Сүресі Ан-Намль
PDF —
Built right in your browser — download starts automatically
Сүресі Ан-Намль pdf — Жүктеу (Қазақша)
Сүресі Ан-Намль pdf Қазақша — Жүктеу Сүресі Ан-Намль Аударма. Ан-Намль (Meccan) 93 Аят.
Related
- Ан-Намль АудармаҚазақша
- Ан-Намль mp3Тыңда
- Quran Index Қазақша114
More Сүресі PDF
Сүресі Ан-Намль

ﭑﭒﭓﭔﭕﭖﭗﭘ
Та. Син. Бұл Құранның және анық Кітаптың аяттары
ﭙﭚﭛﭜ
иманға келгендер үшін жолбасшы тура жолды ұстануға басшылық әрі қуанышты хабар
ﭝﭞﭟﭠﭡﭢﭣﭤﭥﭦ
Олар намазды барлық шарттарын сақтап, беріле толық орындайтындар, зекетті беретіндер және соңғы мәңгілік өмірге ақиретке айқын сенетіндер
ﭧﭨﭩﭪﭫﭬﭭﭮﭯﭰﭱ
Анығында, соңғы мәңгілік өмірге ақиретке сенбейтіндерге Біз амалдарын әдемі етіп көрсеттік, сөйтіп олар адасуларында лағып жүреді
ﭲﭳﭴﭵﭶﭷﭸﭹﭺﭻﭼ
Міне, солар азаптың жаманына ұшырайтындар, ал соңғы, мәңгілік өмірде ақиретте олар бәрінен көп зиян шегеді
ﭽﭾﭿﮀﮁﮂﮃﮄ
Ей, Мұхаммед! Шын мәнінде, сен Құранды аса Дана, бәрін Білушіден алудасың
ﮅﮆﮇﮈﮉﮊﮋﮌﮍﮎﮏﮐﮑﮒﮓﮔﮕ
Кезінде Мұса үй ішіне: «Мен бір от көрдім, сендерге ол жақтан бір хабар немесе жылынуларың үшін тамызық етуге шоқ алып келейін»,- деді
ﮖﮗﮘﮙﮚﮛﮜﮝﮞﮟﮠﮡﮢﮣﮤ
Ол оған келген кезде: «Отта нұрда болғанға және оның айналасындағыға береке болсын. Әлемдердің Раббысы Аллаһ барлық кемшіліктен пәк
ﮥﮦﮧﮨﮩﮪﮫ
Ей, Мұса! Ақиқатында, Мен бәрінен Үстем , аса Дана Аллаһпын
ﮬﮭﮮﮯﮰﮱﯓﯔﯕﯖﯗﯘﯙﯚﯛﯜﯝﯞﯟﯠﯡﯢ
Таяғыңды таста», деп үнделді . Ол оның жылан тәрізді ирелендегенін көргенде, теріс бұрыла қашты әрі қайрылып қарамады. Аллаһ айтты : «Ей, Мұса! Қорықпа, өйткені елшілер Менің алдымда қорықпайды
ﯣﯤﯥﯦﯧﯨﯩﯪﯫﯬﯭﯮ
Ал, егер кім әділетсіздік жасап, кейін жамандықты жақсылықпен алмастырса, ақиқатында, Мен өте Кешірімді , ерекше Мейірімдімін
ﯯﯰﯱﯲﯳﯴﯵﯶﯷﯸﯹﯺﯻﯼﯽﯾﯿﰀﰁﰂﰃﰄ
Қолыңды қойныңа кіргіз, ол зиянсыз аппақ болып шығады. Бүл Фиръаунға және оның еліне жіберілетін тоғыз белгінің бірі. Шын мәнінде, олар бұзық бойсұнбайтын ел», деді
ﰅﰆﰇﰈﰉﰊﰋﰌﰍ
Белгілерімізді оларға көрінетін түрде алып келгенде, олар: «Бұл анық сиқыр»,- деді
ﭑﭒﭓﭔﭕﭖﭗﭘﭙﭚﭛﭜﭝ
Олар іштей көздері жетіп тұрса да әділетсіздік етіп әрі менменси өздерін жоғары қойып, оларды белгілерді мойындамады. Қара, бұзушы-бүлдірушілердің соңы қалай болды
ﭞﭟﭠﭡﭢﭣﭤﭥﭦﭧﭨﭩﭪﭫﭬﭭﭮ
Біз Дәуіт пен Сүлейменге білім бердік. Ол екеуі: «Барлық мақтау иманды құлдарының көбісінен бізге артықшылық берген Аллаһқа!» деді
ﭯﭰﭱﭲﭳﭴﭵﭶﭷﭸﭹﭺﭻﭼﭽﭾﭿﮀﮁﮂﮃ
Сүлеймен Дәуітке мұрагер болды. Ол: «Әй, адамдар! Бізге құстардың тілі үйретілді әрі бізге әрбір нәрседен берілді. Әлбетте, бүл айқын кеңшілік», -деді
ﮄﮅﮆﮇﮈﮉﮊﮋﮌﮍ
Әрі Сүлейменнің жындардан, адамдардан және құстардан болған әскерлері топтарға бөлінген түрде тізіліп оның алдына жиналды
ﮎﮏﮐﮑﮒﮓﮔﮕﮖﮗﮘﮙﮚﮛﮜﮝﮞﮟﮠﮡ
Қашан олар құмырсқалар алқабына келгендерінде, бір аналық құмырсқа: «Ей, құмырсқалар! Илеулеріңе тұрақтарыңа кіріндер. Сүлеймен және оның әскерлері сендерді байқамай таптап кетпесін!» деді
ﮢﮣﮤﮥﮦﮧﮨﮩﮪﮫﮬﮭﮮﮯﮰﮱﯓﯔﯕﯖﯗﯘﯙﯚﯛ
Сонда ол Сүлеймен оның сөзіне жымиып күлді де: «Раббым! Сенің маған және ата-анама берген игілігің үшін шүкір етуімді алғыс білдіруімді әрі Өзің разы болатын ізгі амалдар істеуімді көкейіме салып, нәсіп ет. Әрі мені Өз мейіріміңмен ізгі құлдарыңның арасына кіргіз», деді
ﯜﯝﯞﯟﯠﯡﯢﯣﯤﯥﯦﯧﯨ
Әрі ол Сүлеймен құстарды түгендеді де: «Неге бәбісекті һудһудты көрмей тұрмын, әлде ол келмей қалғандардан болды ма
ﯩﯪﯫﯬﯭﯮﯯﯰﯱﯲ
Сөзсіз, мен оны қатты азаппен қинаймын немесе оны бауыздаймын, не ол маған үзірі үшін анық бір дәлел келтірсін», деді
ﯳﯴﯵﯶﯷﯸﯹﯺﯻﯼﯽﯾﯿﰀﰁ
Сонда ол бәбісек көп кешікпей келіп: «Мен сен білмеген бірнәрсені білдім әрі саған Сәба жұртынан бір анық хабар алып келдім
ﭑﭒﭓﭔﭕﭖﭗﭘﭙﭚﭛﭜ
Ақиқатында Оларға патшалық етіп отырған бір әйелді көрдім. Оған барлық нәрседен берілген және оның орасан үлкен тағы бар
ﭝﭞﭟﭠﭡﭢﭣﭤﭥﭦﭧﭨﭩﭪﭫﭬﭭﭮ
Мен оның елінің Аллаһқа емес, күнге табынғанын көрдім. Шайтан оларға амалдарын әдемі көрсету арқылы, жолдан бұрған. Олар тура жолмен жүріп келе жатқан жоқ
ﭯﭰﭱﭲﭳﭴﭵﭶﭷﭸﭹﭺﭻﭼﭽ
Бұл олардың аспандар мен жердегі жасырын нәрсені әшкерелеуші және сендердің жасырғандарың мен әшкере еткендеріңді білуші Аллаһқа сәжде етпеуі үшін жасалған
ﭾﭿﮀﮁﮂﮃﮄﮅﮆﮇ
Аллаһтан басқа ешбір құдай жоқ. Ол ұлы Аршының Раббысы», деді
ﮈﮉﮊﮋﮌﮍﮎﮏﮐ
Ол Сүлеймен : «Сенің шындықты айтқаныңды не өтірікшілерден екеніңді көреміз
ﮑﮒﮓﮔﮕﮖﮗﮘﮙﮚﮛﮜ
Мына хатымды апарып, оларға таста. Кейін бір шетте тұрып, олардың не жауап қайтаратынын байқа»,- деді
ﮝﮞﮟﮠﮡﮢﮣﮤﮥ
Ол патша әйел : «Ей, уәзірлер! Маған бір құрметті хат тасталды
ﮦﮧﮨﮩﮪﮫﮬﮭﮮ
Ол Сүлейменнен. Онда: «Бисмилләһир Рахманир Рахим аса Қайырымды, ерекше Мейірімді Аллаһтың атымен бастаймын
ﮯﮰﮱﯓﯔﯕ
Сендер менің алдыма тәкаппарланбай, бойсұнған күйде келіңдер», деп жазылған», деді
ﯖﯗﯘﯙﯚﯛﯜﯝﯞﯟﯠﯡﯢ
Ол: «Ей, уәзірлер! Менің ісіме қатысты кеңес беріңдер. Сендер менімен бірге болмайынша, ешбір мәселені шешкен емеспін», деді
ﯣﯤﯥﯦﯧﯨﯩﯪﯫﯬﯭﯮﯯ
Олар: «Біз қуатқа иеміз әрі дайындығымыз күшті. Алайда әмір ету сенің қолыңда. Бізге не бұйыратыныңды өзің қарап көр», деді
ﯰﯱﯲﯳﯴﯵﯶﯷﯸﯹﯺﯻﯼﯽﯾ
Ол: «Патшалар бір елді мекенге кірсе, оны қиратады және елдің құрметтілерін қор етеді. Бұлар да осылай істейді
ﯿﰀﰁﰂﰃﰄﰅﰆﰇ
Мен оларға бір сыйлық жіберіп, елшілердің немен қайтатынын көрейін»,.- деді
ﭑﭒﭓﭔﭕﭖﭗﭘﭙﭚﭛﭜﭝﭞﭟﭠﭡﭢ
Сүлейменге олардың елшісі келгенде, ол: «Сендер маған дүниемен көмек бермекшісіңдер ме? Аллаһтың маған бергені сендердің ұсынғандарыңнан артық. Негізінде сыйлыққа өздерің ғана мәз боласыңдар
ﭣﭤﭥﭦﭧﭨﭩﭪﭫﭬﭭﭮﭯﭰ
Оларға қайтып бар. Біз олар қарсы тұра алмайтын әскермен барамыз да ол жерден оларды қорланған күйлерінде, бейшара етіп қуып шығарамыз», деді
ﭱﭲﭳﭴﭵﭶﭷﭸﭹﭺﭻ
Ол Сүлеймен : «Ей, уәзірлер! Олар маған бойсұнып келуден бұрын, оның тағын маған қайсыларың алып келе аласыңдар?» деді
ﭼﭽﭾﭿﮀﮁﮂﮃﮄﮅﮆﮇﮈﮉﮊﮋﮌﮍ
Жындардан бір күштісі: «Мен оны саған орныңнан тұрғаныңнан бұрын алып келемін. Бұл іске күшім жетеді әрі сеніп тапсыруға лайықтымын», деді
ﮎﮏﮐﮑﮒﮓﮔﮕﮖﮗﮘﮙﮚﮛﮜﮝﮞﮟﮠﮡﮢﮣﮤﮥﮦﮧﮨﮩﮪﮫﮬﮭﮮﮯﮰﮱﯓﯔﯕﯖﯗﯘ
Өзінде Кітаптан білімі болған біреу: «Мен саған оны жанарың өзіңе қайтқанша әкелемін», деді. Ол Сүлеймен оның тақтың өзінің алдында орныққанын көргенде: «Бұл- Раббымның кеңшілігі. Шүкір етемін бе Оның берген игіліктеріне алғыс білдіремін бе әлде күпірлік етемін бе шүкіршілік білдірмеймін бе мені сынау үшін берген. Кім шүкір етсе Раббысының берген игіліктеріне разы болып, алғыс білдірсе , өз пайдасы үшін шүкір етеді. Ал кім күпірлік етсе өзіне берілгенді мойындамаса , ақиқатында Раббым бәрінен Бай, мұқтажсыз , аса Жомарт », деді
ﯙﯚﯛﯜﯝﯞﯟﯠﯡﯢﯣﯤﯥ
Ол: «Оның тағын, танымайтындай етіп өзгертіңдер. Ол әйел жол табар ма екен, әлде тура жолмен жүрмегендерден болар ма екен, көрейік?» деді
ﯦﯧﯨﯩﯪﯫﯬﯭﯮﯯﯰﯱﯲﯳﯴﯵﯶ
Ал, ол патша әйел келген кезде, оған оның өзінің тағын сәл өзгертіп : «Сеніңтағың осындай ма еді?» деп айтылды. Ол патша әйел : «Дәл өзі сияқты», деді. Сүлеймен : «Бізге білім одан ол әйелден бұрын берілді және біз мұсылман болдық бойсұндық », деді
ﯷﯸﯹﯺﯻﯼﯽﯾﯿﰀﰁﰂﰃﰄ
Ал, оны ол әйелді иманнан Аллаһтан өзге табынғандары тосқан еді. Анығында, ол кәпір елден болатын
ﰅﰆﰇﰈﰉﰊﰋﰌﰍﰎﰏﰐﰑﰒﰓﰔﰕﰖﰗﰘﰙﰚﰛﰜﰝﰞﰟﰠﰡﰢﰣﰤ
Оған: «Сарайға кір», делінді. Ол оны көргенде су деп ойлап, етегін түріп балтырын ашты. Сүлеймен : «Бұл хрустальдан бір тегіс етіп жасалған сарай», деді. Сонда ол : «Раббым! Ақиқатында мен өзіме-өзім әділетсіз болыппын, мен Сүлейменмен бірге әлемдердің Раббысы Аллаһқа бойсұндым», деді
ﭑﭒﭓﭔﭕﭖﭗﭘﭙﭚﭛﭜﭝﭞ
Сәмұд еліне Аллаһқа құлшылық етіңдер деп ағайыны Салихты жібердік. Сонда олар өзара тартысқан екі топқа бөлінді
ﭟﭠﭡﭢﭣﭤﭥﭦﭧﭨﭩﭪﭫﭬ
Ол: «Әй, елім! Сендер неге жақсылықтан бұрын жамандықты асықтырасыңдар? Өздеріңе рақым етілуі үшін Аллаһтан кешірім сұрамайсыңдар ма?» деді
ﭭﭮﭯﭰﭱﭲﭳﭴﭵﭶﭷﭸﭹﭺﭻﭼ
Олар: «Біз сені және сенімен бірге болғандарды жамандықтың нышаны деп есептейміз»,- деді. Ол: «Жаман белгі дегендерің Аллаһтан. Керісінше сендер сынаққа ұшырап жатқан елсіңдер», деді
ﭽﭾﭿﮀﮁﮂﮃﮄﮅﮆﮇ
Ал, сол қалада тоғыз кісі бар еді. Олар жер бетінде елінде бұзық іс таратып, еш нәрсе түзетпейтін
ﮈﮉﮊﮋﮌﮍﮎﮏﮐﮑﮒﮓﮔﮕﮖ
Олар: «Бір-біріңе Аллаһпен ант етіңдер, біз, міндетті түрде оған және оның үй-ішіне түнде шабуыл жасаймыз. Содан кейін жақын туыстарына: «Оның үй-ішінің өлтірілуіне қатысқан жоқпыз әрі біз шындықты айтып тұрмыз», деп айтамыз», -деді
ﮗﮘﮙﮚﮛﮜﮝﮞ
Әрі олар Салихқа қарсы айла-шарғы жасады, сонда Біз де амал-тәсіл жасадық, ал олар оны сезбеді
ﮟﮠﮡﮢﮣﮤﮥﮦﮧﮨ
Олардың айлакерліктерінің соңы не болғанына қара! Біз оларды да, елін де бірге жойып жібердік
ﮩﮪﮫﮬﮭﮮﮯﮰﮱﯓﯔﯕﯖ
Міне, олардың әділетсіздік еткендіктері себебінен қирап, бос қалған үйлері. Ақиқатында, мұнда білетін адамдар үшін белгі бар
ﯗﯘﯙﯚﯛﯜ
Біз иманға келіп, тақуалық еткендерді Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанғандарды құтқардық
ﯝﯞﯟﯠﯡﯢﯣﯤﯥ
Сондай-ақ Лұт та өз еліне: «Сендер өздерің көре тұрып, жиіркенішті іс істейсіңдер ме
ﯦﯧﯨﯩﯪﯫﯬﯭﯮﯯﯰﯱﯲ
Сендер әйелдердің орнына, еркектерге тәни құмарлық шаһуат танытасыңдар ма? Иә, сендер- надан елсіңдер», деді
ﭑﭒﭓﭔﭕﭖﭗﭘﭙﭚﭛﭜﭝﭞﭟﭠﭡﭢ
Оның елінің жауабы: «Лұттың үй-ішін кенттеріңнен шығарып жіберіңдер. Өйткені олар таза болуды қалайтын адамдар», дегеннен басқа сөз болмады
ﭣﭤﭥﭦﭧﭨﭩﭪ
Сонда Біз оны және үй-ішін құтқардық, тек әйелінен басқа. Оның артта қалушылардан болуын алдын ала белгіледік
ﭫﭬﭭﭮﭯﭰﭱﭲ
Сөйтіп, Біз олардың үстіне тастан жаңбыр жаудырдық. Ескерту берілгендердің жаңбыры қандай жаман
ﭳﭴﭵﭶﭷﭸﭹﭺﭻﭼﭽﭾﭿﮀ
Айт: «Барлық мақтау Аллаһқа! Әрі Оның таңдаған құлдарына сәлам амандық болсын! Аллаһ жақсы ма, не сендердің Оған серік етіп қосқандарың ба?»- деп
ﮁﮂﮃﮄﮅﮆﮇﮈﮉﮊﮋﮌﮍﮎﮏﮐﮑﮒﮓﮔﮕﮖﮗﮘﮙﮚﮛﮜﮝﮞ
Серік етіп қосқандарың ба,! әлде аспандарды және жерді жаратқан және сендерге аспаннан су түсірген бе? Біз онымен әдемі бақтарды өсірдік, сендер оның ағашын өсіре алмайтын едіндер. Аллаһпен бірге басқа құдай бар ма?! Негізінде, олар Аллаһқа өзгелерді! теңестіріп, қатар қоюшы ел
ﮟﮠﮡﮢﮣﮤﮥﮦﮧﮨﮩﮪﮫﮬﮭﮮﮯﮰﮱﯓﯔﯕﯖﯗ
Серік етіп қосқандарың ба , әлде жерді тұрақ еткен, оның жылғаларымен ара-арасынан өзендер өткізген және оған жерге берік тұрғандарды тауларды орналастырған әрі екі теңіздің арасына көрінбейтін тосық орнатқан ба? Аллаһпен бірге басқа құдай бар ма? Негізінде олардың көбі білмейді
ﯘﯙﯚﯛﯜﯝﯞﯟﯠﯡﯢﯣﯤﯥﯦﯧﯨﯩﯪ
Әлде қиыншылыққа тап болып Одан тілегенде, оған жауап беретін тілегін қабыл алатын , жамандықты кетіретін және сендерді жерге халифалар бір-бірінің орнын басушылар жасаған ба, әлде серік етіп қосқандарың жақсы ма ? Аллаһпен бірге басқа құдай бар ма? Сендер аз еске аласыңдар
ﯫﯬﯭﯮﯯﯰﯱﯲﯳﯴﯵﯶﯷﯸﯹﯺﯻﯼﯽﯾﯿﰀﰁ
Әлде құрлық пен теңіз қараңғылықтарында сендерді жолмен жүргізетін және желдерді Өз мейірімінің алдында қуанышты хабар етіп жіберетін бе?! Аллаһпен бірге басқа құдай бар ма? Аллаһ олардың серік етіп қосқандарынан жоғары
ﭑﭒﭓﭔﭕﭖﭗﭘﭙﭚﭛﭜﭝﭞﭟﭠﭡﭢﭣﭤﭥﭦ
Әлде алғаш жаратуды бастайтын, кейін оны қайта тірілу күні қайта жарататын әрі сендерге аспаннан және жерден ризық беретін бе? Аллаһпен бірге басқа құдай бар ма? Ей, Мұхаммед! Айт: «Шын сөзді болсаңдар, дәлелдеріңді әкеліңдер»,- деп
ﭧﭨﭩﭪﭫﭬﭭﭮﭯﭰﭱﭲﭳﭴﭵﭶ
Айт: «Аспандарда және жерде Аллаһтан басқа ешкім де ғайыпты білмейді», деп. Әрі олар қашан қайта тірілтілетіндіктерін де білмейді
ﭷﭸﭹﭺﭻﭼﭽﭾﭿﮀﮁﮂﮃﮄﮅﮆﮇ
Дәл солай, олардың соңғы, мәңгілік өмір ақирет жайлы білімі жеткіліксіз. Иә, олар одан күмәнда. Солай, олар ол жөнінде мүлде соқыр
ﮈﮉﮊﮋﮌﮍﮎﮏﮐﮑ
Әрі күпірлік еткендер қайта тірілуге сенбегендер : «Біз және аталарымыз топыраққа айналғанымызда, қайта тірілтіліп шығарыламыз ба
ﮒﮓﮔﮕﮖﮗﮘﮙﮚﮛﮜﮝﮞ
Бұл бізге және аталарымызға бұрын да уәде етілген еді. Бұл бұрынғылардың аңыз-ертегілері ғана»,- деді
ﮟﮠﮡﮢﮣﮤﮥﮦﮧﮨ
Ей, Мұхаммед! Айт: «Жер жүзін аралап, қылмыскерлердің соңы қалай болғанын көріңдер?» деп
ﮩﮪﮫﮬﮭﮮﮯﮰﮱﯓ
Әрі олар үшін күйінбе және олардың айла-шарғыларынан сығылма
ﯔﯕﯖﯗﯘﯙﯚﯛ
Олар және: «Егер шын сөзді болсаңдар, бұл уәде жаза қашан?» дейді
ﯜﯝﯞﯟﯠﯡﯢﯣﯤﯥ
Айт: «Өздерің асықтырғанның кейбірі сендерді өкшелеп тұрған болуы мүмкін»,- деп
ﯦﯧﯨﯩﯪﯫﯬﯭﯮﯯﯰ
Ақиқатында, Раббың адамдарға кеңшілік иесі, бірақ олардың көбі шүкір етпейді Раббысының берген игіліктеріне алғыс білдірмейді
ﯱﯲﯳﯴﯵﯶﯷﯸﯹ
Әрі сенің Раббың олардың көкіректерінің не жасыратынын және олардың нені әшкере ететінін де біледі
ﯺﯻﯼﯽﯾﯿﰀﰁﰂﰃﰄ
Аспанда және жерде анық Кітапта жазулы болмаған ешбір ғайып жасырын нәрсе ЖОҚ
ﰅﰆﰇﰈﰉﰊﰋﰌﰍﰎﰏﰐﰑ
Ақиқатында, бұл Құран Исраил ұрпақтарына олар қайшылыққа түскен нәрселердің көбі жайлы хабар береді
ﭑﭒﭓﭔﭕ
Күмәнсіз, бұл Құран имандылар үшін жолбасшы тура жолды ұстануға басшылық т әрі мейірім
ﭖﭗﭘﭙﭚﭛﭜﭝﭞﭟ
Ей, Мұхаммед! Раббың олардың арасына Өз үкімі бойынша шешім шығарады. Ол бәрінен Үстем, бәрін Білуші
ﭠﭡﭢﭣﭤﭥﭦﭧﭨ
Аллаһқа жүгініп, Оған ісіңді тапсыр тәуекел ет . Сөзсіз, сен анық ақиқатты ұстанудасың
ﭩﭪﭫﭬﭭﭮﭯﭰﭱﭲﭳﭴ
Ақиқатында, сен өлгендерге естірте алмайсың, сондай-ақ кереңдерге де, олар кері бұрылып кеткенде шақыруыңды естірте алмайсың
ﭵﭶﭷﭸﭹﭺﭻﭼﭽﭾﭿﮀﮁﮂﮃﮄ
Сондай-ақ сен соқырларды да адасуларынан тура жолға салушы емессің. Сен тек аяттарымызға сеніп, мұсылман болғандарға бойсұнғандарға ғана естірте аласың
ﮅﮆﮇﮈﮉﮊﮋﮌﮍﮎﮏﮐﮑﮒﮓﮔﮕﮖ
Ал, оларға қияметтің алдында белгіленген сөз түскен кезде, олар үшін жерден бір жануар даббатул-ард шығарамыз. Ол адамдардың аят-белгілерімізге сенбегендіктерін айтады
ﮗﮘﮙﮚﮛﮜﮝﮞﮟﮠﮡﮢ
Әрі ол күні Біз әрбір үмметтен аят-белгілерімізді өтірікке шығарған топты жинаймыз. Олар тосылып тоқтатылады
ﮣﮤﮥﮦﮧﮨﮩﮪﮫﮬﮭﮮﮯﮰ
Олар келген кезде, Ол: «Сендер белгілерімді біліммен қамтымай тұрыпжалған санадыңдар ма? Әлде не істедіңдер?» дейді
ﮱﯓﯔﯕﯖﯗﯘﯙﯚ
Әрі оларға әділетсіздік еткендіктері үшін жаза туралы сөз келді, енді олар үндей алмайды
ﯛﯜﯝﯞﯟﯠﯡﯢﯣﯤﯥﯦﯧﯨﯩﯪﯫ
Біз түнді оларға тынығу үшін, ал күндізді жарық етіп жасағанымызды көрмеді ме? Ақиқатында, Мұнда сенетін адамдар үшін белгі-ғибраттар бар
ﯬﯭﯮﯯﯰﯱﯲﯳﯴﯵﯶﯷﯸﯹﯺﯻﯼﯽﯾﯿ
Әрі сол күні Сүр үрілгенде, Аллаһтың қалағанынан басқа, аспандардағы және жердегі әрбіреу қатты үрейге түседі. Әрі барлығы Оған бойсұнып, кішірейген күйде келеді
ﰀﰁﰂﰃﰄﰅﰆﰇﰈﰉﰊﰋﰌﰍﰎﰏﰐﰑﰒﰓﰔ
Әрі сен қозғалмайды деп ойлаған таулардың бұлттар секілді қозғалып бара жатқанын көресің. Бұл барлық нәрсені кемел етіп жасаған Аллаһтың ісі. Ол сендердің не істеп жатқандарыңнан толық Хабардар
ﭑﭒﭓﭔﭕﭖﭗﭘﭙﭚﭛﭜ
Кім жақсы амалымен келсе, оған одан қайырлысы беріледі әрі олар сол күннің үрейінен аман болады
ﭝﭞﭟﭠﭡﭢﭣﭤﭥﭦﭧﭨﭩﭪ
Ал, кім жаман амалмен келсе, олар отқа беттерімен тасталады да: «Сендерге істеген амалдарыңның ғана қайтарымы берілмей ме?» делінеді
ﭫﭬﭭﭮﭯﭰﭱﭲﭳﭴﭵﭶﭷﭸﭹﭺﭻﭼﭽ
Ей, Мұхаммед! Айт: «Шын мәнінде, мен қан төгуге, әділетсіздік істеуге, аң аулауға, ағаштарды кесуге тыйым салған осы қаланың Меккенің Раббысына құлшылық етуге бұйырылдым. Әрбір нәрсе- Онікі. Әрі мен мұсылмандардан бойсұнушылардан болуға бұйырылдым
ﭾﭿﮀﮁﮂﮃﮄﮅﮆﮇﮈﮉﮊﮋﮌﮍﮎﮏ
сондай-ақ Құранды оқуға», деп. Кім тура жолмен жүрсе, ол өзі үшін тура жолмен жүрген болады. Ал, кім адасса, оған: «Анығында, мен тек ескертушілерденмін», -де
ﮐﮑﮒﮓﮔﮕﮖﮗﮘﮙﮚﮛﮜ
Әрі айт: «Барлық мақтау Аллаһқа! Ол сендерге Өзінің белгілерін көрсетеді. Сендер оларды танисыңдар», деп. Раббың не істеп жатқандарыңнан ғапыл емес
Құран Кәрім
Tuesday, August 18, 2026
Don't forget us in your sincere prayers







