PDF —
49 Аят Meccan PDF
Built right in your browser — download starts automatically

Ат-Тур сүресі pdf — Жүктеу (Қазақша)

Ат-Тур сүресі pdf Қазақша — Жүктеу Ат-Тур сүресі Аударма. Ат-Тур сүресі (Meccan) 49 Аят.



49 Аят · Meccan · Қазақша
bismillah
ﮞﮟ
52:1 Турмен ант етемін
ﮠﮡﮢ
52:2 әрі жазылған Кітаппен
ﮣﮤﮥﮦ
52:3 жайылған жұқа нәрсеге жұқа теріге, қағазға
ﮧﮨﮩ
52:4 Әрі Байтул-Маъмурмен (бұл жетінші аспанда тұрғызылған Қағба секілді үй.Оғани күніне жетпіс мың періште кіріп, құлшылық етеді)
ﮪﮫﮬ
52:5 және биік көтерілген шатырмен
ﮭﮮﮯ
52:6 және көтерілген теңізбен ант етемін
ﮰﮱﯓﯔﯕ
52:7 Раббыңның жазасы азабы міндетті түрде түседі
ﯖﯗﯘﯙﯚ
52:8 оны қайтарушы жоқ
ﯛﯜﯝﯞﯟ
52:9 Ол күні аспан теңселіп шайқалады
ﯠﯡﯢﯣ
52:10 ал таулар қозғалып жылжиды
ﯤﯥﯦﯧ
52:11 Сол күні Аллаһты әрі Оның Елшісін өтірікке шығарушыларға үлкен қасірет болады
ﯨﯩﯪﯫﯬﯭ
52:12 сондай жалғанға сүңгіп, ермек етіп, ойнап жүргендерге
ﯮﯯﯰﯱﯲﯳﯴ
52:13 Ол күні олар Жаһаннам отына күштеп итеріледі
ﯵﯶﯷﯸﯹﯺﯻ
52:14 Оларға : «Міне, осы сендер өтірік санап келген От
ﭑﭒﭓﭔﭕﭖﭗ
52:15 Ал, осы сиқыр ма екен, әлде сендер көрмей тұрсындар ма
ﭘﭙﭚﭛﭜﭝﭞﭟﭠﭡﭢﭣﭤﭥ
52:16 Оның ішінде жаныңдар! Енді шыдасаңдар да, не шыдамасаңдар да сендер үшін бірдей. Сендерге істеп өткен амалдарыңның қайтарымы ғана беріледі», делінеді
ﭦﭧﭨﭩﭪﭫ
52:17 Ақиқатында, тақуалар Аллаһтың жа­засынан қорқып, сақтанушылар Жәннаттағы бақтарда болып, игіліктерге бөленеді
ﭬﭭﭮﭯﭰﭱﭲﭳﭴ
52:18 олар Раббысының өздеріне бергеніне қуанып, шат-шадыман болады. Әрі олардың Раббысы оларды Жахим азабынан сақтады
ﭵﭶﭷﭸﭹﭺﭻ
52:19 Оларға: «Істеген амалдарың үшін рахаттанып жендер, ішіңдер!» делінеді
ﭼﭽﭾﭿﮀﮁﮂﮃﮄ
52:20 Олар қатар тізілген көтеріңкі жайлы орындарда, сүйеніп отырады. Әрі Оларға көздері үлкен де әдемілерді хурларды қосамыз
ﮅﮆﮇﮈﮉﮊﮋﮌﮍﮎﮏﮐﮑﮒﮓﮔﮕﮖﮗﮘﮙ
52:21 Әрі Біз өздері иманға келген және ұрпақтары да иманмен өздеріне ергендерді ұрпақтарымен қосамыз. Біз олардың амалдарынан еш нәрсені кемітпейміз. Әрбір адам өз жиғанының амалының тұтқыны
ﮚﮛﮜﮝﮞﮟ
52:22 Әрі, Біз оларға өздері қалаған жемістер мен еттерді ет тағамдарын қосамыз
ﮠﮡﮢﮣﮤﮥﮦﮧﮨ
52:23 Ол жерде олар сусын толы кеселерді бір-біріне ұзатады, онда бос сөз сөйлеу де, күнә жасау да болмайды
ﮩﮪﮫﮬﮭﮮﮯﮰﮱ
52:24 Оларға қабығы ашылмаған інжу секілді жасөспірімдер қызмет етеді
ﯓﯔﯕﯖﯗﯘ
52:25 Әрі олар бір-біріне қарап сұрасады
ﯙﯚﯛﯜﯝﯞﯟﯠ
52:26 Олар: «Негізінде, біз бұрын үй-ішімізбен болған кезімізде қатты қорқушы едік
ﯡﯢﯣﯤﯥﯦﯧ
52:27 Аллаһ бізге игілік етті және бізді Самум (ыстық жел) азабынан сақтады
ﯨﯩﯪﯫﯬﯭﯮﯯﯰﯱﯲ
52:28 Ақиқатында, біз бұрын Одан тілеуші едік. Анығында, Ол әл-Бәрр аса Игі , әр-Рахим ерекше Мейірімді »,- дейді
ﯳﯴﯵﯶﯷﯸﯹﯺﯻ
52:29 Ей, Мұхаммед! Естеріне сал! СенРаббыңныңигілігі арқасындабақсы-балгер әрі жын қаққан да емессің
ﯼﯽﯾﯿﰀﰁﰂﰃ
52:30 Не болмаса олар: «Ол ақын. Біз оған заманның өзгеруін күтеміз», дейді
ﰄﰅﰆﰇﰈﰉﰊ
52:31 Ей, Мұхаммед! Айт: «Күтіңдер, мен де сендермен бірге күтушілерденмін», деп
ﭑﭒﭓﭔﭕﭖﭗﭘﭙﭚ
52:32 Оларға ақылдары осыны бұйыра ма, әлде олар шектен шыққан адамдар ма
ﭛﭜﭝﭞﭟﭠﭡﭢ
52:33 Әлде олар: «Ол оны Құранды ойдан шығарды», дей ме? Жоқ, керісінше! Олар сенбейді
ﭣﭤﭥﭦﭧﭨﭩ
52:34 Егер олар шын сөзді болса, осыған ұқсас Құран секілді хабар келтірсін
ﭪﭫﭬﭭﭮﭯﭰﭱﭲ
52:35 Немесе олар еш нәрсесіз өздігінен жаратылды ма? әлде олар жаратушылар ма
ﭳﭴﭵﭶﭷﭸﭹﭺﭻ
52:36 Не олар аспандар мен жерді жаратты ма? Жоқ! Олар нақты айқын сенбейді
ﭼﭽﭾﭿﮀﮁﮂﮃ
52:37 Немесе Раббыңның қазыналары оларда ма? Не олар басқарушылар ма
ﮄﮅﮆﮇﮈﮉﮊﮋﮌﮍﮎ
52:38 Әлде олардың көтеріліп тыңдайтын сатылары бар ма? Онда олардың ішінен тыңдағаны анық бір дәлел келтірсін
ﮏﮐﮑﮒﮓﮔ
52:39 Немесе қыздар Аллаһтікі, ал ұлдар сендердікі ме
ﮕﮖﮗﮘﮙﮚﮛﮜ
52:40 Ей, Мұхаммед! әлде сен олардан ақы сұрап, содан олар борышқа қалып, соны ауырсынып жатыр ма
ﮝﮞﮟﮠﮡﮢ
52:41 Не оларда ғайыптың мәліметі бар болып, олар соны жаза ма
ﮣﮤﮥﮦﮧﮨﮩﮪﮫ
52:42 Әлде олар айла-шарғы жасауды қалай ма? Ол айла-шарғыға сондай күпірлік етушілердің Аллаһқа қарсы шыққандардың өздері ілінеді
ﮬﮭﮮﮯﮰﮱﯓﯔﯕﯖﯗ
52:43 Әлде олардың Аллаһтан өзге, басқа құдайы бар ма? Аллаһ олардың қосқан серіктерінен пәк
ﯘﯙﯚﯛﯜﯝﯞﯟﯠﯡ
52:44 Әрі олар егер аспанның бір бөлігінің құлап келе жатқанын көрсе де: «Бұл шоғырланған бұлт», дейді
ﯢﯣﯤﯥﯦﯧﯨﯩ
52:45 Ей, Мұхаммед! Енді оларды, өздерінің жойылатын қайта тірілу күніне жолыққандарына дейін жайына қалдыр
ﯪﯫﯬﯭﯮﯯﯰﯱﯲﯳ
52:46 Ол күні Оларға айла-шарғылары ешбір пайда бермейді әрі Оларға ешкім көмектеспейді
ﯴﯵﯶﯷﯸﯹﯺﯻﯼﯽﯾ
52:47 Анығында, әділетсіздерге оған дейін де азап бар, бірақ олардың көбі білмейді
ﯿﰀﰁﰂﰃﰄﰅﰆﰇﰈﰉﰊ
52:48 Ей, Мұхаммед! Раббыңның үкімі келгенге дейін сабыр ет. Сөзсіз, сен Біздің көз алдымыздасың қорғауымыздасың . Әрі тұрған кезіңде Раббыңды мақтап, Оны барлық кемшіліктен пәк деп дәріпте
ﰋﰌﰍﰎﰏﰐ
52:49 Сондай-ақ, түннің бір бөлігінде және жұлдыздар көрінбей қалғанда да Оны барлық кемшіліктен пәк деп дәріпте

Құран Кәрім


Wednesday, September 9, 2026

Don't forget us in your sincere prayers