Wa laa junaaha `alaikum feema `arradtum bihee min khitbatin nisaaa`i aw aknantum feee anfusikum; `alimal laahu annakum satazkuroonahunna wa laakil laa tuwaa`idoohunna sirran illaaa an taqooloo qawlamma`roofaa; wa laa ta`zimoo `uqdatan nikaahi hattaa yablughal kitaabu ajalah; wa`lamooo annal laaha ya`lamumaa feee anfusikum fahzarooh; wa`lamooo annallaaha Ghafoorun Haleem
📖 Аударма (Қазақ тілінде)
📖 Қазақ тілінде
Ал күту мерзімі бітпеген әйелдерді айттыруға байланысты оларға тұспалдап білдірулеріңде немесе іштеріңде жасыруларыңда сендер үшін күнә жоқ. Аллаһ сендердің оларды еске алатындарыңды біледі. Алайда, олармен жасырын уәде байласпаңдар. Ал, жөнімен шариғат жолымен сөйлесулеріңе болады. Идда күту мерзімі уақытына жетпейінше, неке байласуға шешім қабылдамаңдар. Әрі біліңдер, Аллаһ іштеріңдегіні біледі, сондықтан Одан сақтаныңдар. Әрі Аллаһтың өте Кешірімді , аса Ұстамды екенін біліңдер
🌐 Additional reference in Русский
🌐 Русский
На вас греха не будет в том, Коль к этим женщинам намеком тайным Вы обратитесь с предложением о браке Или сокроете в своей душе намерение это, - Ведь ведает Господь о том, Что вы о них в заветной памяти храните. Но тайных обещаний не давайте им И речь пристойную ведите. На узы брака с ними не решайтесь, Пока не истечет назначенный им срок, И знайте: ведает Господь Все, что сокрыто в ваших душах. Остерегайтесь гнева Бога И знайте: всепрощающ и воздержан Он!
Уа, мүміндер! Күйеуі қайтыс болған немесе байланысы толық үзілген (баин талақ) әйелдер идда ұстап жүрген кезде, оларға үйленуге деген ниеттеріңді тұспалдап, жанама түрде білдірсеңдер — бұл сендерге күнә емес. Сондай-ақ жүректеріңде осы ниетті жасырып жүрсеңдер де, ол да айып емес. Аллаһ сендердің оларды жиі еске алатындарыңды, жүректеріңнің оларға бейім болатынын біледі. Сондықтан сендерге тұспалдап айтуға рұқсат берді. Бірақ олармен жасырын түрде кездесуге, заңсыз қатынасқа немесе идда ішінде неке қиюға уәделесуге тыйым салынады. Тек мағлұрф, яғни әдепті әрі түсінікті сөздермен сөйлеуге болады. Идда мерзімі аяқталмайынша, неке шартын байланыстыруға бел бумаңдар. Біліңдер: Аллаһ жүректеріңдегіні де біледі. Сондықтан Одан қорқыңдар, әмірлеріне қарсы келмеңдер. Тағы біліңдер: Аллаһ тәубе еткендерді кешіреді, өте кешірімді әрі ұстамды — жазаны асықтырмайды.
Аяттан алынатын пайдалар:
Ислам діні адамның табиғи сезімдерін ескереді: жүректің бейімділігін, үйленуге деген құштарлықты жоққа шығармайды, керісінше оны заңды жолмен жүзеге асыруға бағыттайды.
Идда кезеңі — әйелдің құқығын, ар-намысын және отбасылық қатынастардың тазалығын қорғайтын даналыққа толы үкім.
Тұспалдап айтуға рұқсат берілуі — Исламның жеңілдігі мен икемділігін көрсетеді: адамды қиындыққа салмай, адал жолмен алға жылжуға мүмкіндік береді.
Аллаһтың жүректегіні білетінін ескерту — адамды ішкі тазалыққа, ниеттің дұрыстығына шақырады. Бұл — иманды адамның сыртқы ғана емес, ішкі де әдепті болуы керектігін үйретеді.
«Аллаһ кешірімді, ұстамды» деген сипаттар — пенденің қателессе де, тәубе етіп, Аллаһтың рақымына үміт артуына жол ашады. Бұл Исламның мейірімділік діні екенін көрсетеді.
Аят адамды шамадан тыс қатаңдықтан да, бейберекеттіктен де сақтандырып, орташа, әдепті жолды ұстануға баулиды.
Ал күту мерзімі бітпеген әйелдерді айттыруға байланысты оларға тұспалдап білдірулеріңде немесе іштеріңде жасыруларыңда сендер үшін күнә жоқ. Аллаһ сендердің оларды еске алатындарыңды біледі. Алайда, олармен жасырын уәде байласпаңдар. Ал, жөнімен шариғат жолымен сөйлесулеріңе болады. Идда күту мерзімі уақытына жетпейінше, неке байласуға шешім қабылдамаңдар. Әрі біліңдер, Аллаһ іштеріңдегіні біледі, сондықтан Одан сақтаныңдар. Әрі Аллаһтың өте Кешірімді , аса Ұстамды екенін біліңдер
Аналар өз балаларын толық екі жыл емізеді. Емізуді ақырына жеткізуді қалағандар үшін мерзім осы . Ал, оларды құпталғандай азықтандыру және киіндіру перзентті болғанның әкесінің міндеті. Әрбір жанға оның мүмкіндігінен артығы жүктелмейді. Баласы себепті анаға әрі баласы себепті әкеге де зиян тигізуге болмайды. Сондай-ақ мұрагерге де бала мен анасын асырауға сол секілді міндет жүктеледі. Егер ата-ана өзара келісіп әрі кеңескеннен кейін, баланы емізуден айыруды қаласа, екеуіне де күнә емес. Ал, егер балаларыңды бөгде әйелге еміздіруді қаласаңдар, ақысын құпталғанға сай тиісінше берсеңдер, сендерге күнә емес. Аллаһтан Оның тыйғандарынан қорқып, сақтаныңдар және Аллаһтың не істеп жатқандарыңды Көруші екенін біліңдер
Сендерден біреу қайтыс болып, артында әйелдерін қалдырса, олар төрт ай он күн идда мерзімін күтеді. Қашан оларға көрсетілген мерзім аяқталса, олардың өздеріне қатысты құпталғанға сай істеген істері үшін сендерге күнә болмайды. Аллаһ сендердің не істеп жатқандарыңнан Хабардар
Ал күту мерзімі бітпеген әйелдерді айттыруға байланысты оларға тұспалдап білдірулеріңде немесе іштеріңде жасыруларыңда сендер үшін күнә жоқ. Аллаһ сендердің оларды еске алатындарыңды біледі. Алайда, олармен жасырын уәде байласпаңдар. Ал, жөнімен шариғат жолымен сөйлесулеріңе болады. Идда күту мерзімі уақытына жетпейінше, неке байласуға шешім қабылдамаңдар. Әрі біліңдер, Аллаһ іштеріңдегіні біледі, сондықтан Одан сақтаныңдар. Әрі Аллаһтың өте Кешірімді , аса Ұстамды екенін біліңдер
Әйелдерді қосылудан бұрын әрі оларға мәһр қалыңдықтың сыйлығын белгілеуден бұрын талақ етсеңдер, сендерге күнә болмайды. Сонда оларды жағдайы бар өз мүмкіндігіне сай, ал жағдайы нашар өз шамасынша құпталғанға сай пайдаландырыңдар, бұл жақсылықты ықыласпен істеушілер үшін бір міндет
Егер оларға мәһр қалыңдықтың сыйлығын белгілеп, қосылудан бұрын талақ етсеңдер, оларға мәһрдің жартысы тиеді. Тек, егер, олар әйелдер кешірсе белгіленген мәһрін алмаса немесе неке түйіні қолындағы ер кісі кешірсе мәһрді толық қалдырса ол басқа. Ал, кешірулерің тақуалыққа Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтануларыңа жақынырақ. Әрі бір-біріңе кеңшілік жасауды ұмытпаңдар. Ақиқатында, Аллаһ не істеп жатқандарыңды Көруші
SurahQuran.com was founded as a humble effort to serve the Noble Book and the pure Sunnah, to invite people to Allah, and to make the religious sciences accessible according to the methodology of the Quran and Sunnah. We praise and thank Allah for His grace, and we ask Him to accept our work and make it sincere for His noble Face.