📖 0/604 оқылған беттер
📄 446
Ас-Саффат сүресі

Ас-Саффат сүресі

37:5
رَّبُّ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضِ وَمَا بَيۡنَهُمَا وَرَبُّ ٱلۡمَشَٰرِقِ ٥
Ол аспандар мен жердің және екеуінің арасында болғандардың Раббысы, әрі шығыстардың Раббысы
37:6
إِنَّا زَيَّنَّا ٱلسَّمَآءَ ٱلدُّنۡيَا بِزِينَةٍ ٱلۡكَوَاكِبِ ٦
Біз төменгі аспанды аспан денелерімен жұлдыз, ғаламшарлармен көріктендірдік
37:8
لَّا يَسَّمَّعُونَ إِلَى ٱلۡمَلَإِ ٱلۡأَعۡلَىٰ وَيُقۡذَفُونَ مِن كُلِّ جَانِبٍ ٨
Олар жоғарыдағы топты тыңдай алмайды, сөйтіп олар жан-жақтан атқыланып
37:10
إِلَّا مَنۡ خَطِفَ ٱلۡخَطۡفَةَ فَأَتۡبَعَهُۥ شِهَابٌ ثَاقِبٌ ١٠
Ал, кім тыңдап іліп алса, оның соңына отты ұшқын түседі
37:11
فَٱسۡتَفۡتِهِمۡ أَهُمۡ أَشَدُّ خَلۡقًا أَم مَّنۡ خَلَقۡنَآۚ إِنَّا خَلَقۡنَٰهُم مِّن طِينٍ لَّازِبِۭ ١١
Ей, Мұхаммед! Олардан сұра, оларды жарату қиын ба, әлде Біздің жаратқандарымызды ма? Анығында, Біз оларды жабысқақ лайдан жараттық
37:12
بَلۡ عَجِبۡتَ وَيَسۡخَرُونَ ١٢
Негізінде, сен таңғалдың, ал олар айтқандарыңды келеке етеді
37:16
أَءِذَا مِتۡنَا وَكُنَّا تُرَابًا وَعِظَٰمًا أَءِنَّا لَمَبۡعُوثُونَ ١٦
Біз өліп, топырақ пен сүйектерге айналған кезімізде қайтадан тірілтілеміз бе
37:18
قُلۡ نَعَمۡ وَأَنتُمۡ دَٰخِرُونَ ١٨
Ей, Мұхаммед! Айт: «Иә. Әрі сендер де қор болған күйлеріңде», деп
37:19
فَإِنَّمَا هِيَ زَجۡرَةٌ وَٰحِدَةٌ فَإِذَا هُمۡ يَنظُرُونَ ١٩
Шын мәнінде, ол бір дыбыс қана. Сонда олар қайта тіріліп қарап тұрады
37:20
وَقَالُواْ يَٰوَيۡلَنَا هَٰذَا يَوۡمُ ٱلدِّينِ ٢٠
Олар: «Қап! Сорымыз құрысын! Бұл Есеп күні»,- дейді
37:21
هَٰذَا يَوۡمُ ٱلۡفَصۡلِ ٱلَّذِي كُنتُم بِهِۦ تُكَذِّبُونَ ٢١
Оларға!: «Міне, өздерің өтірік санап келген Айыру күні осы», делінеді
37:22
۞ ٱحۡشُرُواْ ٱلَّذِينَ ظَلَمُواْ وَأَزۡوَٰجَهُمۡ وَمَا كَانُواْ يَعۡبُدُونَ ٢٢
Аса ұлы Аллаһ періштелерге °: «Әділетсіз болғандарды және оларға ұқсағандарды және олардың табынғандарын жинаңдар
37:23
مِن دُونِ ٱللَّهِ فَٱهۡدُوهُمۡ إِلَىٰ صِرَٰطِ ٱلۡجَحِيمِ ٢٣
Аллаһтан өзге жалған құдайларын . Сөйтіп оларды Жахимның тозақтың жолына салыңдар
37:24
وَقِفُوهُمۡۖ إِنَّهُم مَّسۡـُٔولُونَ ٢٤
Әрі оларды тоқтатыңдар, өйткені олар сұраққа тартылады
العربيةEnglishBahasa IndonesiaTürkçeРусскийفارسیFrançaisاردوবাংলাDeutschEspañol中文हिन्दीPortuguêsItalianoภาษาไทยPolskiNederlandsShqipKiswahiliO'zbekதமிழ்MelayuBosanskiSoomaaliAzərbaycanکوردی한국어日本語SvenskaDanskNorskپښتوമലയാളംසිංහලTamazightHausaአማርኛБългарскиТоҷикӣҚазақшаFilipinoسنڌيYorùbáFulfuldeТатарчаئۇيغۇرچەКыргызчаਪੰਜਾਬੀJawaతెలుగుမြန်မာગુજરાતીOromoमराठीTiếng ViệtMalagasyНохчийнWolofދިވެހިಕನ್ನಡУкраїнськаΕλληνικάქართულიខ្មែរدریQafar afMaranaoनेपाली
Құран Кәрім
Friday, August 28, 2026
Don't forget us in your sincere prayers







