PDF —
55 Аят Meccan PDF
Built right in your browser — download starts automatically

Аль-Камар сүресі pdf — Жүктеу (Қазақша)

Аль-Камар сүресі pdf Қазақша — Жүктеу Аль-Камар сүресі Аударма. Аль-Камар сүресі (Meccan) 55 Аят.

← Ан-НаджмАль-Камар сүресі Ар-Рахман →


55 Аят · Meccan · Қазақша
bismillah
ﮬﮭﮮﮯﮰ
54:1 Сағат Қайта тірілу күні жақындады және ай бөлінді
ﮱﯓﯔﯕﯖﯗﯘﯙ
54:2 Егер олар Аллаһтың бір белгісін көрсе де, теріс бұрылады да: «Күшті сиқыр», дейді
ﯚﯛﯜﯝﯞﯟﯠﯡ
54:3 Әрі олар өтірікке шығарды және көңіл құмарлықтарына ерді. Әрбір істің өз орны уақыты бар
ﯢﯣﯤﯥﯦﯧﯨﯩ
54:4 Ақиқатында, оларға тыйымдарды ескертулерді қамтыған хабарлар келді
ﯪﯫﯬﯭﯮﯯﯰ
54:5 Кемел, даналыққа толы хабарлар . Бірақ ескерту имансызға не пайда бермек
ﯱﯲﯳﯴﯵﯶﯷﯸﯹﯺ
54:6 Ей, Мұхаммед! Енді олардан теріс бұрыл. Шақырушы сүр үрлеуші қиын бір нәрсеге шақырған күні
ﭑﭒﭓﭔﭕﭖﭗﭘﭙ
54:7 олардың көздері қорлана жасыған күйде, бытырап жайылған шегірткелер секілді қабірлерден шығады
ﭚﭛﭜﭝﭞﭟﭠﭡﭢﭣ
54:8 шақырушыға қарай асыққан күйлерінде. кәпірлер: «Бұл ауыр күн!» дейді
ﭤﭥﭦﭧﭨﭩﭪﭫﭬﭭﭮ
54:9 Олардан бұрын Нұхтың елі де өтірікке шығарған еді. Сөйтіп олар құлымызды Нұхты жалғаншыға шығарды және: «Жын қаққан», деп жәбірлеп, тыйым салды
ﭯﭰﭱﭲﭳﭴ
54:10 Сонда ол Раббысына: «Мен жеңілдім, маған көмек бер!» деп дұға қылды
ﭵﭶﭷﭸﭹﭺ
54:11 Біз аспан қақпаларын құйылған сумен аштық
ﭻﭼﭽﭾﭿﮀﮁﮂﮃﮄ
54:12 және жерді жарып, бұлақтарды шығардық. Солай етіп сулар белгіленген іс үшін қосылды
ﮅﮆﮇﮈﮉﮊ
54:13 Сонда оны тақтайлар мен дусурдан құралғанға кемеге мінгіздік
ﮋﮌﮍﮎﮏﮐﮑ
54:14 Ол кеме Біздің көз алдымызда жүзеді, елі күпірлік еткенге теріске шығарғанға қайтарым сый ретінде
ﮒﮓﮔﮕﮖﮗﮘ
54:15 Біз оны белгі-ғибрат етіп қалдырдық. Енді еске алушы бар ма
ﮙﮚﮛﮜﮝ
54:16 Менің азабым әрі ескертуім қалай болды
ﮞﮟﮠﮡﮢﮣﮤﮥ
54:17 Біз Құранды еске алуға жеңіл еттік. Енді еске алушы бар ма
ﮦﮧﮨﮩﮪﮫﮬ
54:18 Ад елі елшілерді өтірікші санады. Сонда Менің азабым мен ескертуім қалай болды
ﮭﮮﮯﮰﮱﯓﯔﯕﯖﯗ
54:19 Біз оларға жамандығы жалғасқан күні суық жел жібердік
ﯘﯙﯚﯛﯜﯝﯞ
54:20 Ол адамдарды опырылған құрма ағаштарындай жұлып әкетеді
ﯟﯠﯡﯢﯣ
54:21 Менің азабым мен ескертуім қалай болды
ﯤﯥﯦﯧﯨﯩﯪﯫ
54:22 Біз Құранды еске алуға жеңіл еттік. Енді еске алушы бар ма
ﯬﯭﯮﯯ
54:23 Сәмұд елі ескертуді өтірік санады
ﯰﯱﯲﯳﯴﯵﯶﯷﯸﯹﯺ
54:24 Олар: «Біз өз арамыздағы бір адамға ереміз бе? Онда біз әлбетте адасуда және ессіздікте боламыз
ﯻﯼﯽﯾﯿﰀﰁﰂﰃﰄ
54:25 Ескерту уахи біздің арамыздан тек соған ғана түсірілді ме? Негізінде, ол менменсінген өтірікші», деді
ﰅﰆﰇﰈﰉﰊ
54:26 Олар ертең-ақ шектен шыққан өтірікшінің кім екенін біледі
ﰋﰌﰍﰎﰏﰐﰑﰒ
54:27 «Біз оларға сынақ ретінде түйені жібереміз. Сен оларды байқа да не істейтіндерін күтіп сабыр ет
ﭑﭒﭓﭔﭕﭖﭗﭘﭙﭚ
54:28 Оларға судың араларында бөлінгенін хабарла. Әркімге су алу кезегі белгіленген»
ﭛﭜﭝﭞﭟ
54:29 Сонда олар серіктерін шақырып, ол оны түйені ұстап тірсегін қиды, сойып өлтірді
ﭠﭡﭢﭣﭤ
54:30 Сонда Менің азабым әрі ескертуім қалай болды
ﭥﭦﭧﭨﭩﭪﭫﭬﭭ
54:31 Біз оларға бір ғана сайха жібердік те, олар қора салушының кепкен қоқым шөбі секілді жапырылып қалды
ﭮﭯﭰﭱﭲﭳﭴﭵ
54:32 Біз Құранды еске алуға жеңіл еттік. Енді еске алушы бар ма
ﭶﭷﭸﭹﭺ
54:33 Лұттың елі насихат, ескертуді өтірік санады
ﭻﭼﭽﭾﭿﮀﮁﮂﮃﮄﮅ
54:34 Біз оларға, тас жаудырған қатты жел жібердік. Тек Лұттың үй-ішінен басқасына. Ал, оларды сахарда таң алдында құтқардық
ﮆﮇﮈﮉﮊﮋﮌﮍﮎ
54:35 Бізден болған игілікпен. Біз игіліктерімізге алғыс білдіргеннің шүкір еткеннің қайтарым сыйын осылай береміз
ﮏﮐﮑﮒﮓﮔ
54:36 Ол Лұт оларға Біздің ұстауымызды азапқа тартуымызды ескерткен еді, бірақ олар ескертуден күмәнданды
ﮕﮖﮗﮘﮙﮚﮛﮜﮝﮞ
54:37 Олар одан қонақтарын беруді талап етті, сонда Біз олардың көздерін тегіс еттік. Енді Менің азабым мен ескертуімді татыңдар
ﮟﮠﮡﮢﮣﮤ
54:38 Оларға ерте таңда бекітілген азап келді
ﮥﮦﮧﮨ
54:39 Оларға: «Енді Менің азабым мен ескерткенімді көріңдер!» делінді
ﮩﮪﮫﮬﮭﮮﮯﮰ
54:40 Біз Құранды еске алуға жеңіл еттік. Енді еске алушы бар ма
ﮱﯓﯔﯕﯖﯗ
54:41 Әрі фиръаундықтарға да ескерту келген еді
ﯘﯙﯚﯛﯜﯝﯞﯟ
54:42 Олар Біздің белгілеріміздің барлығын өтірік санады. Сонда Біз оларды бәрінен Үстем, бәріне Күші жетушінің ұстауымен ұстадық
ﯠﯡﯢﯣﯤﯦﯧﯨﯩﯪ
54:43 Сендердің кәпірлерің солардан артық па? әлде сендер үшін кітаптарда кепілдік бар ма
ﯫﯬﯭﯮﯯﯰ
54:44 Әлде олар: «Біз үстем бір топпыз», дей ме
ﯱﯲﯳﯴﯵ
54:45 Жақында бұл топ мүшріктер жеңіледі де арттарына бұрылып қашады
ﯶﯷﯸﯹﯺﯻﯼ
54:46 Күмәнсіз, Сағат Қайта тірілу оларға белгіленген бір уәделі мерзім. Әрі ол Сағат өте ауыр, мүлдем ащы
ﯽﯾﯿﰀﰁﰂ
54:47 Анығында, қылмыскерлер адасуда және ессіздікте
ﰃﰄﰅﰆﰇﰈﰉﰊﰋﰌ
54:48 Сол күні олар Отқа беттерімен сүйретіледі. Оларға: «Сақардың ұстауын татыңдар!» делінеді
ﰍﰎﰏﰐﰑﰒ
54:49 Ақиқатында, Біз әрбір нәрсені алдын ала белгілегеніміз бойынша жараттық
ﭑﭒﭓﭔﭕﭖﭗ
54:50 Біздің бұйрығымыз көздің бір нәрсеге түскен сәтіндей ғана
ﭘﭙﭚﭛﭜﭝﭞ
54:51 Әрі Біз өздерің секілділерді жойып жібердік. Енді еске алушы бар ма
ﭟﭠﭡﭢﭣﭤ
54:52 Олардың істеген барлық нәрселері кітаптарда
ﭥﭦﭧﭨﭩ
54:53 әрбір кішісі де, үлкені де жазулы
ﭪﭫﭬﭭﭮﭯ
54:54 Анығында, тақуалар Аллаһтың жаза­сынан қорқып, сақтанушылар Жәннаттағы бақтар мен өзендер арасында
ﭰﭱﭲﭳﭴﭵﭶ
54:55 барлық нәрсені Жасай алушы Үкім иесінің алдындағы ақиқат мекенінде

Құран Кәрім


Wednesday, September 9, 2026

Don't forget us in your sincere prayers