Аль-Джумуа сүресі pdf — Жүктеу (Қазақша)
Аль-Джумуа сүресі pdf Қазақша — Жүктеу Аль-Джумуа сүресі Аударма. Аль-Джумуа сүресі (Medinan) 11 Аят.
Related
- Аль-Джумуа сүресі АудармаҚазақша
- Аль-Джумуа сүресі mp3Тыңда
- Quran Index Қазақша114
More Сүресі PDF
Аль-Джумуа сүресі

ﭑﭒﭓﭔﭕﭖﭗﭘﭙﭚﭛﭜﭝ
62:1
Аспандардағы және жердегілер барлық нәрсенің шын Билеушісі, өте пәк, бәрінен Үстем, әрі өте Дана Аллаһты барлық кемшіліктен пәк деп дәріптейді
ﭞﭟﭠﭡﭢﭣﭤﭥﭦﭧﭨﭩﭪﭫﭬﭭﭮﭯﭰﭱﭲﭳ
62:2
Ол сауатсыздарға өздерінің арасынан Елші жіберді. Ол оларға Оның аяттарын оқиды, оларды тазартады және оларға Кітап пен даналықты үйретеді, олар бұрын анық адасуда болса да
ﭴﭵﭶﭷﭸﭹﭺﭻﭼﭽ
62:3
Әрі оларға әлі қосылмаған басқаларға да. Ол бәрінен Үстем, өте Дана
ﭾﭿﮀﮁﮂﮃﮄﮅﮆﮇﮈﮉ
62:4
Міне, осы Аллаһтың кеңшілігі, Ол оны Өзі қалағанға береді. Аллаһ ұлы кеңшілік Иесі
ﮊﮋﮌﮍﮎﮏﮐﮑﮒﮓﮔﮕﮖﮗﮘﮙﮚﮛﮜﮝﮞﮟﮠﮡﮢﮣ
62:5
Өздеріне Тәурат міндеттеліп, кейін оны алып жүрмегендердің орындамағандардың мысалы кітаптар артылған есек сияқты. Аллаһтың аят-белгілерін өтірік санаған адамдардың мысалы қандай жаман! Аллаһ әділетсіз адамдарды тура жолға салмайды
ﮤﮥﮦﮧﮨﮩﮪﮫﮬﮭﮮﮯﮰﮱﯓﯔﯕﯖ
62:6
Ей, Мұхаммед! Айт: «Ей, иудейлікті ұстанушылар! Егер өздеріңді адамдардың ішінде өзгелерден Аллаһқа жақынбыз деп ойласаңдар өздеріңе өлімді тілеңдерші, егер шын сөзді болсаңдар», деп
ﯗﯘﯙﯚﯛﯜﯝﯞﯟﯠﯡ
62:7
Олар өз қолдарымен бұрын істегені күнәлары себепті ешқашан оны тілемейді. Аллаһ әділетсіздерді жақсы Білуші
ﯢﯣﯤﯥﯦﯧﯨﯩﯪﯫﯬﯭﯮﯯﯰﯱﯲﯳﯴﯵ
62:8
Ей, Мұхаммед!! Айт: «Ақиқатында өздерің қашатын өлім, күмәнсіз, сендерге кездеседі. Содан кейін сендер құпия мен айқын нәрсені Білушіге қайтарыласыңдар да, Ол сендерге не істегендеріңнің хабарын береді», деп
ﭑﭒﭓﭔﭕﭖﭗﭘﭙﭚﭛﭜﭝﭞﭟﭠﭡﭢﭣﭤﭥﭦﭧ
62:9
Ей, иманға келгендер! Қашан жұма күнгі намазға шақырса азан айтылса , Аллаһты еске алуға ұмтылыңдар да сауда-саттықты қойыңдар. Білсеңдер, бұл сендер үшін қайырлы
ﭨﭩﭪﭫﭬﭭﭮﭯﭰﭱﭲﭳﭴﭵﭶﭷ
62:10
Ал, намаз аяқталғанда, жер бетіне баратын жерлеріңе тарқалыңдар да Аллаһтың кеңшілігін іздеңдер әрі мұраттарыңа жетулерің үшін Аллаһты көп еске алыңдар
ﭸﭹﭺﭻﭼﭽﭾﭿﮀﮁﮂﮃﮄﮅﮆﮇﮈﮉﮊﮋﮌﮍﮎﮏ
62:11
Олар сауданы не бір бос нәрсені көрген кезде, сол жаққа бет алды да, сені тұрған күйіңде қалдырып кетті. Ей, Мұхаммед! Айт: «Аллаһтағы сый- бос нәрседен де, саудадан да қайырлы. Аллаһ ризық берушілердің ең қайырлысы», деп
Құран Кәрім
Wednesday, September 9, 2026
Don't forget us in your sincere prayers







