PDF —
14 Аят Medinan PDF
Built right in your browser — download starts automatically

Ас-Сафф сүресі pdf — Жүктеу (Қазақша)

Ас-Сафф сүресі pdf Қазақша — Жүктеу Ас-Сафф сүресі Аударма. Ас-Сафф сүресі (Medinan) 14 Аят.



14 Аят · Medinan · Қазақша
bismillah
ﮍﮎﮏﮐﮑﮒﮓﮔﮕﮖﮗﮘﮙ
61:1 Аспандардағылар мен жердегілер Аллаһты барлық кемшіліктен пәк деп дәріптейді. Ол өте Үстем, аса Дана
ﮚﮛﮜﮝﮞﮟﮠﮡﮢ
61:2 Ей, иманға келгендер! Өздерің істемейтін істерінді не үшін айтасыңдар
ﮣﮤﮥﮦﮧﮨﮩﮪﮫﮬ
61:3 Өздерің істемейтін нәрсені айтуларың Аллаһтың алдында өте жеккөрінішті
ﮭﮮﮯﮰﮱﯓﯔﯕﯖﯗﯘﯙ
61:4 Анығында, Аллаһ Өзінің жолында арасы тығызқаланған қамалдай сап түзеп соғысатындарды жақсы көреді
ﯚﯛﯜﯝﯞﯟﯠﯡﯢﯣﯤﯥﯦﯧﯨﯩﯪﯫﯬﯭﯮﯯﯰﯱﯲﯳ
61:5 Кезінде Мұса еліне: «Ей, елім! Аллаһтың елшісі екенімді біле тұра не үшін маған жәбір бересіңдер?» деп айтты. Олар хақтан ауытқыған кезде, Аллаһ олардың жүректерін жолдан бұрды. Аллаһ бұзық бойсұнбаушы елді тура жолға салмайды
ﭑﭒﭓﭔﭕﭖﭗﭘﭙﭚﭛﭜﭝﭞﭟﭠﭡﭢﭣﭤﭥﭦﭧﭨﭩﭪﭫﭬﭭﭮﭯﭰﭱ
61:6 Әрі кезінде Мәриям ұлы Иса: «Ей, Исраил ұрпақтары! Шын мәнінде, мен сен­дерге өзімнен алдын келген Тәураттағыны растаушы және менен кейін келетін Ахмад есімді Елші жөнінде сүйінші хабар жеткізуші ретінде жіберілген Аллаһтың елшісімін», -деген еді. Ол Оларға анық дәлелдермен келген кезде, олар: «Бұл анық сиқыр», деді
ﭲﭳﭴﭵﭶﭷﭸﭹﭺﭻﭼﭽﭾﭿﮀﮁﮂﮃ
61:7 Исламға шақырыла тұра Аллаһ жайында өтірікті құрастырғаннан өткен әділетсіз кім бар? Аллаһ әділетсіз адамдарды тура жолға салмайды
ﮄﮅﮆﮇﮈﮉﮊﮋﮌﮍﮎﮏ
61:8 Олар Аллаһтың нұрын ауыздарымен ауызекі сөздерімен өшіруді қалайды. Алайда кәпірлер жеккөрсе де, Аллаһ Өз нұрын соңына жеткізеді
ﮐﮑﮒﮓﮔﮕﮖﮗﮘﮙﮚﮛﮜﮝﮞ
61:9 Ол, Өз елшісін тура жолды ұстануға басшылықпен Құранмен және ақиқат дінімен Исламмен , оны барлық діндерден үстем ету үшін жіберген, мүшріктер Аллаһқа серік қосушылар мұны жек көрсе де
ﮟﮠﮡﮢﮣﮤﮥﮦﮧﮨﮩﮪ
61:10 Ей, иманға келгендер! Сендерге өздеріңдіжантүршігерлік азаптан құтқаратын бір «сауданы» көрсетейін бе
ﮫﮬﮭﮮﮯﮰﮱﯓﯔﯕﯖﯗﯘﯙﯚﯛﯜ
61:11 Аллаһқа және Оның елшісіне сеніңдер, Аллаһтың жолында малдарыңмен әрі жандарыңмен күресіндер. Білсеңдер, сендер үшін осы қайырлы
ﯝﯞﯟﯠﯡﯢﯣﯤﯥﯦﯧﯨﯩﯪﯫﯬﯭﯮﯯ
61:12 Сонда Ол күнәларыңды кешіріп, сендерді астынан өзендер ағатын Жәннаттағы бақтарға және ’Адн жәннатындағы көркем жайларға кіргізеді. Міне, осы ұлы табыс
ﯰﯱﯲﯳﯴﯵﯶﯷﯸﯹﯺﯻ
61:13 Әрі өздерің жақсы көретін басқа да нәрселер: Аллаһтан жәрдем және жақын бір жеңіс бар. Ей, Мұхаммед! Имандыларды осы хабармен сүйіншіле
ﯼﯽﯾﯿﰀﰁﰂﰃﰄﰅﰆﰇﰈﰉﰊﰋﰌﰍﰎﰏﰐﰑﰒﰓﰔﰕﰖﰗﰘﰙﰚﰛﰜﰝﰞﰟﰠﰡﰢ
61:14 Ей, иманға келгендер! Мәриям ұлы Исаның хауарилерге: «Менің Аллаһ жолындағы жәрдемшілерім кім?» дегенінде, хауарилердің: «Біз Аллаһтың жәрдемшілеріміз», -дегендеріндей Аллаһтың Оның дінінің жәрдемшілері болыңдар. Сонда, Исраил ұрпақтарының бір бөлігі иманға келді, ал бір бөлігі күпірлік келтірді қарсы шықты . Біз иманға келгендерге дұшпандарына қарсы қолдау көрсеттік, сөйтіп олар үстем болды

Құран Кәрім


Wednesday, September 9, 2026

Don't forget us in your sincere prayers