Сүресі Та Ха
PDF —
135 Аят Meccan PDF
Built right in your browser — download starts automatically

Сүресі Та Ха pdf — Жүктеу (Қазақша)

Сүресі Та Ха pdf Қазақша — Жүктеу Сүресі Та Ха Аударма. Та Ха (Meccan) 135 Аят.



Сүресі Та Ха
135 Аят · Meccan · Қазақша
bismillah
ﭵﭶ
Та, Ха
ﭷﭸﭹﭺﭻﭼ
Біз саған Құранды ауыртпашылық салу бақытсыз болуың үшін түсірген жоқпыз
ﭽﭾﭿﮀﮁ
тек Аллаһтан қорқатындар үшін еске салу ескерту, насихат етіп
ﮂﮃﮄﮅﮆﮇﮈ
жерді және биік аспандарды Жаратқанның түсіргені
ﮉﮊﮋﮌﮍ
Әр-Рахман аса Қайырымды Аршыға көтерілді
ﮎﮏﮐﮑﮒﮓﮔﮕﮖﮗﮘﮙﮚ
Аспандардағы және жердегілер әрі ол екеуінің арасындағылар және жердің астындағылардың барлығы Онікі
ﮛﮜﮝﮞﮟﮠﮡﮢ
Егер сен қатты сөйлесең де, анығында, Ол жасырын нәрсені әрі одан да арғы құпияны біледі
ﮣﮤﮥﮦﮧﮨﮩﮪﮫﮬ
Аллаһ Одан басқа ешбір құдай жоқ. Ең көркем есімдер Онікі
ﮭﮮﮯﮰﮱ
Ей, Мұхаммед! Саған Мұса жайлы хабар келді ме
ﯓﯔﯕﯖﯗﯘﯙﯚﯛﯜﯝﯞﯟﯠﯡﯢﯣﯤﯥ
Кезінде ол бір от көргенде, үй ішіне: «тұра тұрындар. Мен бір от көрдім. Мүмкін сендерге одан бір тамызыққа от әкелермін немесе оттың қасында, бір жол көрсетуші табармын»,- деді
ﯦﯧﯨﯩﯪ
Ол оған барған кезде, үн қатылды: «Ей, Мұса
ﯫﯬﯭﯮﯯﯰﯱﯲﯳﯴ
Ақиқатында, Мен сенің Раббыңмын. Аяқ киіміңді шеш. Анығында, сен қасиетті Туа алқабындасың
ﭑﭒﭓﭔﭕﭖ
Мен сені тандап алдым. Енді өзіңе уахи етілетінді тыңда
ﭗﭘﭙﭚﭛﭜﭝﭞﭟﭠﭡﭢ
Анығында, Мен Аллаһпын. Менен басқа ешбір құдай жоқ. Сондықтан Маған құлшылық ет және Мені еске алу үшін намазды барлық шарттарын сақтап, беріле толық орында
ﭣﭤﭥﭦﭧﭨﭩﭪﭫﭬﭭ
Әрбір жанға, әрекет-ұмтылыстарына лайықты қайтарым сыйы не жазасы берілу үшін Мен құпия еткен Сағат қайта тірілу күні анық келеді
ﭮﭯﭰﭱﭲﭳﭴﭵﭶﭷﭸ
Оған қайта тірілуге сенбей, көңілқұмарлығына ергендер, сені одан қайтармасын. Онда сен құрисың
ﭹﭺﭻﭼﭽ
Ей, Мұса! Оң қолыңдағы не нәрсе?» деді
ﭾﭿﮀﮁﮂﮃﮄﮅﮆﮇﮈﮉﮊﮋ
Мұса : «Бұл менің таяғым. Оған сүйенемін және онымен қойларыма талдан жапырақ қағып беремін. Әрі онда басқа да қажеттерім бар», деді
ﮌﮍﮎﮏ
Аллаһ : «Ей, Мұса! Оны таста!»- деді
ﮐﮑﮒﮓﮔﮕ
Ол оны тастады. Сонда ол ирелеңдеген жыланға айналды
ﮖﮗﮘﮙﮚﮛﮜﮝﮞ
Аллаһ . «Оны ұста, қорықпа! Оны әуелгі қалпына қайтарамыз
ﮟﮠﮡﮢﮣﮤﮥﮦﮧﮨﮩﮪ
Әрі қолыңды қолтығыңа қыс. Ол, зиянсыз аппақ нұрлы болып шығады. Бұл тағы бір белгі
ﮫﮬﮭﮮﮯ
ұлы белгілеріміздің кейбірін саған көрсетуіміз үшін
ﮰﮱﯓﯔﯕﯖ
Фиръаунға бар. Ол, шектен шықты», деді
ﯗﯘﯙﯚﯛﯜ
Ол: «Раббым! Көкірегімді кеңіте гөр
ﯝﯞﯟﯠ
әрі маған ісімді жеңілдет
ﯡﯢﯣﯤﯥ
және тілімнің түйінін шеш
ﯦﯧﯨ
олар сөзімді түсінуі үшін
ﯩﯪﯫﯬﯭﯮ
Әрі әулетімнен маған бір көмекші бер
ﯯﯰﯱ
Һарұн бауырымды
ﯲﯳﯴﯵ
Онымен мені қуаттап
ﯶﯷﯸﯹ
осы істерімде пайғамбарлық міндетімде оны маған қоса гөр
ﯺﯻﯼﯽ
Сені кемшіліктен пәк деп көп дәріптеуіміз
ﯾﯿﰀ
әрі Өзіңді көп еске алуымыз үшін
ﰁﰂﰃﰄﰅ
Анығында, Сен бізді көрушісің», деді
ﰆﰇﰈﰉﰊﰋ
Аллаһ : «Ей, Мұса! Саған сұрағандарың берілді
ﰌﰍﰎﰏﰐﰑ
Біз ілгеріде саған бұдан басқа да игілік жасаған едік
ﭑﭒﭓﭔﭕﭖﭗ
Сол кезде анаңның көкейіне білдірілуі тиісті нәрсені салған едік
ﭘﭙﭚﭛﭜﭝﭞﭟﭠﭡﭢﭣﭤﭥﭦﭧﭨﭩﭪﭫﭬﭭﭮﭯ
«Оны сандыққа салып, өзенге қоя бер. Өзен жағаға шығарып, оны Маған дұшпан болған әрі оған да дұшпан болған біреу тауып алсын», деп. Әрі көз алдымда өсуің үшін Мен саған Өз тарапымнан сүйіспеншілік салдым
ﭰﭱﭲﭳﭴﭵﭶﭷﭸﭹﭺﭻﭼﭽﭾﭿﮀﮁﮂﮃﮄﮅﮆﮇﮈﮉﮊﮋﮌﮍﮎﮏﮐﮑﮒﮓﮔﮕ
Сол кезде әпкең артыңнан еріп жүріп: «Сендерге оған қамқорлық ететін емізетін біреуді көрсетейін бе?» деді. Сөйтіп анаңның көзайым болуы әрі қайғырмауы үшін сені оған қайтардық. Кейін сен бір адамды өлтірдің. Сонда сені уайымнан құтқардық және түрлі сынаққа салдық. Ей, Мұса, содан кейін Мәдиян елінде бірнеше жыл болып, белгіленген мерзімде қайтып келдің
ﮖﮗﮘ
Мен сені Өзім үшін таңдадым
ﮙﮚﮛﮜﮝﮞﮟﮠﮡ
Сен және бауырың белгілеріммен барыңдар, әрі Мені еске алуда әлсіздік танытпаңдар
ﮢﮣﮤﮥﮦﮧ
Фиръаунға барыңдар, өйткені ол шектен шықты
ﮨﮩﮪﮫﮬﮭﮮﮯﮰ
Оған жұмсақ сөз сөйлеңдер, мүмкін ол еске алар, не қорқар», деді
ﮱﯓﯔﯕﯖﯗﯘﯙﯚﯛﯜ
Олар: «Раббымыз! Біз оның бізді дереу жазаға тартуынан не шектен шығуынан қорқамыз», деді
ﯝﯞﯟﯠﯡﯢﯣﯤﯥ
Аллаһ : «Қорықпаңдар! Мен сен екеуіңмен біргемін, естимін және көремін
ﯦﯧﯨﯩﯪﯫﯬﯭﯮﯯﯰﯱﯲﯳﯴﯵﯶﯷﯸﯹﯺﯻﯼﯽ
Оған барып: «Біз Раббыңның елшілеріміз. Исраил ұрпақтарын бізбен бірге жібер әрі оларды қинама. Біз саған Раббыңнан белгі алып келдік. Тура жолға ергенге амандық болады
ﯾﯿﰀﰁﰂﰃﰄﰅﰆﰇﰈ
Анығында, өтірікке шығарғандар және теріс бұрылғандар азапқа тартылатыны жайлы Бізге уахи етілді» деп айтыңдар», деді
ﰉﰊﰋﰌﰍ
Фиръаун : «Ей, Мұса, сендердің Раббың кім?» деді
ﰎﰏﰐﰑﰒﰓﰔﰕﰖﰗ
Мұса : «Біздің Раббымыз сондай, әрбір нәрсеге жаратылысын бейне-бітімін берген, кейін жолдарын белгілеп көрсеткен», -деді
ﰘﰙﰚﰛﰜﰝ
Фиръаун : «Өтіп кеткен ұрпақтардың жағдайы қандай болмақ?» деді
ﭑﭒﭓﭔﭕﭖﭗﭘﭙﭚﭛﭜﭝ
Мұса : «Олар жайлы білім Раббымдағы Кітапта Ләухул-Махфузда . Раббым жаңылмайды әрі ұмытпайды
ﭞﭟﭠﭡﭢﭣﭤﭥﭦﭧﭨﭩﭪﭫﭬﭭﭮﭯﭰﭱ
Ол сендер үшін жерді жазық етті және онда сендер үшін жолдар жасады. Әрі аспаннан су түсірді», деді. Сөйтіп онымен түрлі өсімдіктерді жұбымен шығардық
ﭲﭳﭴﭵﭶﭷﭸﭹﭺﭻﭼ
Олардан жеңдер әрі малдарыңды жайыңдар. Ақиқатында, мұнда ақыл иелері үшін белгілер бар
ﭽﭾﭿﮀﮁﮂﮃﮄﮅﮆ
Одан топырақтан сендерді жараттық және өлгендеріңнен кейін оған қайтарамыз әрі қайта тірілу күні одан қайта шығарамыз
ﮇﮈﮉﮊﮋﮌﮍ
Ақиқатында, Біз оған Фиръаунға белгілеріміздің барлығын көрсеттік. Бірақ ол өтірік санап, бас тартты
ﮎﮏﮐﮑﮒﮓﮔﮕ
Фиръаун : «Ей, Мұса! Сен бізді сиқырың арқылы жерімізден шығаруға келдің бе
ﮖﮗﮘﮙﮚﮛﮜﮝﮞﮟﮠﮡﮢﮣﮤ
Біз де саған, міндетті түрде осы секілді сиқыр әкелеміз. Бізбен өзіңнің аранда бір уәделі мерзім белгіле. Одан біз де, сен де айнымайтын болайық. Ол ашық бір жер болсын», -деді
ﮥﮦﮧﮨﮩﮪﮫﮬﮭ
Мұса : «Сендермен уәделі мерзім мереке күні болсын . Әрі адамдар сәске мезгілінде жиналсын»,- деді
ﮮﮯﮰﮱﯓﯔﯕ
Сөйтіп, Фиръаун қайтып кетті де, кейін өзінің қулық-сұмдығын сиқыршыларын жиып келді
ﯖﯗﯘﯙﯚﯛﯜﯝﯞﯟﯠﯡﯢﯣﯤﯥﯦ
Мұса оларға: «Ей, сорың құрғырлар! Аллаһқа қатысты өтірікті құрастырмаңдар. Әйтпесе Ол сендерді азаппен жойып жібереді. Кім ойдан өтірікті құрастырса, ол зиянға ұшырайды», деді
ﯧﯨﯩﯪﯫﯬ
Сонда олар сиқыршылар бұл іс жайлы тартысып, сөздерін құпия қалдырды
ﯭﯮﯯﯰﯱﯲﯳﯴﯵﯶﯷﯸﯹﯺ
Олар: «Анығында, бұл екеуі сиқыршы. Сендерді сиқырлары арқылы жерлеріңнен шығаруды және үлгілі жолдарыңды жоюды қалайды
ﯻﯼﯽﯾﯿﰀﰁﰂﰃﰄﰅﰆ
Айла-тәсілдеріңді жиып, қатарланып келіңдер. Әлбетте, бүгін үстем болғандар мұратына жетеді»,- деді
ﭑﭒﭓﭔﭕﭖﭗﭘﭙﭚﭛﭜ
Олар: «Ей, Мұса! Сен тастайсың ба, әлде алғашқы тастаушы біз болайық па?» деді
ﭝﭞﭟﭠﭡﭢﭣﭤﭥﭦﭧﭨﭩﭪ
Мұса!: «Жоқ, сендер тастаңдар», деді.Сол кезде оған олардың жіптері мен таяқтары сиқырларының әсерінен ирелеңдеп жүрген секілді көрінді
ﭫﭬﭭﭮﭯﭰ
Мұса іштей бір қорқыныш сезді
ﭱﭲﭳﭴﭵﭶﭷ
Біз: «Қорықпа! Сен әлбетте үстем боласың
ﭸﭹﭺﭻﭼﭽﭾﭿﮀﮁﮂﮃﮄﮅﮆﮇﮈﮉﮊ
Оң қолыңдағыны таста! Ол олардың жасағандарын жұтады. Негізінде, олардың жасағандары -сиқыршының айласы ғана. Сиқыршы қайда барса да мақсатына жетпейді», дедік
ﮋﮌﮍﮎﮏﮐﮑﮒﮓ
Сонда сиқыршылар, сәждеге жығылып: «Біз Һарұн мен Мұсаның Раббысына сендік»,- деді
ﮔﮕﮖﮗﮘﮙﮚﮛﮜﮝﮞﮟﮠﮡﮢﮣﮤﮥﮦﮧﮨﮩﮪﮫﮬﮭﮮﮯﮰ
Фиръаун : «Мен сендерге рұқсат бермей тұрып сендіңдер ме? Әлбетте ол сендерге сиқыр үйреткен өздеріңнің үлкендерің екен. Енді, сендердің қол-аяқтарыңды қарама-қарсы оң қол сол аяқ, сол қол оң аяқ етіп кесемін және сендерді құрма ағаштарына керіп тастаймын. Сонда сендер біздің қайсымыздың азабымыз қатты және тұрақты екенін білетін боларсыңдар»,- деді
ﮱﯓﯔﯕﯖﯗﯘﯙﯚﯛﯜﯝﯞﯟﯠﯡﯢﯣﯤﯥﯦﯧ
Олар: «Біз өзімізге келген анық дәлелдерден және бізді Жаратқаннан сені ешқашан жоғары қоймаймыз. Шығаратын үкіміңді шығар. Сен бар болғаны осы өмірде ғана үкім шығарасың
ﯨﯩﯪﯫﯬﯭﯮﯯﯰﯱﯲﯳﯴﯵﯶﯷ
Ақиқатында,біз Раббымызға сендік, Оның қателерімізді әрі сен мәжбүр еткен сиқырымызды кешіруі үшін. Әрі Аллаһ қайырлы және мәңгілік
ﯸﯹﯺﯻﯼﯽﯾﯿﰀﰁﰂﰃﰄﰅ
Кім Раббысына қылмыскер күнәһар болған күйде келсе, оғанкүмәнсіз, Жаһаннам бар. Ол онда не өлмейді, не өмір де сүрмейді
ﰆﰇﰈﰉﰊﰋﰌﰍﰎﰏﰐ
Ал, кім Оған иманды мүмін болып, ізгі амал істеген күйде келсе, міне соларға ең биік дәрежелер
ﰑﰒﰓﰔﰕﰖﰗﰘﰙﰚﰛﰜﰝﰞ
астынан өзендер ағып жататын және олар онда мәңгі қалатын ’Адн жәннатының бақтары бар. Тазарғандардың қайтарым сыйы -осы
ﭑﭒﭓﭔﭕﭖﭗﭘﭙﭚﭛﭜﭝﭞﭟﭠﭡﭢﭣ
Әрі біз Мұсаға: «Түнде құлдарымды алып жүр де оларға теңізде құрғақ жол аш. Қуып жетуінен қауіптенбе және қорықпа», деп уахи еттік
ﭤﭥﭦﭧﭨﭩﭪﭫﭬ
Сонда Фиръаун әскерімен олардың соңына түсті. Сөйтіп оларды теңізден жабатын нәрсе су жапты
ﭭﭮﭯﭰﭱﭲ
Фиръаун елін адастырды әрі тура жолға бастамады
ﭳﭴﭵﭶﭷﭸﭹﭺﭻﭼﭽﭾﭿﮀﮁ
Ей, Исраил ұрпақтары! Біз сендерді жауларыңнан құтқардық және сендермен таудың оң жақ баурайында уәделестік. Әрі сендерге мәнн мен сәлуаны түсірдік
ﮂﮃﮄﮅﮆﮇﮈﮉﮊﮋﮌﮍﮎﮏﮐﮑﮒﮓﮔ
Біз сендерге ризық етіп бергеннің жақсыларынан жеңдер. Әрі онда шектен шықпаңдар. Әйтпесе, сендерге қаһарым түседі. Ал, кімге Менің ашуым түссе, ол сөзсіз құрыды
ﮕﮖﮗﮘﮙﮚﮛﮜﮝﮞ
Күмәнсіз, Мен, істеген күнәсіне шынайы өкініп, Мағанбойсұнуға қайтқанды тәубеге келгенді әрі иманға келген және ізгі амал істеген, кейін тура жүргендерді көп Кешірушімін Ғаффар
ﮟﮠﮡﮢﮣﮤﮥ
Аллаһ айтты: «Ей, Мұса! Сені қауымыңды қалдыруға не асықтырды?»
ﮦﮧﮨﮩﮪﮫﮬﮭﮮﮯ
Ол: «Олар менің соңымда жақын жерде келе жатыр. Ал мен, Раббым, разы болуың үшін саған асықтым», -деді
ﮰﮱﯓﯔﯕﯖﯗﯘﯙﯚ
Аллаһ айтты: «Біз, сенен кейін еліңді сынаққа салдық. Оларды, сәмірилік адастырды», деп
ﯛﯜﯝﯞﯟﯠﯡﯢﯣﯤﯥﯦﯧﯨﯩﯪﯫﯬﯭﯮﯯﯰﯱﯲﯳﯴﯵﯶﯷ
Сонда Мұса ашуланған, қайғырған түрде, еліне қайтты. Ол: «Әй, елім! Сендердің Раббың сендерге жақсы уәде бермеп пе еді? Сендерге белгіленген мерзім ұзақ келді ме? Немесе өздеріңнің Раббыңның сендерге қаһары түсуін қалап, маған берген уәделеріңненайныдыңдар ма?»- деді
ﯸﯹﯺﯻﯼﯽﯾﯿﰀﰁﰂﰃﰄﰅﰆﰇ
Олар: «Біз саған берген уәдемізді өздігімізше бұзған жоқпыз. Бірақ бізде, ол елдің Мысырдың әшекей бұйымдарынан едәуір жүк бар еді. Сонда оларды тастадық. Осылайша сәмірилік те тастады», деді
ﭑﭒﭓﭔﭕﭖﭗﭘﭙﭚﭛﭜﭝ
Сонда ол сәмірилік оларға мөңірейтін үні бар бұзау мүсінін жасап шығарды. Олар оған ергендер : «Міне, мынау сендердің құдайларың әрі Мұсаның кұдайы. Бірақ ол оны ұмытты»,- деді
ﭞﭟﭠﭡﭢﭣﭤﭥﭦﭧﭨﭩﭪ
Олар шынымен-ақ, оның мүсіннің өздеріне сөз қайтара алмайтынын әрі не зиян, не пайда тигізуге жарамсыз екенін көрмей ме
ﭫﭬﭭﭮﭯﭰﭱﭲﭳﭴﭵﭶﭷﭸﭹﭺﭻﭼ
Һарұн оларға бұған дейін: «Әй, елім! Шын мәнінде сендер осы жасалған мүсін арқылы сыналудасыңдар. Ақиқатында сендердің Раббың әр-Рахман аса Қайырымды . Сондықтан сендер маған еріңдер әрі бұйрығыма бағыныңдар»,- деді
ﭽﭾﭿﮀﮁﮂﮃﮄﮅﮆ
Қауымы : «Мұса қайтып келгенше, біз оған мүсінге табынуды тоқтатпаймыз», -деді
ﮇﮈﮉﮊﮋﮌﮍﮎ
Мұса келіп : «Ей, Һарұн! Олардың адасқанын көрген кезіңде, саған не кедергі болды
ﮏﮐﮑﮒﮓﮔ
соңымнан маған келуіңе. Әлде бұйрығыма бағынбадың ба?»- деді
ﮕﮖﮗﮘﮙﮚﮛﮜﮝﮞﮟﮠﮡﮢﮣﮤﮥﮦﮧﮨ
Һарун : «Ей, анамның ұлы! Менің сақалым мен басымнан жармаспа. Негізінде, мен сенің: «Исраил ұрпақтарының арасын бөлдің және сөзімді ескермедің», деп айтуыңнан қорықтым»,- деді
ﮩﮪﮫﮬﮭ
Мұса : «Ей, сәмірилік! Бұл не істегенің?» деді
ﮮﮯﮰﮱﯓﯔﯕﯖﯗﯘﯙﯚﯛﯜﯝﯞﯟ
Ол сәмірилік : «Мен олардың көрмегенін көрдім және елшінің ізінен бір уыс алып, оны мүсінге тастадым. Көңілім маған осылай істеуді әдемі көрсетті»,- деді
ﯠﯡﯢﯣﯤﯥﯦﯧﯨﯩﯪﯫﯬﯭﯮﯯﯰﯱﯲﯳﯴﯵﯶﯷﯸﯹﯺﯻﯼﯽﯾﯿ
Мұса : «Бар, кет! Енді сен бұл өмірде: «Жақындамаңдар»,- деп айтатын боласың. Әрі саған, сен өзгерте алмайтын белгіленген мерзім бар. Енді беріліп табынған құдайыңа қара, біз оны өртеп, кейін теңізге шашып жібереміз
ﰀﰁﰂﰃﰄﰅﰆﰇﰈﰉﰊﰋﰌﰍ
Ақиқатында, сендердің құдайларың Аллаһ, одан басқа ешбір құдай жоқ. Оның білімі барлық нәрсені қамтыған», деді
ﭑﭒﭓﭔﭕﭖﭗﭘﭙﭚﭛﭜﭝﭞﭟ
Ей, Мұхаммед! Біз саған осылай, бұрын болып өткен хабарларды айтып береміз. Әрі саған Өз тарапымыздан Еске салатынды Құранды бердік
ﭠﭡﭢﭣﭤﭥﭦﭧﭨ
Кім одан Құраннан бет бұрса, әлбетте, Қайта тірілу күні ол ауыр жүк күнә арқалайды
ﭩﭪﭫﭬﭭﭮﭯﭰﭱ
Олар онда мәңгі қалады. Қайта тірілу күні олардың жүгі неткен жаман еді
ﭲﭳﭴﭵﭶﭷﭸﭹﭺﭻ
Ол күні сүр үрленеді. Әрі сол күні қылмыскерлерді көгерген халде жинаймыз
ﭼﭽﭾﭿﮀﮁﮂ
Олар өзара сыбырласып: «Сендер небары он болдыңдар», дейді
ﮃﮄﮅﮆﮇﮈﮉﮊﮋﮌﮍﮎﮏ
Біз олардың не айтатындарын жақсы білеміз. Сол кезде олардың ішінен жол тұрғысынан дұрыс болғандары: «Сендер небары бір күн болдыңдар»,- дейді
ﮐﮑﮒﮓﮔﮕﮖﮗ
Ей, Мұхаммед! Олар сенен таулар жайлы сұрайды. Айт: «Раббым оларды түбінен жұлып , шашып жібереді
ﮘﮙﮚﮛ
Сөйтіп оны теп-тегіс жазық етіп қалдырады
ﮜﮝﮞﮟﮠﮡﮢ
Онда ешбір ойпаң да, дөңес те көрмейсің», деп
ﮣﮤﮥﮦﮧﮨﮩﮪﮫﮬﮭﮮﮯﮰﮱ
Сол күні олар шақырушыға ереді. Одан жалтарып қалуға мүмкіндік жоқ. Әр-Рахманның аса Қайырымдының алдында дауыстар тынып, сыбдырдан басқаны естімейсің
ﯓﯔﯕﯖﯗﯘﯙﯚﯛﯜﯝﯞﯟ
Сол күні ешбір араға түсушілік шапағат ету пайда бермейді, тек әр-Рахман рұқсат еткеннің және сөзінен разы болғанның ара түсуі пайда береді
ﯠﯡﯢﯣﯤﯥﯦﯧﯨﯩﯪ
Ол Аллаһ олардың алдындағысын әрі артындағысын біледі. Ал олар мұны біліммен қамти алмайды
ﯫﯬﯭﯮﯯﯰﯱﯲﯳﯴﯵﯶ
Әрі жүздер әл-Хайй мәңгі Тірі және әл-Қаййумға бәріне тіршілік беріп Басқарушыға бағынып, төмен қарайды. Әділетсіздікті арқалап келген үмітсіздікке ұшырайды
ﯷﯸﯹﯺﯻﯼﯽﯾﯿﰀﰁﰂ
Ал, кім иманды болған күйде ізгі амал істесе, ол әділетсіздіктен де, жақсылықтарының кемітілуінен де қорықпайды
ﰃﰄﰅﰆﰇﰈﰉﰊﰋﰌﰍﰎﰏﰐﰑ
Міне, Біз осылай, оны еске салатынды арабша Құран етіп түсірдік. Әрі олардың тақуалық етуін Аллаһтың жаза­сынан қорқып, сақтануын не еске алуларын ояту пайда ету үшін онда түрлі ескерту-қорқытуларды келтірдік
ﭑﭒﭓﭔﭕﭖﭗﭘﭙﭚﭛﭜﭝﭞﭟﭠﭡﭢﭣﭤ
әл-Мәлик барлық нәрсенің шын Билеушісі әрі әл-Хақ кемел Хақ Аллаһ өте жоғары. Ей, Мұхаммед! Саған уахи етілуі аяқталмай тұрып, Құранмен оны қайталауға асықпа. Әрі айт: «Раббым! Менің білімімді арттыр»,- деп
ﭥﭦﭧﭨﭩﭪﭫﭬﭭﭮﭯﭰ
Біз бұрын Адамнан серт алған едік, бірақ ол ұмытты. Одан беріктік таппадық
ﭱﭲﭳﭴﭵﭶﭷﭸﭹﭺ
Әрі кезінде Біз періштелерге: «Адамға сәжде жасаңдар», дедік. Сонда олар сәждеетті. Ал, Ібіліс бас тартты
ﭻﭼﭽﭾﭿﮀﮁﮂﮃﮄﮅﮆﮇ
Сонда Біз: «Ей, Адам! Шын мәнінде бүл Ібіліс саған және сенің жұбайыңа жау. Ол екеуіңді Жәннаттан шығарып жібермесін. Онда бақытсыз боласың
ﮈﮉﮊﮋﮌﮍﮎﮏ
Сен онда жәннатта аш болмайсың әрі жалаңаш та болмайсың
ﮐﮑﮒﮓﮔﮕﮖ
Сен онда шөлдемейсің және ыстықтан да қиналмайсың», дедік
ﮗﮘﮙﮚﮛﮜﮝﮞﮟﮠﮡﮢﮣﮤ
Сонда шайтан оны азғырып: «Ей, Адам! Саған мәңгілік ағашын және бітіп таусылмас билікті көрсетейін бе?» деді
ﮥﮦﮧﮨﮩﮪﮫﮬﮭﮮﮯﮰﮱﯓﯔﯕﯖ
Екеуі одан жеді. Сонда оларға ұятты жерлері көрініп, олар өздеріне жәннаттың жапырақтарын жапсыра бастады. Адам Раббысына бойсұнбай адасты
ﯗﯘﯙﯚﯛﯜﯝ
Кейін Раббысы оны таңдап, істеген күнәсіне шынайы өкініп, Өзіне бойсұнуға қайтуын тәубесін қабыл етті әрі тура жолға түсірді
ﯞﯟﯠﯡﯢﯣﯤﯥﯦﯧﯨﯩﯪﯫﯬﯭﯮﯯﯰﯱﯲ
Аллаһ айтты: «Екеуің Адам менХауа одан жәннаттан бірге түсіңдер, сендер бір-бірлеріңе жаусыңдар. Ал, енді Менен сендерге тура жол келіп, кім Менің басшылығыма тура жолыма ерсе, онда ол адаспайды әрі бақытсыз болмайды», деді
ﯳﯴﯵﯶﯷﯸﯹﯺﯻﯼﯽﯾﯿ
Ал, кім Менің еске салуымнан Құраннан теріс бұрылса, оған тар өмір болады әрі Қайта тірілу күні оны соқыр күйде тірілтеміз
ﰀﰁﰂﰃﰄﰅﰆﰇﰈ
Ол: «Раббым! Мені не үшін соқыр күйде тірілттің?! Мен көретін едім ғой»,- дейді
ﭑﭒﭓﭔﭕﭖﭗﭘﭙﭚ
Аллаһ айтты: «Міне, осылай. Саған аяттарымыз келген еді, бірақ сен оларды ұмыттың. Сол секілді бүгін сен де ұмытыласың», дейді
ﭛﭜﭝﭞﭟﭠﭡﭢﭣﭤﭥﭦﭧﭨ
Әрі шектен шыққан және Раббысының аяттарына сенбегендердің де қайтарым жаза­сын осылай береміз. Ал соңғы, мәңгілік өмірдің ақиреттің азабы өте қатты әрі үздіксіз тұрақты
ﭩﭪﭫﭬﭭﭮﭯﭰﭱﭲﭳﭴﭵﭶﭷﭸﭹﭺﭻ
Оларға дейін болған, бүгін өздері жұрттарынан өтіп жүрген, қаншама халықты жойып жіберуіміз, Оларға тура жол көрсетпеді ме? Ақиқатында, Мұнда ақыл иелері үшін белгі-ғибраттар бар
ﭼﭽﭾﭿﮀﮁﮂﮃﮄﮅ
Ей, Мұхаммед! Раббыңнан алдын-ала Сөз және белгіленген мерзім болмағанда, әлбетте жазаның бірден болуы міндетті түрде болар еді
ﮆﮇﮈﮉﮊﮋﮌﮍﮎﮏﮐﮑﮒﮓﮔﮕﮖﮗﮘﮙﮚﮛ
Сондықтан олардың айтып жатқандарына сабыр ет. Әрі ризалыққа жету үшін Раббыңды күн шығардан және күн батардан алдын мақтап, дәріпте және түннің бір уақыттары мен күндіздің айналасында дәріпте
ﮜﮝﮞﮟﮠﮡﮢﮣﮤﮥﮦﮧﮨﮩﮪﮫﮬﮭﮮﮯ
Біз олардың кейбіреулеріне сынақ үшін берген осы өмірдің сән-салтанаты болған түрлі нәрселерге көзіңді салма. Ал, Раббыңның ризығы қайырлы әрі тұрақты
ﮰﮱﯓﯔﯕﯖﯗﯘﯙﯚﯛﯜﯝﯞﯟﯠ
Үй-ішіңді намазға бұйыр әрі өзің де оған сабырлы бол. Біз сенен ризық сұрамаймыз. Саған ризықты Біз береміз. Соңғы нәтиже тақуалардікі Раббысына бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанушылардікі
ﯡﯢﯣﯤﯥﯦﯧﯨﯩﯪﯫﯬﯭﯮﯯ
Олар кәпірлер : «Неге ол бізге Раббысынан бір белгі-мұғжизалар келтірмейді?»- деді. Оларға бұрынғы жазбалардағы сухуфтардағы анық дәлелдер келген жоқ па
ﯰﯱﯲﯳﯴﯵﯶﯷﯸﯹﯺﯻﯼﯽﯾﯿﰀﰁﰂﰃ
Егер де оларды осыған дейін бір азаппен жойып жібергенімізде, олар: «Раббымыз! Қор болып және қасірет шекпей тұрып, аяттарыңа еруіміз үшін бізге неге бір Елші жібермедің?» дейтін еді
ﰄﰅﰆﰇﰈﰉﰊﰋﰌﰍﰎﰏﰐ
Ей, Мұхаммед! Айт: «Барлығы күтуде. Сендер де күтіңдер. Жақында тура жолдың иелері кім екендігін және кімнің тура жолмен жүргенін білесіңдер», деп

Құран Кәрім


Tuesday, August 18, 2026

Don't forget us in your sincere prayers