PDF —
52 Аят Meccan PDF
Built right in your browser — download starts automatically

Аль-Калам сүресі pdf — Жүктеу (Қазақша)

Аль-Калам сүресі pdf Қазақша — Жүктеу Аль-Калам сүресі Аударма. Аль-Калам сүресі (Meccan) 52 Аят.

← Аль-МулькАль-Калам сүресі Аль-Хакка →


52 Аят · Meccan · Қазақша
bismillah
ﮉﮊﮋﮌﮍﮎ
68:1 Нун. Қаламмен және олардың жазып жатқандарымен ант етемін
ﮏﮐﮑﮒﮓﮔ
68:2 Ей, Мұхаммед! Сен Раббыңның игілігі арқасында жын соққан біреу емессің
ﮕﮖﮗﮘﮙﮚ
68:3 әрі күдіксіз, саған таусылмайтын сый бар
ﮛﮜﮝﮞﮟ
68:4 және сен, шын мәнінде, ұлы мінезге иесің
ﮠﮡﮢ
68:5 Жақында көресің және олар да көреді
ﮣﮤﮥ
68:6 сендердің қайсы біріңде ессіздік бүлік бар екенін
ﮦﮧﮨﮩﮪﮫﮬﮭﮮﮯﮰﮱ
68:7 Ақиқатында, Раббың Өз жолынан адасқандарды жақсы біледі. Әрі Ол тура жолдағыларды да жақсы біледі
ﯓﯔﯕﯖ
68:8 Ей, Мұхаммед! Өтірікке шығарушыларға бағынба
ﯗﯘﯙﯚﯛ
68:9 Олар сенің көнгіш болғаныңды қалайды, сонда олар да жұмсақтық танытпақшы
ﯜﯝﯞﯟﯠﯡ
68:10 Әрбір көп ант бергішке, жексұрынға бағынба
ﯢﯣﯤﯥ
68:11 мін таққышқа, өсек тасығышқа
ﯦﯧﯨﯩﯪ
68:12 жақсылыққа кедергі болушыға, шектен шығушыға, күнәға батушыға
ﯫﯬﯭﯮﯯ
68:13 дөрекіге бұған қоса өзін өзгенің баласы атағанға бағынба
ﯰﯱﯲﯳﯴﯵ
68:14 дәулеті және перзенттері көп болса да
ﯶﯷﯸﯹﯺﯻﯼﯽ
68:15 Оған аяттарымыз оқылған кезде ол: «Бұрынғылардың ертегілері», деді
ﯾﯿﰀﰁ
68:16 Таяуда оның тұмсығын таңбалаймыз
ﭑﭒﭓﭔﭕﭖﭗﭘﭙﭚﭛ
68:17 Ақиқатында, Біз оларды, бақ иелерін сынағанымыздай сынадық. Сол кезде олар таң уақытында оның жемістерін жинап алуға ант етті
ﭜﭝﭞ
68:18 Алайда олар ескермеді тосын жағдайды есепке алмады
ﭟﭠﭡﭢﭣﭤﭥﭦ
68:19 Сөйтіп, олар ұйықтап жатқанда, оны бақты Раббың тараптан бір айналушы айналды
ﭧﭨﭩ
68:20 Сонда, таңға қарай жемістері қиылғандай кейіпке түсті
ﭪﭫﭬ
68:21 Ал, олар таң сәріде бір-бірін шақырды
ﭭﭮﭯﭰﭱﭲﭳﭴ
68:22 « Өнім Жинайтын болсаңдар, бақтарыңа ерте барыңдар», деді
ﭵﭶﭷﭸ
68:23 Сөйтіп олар баққа жол тартып, сыбырласқан күйде
ﭹﭺﭻﭼﭽﭾﭿ
68:24 «Бүгін оған ешбір кедей кірмесін», деді
ﮀﮁﮂﮃﮄ
68:25 Олар күштері жететініне сеніп, ертемен оңаша барды
ﮅﮆﮇﮈﮉﮊ
68:26 Ал, оны көрген сәтте: «Ақиқатында біз адасып кетіппіз
ﮋﮌﮍﮎ
68:27 жоқ, біз айрылған екенбіз», деді
ﮏﮐﮑﮒﮓﮔﮕﮖ
68:28 Олардың ішіндегі дұрыстауы: «Сен­дерге: « Аллаһты дәріптеңдер демеп пе едім», деді
ﮗﮘﮙﮚﮛﮜﮝ
68:29 Олар: «Раббымыз барлық кемшіліктен пәк. Ақиқатында біз әділетсіз болдық», деді
ﮞﮟﮠﮡﮢﮣ
68:30 Сонда олар бірін-бірі жазғырып
ﮤﮥﮦﮧﮨﮩ
68:31 «Сорымыз құрысын! Ақиқатында, біз шектен шыққан екенбіз
ﮪﮫﮬﮭﮮﮯﮰﮱﯓﯔﯕ
68:32 Мүмкін Раббымыз бізге бұның ор­нына одан жақсысын берер. Ақиқатында, біз Раббымыздан үміт етеміз», десті
ﯖﯗﯘﯙﯚﯛﯜﯝﯞﯟﯠ
68:33 Міне, осындай азап! Күмәнсіз, соңғы, мәңгілік өмір ақирет азабы одан да үлкен. Егер, олар білген болса
ﯡﯢﯣﯤﯥﯦﯧ
68:34 Шын мәнінде, тақуалар үшін Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанғандарға олардың Раббысында Наъим (Жәннаттың аты. Мағнасы көптеген нығмет, игілік) бақтары бар
ﯨﯩﯪﯫ
68:35 Біз мұсылмандарды бойсұнушыларды қылмыскерлер сияқты етеміз бе
ﯬﯭﯮﯯﯰ
68:36 Сендерге не болды, қалай үкім шығарып жатырсыңдар
ﯱﯲﯳﯴﯵﯶ
68:37 Әлде сендерде өздерің оқитын бір кітап бар ма
ﯷﯸﯹﯺﯻﯼ
68:38 Онда ол кітапта : «күдіксіз, сендерге таңдағандарың болады» делінген бе
ﯽﯾﯿﰀﰁﰂﰃﰄﰅﰆﰇﰈﰉ
68:39 Әлде сендер үшін Қиямет күніне дейін жететін: «Шешкендерің орындалады», деген, Біз міндетімізге алған ант бар ма
ﰊﰋﰌﰍﰎ
68:40 Ей, Мұхаммед! Олардан сұра, қайсылары бұған кепіл болады екен
ﰏﰐﰑﰒﰓﰔﰕﰖﰗ
68:41 Әлде олардың серіктері бар ма? Егер шын сөзді болса, серіктерін әкелсін
ﰘﰙﰚﰛﰜﰝﰞﰟﰠﰡ
68:42 Ол күні балтыр ашылғанда, олар сәжде етуге шақырылады, бірақ олардың оған шамалары келмейді
ﭑﭒﭓﭔﭕﭖﭗﭘﭙﭚﭛﭜﭝ
68:43 Олардың көздері жуасып, өздерін қорлық орап алады. Анығында, олар аман-сау кезінде осы өмірде сәжде жасауға шақырылған болатын
ﭞﭟﭠﭡﭢﭣﭤﭥﭦﭧﭨﭩ
68:44 Ей, Мұхаммед! Енді осы Сөзді Құранды өтірік санайтындарды Маған қалдыр. Біз оларды, өздері білмейтін жақтан, бірте-бірте ұстаймыз
ﭪﭫﭬﭭﭮﭯﭰ
68:45 Әрі оларға уақыт беремін. Ақиқатында, Менің айла-тәсілім өте мықты
ﭱﭲﭳﭴﭵﭶﭷﭸ
68:46 Әлде сен олардан ақиқатқа шақырғаның үшін ақы сұрап, олар борышты болып қиналып жатыр ма
ﭹﭺﭻﭼﭽﭾ
68:47 Әлде оларда ғайыптан бір нәрсе болып, олар жаза ма
ﭿﮀﮁﮂﮃﮄﮅﮆﮇﮈﮉﮊ
68:48 Ей, Мұхаммед! Раббыңның үкіміне сабыр ет және балық ішіндегі секілді болма. Сол уақытта ол қайғыға батып, жалбарынды
ﮋﮌﮍﮎﮏﮐﮑﮒﮓﮔﮕ
68:49 Егер оған Раббысынан бір игілік болмағанда, онда ол ашық жерге жағалауға айыпталған күйде лақтырылар еді
ﮖﮗﮘﮙﮚﮛ
68:50 Раббысы оны таңдап, ізгілерден етті
ﮜﮝﮞﮟﮠﮡﮢﮣﮤﮥﮦﮧﮨ
68:51 Ал, күпірлік етушілер Аллаһқа серік қосушылар Еске салуды Құранды тыңдаған сәтте, сені көзбен атып сүріндіруге әзір және: «Ол анық жын соққан», дейді
ﮩﮪﮫﮬﮭﮮ
68:52 Негізінде, бұл Құран әлемдер үшін еске салудан өзге нәрсе емес

Құран Кәрім


Wednesday, September 9, 2026

Don't forget us in your sincere prayers