Сүресі Аль-Анбия
PDF —
112 Аят Meccan PDF
Built right in your browser — download starts automatically

Сүресі Аль-Анбия pdf — Жүктеу (Қазақша)

Сүресі Аль-Анбия pdf Қазақша — Жүктеу Сүресі Аль-Анбия Аударма. Аль-Анбия (Meccan) 112 Аят.



Сүресі Аль-Анбия
112 Аят · Meccan · Қазақша
bismillah
ﭑﭒﭓﭔﭕﭖﭗﭘ
Адамдарға есеп уақыты жақындады, ал олар қаперсіздікте, бет бұрған күйлерінде жүр
ﭙﭚﭛﭜﭝﭞﭟﭠﭡﭢﭣﭤ
Оларға Раббысынан қандай да бір жаңа еске салу келсе, олар оны тек ойын, ермек етіп қана тыңдайды
ﭥﭦﭧﭨﭩﭪﭫﭬﭭﭮﭯﭰﭱﭲﭳﭴﭵﭶ
жүректері бос, бейқам күйде. Әділетсіздер өзара құпия сөйлесіп: «Бұл, бар болғаны өздерің сияқты адам емес пе? Көріп тұрып, сиқырға ересіңдер ме?» дейді
ﭷﭸﭹﭺﭻﭼﭽﭾﭿﮀﮁﮂ
Ол Мұхаммед : «Раббым аспандағы және жердегі айтылған сөзді біледі. Ол әс-Самиъ бәрін Естуші , әл-’Алим бәрін Білуші », деді
ﮃﮄﮅﮆﮇﮈﮉﮊﮋﮌﮍﮎﮏﮐﮑ
Олар: «Олай емес, бұл бір шым-шытырық түстер. Жоқ, ол оны ойдан шығарған. Жоқ, ол ақын. Ол бізге бұрынғыларға түсірілгендей бір белгі мұғжиза келтірсін», деді
ﮒﮓﮔﮕﮖﮗﮘﮙﮚﮛ
Оларға дейін Біз жойып жіберген елді мекендердің ешбірі иманға келмеген еді. Енді бұлар мұғжизаны көргенде иманға келе ме
ﮜﮝﮞﮟﮠﮡﮢﮣﮤﮥﮦﮧﮨﮩﮪﮫ
Ей, Мұхаммед! Біз сенен бұрын да оларға уахи етіп, тек ер адамдарды жібердік. Егер өздерің білмесеңдер, Еске салу Кітап берілген қауымнан сұрандар
ﮬﮭﮮﮯﮰﮱﯓﯔﯕﯖ
Әрі біз оларды пайғамбарларды тамақ ішпейтін бір дене етіп жаратқан жоқпыз және олар мәңгі қалушы да емес
ﯗﯘﯙﯚﯛﯜﯝﯞﯟ
Кейін оларға берген уәдені шындыққа шығарып, оларды пайғамбарларды және қалағандарымызды құтқардық. Ал шектен шыққандарды жойып жібердік
ﯠﯡﯢﯣﯤﯥﯦﯧﯨﯩ
Біз сендерге Кітап түсірдік. Онда сен­дерге еске салу бар. Ақылдарыңды істетіп, ұғынбайсыңдар ма
ﭑﭒﭓﭔﭕﭖﭗﭘﭙﭚﭛ
Әрі біз халқы әділетсіз болған қаншама елді мекендерді жойдық және олардан кейін басқа халықтарды пайда еттік
ﭜﭝﭞﭟﭠﭡﭢﭣ
Сонда, қашан олар Біздің азабымызды сезген кезде, одан тұрған жерлерінен қаша бастады
ﭤﭥﭦﭧﭨﭩﭪﭫﭬﭭﭮ
Оларға: «Қашпаңдар! Өздеріне мол етіп берілгенге сән-салтанаттарыңа және үйлеріңе қайтыңдар, мүмкін сендерге өтініш жасайтын болар», делінді
ﭯﭰﭱﭲﭳﭴ
Олар: «О, сорымыз кұрысын! Шын мәнінде біз әділетсіз болдық»,- деді
ﭵﭶﭷﭸﭹﭺﭻﭼﭽ
Біз оларды орып бастырылған шөптей еткенге дейін олар осылай деулерін тоқтатпады
ﭾﭿﮀﮁﮂﮃﮄﮅ
Біз аспан мен жерді әрі екеуінің арасындағыларын ермек етіп жаратқан жоқпыз
ﮆﮇﮈﮉﮊﮋﮌﮍﮎﮏﮐﮑ
Егер де ермек етуді қалағанымызда, бұны істейтін болсақ, оны Өзімізден алар едік
ﮒﮓﮔﮕﮖﮗﮘﮙﮚﮛﮜﮝﮞﮟﮠ
Керісінше! Біз ақиқатты жалғанның үстіне тастаймыз. Сонда ол шындық оны күйретеді. Сөйтіп, ол жалған кетеді, әрі сипаттағандарың үшін сендерге қасірет бар
ﮡﮢﮣﮤﮥﮦﮧﮨﮩﮪﮫﮬﮭﮮﮯ
Аспандардағы және жердегі әркім де Онікі. Оның құзырыңдағылар періштелер! Оған құлшылық етуден өздерін жоғары санамайды әрі жалықпайды
ﮰﮱﯓﯔﯕﯖ
Олар түнде және күндіз күндіз-түні шаршамастан Оны дәріптейді
ﯗﯘﯙﯚﯛﯜﯝﯞ
Бұлар жер бетінен қайта тірілте алатын құдайлар жасап алды ма
ﯟﯠﯡﯢﯣﯤﯥﯦﯧﯨﯩﯪﯫﯬﯭ
Егер екеуінде аспандар мен жерде Аллаһтан басқа құдайлар болғанда, ол екеуі де бүлініп кетер еді. Аршының Раббысы Аллаһ олардың сипаттағандарынан жапқан жалаларынан пәк
ﯮﯯﯰﯱﯲﯳﯴ
Ол Аллаһ не істегенінен сұралмайды. Ал, олар жаратылғандар сұралады
ﯵﯶﯷﯸﯹﯺﯻﯼﯽﯾﯿﰀﰁﰂﰃﰄﰅﰆﰇﰈﰉﰊﰋﰌﰍﰎﰏ
Әлде олар Одан басқаларды құдайлар етіп алды ма? Айт: «Дәлелдеріңді келтіріңдер. Бұл ақиқат, дәлел менімен бірге болғандардың Еске салуы Құран әрі менен алдын болғандардың Еске салуы Тәурат, Інжіл »,- деп. Негізінде, олардың көпшілігі ақиқатты білмейді, сондықтан олар теріс бұрады
ﭑﭒﭓﭔﭕﭖﭗﭘﭙﭚﭛﭜﭝﭞﭟﭠ
Ей, Мұхаммед! Біз сенен алдын бір Елші жіберсек, оған: «Менен басқа құдай жоқ. Сондықтан Маған құлшылық етіңдер», деп уахи етпей тұрып жібермедік
ﭡﭢﭣﭤﭥﭦﭧﭨﭩﭪﭫ
Сондай-ақ, олар мүшріктер : «Әр-Рахман Өзіне бала алды», деді. Ол барлық кемшіліктен пәк. Анығында, періштелер құрметтелген құлдар
ﭬﭭﭮﭯﭰﭱﭲ
Олар періштелер Одан Аллаһтан бұрын бір сөз айтпайды. Әрі олар Оның бұйрығы бойынша амал жасайды
ﭳﭴﭵﭶﭷﭸﭹﭺﭻﭼﭽﭾﭿﮀﮁﮂ
Ол Аллаһ олардың алдарындағыны да, арттарындағыны да біледі. Олар Ол разы болғаннан басқаға араша түспейді шапағат етпейді . Олар Одан қорыққаннан діріл қағып тұрады
ﮃﮄﮅﮆﮇﮈﮉﮊﮋﮌﮍﮎﮏﮐﮑﮒ
Ал олардан кім: «Мен Одан басқа құдаймын», десе, оны Жаһаннаммен жазалаймыз. Біз әділетсіздердің қайтарым жазасын осылай береміз
ﮓﮔﮕﮖﮗﮘﮙﮚﮛﮜﮝﮞﮟﮠﮡﮢﮣﮤﮥﮦﮧ
Аспандар мен жер біртұтас болып, Біз оларды ажыратқанымызды және әрбір тірі нәрсені судан жасағанымызды күпірлік етушілер Аллаһқа сенуден бас тартқандар көрмей ме білмей ме ? Олар сонда да сенбей ме
ﮨﮩﮪﮫﮬﮭﮮﮯﮰﮱﯓﯔﯕﯖ
Біз жерде, оның олармен бірге шайқалмауы үшін берік тұрғандарды тауларды орнаттық. және онда олардың жол табулары үшін кең жолдар жасадық
ﯗﯘﯙﯚﯛﯜﯝﯞﯟﯠ
Әрі аспанды қорғаулы шатыр еттік. Ал, олар Оның белгілерінен теріс айналуда
ﯡﯢﯣﯤﯥﯦﯧﯨﯩﯪﯫﯬﯭ
Әрі Ол Аллаһ сондай түн мен күндізді және күн мен айды жаратты. Әрбірі өз жолымен орбитасымен жүзіп жүреді
ﯮﯯﯰﯱﯲﯳﯴﯵﯶﯷﯸﯹ
Ей, Мұхаммед! Біз сенен бұрын да адамдардың ешқайсысына мәңгілікті мәңгі өмірді бермедік. Сен өлсең, олар мәңгі қала ма
ﯺﯻﯼﯽﯾﯿﰀﰁﰂﰃﰄﰅﰆ
Әрбір жан өлімді татушы. Біз сендерден емтихан алу үшін өздеріңді жамандықпен және жақсылықпен сынаймыз. Әрі Бізге қайтарыласыңдар
ﭑﭒﭓﭔﭕﭖﭗﭘﭙﭚﭛﭜﭝﭞﭟﭠﭡﭢ
Ал, сондай күпірлік етушілер Аллаһқа серік қосушылар сені көрген кезде, келеке етіп: «құдайларыңды сөз қылып жүрген мынау ма?» дейді. Әрі өздері әр-Рахманның аса Қайырымдының еске салуын Құранды теріске шығарады
ﭣﭤﭥﭦﭧﭨﭩﭪﭫﭬ
Адам баласы асыққыш болып жаратылған. Жақында сендерге белгілерімді көрсетемін. Мені асықтырмаңдар
ﭭﭮﭯﭰﭱﭲﭳﭴ
Сондай-ақ, олар мүшріктер : «Егер шын сөзді болсаңдар, бұл уәде қашан?»- дейді
ﭵﭶﭷﭸﭹﭺﭻﭼﭽﭾﭿﮀﮁﮂﮃﮄﮅ
Күпірлік етушілер имансыздар беттері мен арқаларын оттан қорғай алмайтын және оларға көмек берілмейтін кезді білсе еді
ﮆﮇﮈﮉﮊﮋﮌﮍﮎﮏﮐ
Негізінде ол азап оларға кенеттен келіп, састырып қояды. Сонда олар оны қайтара алмайды әрі оларға мұрсат та берілмейді
ﮑﮒﮓﮔﮕﮖﮗﮘﮙﮚﮛﮜﮝﮞ
Сондай-ақ, саған дейінгі елшілер де келеке етілген еді. Сонда оларды елшілерді келеке еткендердің мазақ еткен нәрселері өздерін орап алды бастарына келді
ﮟﮠﮡﮢﮣﮤﮥﮦﮧﮨﮩﮪﮫﮬﮭ
Ей, Мұхаммед! Айт: «Сендерді түнде және күндіз әр-Рахманнан кім қорғайды?»- деп. Алайда олар Раббысын еске алудан теріс бұрылуда
ﮮﮯﮰﮱﯓﯔﯕﯖﯗﯘﯙﯚﯛﯜﯝﯞ
Әлде оларда өздерін Бізден қорғайтын құдайлары бар ма? Олар өз-өздеріне көмек бере алмайды әрі оларды ешкім де Бізден құтқара алмайды
ﯟﯠﯡﯢﯣﯤﯥﯦﯧﯨﯩﯪﯫﯬﯭﯮﯯﯰﯱﯲﯳ
Анығында, Біз оларды және аталарын бұл өмірде оларға өмір ұзақ созылғанға дейін пайдаландырдық. Біз жерді жан-жағынан кемітіп келе жатқанымызды олар көрмей ме? Сонда, үстем болатын солар ма
ﭑﭒﭓﭔﭕﭖﭗﭘﭙﭚﭛﭜﭝ
Ей, Мұхаммед! Айт: «Анығында мен сендерді уахимен ғана ескертемін», деп. Кереңдер ескертіліп жатқан кезде шақыруды үгіт-ескертуді естімейді
ﭞﭟﭠﭡﭢﭣﭤﭥﭦﭧﭨﭩ
Егер Оларға Раббыңның азабынан бір титтейі ғана тисе, олар: «Сорымыз құрысын! Шын мәнінде біз әділетсіз болдық», дейді
ﭪﭫﭬﭭﭮﭯﭰﭱﭲﭳﭴﭵﭶﭷﭸﭹﭺﭻﭼﭽﭾﭿﮀ
Әрі Біз Қайта тірілу күні үшін әділ таразыларды орнатамыз. Сонда бірде-бір жанға ешбір нәрседе әділетсіздік етілмейді. Тіпті қыша дәнінің салмағындай бір нәрсе болса, оны да әкелеміз. Біз есептеуде жеткіліктіміз
ﮁﮂﮃﮄﮅﮆﮇﮈﮉ
Әрі Біз Мұса мен Һарұнға тақуалар Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанушылар үшін фұрқанды (ақиқат пен жалғанды ажыратушы, яғни бұл жерде Тәурат), нұрды және еске салатынды бердік
ﮊﮋﮌﮍﮎﮏﮐﮑﮒ
Олар тақуалар өздерінің Раббысын көрмей-ақ Одан қорқады әрі олар Сағаттан Есеп күнінен зәресіұшып тұрады
ﮓﮔﮕﮖﮗﮘﮙﮚﮛ
Біз түсірген бұл Құран берекелі Еске салушы. Сендер оны теріске шығарасыңдар ма
ﮜﮝﮞﮟﮠﮡﮢﮣﮤﮥﮦ
Әрі Біз бұрын Ибраһимге туралықты бердік әрі оны білдік
ﮧﮨﮩﮪﮫﮬﮭﮮﮯﮰﮱﯓ
Кезінде ол әкесі мен еліне: «Сендер ынталана табынып жүрген мына мүсіндер не?» -деді
ﯔﯕﯖﯗﯘﯙ
Олар: «Біз әкелерімізді осыларғатабынған күйде көрдік», деді
ﯚﯛﯜﯝﯞﯟﯠﯡﯢ
Ибраһим : «Онда сендер де, әкелерің де анық адасуда болғансыңдар», деді
ﯣﯤﯥﯦﯧﯨﯩﯪ
Олар: «Сен бізге ақиқатпен келдің бе, әлде ермек етушілерденсің бе?»- деді
ﯫﯬﯭﯮﯯﯰﯱﯲﯳﯴﯵﯶﯷﯸ
Ибраһим : «Жоқ, әзіл емес : Сендердің Раббың аспандардың және жердің Раббысы. Соларды жаратқан Ол. Мен осыған куәлік берушілерденмін»,- деді
ﯹﯺﯻﯼﯽﯾﯿﰀ
Әрі: «Аллаһпен ант етемін! Сендер кеткеннен кейін табынатын заттарыңа, міндетті түрде айла-амал жасаймын»,- деді
ﭑﭒﭓﭔﭕﭖﭗﭘﭙ
Сөйтіп ол оларды қиратып тастады да, олар оған оралар деп, тек үлкенін қалдырды
ﭚﭛﭜﭝﭞﭟﭠﭡﭢ
Олар: «құдайларымызға мұны кім істеді? Ол әділетсіздерден»,- деді
ﭣﭤﭥﭦﭧﭨﭩﭪ
Олардың кейбірі : «Ибраһим дейтін бір жігіттің оларды сөз етіп жүргенін естіген едік», деді
ﭫﭬﭭﭮﭯﭰﭱﭲﭳ
Олар басшылары : «Оны адамдардың көз алдына алып келіңдер, олар куә болуы үшін»,- деді
ﭴﭵﭶﭷﭸﭹﭺ
Олар: «Ей, Ибраһим! құдайларымызға мұны сен істедің бе?» деді
ﭻﭼﭽﭾﭿﮀﮁﮂﮃﮄ
Ол: «Жоқ. Бұны олардың мына үлкені істеді. Егер олар сөйлей алса, олардың өздерінен сұраңдар»,- деді
ﮅﮆﮇﮈﮉﮊﮋﮌ
Олар өз-өздеріне: «Негізінде, сендер әділетсізсіңдер», деді
ﮍﮎﮏﮐﮑﮒﮓﮔﮕﮖ
Содан кейін олар, қайтадан бастарына кері аударылып бұрынғы теріс халдеріне қайта оралып : «Сен бұлардың сөйлемейтінін білесің ғой»,- деді
ﮗﮘﮙﮚﮛﮜﮝﮞﮟﮠﮡﮢ
Ол Ибраһим : «Сендер Аллаһтан өзге, өздеріңе ешбір пайда не зиян келтіре алмайтын нәрселерге табынасыңдар ма
ﮣﮤﮥﮦﮧﮨﮩﮪﮫﮬﮭ
Сендер де және Аллаһтан өзге табынғандарың да құрысын! Ақылдарыңды істетіп, ұғынбайсыңдар ма?»- деді
ﮮﮯﮰﮱﯓﯔﯕﯖ
Олар: «Бір нәрсе істейтін болсаңдар, оны жағыңдар, сөйтіп құдайларыңа көмектесіңдер»,- деді
ﯗﯘﯙﯚﯛﯜﯝﯞ
Біз: «Ей, от! Ибраһимге салқын әрі қауіпсіз бол»,- дедік
ﯟﯠﯡﯢﯣﯤ
Сондай-ақ, олар оған айла-шарғы жасауды қалады. Ал, Біз оларды ең үлкен зиян шегушілерден еттік
ﯥﯦﯧﯨﯩﯪﯫﯬﯭ
Әрі біз оны Ибраһимды және Лұтты әлемдер үшін берекелі еткен жерге шығарыпқұтқардық
ﯮﯯﯰﯱﯲﯳﯴﯵﯶﯷ
Және Біз оған Исхақты, әрі оған қоса Йаъқубты сыйладық, олардың барлығын ізгілерден еттік
ﭑﭒﭓﭔﭕﭖﭗﭘﭙﭚﭛﭜﭝﭞﭟﭠﭡ
Әрі Біз оларды әміріміз бойынша тура жол бастайтын имамдар жетекшілер еттік. Біз оларға жақсылық істеуді және намазды барлық шарттарын сақтап, беріле толық орындауды және зекетті беруді уахи еттік. Сондай-ақ, олар Бізге құлшылық етушілер болды
ﭢﭣﭤﭥﭦﭧﭨﭩﭪﭫﭬﭭﭮﭯﭰﭱﭲﭳ
Әрі Лұтқа даналық және білім бердік. Оны жиіркенішті істер жасайтын кенттен құтқардық. Олар жаман, бұзық бойсұнбайтын ел еді
ﭴﭵﭶﭷﭸﭹﭺﭻ
Әрі біз оны Өз мейірімімізге кіргіздік. Анығында, ол ізгілерден еді
ﭼﭽﭾﭿﮀﮁﮂﮃﮄﮅﮆﮇﮈ
Әрі Нұхқа да, ол бұрын жалбарынып сұраған кезде, Біз оған жауап беріп тілегін қабылдап , оны және үй ішін үлкен қасіреттен құтқардық
ﮉﮊﮋﮌﮍﮎﮏﮐﮑﮒﮓﮔﮕﮖ
Біз оған белгілерімізді өтірік санаған елге қарсы көмек бердік. Олар жаман адамдар еді, сонда олардың барлығын суға батырдық
ﮗﮘﮙﮚﮛﮜﮝﮞﮟﮠﮡﮢﮣﮤﮥ
Әрі Дәуіт пен Сүлейменге де. Кезінде бір адамдардың қойы түсіп кеткен егінге қатысты ол екеуі үкім шығарған еді. Біз олардың үкім шығарғанына куә болдық
ﮦﮧﮨﮩﮪﮫﮬﮭﮮﮯﮰﮱﯓﯔﯕﯖﯗﯘ
Әрі біз оны дұрыс шешімді Сүлейменге ұқтырдық. Әрқайсысына даналық үкім шығаруды және білім бердік. Әрі тауларды және құстарды Дәуітпен бірге Аллаһты дәріптейтін етіп бағындырдық. Мұны Біз істедік
ﯙﯚﯛﯜﯝﯞﯟﯠﯡﯢﯣﯤ
Әрі біз оған Дәуітке , сендер үшін өздеріңді зияннан қорғайтын сауыт жасау өнерін үйреттік. Сендер шүкір етушісіңдер ме берген игіліктерге алғыс білдірушісіңдер ме
ﯥﯦﯧﯨﯩﯪﯫﯬﯭﯮﯯﯰﯱﯲﯳﯴ
Ал, Сүлейменге күшті желді бағындырдың . Ол жел оның бұйрығымен Біз берекелі еткен жерге қарай еседі. Біз барлық нәрсені Білушіміз
ﭑﭒﭓﭔﭕﭖﭗﭘﭙﭚﭛﭜﭝﭞ
Әрі оған шайтандардың ішінен суға сүңгитіндерді және басқа да жұмысты істейтіндерді бағындырдық . Әрі оларды Біз күзеттік
ﭟﭠﭡﭢﭣﭤﭥﭦﭧﭨﭩﭪ
Әрі Айубқа да, ол Раббысына: «Маған бір пәлекет келді. Ал, Сен мейірім етушілердің ең Мейірімдісісің», деп сұраған кезде
ﭫﭬﭭﭮﭯﭰﭱﭲﭳﭴﭵﭶﭷﭸﭹﭺﭻﭼ
оның тілегін қабыл етіп, ондағы зиянды кетірдік. Әрі Өз тарапымыздан мейірім етіп және құлшылық етушілерге еске салу ғибрат ретінде, оған оның үй ішін және олармен бірге тағы сонша қосып бердік
ﭽﭾﭿﮀﮁﮂﮃﮄﮅ
Әрі Исмаъил, Идрис және Зүлкифлге де. Олардың әрбірі сабыр етушілерден болды
ﮆﮇﮈﮉﮊﮋﮌﮍ
Әрі біз оларды Өз мейірімімізге кіргіздік. Анығында олар ізгілерден еді
ﮎﮏﮐﮑﮒﮓﮔﮕﮖﮗﮘﮙﮚﮛﮜﮝﮞﮟﮠﮡﮢﮣﮤﮥ
Әрі балық ішінде болғанға да Йунусқа . Ол ашуланған күйі шығып кеткен кезде, Біз оған тарлық жасамайды деп ойлады. Сонда ол қараңғылықтар ішінде: «Сенен басқа ешбір құдай жоқ. Сен барлық кемшіліктен пәксің. Мен әділетсіздерден болдым», деп жалынды
ﮦﮧﮨﮩﮪﮫﮬﮭﮮﮯ
Біз оның тілегін қабыл етіп, оны қайғыдан құтқардық. Біз имандыларды осылай құтқарамыз
ﮰﮱﯓﯔﯕﯖﯗﯘﯙﯚﯛﯜ
Әрі Зәкәрияға да. Ол Раббысына: «Раббым! Мені жалғыз қалдырма. Сен ие болып қалушылардың ең қайырлысысың»,- деп жалынған кезде
ﯝﯞﯟﯠﯡﯢﯣﯤﯥﯦﯧﯨﯩﯪﯫﯬﯭﯮﯯﯰﯱﯲ
оның тілегін қабыл етіп, оған Йахйаны сыйладық және әйелін түзеттік. Олар пайғамбарлар жақсы істерді істеуге ұмтылатын. Бізден үміт және қорқумен тілейтін әрі Бізге беріле бойсұнушы еді
ﭑﭒﭓﭔﭕﭖﭗﭘﭙﭚﭛﭜ
Әрі әйелдік пәктігін сақтағанға да Мәриямды . Біз оған Өзіміздегі рухтан Жәбірейіл арқылы үрледік. Әрі оны және оның баласын әлемдерге белгі-ғибрат еттік
ﭝﭞﭟﭠﭡﭢﭣﭤﭥ
Ақиқатында сендердің үмметтерің бір үммет. Мен сендердің Раббыңмын. Маған құлшылық етіңдер
ﭦﭧﭨﭩﭪﭫﭬﭭ
Ал олар адамдар істі дінді өз араларында бөлшектеді. Барлығы Бізге қайтады
ﭮﭯﭰﭱﭲﭳﭴﭵﭶﭷﭸﭹﭺ
Кім иманды болған күйде ізгі амал жасаса, оның әрекет-талпынысы зая кетірілмейді. Әрі күдіксіз, Біз оған амалдарын жазып қоямыз
ﭻﭼﭽﭾﭿﮀﮁﮂ
Әрі Біз жойып жіберген кез келген елді мекеннің халқының қайтуына тыйым салдық
ﮃﮄﮅﮆﮇﮈﮉﮊﮋﮌﮍ
Яжұж бен Мажұж алдындағы тосығы ашылып, олар әрбір қыраттан ағылғанға дейін
ﮎﮏﮐﮑﮒﮓﮔﮕﮖﮗﮘﮙﮚﮛﮜﮝﮞﮟﮠﮡ
Хақ уәде жақындады. Сонда, сон­дай күпірлік еткендердің Аллаһқа серік қосушылардың көздері шақырайып, олар: «Сорымыз құрысын! Біз бұдан қаперсіз болдық. Иә, біз әділетсіз болдық»,- дейді
ﮢﮣﮤﮥﮦﮧﮨﮩﮪﮫﮬﮭ
Күмәнсіз, сендер және сендердің Аллаһ­тан өзге табынғандарың Жаһаннамның отынысыңдар, сендер оған түсесіңдер
ﮮﮯﮰﮱﯓﯔﯕﯖﯗﯘﯙ
Егер де олар табынғандарың құдайлар болғанда, онда оған кірмес еді. Олардың барлығы ол жерде мәңгілікке қалады
ﯚﯛﯜﯝﯞﯟﯠﯡ
Оларға онда ыңыранып күйзелу бар, әрі олар ол жерде естімейді
ﯢﯣﯤﯥﯦﯧﯨﯩﯪﯫ
Ал, Бізден өздеріне алдын жақсылық белгіленгендер, одан тозақтан алыстатылады
ﭑﭒﭓﭔﭕﭖﭗﭘﭙﭚﭛ
Олар оның тозақтың сыбдырын да естімейді. Олар жандары қалағандары ішінде жәннатта мәңгі қалады
ﭜﭝﭞﭟﭠﭡﭢﭣﭤﭥﭦﭧ
Оларды ең үлкен қорқыныш қайғыртпайды. Әрі періштелер оларды қарсы алып: «Өздеріңе уәде етілген күн міне осы!» дейді
ﭨﭩﭪﭫﭬﭭﭮﭯﭰﭱﭲﭳﭴﭵﭶﭷﭸﭹﭺﭻ
Ол күні аспанды жазба жазуғаарналған парақтарды орағандай ораймыз. Жаратылысты әуел баста қалай бастасақ, оны солай қайтарамыз қайта жаратамыз . бұл, Біз міндетімізге алған бір уәде. Біз оны істеушіміз
ﭼﭽﭾﭿﮀﮁﮂﮃﮄﮅﮆﮇﮈ
Әрі Біз Еске салатыннан Ләухул-махфуздан кейін кітаптарда: «Анығында, жерге ізгі құлдарым мұрагер болады», деп жазғанбыз
ﮉﮊﮋﮌﮍﮎﮏ
Ақиқатында, мұның ішінде құлшылық етуші адамдар үшін жеткілікті хабар бар
ﮐﮑﮒﮓﮔﮕ
Ей, Мұхаммед! Әрі біз сені әлемдерге мейірімнен өзге нәрсе етіп жібермедік
ﮖﮗﮘﮙﮚﮛﮜﮝﮞﮟﮠﮡﮢ
Айт: «Шын мәнінде, маған «Сендердің құдайларың бір ғана құдай екені» уахи етілді. Енді мұсылман болмайсыңдар ма бойсұнбайсыңдар ма ?»- деп
ﮣﮤﮥﮦﮧﮨﮩﮪﮫﮬﮭﮮﮯﮰﮱ
Егер олар теріс бұрылса: «Мен сендердің бәріңе, бірдей хабарладым. Әрі сендерге уәде етілген нәрсенің жақын не алыс екенін білмеймін
ﯓﯔﯕﯖﯗﯘﯙﯚﯛ
Күмәнсіз, Ол Аллаһ сөздің жа­рия айтылғанын біледі, әрі нені жасыратындарыңды да біледі
ﯜﯝﯞﯟﯠﯡﯢﯣﯤ
Мүмкін бұл сендер үшін бір сынақ және белгілі мерзімге дейін пайдалану болар, мен оны білмеймін», деп айт
ﯥﯦﯧﯨﯩﯪﯫﯬﯭﯮﯯﯰ
Ол Мұхаммед : «Раббым! Ақиқатпен үкім ет. Сендердің сипаттағандарыңа өтірік, жалаларыңа қарсы Раббымыз әр-Рахманнан жәрдем тілейміз», деді

Құран Кәрім


Tuesday, August 18, 2026

Don't forget us in your sincere prayers