты көрмейінше, оған сенбейді
ﯲﯳﯴﯵﯶﯷ
26:202
Ол жаза кенеттен, олар оны сезбеген күйлерінде келеді
ﯸﯹﯺﯻﯼ
26:203
Сонда олар: «Бізге бір мұрсат беріле ме?» дейді
ﯽﯾﯿ
26:204
Олар Біздің азабымыздың тез болуын қалай ма
ﰀﰁﰂﰃﰄ
26:205
Ей, Мұхаммед! Көрдің бе, егер оларды жылдар бойы пайдаландырсақ
ﰅﰆﰇﰈﰉﰊ
26:206
содан кейін оларға, уәде етілген нәрсе келгенде
ﭑﭒﭓﭔﭕﭖﭗ
26:207
сол пайдаланып келгендері оларды құтқармайды
ﭘﭙﭚﭛﭜﭝﭞﭟ
26:208
Біз ескертушіні жібермей тұрып, ешбір елді мекенді жойған емеспіз
ﭠﭡﭢﭣﭤ
26:209
Оларды еске салу үшін жібергенбіз . Біз әділетсіздік жасаған жоқпыз
ﭥﭦﭧﭨﭩ
26:210
Әрі оны Құранды шайтандар алып түскен жоқ
ﭪﭫﭬﭭﭮﭯ
26:211
Олар бұған лайықты емес әрі олар істей алмайды
ﭰﭱﭲﭳﭴ
26:212
Анығында, олар оны тыңдаудан шеттетілген
ﭵﭶﭷﭸﭹﭺﭻﭼﭽﭾ
26:213
Ей, Мұхаммед! Аллаһпен қатар өзге құдайды шақырма басқадан тілеме , олай етсең, азапқа салынатындардан боласың
ﭿﮀﮁﮂ
26:214
Әрі жақын туыстарыңды сақтандырып, ескерт
ﮃﮄﮅﮆﮇﮈﮉ
26:215
Әрі өзіңе ерген имандыларға қанатыңды игін
ﮊﮋﮌﮍﮎﮏﮐﮑ
26:216
Егер олар сені тыңдамаса: «Сендердің істеп жатқандарыңа менің қатысым жоқ», -де
ﮒﮓﮔﮕﮖ
26:217
Әрі бәрінен Үстем, ерекше Мейірімдіге жүгініп, Оған ісіңді тапсыр тәуекел ет
ﮗﮘﮙﮚﮛ
26:218
Ол сені намазда тұрғанында көріп тұрады
ﮜﮝﮞﮟ
26:219
әрі сәжде етушілердің ішінде ауысу қимылдарын істегеніңді
ﮠﮡﮢﮣﮤ
26:220
Ақиқатында, Ол бәрін Естуші , бәрін Білуші
ﮥﮦﮧﮨﮩﮪﮫ
26:221
Шайтандардың кімге түсетіні туралы сендерге хабар берейін бе
ﮬﮭﮮﮯﮰﮱ
26:222
Олар әрбір өтірікшіге,күнәһарға түседі
ﯓﯔﯕﯖﯗ
26:223
Олар естігендерін адамдарға тастайды жеткізеді , ал олардың көбі өтірікші
ﯘﯙﯚﯛ
26:224
Әрі ақындарға адасушылар ереді
ﯜﯝﯞﯟﯠﯡﯢﯣ
26:225
Көрмедің бе, олардың барлық алқаптарда беталды лағып жүргенін
ﯤﯥﯦﯧﯨﯩ
26:226
әрі өздері істемейтінді айтатындарын
ﯪﯫﯬﯭﯮﯯﯰﯱﯲﯳﯴﯵﯶﯷﯸﯹﯺﯻﯼﯽﯾ
26:227
Алайда иманға келген және ізгі амал істегендер, Аллаһты көп еске алғандар және әділетсіздікке ұшырағаннан кейін өздерін қорғағандар бұдан бөлек. Ал, әділетсіздік істегендер өздерінің қайтып баратын жерлерін жақында біледі
Құран Кәрім
Wednesday, September 9, 2026
Don't forget us in your sincere prayers







