PDF —
60 Аят Meccan PDF
Built right in your browser — download starts automatically

Аз-Зарият сүресі pdf — Жүктеу (Қазақша)

Аз-Зарият сүресі pdf Қазақша — Жүктеу Аз-Зарият сүресі Аударма. Аз-Зарият сүресі (Meccan) 60 Аят.

← КафАз-Зарият сүресі Ат-Тур →


60 Аят · Meccan · Қазақша
bismillah
ﯤﯥﯦ
51:1 Ұшырып жіберушілермен ант етемін
ﯧﯨﯩ
51:2 Әрі жүкті көтерушілермен
ﯪﯫﯬ
51:3 және жеңіл жүзушілермен
ﯭﯮﯯ
51:4 әрі Аллаһтың әмір еткендерін үлестірушілермен
ﯰﯱﯲﯳ
51:5 Анығында, сендерге уәде етілген нәрсе шындық
ﯴﯵﯶﯷ
51:6 Әрі есепке тарту міндетті түрде болады
ﭑﭒﭓﭔ
51:7 Жүретін жолдары бар аспанмен ант етемін
ﭕﭖﭗﭘﭙ
51:8 Негізінде, сендер қарама-қайшы сөздесіңдер
ﭚﭛﭜﭝﭞ
51:9 Одан Құраннан бұрылғандар бұрып жіберіледі
ﭟﭠﭡ
51:10 Өтірікшілер анық білмейтін нәрселер жайлы сөйлейтіндер жойылсын
ﭢﭣﭤﭥﭦﭧ
51:11 сондай, имансыздық пен адасудың ұйығында қаперсіздікте жүргендер
ﭨﭩﭪﭫﭬ
51:12 Олар: «Есеп күні қашан болады», деп сұрайды
ﭭﭮﭯﭰﭱﭲ
51:13 Ол күні олар Отта азапталады
ﭳﭴﭵﭶﭷﭸﭹﭺ
51:14 «Азаптарыңды татыңдар! Сендер асықтырған тез болуын сұраған нәрсе осы»
ﭻﭼﭽﭾﭿﮀ
51:15 Ақиқатында, тақуалар Аллаһтың жа­засынан қорқып, сақтанушылар Жәннат бақтары мен бұлақтары арасында
ﮁﮂﮃﮄﮅﮆﮇﮈﮉﮊﮋ
51:16 өздеріне Раббысының бергенін алады. Анығында, олар бұдан алдын жақсылықты ықыласпен істеуші еді
ﮌﮍﮎﮏﮐﮑﮒ
51:17 Олар түннің аз ғана бөлігін ұйықтайтын
ﮓﮔﮕﮖ
51:18 ал сахарда кешірім тілейтін еді
ﮗﮘﮙﮚﮛﮜ
51:19 Олардың дүние-мүліктерінде сұраушыға және түгі жоқ мұқтаждарға үлес бар
ﮝﮞﮟﮠﮡ
51:20 Әрі айқын сенушілер үшін жерде белгі-дәлелдер бар
ﮢﮣﮤﮥﮦﮧ
51:21 және сендердің өздеріңде де. Көрмейсіңдер ме
ﮨﮩﮪﮫﮬﮭ
51:22 Әрі аспанда сендердің ризықтарың және сендерге уәде етілген бар
ﮮﮯﮰﮱﯓﯔﯕﯖﯗﯘ
51:23 Аспан мен жердің Раббысымен ант етемін, бұл сендердің сөз сөйлеулерің секілді ақиқат
ﯙﯚﯛﯜﯝﯞﯟ
51:24 Ей, Мұхаммед! Саған Ибраһимның құрметті қонақтары жайлы хабар келді ме
ﯠﯡﯢﯣﯤﯥﯦﯧﯨﯩﯪ
51:25 Олар оның алдына кірген кезде: «Сәләм» бейбітшілік болсын! деді. Ол да: «Сендерге де Сәләм амандық болсын , ей, бейтаныс адамдар!» деді
ﯫﯬﯭﯮﯯﯰﯱ
51:26 Ол ақырын әйеліне шығып, әзірленген бір семіз бұзау әкелді
ﯲﯳﯴﯵﯶﯷ
51:27 Оны Оларға жақындатып: «Жемейсіңдер ме?» деді
ﯸﯹﯺﯻﯼﯽﯾﯿﰀﰁﰂﰃ
51:28 Сонда ол олардан қауіптеніп қорқып қалды. Олар: «Қорықпа», деді және оны білімді бір ұлмен сүйіншіледі
ﰄﰅﰆﰇﰈﰉﰊﰋﰌﰍ
51:29 Ал, оның әйелі дауыстап, бетін ұрып: «Бедеу кемпір ме?» деді
ﰎﰏﰐﰑﰒﰓﰔﰕﰖﰗ
51:30 Олар періштелер : «Раббың осылай деп айтты. Ақиқатында Ол әл-Хаким аса Дана , әл-’Алим бәрін Білуші », деді
ﭑﭒﭓﭔﭕﭖﭗ
51:31 Ол: «Әй, елшілер, не шаруаменкелдіңдер?» деді
ﭘﭙﭚﭛﭜﭝﭞ
51:32 Олар: «Біз қылмыскер елге жіберілдік
ﭟﭠﭡﭢﭣﭤ
51:33 оларға лайдан жасалған тас жаудыру үшін
ﭥﭦﭧﭨﭩ
51:34 шектен шыққандарға Раббың тарапынан белгіленген», деді
ﭪﭫﭬﭭﭮﭯﭰ
51:35 Біз ол жерден имандыларды шығардық
ﭱﭲﭳﭴﭵﭶﭷﭸ
51:36 Алайда, біз ол жерде бір үйден басқа мұсылмандарды бойсұнушыларды таппадық
ﭹﭺﭻﭼﭽﭾﭿﮀ
51:37 Әрі ол жерде күйзелтуші азаптан қорқушылар үшін белгі қалдырдық
ﮁﮂﮃﮄﮅﮆﮇﮈﮉ
51:38 Мұсада да белгілер бар. Сол кезде оны Фиръаунға анық дәлелмен жібердік
ﮊﮋﮌﮍﮎﮏﮐ
51:39 Бірақ ол айналасындағылармен бірге теріс бұрылды және: «Бұл сиқыршы не жын соққан», деді
ﮑﮒﮓﮔﮕﮖﮗﮘ
51:40 Сонда Біз оны әрі әскерін ұстадық жазаладың және оларды теңізге тастадық. Ол Фиръаун айыпталуға лайықты болды
ﮙﮚﮛﮜﮝﮞﮟﮠ
51:41 Ад елінде де. Сол кезде оларға пайдасы жоқ зиянды желді жібердік
ﮡﮢﮣﮤﮥﮦﮧﮨﮩﮪ
51:42 Ол тиген нәрсесін аман қалдырмай, оны үгіндіге айналдырады
ﮫﮬﮭﮮﮯﮰﮱﯓﯔ
51:43 Сәмұд елінде де. Сол кезде оларға: «Бір уақытқа дейін пайдаланыңдар», делінді
ﯕﯖﯗﯘﯙﯚﯛﯜﯝ
51:44 Олар Раббысының әміріне бағынбай, менмендік танытты. Сонда қарап тұрған күйлерінде оларға саъиқа тиді
ﯞﯟﯠﯡﯢﯣﯤﯥ
51:45 Сонда олар тұруға шамалары келмей қалды әрі қорғана да алмады
ﯦﯧﯨﯩﯪﯫﯬﯭﯮﯯ
51:46 Бұдан бұрын Нұхтың елін де жойдық . Өйткені олар бұзық бойсұнбаушы ел еді
ﯰﯱﯲﯳﯴﯵ
51:47 Біз аспанды құдіретімізбен құрдық әрі Біз кеңейтушіміз
ﯶﯷﯸﯹﯺ
51:48 Ал жерді жайып қойдық. Біз қандай жақсы жаюшымыз
ﯻﯼﯽﯾﯿﰀﰁﰂ
51:49 Әрі сендердің еске алуларың ғибраттануларың үшін Біз әрбір нәрсені жұбымен жараттық
ﰃﰄﰅﰆﰇﰈﰉﰊﰋﰌ
51:50 Ей, Мұхаммед! : «Аллаһқа қарай қашыңдар пана іздеп ұмтылыңдар . Анығында, мен сендерге Одан жіберілген анық ескертушімін
ﰍﰎﰏﰐﰑﰒﰓﰔﰕﰖﰗﰘﰙ
51:51 Аллаһпен бірге басқаны құдай етіп алмаңдар. Шын мәнінде, мен сендерге Одан анық ескертушімін», деп айт
ﭑﭒﭓﭔﭕﭖﭗﭘﭙﭚﭛﭜﭝﭞ
51:52 Міне, осылай, бұлардан алдыңғыларға да әрбір елші келгенде, олар да: «Сиқыршы немесе жын соққан», деді
ﭟﭠﭡﭢﭣﭤﭥﭦ
51:53 Олар бұл сөзді бір-біріне өсиет етіп қалдырды ма? Жоқ, олай емес! Олар шектен шыққан ел
ﭧﭨﭩﭪﭫﭬ
51:54 Ей, Мұхаммед! Олардан теріс бұрыл, сен жазғырылмайсың
ﭭﭮﭯﭰﭱﭲ
51:55 Алайда естеріне сал, өйткені еске салу имандыларға пайдасын тигізеді
ﭳﭴﭵﭶﭷﭸﭹ
51:56 Жын мен адамзатты Өзіме құлшылық етуден басқа нәрсе үшін жаратпадым. Жын және адамзатты Өзіме ғибадат етулері үшін ғана жараттым
ﭺﭻﭼﭽﭾﭿﮀﮁﮂﮃ
51:57 Мен олардан ешбір ризық несібе, үлес қаламаймын және олардың Мені тамақтандыруын да қаламаймын
ﮄﮅﮆﮇﮈﮉﮊﮋ
51:58 Ақиқатында, Аллаһ Ризық беруші, күш-қуат Иесі, өте Мықты
ﮌﮍﮎﮏﮐﮑﮒﮓﮔﮕ
51:59 Анығында, әділетсіздік еткендерге алдыңғы өткен осы ұстанымдағы өздері тәрізділердің үлестеріндей үлес бар. Сондықтан олар асықтырмасын тез болуын сұрамасын
ﮖﮗﮘﮙﮚﮛﮜﮝ
51:60 Күпірлік еткендерге иманға келмегендерге өздеріне уәде етілген Күннен қасірет бар

Құран Кәрім


Wednesday, September 9, 2026

Don't forget us in your sincere prayers