Turjee man tashaaa`u minhunna wa tu`weee ilaika man tashaaa`u wa manibta ghaita mimman `azalta falaa junaaha `alaik; zaalika adnaaa an taqarra a`yunuhunna wa laa yahzanna wa yardaina bimaa aataitahunna kulluhunn; wal laahu ya`lamu maa fee quloo bikum; wa kaanal laahu `Aleeman haleemaa
📖 Аударма (Қазақ тілінде)
📖 Қазақ тілінде
Сен жұбайларыңнан қалағаныңды кейінге қалдырып әрі өзің қалағанды жаныңа ала аласың. Кейін қалдырғандарыңнан кімді қаласаң да саған күнә жоқ. Бұл олардың көзайым болуына, қамықпауларына және барлығының да сенің тарту еткендеріңе риза болуларына ең жақыны. Аллаһ сендердің жүректеріңдегіні біледі. Аллаһ бәрін Білуші ’Алим , аса Ұстамды, Жұмсақ Халим
🌐 Additional reference in Русский
🌐 Русский
Ты можешь (свой ночной визит) По своему желанию к одной (жене) отсрочить И пригласить к себе другую Иль ту принять, которой раньше пренебрег, - И в этом на тебе греха не будет: Так будет легче освежать их очи. Пусть не печалятся они И удовольствуются тем, что ты даешь им - всем им, (Как обязал тебя Аллах), - Аллах ведь знает, что у вас в сердцах. Поистине, Он знающ и воздержан!
Уа, Пайғамбар! Әйелдеріңнің арасында түнеуді кезектестіруде қалағаныңды кейінге қалдырып, қалағаныңды өзіңе жақындатуға еріктісің. Кейінге қалдырғандарыңның ішінен қайсысын қайтадан жақындатқың келсе, оған да ешқандай күнә жоқ. Бұл жеңілдік пен таңдау еркіндігі сенің әйелдеріңнің көздерінің қуанышқа толуына, қайғырмауына және барлығына берген үлестеріңе разы болуына неғұрлым жақын. Өйткені олар бұл істің Аллаһтың әмірімен екенін біледі. Аллаһ сендердің жүректеріңдегі бір әйелге басқасынан артық бейімділіктеріңді біледі. Аллаһ пенделерінің істерін толық білуші, оларға жазаны асықпай, кешіктіріп, тәубе етулеріне мүмкіндік беруші.
Пайдалы қорытындылар:
Ислам діні жеңілдік пен икемділік діні екенін көрсетеді. Аллаһ Тағала пенделерінің жағдайын ескеріп, кейбір шешімдерді өздеріне қалдырады.
Отбасылық қатынастарда әділдік пен келісімге келуге шақырады. Жүректегі табиғи бейімділіктерді Аллаһ біледі және ол үшін кінәламайды, бірақ әділ болуға тырысу керек.
Аллаһтың Ғалым және Халим есімдерінің мағынасын түсінуге үйретеді: Ол бәрін біледі, бірақ асықпайды, тәубеге мүмкіндік береді.
Пайғамбардың (с.а.с.) отбасылық өміріндегі икемділік пен мейірімділік үлгісін көрсетеді.
Құран Кәрімнің әрбір үкімі пенделердің пайдасы мен жүректерінің тыныштығын көздейтінін білдіреді.
Сен жұбайларыңнан қалағаныңды кейінге қалдырып әрі өзің қалағанды жаныңа ала аласың. Кейін қалдырғандарыңнан кімді қаласаң да саған күнә жоқ. Бұл олардың көзайым болуына, қамықпауларына және барлығының да сенің тарту еткендеріңе риза болуларына ең жақыны. Аллаһ сендердің жүректеріңдегіні біледі. Аллаһ бәрін Білуші ’Алим , аса Ұстамды, Жұмсақ Халим
Ей, иманға келгендер! Сендер иманды әйелдерді некелеріңе алып, кейін Оларға қосылмай тұрып талақ берсеңдер, сендер үшін олардың міндетінде өздерің есептейтін ешқандай идда күту мерзімі жоқ. Оларға біраз дүние беріңдер де көркем түрде жіберіңдер
Ей, Пайғамбар! Біз сен үшін мәһрлерін берген жұбайларыңды, Аллаһ саған тарту етіп берген қол астындағы күңдеріңді әрі сенімен бірге қоныс аударғанәкеңнің аға-інілерінің қыздарын, әкеңнің әпке-қарындастарының қыздарын, анаңның аға-інілерінің қыздарын, анаңның әпке-сіңлілерінің қыздарын әйелдікке алуды рұқсат еттік. Сондай-ақ өзін Пайғамбарға мәһрсіз тарту еткен, иманды әйелді де, егер, пайғамбар оған үйленгісі келсе рұқсат еттік . Алайда бұл барлық имандыларға емес, тек саған ғана қатысты. Біз оларға иманға келгендерге әйелдеріне және қол астарындағы күңдеріне қатысты нені парыз еткенімізді білеміз. Бұл саған ешбір жайсыздықтың болмауы үшін рұқсат етілді . Аллаһ өте Кешірімді , ерекше Мейірімді
Сен жұбайларыңнан қалағаныңды кейінге қалдырып әрі өзің қалағанды жаныңа ала аласың. Кейін қалдырғандарыңнан кімді қаласаң да саған күнә жоқ. Бұл олардың көзайым болуына, қамықпауларына және барлығының да сенің тарту еткендеріңе риза болуларына ең жақыны. Аллаһ сендердің жүректеріңдегіні біледі. Аллаһ бәрін Білуші ’Алим , аса Ұстамды, Жұмсақ Халим
Бұдан кейін саған басқа әйелдерге үйлену және сұлулықтары таң қалдырса да оларды жұбайларыңның бірімен ауыстыруға біріне талақ беріп, орнына басқасын алуға рұқсат жоқ. Бірақ қол астыңдағы күңдерің бұдан тыс. Аллаһ барлық нәрсені Бақылаушы
Ей, иманға келгендер! Пайғамбардың үйлеріне кірмеңдер, тек өздеріңе тамақ жеуге рұқсат етілгенде болмаса, бірақ тамақтың дайын болуын күтіп, алдын ала кірмеңдер. Ал егер шақырылсаңдар, кіріңдер де тамақ жеп болсаңдар, әңгімені созбай дереу тарқаңдар. Бұларың Пайғамбарға жайсыздық тудырады, алайда ол сендерден ұялады. Ал, Аллаһ шындықтан оны түсіндіруден ұялмайды. Егер олардан әйелдерінен бір нәрсе сұрасаңдар, онда перденің арғы жағында тұрып сұраңдар. Осы сендердің жүректерің үшін әрі олардың жүректері үшін де ең тазасы. Сендерге Аллаһтың Елшісін ренжітулеріңе және одан кейін оның әйелдеріне ешқашан үйленулеріңе болмайды. Ақиқатында, бұлай етулерің Аллаһтың алдында өте үлкен күнә
SurahQuran.com was founded as a humble effort to serve the Noble Book and the pure Sunnah, to invite people to Allah, and to make the religious sciences accessible according to the methodology of the Quran and Sunnah. We praise and thank Allah for His grace, and we ask Him to accept our work and make it sincere for His noble Face.