Yaaa aiyuhal lazeena aamanoo izaa qumtum ilas Salaati faghsiloo wujoohakum wa Aidiyakum ilal maraafiqi wamsahoo biru`oosikum wa arjulakum ilal ka`bayn; wa in kuntum junuban fattahharoo; wain kuntum mardaaa aw`alaa safarin aw jaaa`a ahadum minkum minal ghaaa`iti aw laamastumunnisaaa`a falam tajidoo maaa`an fatayammamoo sa`eedan taiyiban famsahoo biwujoohikum wa aideekum minh; ma yureedul laahu liyaj`ala `alaikum min harajinw wa laakidy yureedu liyutahhirakum wa liyutimma m`matahoo `alaikum la`allakum tashkuroon
📖 Аударма (Қазақ тілінде)
📖 Қазақ тілінде
Ей, иманға келгендер! Қашан намазға тұратын болсаңдар, беттеріңді және шынтақтарға дейін қолдарыңды жуыңдар, бастарыңа мәсих тартыңдар сұлы қолмен сипаңдар әрі аяқтарыңды тобықтарға дейін жуыңдар . Егер жүніп болсаңдар, тазаланыңдарғұсыл құйыныңдар . Ал, егер науқас не сапарда болсаңдар, не сендерден біреу дәретке отырып келсе немесе әйелдеріңе жақындасқан болсаңдар, сонда су таба алмасаңдар, таза топыраққа тәяммум соғып алақандарыңды ұрып , онымен беттеріңді және қолдарыңды сипаңдар. Аллаһ сендерге ауыртпашылықты қаламайды, Ол сендердің шүкір етулерің Оның берген игіліктеріне алғыс білдірулерің үшін сендерді тазартуды әрі сендерге деген игілігін соңына жеткізуді қалайды
🌐 Additional reference in Русский
🌐 Русский
О вы, кто верует! Когда готовитесь к молитве, Умойте свои лица, руки до локтей, Обмойте до лодыжек ноги И оботрите голову свою; А если вы осквернены обрядом ночи, Омойтесь с головы до ног; А если вы больны, или в пути, (Иль выходили) по естественной нужде и возвратились, Иль с женщиной сношение имели И вы при этом не нашли воды (обмыться), Сухим песком иль чистою землею Лицо и руки оботрите - Господь не хочет вас обременять, Он лишь очистить вас желает, Чтобы явить сполна Свою вам милость, - Быть может, станете вы благодарны.
الْمَرَافِقِ – шынтақтар: білек пен қолдың жоғарғы бөлігін қосатын буын.
الْكَعْبَيْنِ – екі тобық: аяқтың балтырмен қосылатын жеріндегі екі сүйектің шығыңқы тұсы.
جُنُبًا – жүніп: жақындықтан кейінгі үлкен дәретсіздік күйі.
الْغَائِطِ – дәретхана: дәрет сындыратын жер.
لَامَسْتُمُ النِّسَاءَ – әйелдерге жақындастыңдар: жұбайлық қатынас жасадыңдар.
صَعِيدًا طَيِّبًا – таза топырақ: жер бетінің таза бөлігі.
حَرَجٍ – қиындық, тарлық.
Аяттың тәпсірі:
Уа, иман келтіргендер! Қашан намаз оқуға тұрсаңдар және дәретсіз болсаңдар, беттеріңді жуыңдар, қолдарыңды шынтақтарымен қоса жуыңдар, бастарыңды сипап мәсіх тартыңдар, аяқтарыңды тобықтарымен қоса жуыңдар. Егер үлкен дәретсіздік күйінде болсаңдар, толық жуынып тазарыңдар. Ал егер науқас болсаңдар немесе сапарда болсаңдар, немесе біреулерің дәретханадан келсе, немесе әйелдеріңе жақындассаңдар да су таба алмасаңдар, онда таза топыраққа бет бұрып, онымен беттеріңді және қолдарыңды сипап тәйәммүм жасаңдар. Аллаһ тазалық пен тәйәммүм ережелерін белгілеу арқылы сендерге қиындық пен тарлық тудырғысы келмейді. Керісінше, Ол сендерді күнәлардан және рухани кірлерден тазартып, науқастық пен сапар кезінде жеңілдік беру арқылы өз игілігін толықтырғысы келеді. Осының бәрі Аллаһтың берген нығметтеріне шүкір етулерің үшін.
Аяттан алынатын пайдалы тұстар:
Ислам діні тазалыққа үлкен мән береді. Дәрет пен ғұсыл – дененің тазалығы ғана емес, рухани тазалықтың да белгісі.
Аллаһ Тағала пенделеріне қиындық тудырғысы келмейді. Науқас немесе сапарда жүрген адамға су таппаса, тәйәммүм жасауға рұқсат берілген. Бұл – діннің жеңілдігі мен мейірімділігінің көрінісі.
Тәйәммүм – тек қиындық кезіндегі балама ғана емес, сонымен қатар Аллаһтың пендесіне деген ерекше қамқорлығы мен нығметінің бір түрі.
Аят адамдарды Аллаһтың нығметтеріне шүкір етуге, Оған құлшылық етуге және Оның әмірлеріне бойсұнуға шақырады.
Тазалық – иманның жартысы. Ислам діні адамды үнемі таза жүруге, рухани және тәндік жағынан пәк болуға тәрбиелейді.
Аллаһтың әмірлері мен тыйымдарының барлығында даналық пен игілік бар. Пенде соған шүкір етіп, қуанышпен қабылдауы керек.
Ей, иманға келгендер! Қашан намазға тұратын болсаңдар, беттеріңді және шынтақтарға дейін қолдарыңды жуыңдар, бастарыңа мәсих тартыңдар сұлы қолмен сипаңдар әрі аяқтарыңды тобықтарға дейін жуыңдар . Егер жүніп болсаңдар, тазаланыңдарғұсыл құйыныңдар . Ал, егер науқас не сапарда болсаңдар, не сендерден біреу дәретке отырып келсе немесе әйелдеріңе жақындасқан болсаңдар, сонда су таба алмасаңдар, таза топыраққа тәяммум соғып алақандарыңды ұрып , онымен беттеріңді және қолдарыңды сипаңдар. Аллаһ сендерге ауыртпашылықты қаламайды, Ол сендердің шүкір етулерің Оның берген игіліктеріне алғыс білдірулерің үшін сендерді тазартуды әрі сендерге деген игілігін соңына жеткізуді қалайды
Ей, Мұхаммед! Олар сенен өздеріне не рұқсат етілгені жайлы сұрайды. Айт:«Сендерге жақсы нәрселер рұқсат етілді әрі Аллаһтың өздеріңе үйреткені бойынша, үйреткендеріңнің аулағаны да. Олардың өздеріңе ұстап бергенінен жендер әрі оған аңшы ит не құсты салғанда Аллаһтың есімін атаңдар», деп айт. Аллаһтан Оның жазасынан қорқып, сақтаныңдар, ақиқатында Аллаһ есепте өте жылдам
Бүгін сендерге жақсы нәрселер рұқсат етілді. Сондай-ақ, Кітап берілгендердің тағамы бауыздаған малы сендер үшін рұқсат етілген әрі сендердің тағамдарыңды Оларға беруге рұқсат етілген. Сондай-ақ имандылардан мүміндерденәйелдік пәктігін сақтайтын әйелдерге және сендерден бұрын Кітап берілгендердің ішінен әйелдік пәктігін сақтайтын әйелдерге мәһрлерін берсеңдер, өздеріңнің еркектік адалдықтарыңды сақтаған түрде ойнастық жасамай, көңілдес ұстамасаңдар үйленулеріңе рұқсат етілді . Кім иманға күпірлік етсе иман шарттарын теріске шығарса ақиқатында, оның амалы зая болып, соңғы, мәңгілік өмірде ақиретте зиян шегушілерден болады
Ей, иманға келгендер! Қашан намазға тұратын болсаңдар, беттеріңді және шынтақтарға дейін қолдарыңды жуыңдар, бастарыңа мәсих тартыңдар сұлы қолмен сипаңдар әрі аяқтарыңды тобықтарға дейін жуыңдар . Егер жүніп болсаңдар, тазаланыңдарғұсыл құйыныңдар . Ал, егер науқас не сапарда болсаңдар, не сендерден біреу дәретке отырып келсе немесе әйелдеріңе жақындасқан болсаңдар, сонда су таба алмасаңдар, таза топыраққа тәяммум соғып алақандарыңды ұрып , онымен беттеріңді және қолдарыңды сипаңдар. Аллаһ сендерге ауыртпашылықты қаламайды, Ол сендердің шүкір етулерің Оның берген игіліктеріне алғыс білдірулерің үшін сендерді тазартуды әрі сендерге деген игілігін соңына жеткізуді қалайды
Әрі Аллаһтың сендерге берген игілігін және: «Естідік, бойсұндық», деп айтқан кездеріңде, Оның өздеріңмен бекіткен сертін еске алыңдар. Тақуа болыңдар Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтаныңдар . Ақиқатында, Аллаһ кеуделердегіні жүректердегіні жақсы Білуші
Ей, иманға келгендер! куәлік еткендеріңде, әділдікпен Аллаһ үшін мықты тұрыңдар. Бір адамдарды жек көрулерің сендерді әділетсіздік етуге итермелемесін. Әділдік істеңдер. бұл тақуалыққа Аллаһтың тыйғандарынан қорқып, сақтануға ең жақыны. Аллаһтан Оның жазасынан қорқып, сақтаныңдар! Ақиқатында, Аллаһ не істеп жатқандарыңнан Хабардар
SurahQuran.com was founded as a humble effort to serve the Noble Book and the pure Sunnah, to invite people to Allah, and to make the religious sciences accessible according to the methodology of the Quran and Sunnah. We praise and thank Allah for His grace, and we ask Him to accept our work and make it sincere for His noble Face.