PDF —
89 Аят Meccan PDF
Built right in your browser — download starts automatically

Аз-Зухруф сүресі pdf — Жүктеу (Қазақша)

Аз-Зухруф сүресі pdf Қазақша — Жүктеу Аз-Зухруф сүресі Аударма. Аз-Зухруф сүресі (Meccan) 89 Аят.

← Аш-ШураАз-Зухруф сүресі Ад-Духан →


89 Аят · Meccan · Қазақша
bismillah
ﮀﮁ
43:1 Ха. Мим
ﮂﮃﮄ
43:2 Анық Кітаппен ант етемін
ﮅﮆﮇﮈﮉﮊﮋ
43:3 Шын мәнінде Біз оны ақылдарыңды істетіп, ұғынуларың үшін арабша Құран еттік
ﮌﮍﮎﮏﮐﮑﮒﮓ
43:4 Әрі күмәнсіз, ол Құран Біздегі негізгі Кітапта Ләухул-махфузда . Ол өте жоғары, хикметті
ﮔﮕﮖﮗﮘﮙﮚﮛﮜ
43:5 Сендер шектен шығушы ел болғандықтарың үшін сендерден Еске салуды түсірмей,ұстап қаламыз ба
ﮝﮞﮟﮠﮡﮢﮣ
43:6 Әрі Біз алдыңғыларғақаншамапайғамбар жібердік
ﮤﮥﮦﮧﮨﮩﮪﮫﮬ
43:7 Өздеріне пайғамбар келген сайын, олар оны келеке ететін
ﮭﮮﮯﮰﮱﯓﯔﯕ
43:8 Ал, Біз күш-қуатта олардан да мықтыларды жойып жібергенбіз. Әрі бұрынғылардың мысалы өтті
ﯖﯗﯘﯙﯚﯛﯜﯝﯞﯟﯠ
43:9 Ей, Мұхаммед! Егер олардан Аллаһқа серік қосушылардан : «Аспандарды және жерді кім жаратты?» деп сұрасаң, олар сөзсіз: «Оларды бәрінен Үстем, бәрін Білуші жаратты», дейді
ﯡﯢﯣﯤﯥﯦﯧﯨﯩﯪﯫﯬ
43:10 Ол сендерге жерді тұрақ етті әрі онда жол табуларың үшін сендерге жолдар белгіледі
ﭑﭒﭓﭔﭕﭖﭗﭘﭙﭚﭛﭜﭝﭞ
43:11 әрі Ол аспаннан суды мөлшермен түсірді. Біз онымен өлі мекенді тірілттік. Сендер де осылайша қабірлерден шығарыласыңдар
ﭟﭠﭡﭢﭣﭤﭥﭦﭧﭨﭩﭪ
43:12 Ол барлық түрлерді жаратты және сендерге кемелер мен малдардан өздерің мінетінді жасады
ﭫﭬﭭﭮﭯﭰﭱﭲﭳﭴﭵﭶﭷﭸﭹﭺﭻﭼﭽﭾﭿ
43:13 оларға мінулерің үшін, кейін оның үстіне мініп отырғанда өздеріңнің Раббыңның игілігін еске алып: «Бізге мұныбағынышты еткен Ол барлық кемшіліктен пәк, әйтпесе біздің оған шамамыз келмес еді
ﮀﮁﮂﮃﮄ
43:14 әрі біз күмәнсіз, Раббымызға қайтушымыз», деп айтуларың үшін
ﮅﮆﮇﮈﮉﮊﮋﮌﮍﮎﮏ
43:15 Ал, олар Аллаһқа серік қосушылар Оның құлдарынан бір бөлімін періштелерді Оның бөлігі етті Оған таңды . Негізінде, адам анық күпірлік етуші берілген игіліктерді анық мойындамаушы
ﮐﮑﮒﮓﮔﮕﮖﮗ
43:16 Әлде Ол Өзі жаратқандарының ішінен қыздар алып, ал сендерге ұлдар беріп ерекшеледі ме
ﮘﮙﮚﮛﮜﮝﮞﮟﮠﮡﮢﮣﮤ
43:17 Қашан олардың бірі, өздері әр-Рахманға мысал етіп таңғанмен қызбен сүйіншіленсе, ішінен тынып, жүзі түнеріп кетеді
ﮥﮦﮧﮨﮩﮪﮫﮬﮭﮮ
43:18 Сәндік бұйымдар, әшекейлер ішінде бой жетіп және айтыс-тартыста анық еместі телиді ме
ﮯﮰﮱﯓﯔﯕﯖﯗﯘﯙﯚﯛﯜﯝﯞ
43:19 Әрі олар мүшріктер әр-Рахманның құлдары болып табылатын періштелерді әйел затына теңеді. Олар бұлардың жаратылуын көрген бе еді? Олардың куәліктері жазылады және олар бұдан сұралады
ﯟﯠﯡﯢﯣﯤﯥﯦﯧﯨﯩﯪﯫﯬﯭﯮﯯﯰ
43:20 Әрі олар: «Егер де әр-Рахман қалағанда, біз оларға табынбас едік», деді. Оларда бұл туралы ешбір білім жоқ. Олар тек өтірік айтады
ﯱﯲﯳﯴﯵﯶﯷﯸﯹ
43:21 Немесе Біз оларға бұдан бұрын бір Кітап беріп, олар соны ұстанып келе ме
ﯺﯻﯼﯽﯾﯿﰀﰁﰂﰃﰄﰅ
43:22 Жоқ! Олар: «Біз аталарымызды бір дінде таптық әрі біз олардың іздерімен жүріп келе жатырмыз», -деді
ﭑﭒﭓﭔﭕﭖﭗﭘﭙﭚﭛﭜﭝﭞﭟﭠﭡﭢﭣﭤﭥﭦ
43:23 Ей, Мұхаммед! Осылай сенен бұрын бір елді мекенге ескертуші жіберсек, ондағы сән-салтанат, рахатқа шалқып жүргендер: «Біз аталарымызды бір дінде таптық әрі біз олардың салған іздерімен жүреміз», деді
ﭧﭨﭩﭪﭫﭬﭭﭮﭯﭰﭱﭲﭳﭴﭵﭶﭷ
43:24 Ол пайғамбар : «Мен сендерге ата-бабаларың ұстанғаннан да тура нәрсені дінді әкелсем де ме?» деді. Олар: «Біз сендермен жіберілгенге әлбетте сенбейміз», деді
ﭸﭹﭺﭻﭼﭽﭾﭿﮀ
43:25 Сонда Біз оларды жазаға тарттық. Енді, назар сал, жалғанға шығарушылардың соңы немен біткеніне
ﮁﮂﮃﮄﮅﮆﮇﮈﮉﮊ
43:26 Кезінде Ибраһим өзінің әкесі мен еліне: «Шындығында, мен сендердің табынатындарыңа қатысым жоқ олардан бас тартамын
ﮋﮌﮍﮎﮏﮐ
43:27 тек өзімді жаратқанға құлшылық етем . Ақиқатында, Ол ғана мені тура жолмен жүргізеді»,- деді
ﮑﮒﮓﮔﮕﮖﮗﮘ
43:28 Әрі бұл сөзді ұрпақтарына, олардың тура дінгеРқайтуы үшін мәңгі қалдырды
ﮙﮚﮛﮜﮝﮞﮟﮠﮡﮢ
43:29 Иә, Мен Аллаһ бұларды мүшріктерді және олардың ата-бабаларын, өздеріне ақиқат әрі анық Елші келгенге дейін қамтамасыз еттім
ﮣﮤﮥﮦﮧﮨﮩﮪﮫﮬ
43:30 Ал, олар өздеріне ақиқат келген кезде: «Бұл сиқыр. Біз оған сенбейміз»,- деді
ﮭﮮﮯﮰﮱﯓﯔﯕﯖﯗﯘ
43:31 Әрі олар: «бұл Құран екі қаладан ұлы бір адамға неге түсірілмеген?» деді
ﯙﯚﯛﯜﯝﯞﯟﯠﯡﯢﯣﯤﯥﯦﯧﯨﯩﯪﯫﯬﯭﯮﯯﯰﯱﯲﯳﯴﯵ
43:32 Раббыңның игілігін солар бөліп бере ме? Оларға осы өмірдегі тіршілік қажеттерін Біз үлестірдік. Әрі бірін-бірі жұмыс істеуге алуы үшін дүниелік дәрежелерде олардың бірін кейбірінен жоғары көтердік. Әрі Раббыңның мейірімі олардың жинағандарынан қайырлы
ﯶﯷﯸﯹﯺﯻﯼﯽﯾﯿﰀﰁﰂﰃﰄﰅﰆﰇ
43:33 Егер де адамдардың бір қауым болып алуы болмағанда, әр-Рахманға күпірлік еткендердің қарсы келгендердің үйлерінің шатырлары мен оған көтерілетін сатыларын күмістен жасар едік
ﭑﭒﭓﭔﭕﭖ
43:34 сондай-ақ олардың үйлеріндегі есіктерді де және олар сүйеніп отыратын жұмсақ жиһаздарды да күмістен жасар едік
ﭗﭘﭙﭚﭛﭜﭝﭞﭟﭠﭡﭢﭣﭤﭥ
43:35 әрі әшекейлерді де. Анығында бұлардың барлығы осы өмірдің ғана болмашы нәрсесі. Ал Раббыңның алдындағы соңғы, мәңгілік өмір ақирет тақуаларға Раббысына бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанғандарға арналады
ﭦﭧﭨﭩﭪﭫﭬﭭﭮﭯﭰﭱ
43:36 Кімде-кім әр-Рахманның Еске салуынан Құраннан теріс бұрылса, Біз оған шайтанды бекітіп қоямыз да ол оған ажырамас серік болады
ﭲﭳﭴﭵﭶﭷﭸﭹ
43:37 Әрі сөзсіз, олар шайтандар бұларды тура жолдан қайтарады, ал бұлар өздерін тура жолдамыз деп есептейді
ﭺﭻﭼﭽﭾﭿﮀﮁﮂﮃﮄﮅ
43:38 Ал, қашан Бізге келгенде, ол серігіне : «Әттең! Мені мен сенің араң екі шығыстың батыс пен Шығыстың қашықтығыңдай болса еді! Қандай жаман серіксің!» дейді
ﮆﮇﮈﮉﮊﮋﮌﮍﮎﮏ
43:39 Оларға : «Сендер әділетсіздік істедіңдер, бүгін азапта бірге болуларың сендерге еш пайда бермейді», делінеді
ﮐﮑﮒﮓﮔﮕﮖﮗﮘﮙﮚﮛ
43:40 Ей, Мұхаммед! Сен кереңдерге естірте аласың ба немесе соқырларды және анық адасуда болғандарды тура жолға сала аласың ба
ﮜﮝﮞﮟﮠﮡﮢ
43:41 Біз сені алып кетсек те, оларды міндетті түрде жазалаймыз
ﮣﮤﮥﮦﮧﮨﮩﮪ
43:42 Немесе Оларға уәде еткенімізді саған көрсетеміз. әлбетте, Біздің Оларға күшіміз жетеді
ﮫﮬﮭﮮﮯﮰﮱﯓﯔﯕ
43:43 Өзіңе уахи етілгенді ұстан! Ақиқатында, сен тура жолдасың
ﯖﯗﯘﯙﯚﯛﯜﯝ
43:44 Шын мәнінде, бұл Құран саған және сенің қауымыңа еске салу. Әрі сендер жақында сұраласыңдар
ﯞﯟﯠﯡﯢﯣﯤﯥﯦﯧﯨﯩﯪﯫ
43:45 Сен өзіңнен бұрын жіберген елшілерімізден олардың үмметтерінен сұра, Біз әр-Рахманнан өзге құлшылық етілетін құдайлар жасадық ба
ﯬﯭﯮﯯﯰﯱﯲﯳﯴﯵﯶﯷﯸ
43:46 Әрі Біз Мұсаны белгі-мұғжизаларымызбен Фиръаунға және оның уәзір, бектеріне жібердік. Ол: «Ақиқатында мен бүкіл әлемдердің Раббысының елшісімін», деді
ﯹﯺﯻﯼﯽﯾﯿﰀ
43:47 Ол Мұса Оларға Біздің белгі-мұғжизаларымызды келтірген кезде, олар оған күлді
ﭑﭒﭓﭔﭕﭖﭗﭘﭙﭚﭛﭜﭝﭞﭟ
43:48 Әрі Біз оларға бір белгі көрсетсек, сөзсіз, ол алдыңғысынан үлкен болды. Сондай-ақ, Біз оларды қайтулары үшін азапқа ұшыраттық
ﭠﭡﭢﭣﭤﭥﭦﭧﭨﭩﭪﭫ
43:49 Сонда олар фиръаундықтар : «Ей, сиқыршы! Біз үшін Раббыңа өзіңе берген уәдесі бойынша дұға қыл, біз тура жолға келеміз»,- деді
ﭬﭭﭮﭯﭰﭱﭲﭳ
43:50 Ал, қашан Біз оларды азаптан айықтырған кезімізде, олар уәделерін бұзады
ﭴﭵﭶﭷﭸﭹﭺﭻﭼﭽﭾﭿﮀﮁﮂﮃﮄﮅﮆ
43:51 Әрі Фиръаун еліне жар салып: «Ей, елім! Мысырдың билігі әрі мына астымнан ағып жатқан өзендер менікі емес пе? Көрмей тұрсыңдар ма
ﮇﮈﮉﮊﮋﮌﮍﮎﮏﮐﮑﮒ
43:52 Әлде мен мына қадірсіз қор және сөзін әрең түсіндіретін біреуден артық емеспін бе
ﮓﮔﮕﮖﮗﮘﮙﮚﮛﮜﮝﮞ
43:53 Әрі неге оған алтыннан білезіктер тағылмаған? Немесе неге онымен періштелер бірге еріп келмеген?» деді
ﮟﮠﮡﮢﮣﮤﮥﮦﮧ
43:54 Ол елін жеңіл ойлы байыппен ойламайтын санады, ал олар оғанбағынды. Өйткені олар бұзық бойсұнбаушы ел еді
ﮨﮩﮪﮫﮬﮭﮮ
43:55 Сөйтіп, олар Бізді ашуландырған кезде, оларды жазалап, барлығын суға батырдық
ﮯﮰﮱﯓﯔ
43:56 Әрі оларды өздері секілді кейінгілерге теріс жол салушы және өзгелер үшін ғибратты мысал еттік
ﯕﯖﯗﯘﯙﯚﯛﯜﯝﯞﯟ
43:57 Ей, Мұхаммед! Мәриям ұлы мысалға келтірілгенде, сенің елің айқайлап шулай түседі
ﯠﯡﯢﯣﯤﯥﯦﯧﯨﯩﯪﯫﯬﯭﯮﯯﯰ
43:58 Әрі олар: «Біздің құдайларымыз жақсы ма, әлде ол ма?» дейді. Олар оны сенімен дауласу үшін ғана келтіреді. Негізінде, олар даушыл ел
ﯱﯲﯳﯴﯵﯶﯷﯸﯹﯺﯻ
43:59 Ол бар болғаны, Біз игілік берген және Исраил ұрпақтарына ғибратты мысал еткен құлымыз ғана
ﯼﯽﯾﯿﰀﰁﰂﰃﰄ
43:60 Егер де қалағанымызда, сендерді жер­де орындарыңды басатын періштелермен алмастыратын едік
ﭑﭒﭓﭔﭕﭖﭗﭘﭙﭚﭛﭜ
43:61 Оларға айт : «Ақиқатында ол Иса -Сағаттың Қайта тірілу күнінің бір белгісі. Оған еш күмәнданбаңдар әрі маған еріңдер. Міне, осы тура жол
ﭝﭞﭟﭠﭡﭢﭣﭤﭥ
43:62 Әрі шайтан сендерді одан ақиқатқа еруден тоспасын. Анығында ол сендерге анық дұшпан», деп
ﭦﭧﭨﭩﭪﭫﭬﭭﭮﭯﭰﭱﭲﭳﭴﭵﭶﭷﭸ
43:63 Ал, Иса анық белгі-дәлелдермен келген кезде, ол: «Мен сендерге даналықпен әрі өздерің қайшылыққа түсіп отырған нәрселердің кейбірін сендерге түсіндіру үшін келдім. Ал, енді Аллаһтан Оның тыйымдарынан қорқып, сақтаныңдар және мағанбағыныңдар
ﭹﭺﭻﭼﭽﭾﭿﮀﮁﮂﮃ
43:64 Ақиқатында, Аллаһ менің де Раббым әрі сендердің де Раббың. Сондықтан Оғанқұлшылық етіңдер. Осы тура жол», деді
ﮄﮅﮆﮇﮈﮉﮊﮋﮌﮍﮎﮏﮐ
43:65 Алайда діни топтар өзара қайшылыққа түсті. Сондай әділетсіздік еткендерге күйзелтуші Күннің азабынан үлкен қасірет бар
ﮑﮒﮓﮔﮕﮖﮗﮘﮙﮚﮛ
43:66 Олар өздеріне кенеттен, сезбеген күйлерінде келетін Сағаттан Қайта тірілу күнінен басқа нәрсені күте ме
ﮜﮝﮞﮟﮠﮡﮢﮣ
43:67 Сол күні тақуалардан Раббысына бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанғандардан басқа жақын достар біріне-бірі жау болады
ﮤﮥﮦﮧﮨﮩﮪﮫﮬ
43:68 Аллаһ тақуаларға : «Ей, Менің құлдарым! Сендерге бүгін қорқыныш жоқ әрі сендер қайғырмайсыңдар», дейді
ﮭﮮﮯﮰﮱﯓ
43:69 Солар Біздің аяттарымызға сенген және мұсылман болғандар бойсұнғандар
ﯔﯕﯖﯗﯘﯙ
43:70 Оларға : «Сендер және жақын достарың шаттыққа бөлендірілген күйде Жәннатқа кіріңдер», делінеді
ﯚﯛﯜﯝﯞﯟﯠﯡﯢﯣﯤﯥﯦﯧﯨﯩﯪﯫ
43:71 Оларға алтыннан жасалған табақтар және кеселер ұсынылады. Ол жерде көңілдер қалайтын және көздер рахаттанатын нәрселер бар. Әрі сендер онда мәңгі қаласыңдар
ﯬﯭﯮﯯﯰﯱﯲﯳ
43:72 Міне, сендерге істеген амалдарың үшін мұра етіліп берілген Жәннат осы
ﯴﯵﯶﯷﯸﯹﯺ
43:73 Сендерге ол жерде көптеген жемістер бар. Олардан жейсіңдер
ﭑﭒﭓﭔﭕﭖﭗ
43:74 Шын мәнінде, қылмыскерлер Жаһаннам азабында мәңгі қалады
ﭘﭙﭚﭛﭜﭝﭞ
43:75 Оларға азап үзіліссіз беріліп әрі олар ол жерде күдер үзген күйде болады
ﭟﭠﭡﭢﭣﭤﭥ
43:76 Біз оларға әділетсіздік істеген жоқпыз, олардың өздері әділетсіз болды
ﭦﭧﭨﭩﭪﭫﭬﭭﭮﭯ
43:77 Олар: «Ей, Мәлик тозақ сақшысы !Раббың бізді өлтірсін», деп дауыстайды. Ол: «Сендер мәңгілік қаласыңдар», дейді
ﭰﭱﭲﭳﭴﭵﭶﭷ
43:78 Біз сендерге ақиқатты әкелдік, бірақ сендердің көбің ақиқатты ұнатпадыңдар
ﭸﭹﭺﭻﭼﭽ
43:79 Олар бір істі бітіруге шешім қабылдады ма? Біз де шешім қабылдадық
ﭾﭿﮀﮁﮂﮃﮄﮅﮆﮇﮈﮉﮊ
43:80 Әлде олар өздерінің жасырын сырларын және құпия әңгімелерін Біз естімейді деп ойлай ма? Олай емес! Біздің елшілеріміз періштелер олардың жанында жазып жүреді
ﮋﮌﮍﮎﮏﮐﮑﮒﮓ
43:81 Ей, Мұхаммед! Айт: «Егер әр-Рахманның баласы болса, онда мен алғашқылардан болып, құлшылық еткен болар едім», деп
ﮔﮕﮖﮗﮘﮙﮚﮛﮜ
43:82 Аспандардың және жердің Раббысы, Аршының Раббысы олардың таңған нәрселерінен пәк
ﮝﮞﮟﮠﮡﮢﮣﮤﮥ
43:83 Оларды жайына қалдыр, өздеріне уәде етілген Күніне жолыққандарына дейін бос сөздерге батып, ойнап-күліп жүре тұрсын
ﮦﮧﮨﮩﮪﮫﮬﮭﮮﮯﮰﮱﯓ
43:84 Ол аспандарда да құдай әрі жерде де құдай. Ол аса Дана, бәрін Білуші
ﯔﯕﯖﯗﯘﯙﯚﯛﯜﯝﯞﯟﯠﯡ
43:85 Аспандар мен жердің және ол екеуінің арасындағылардың билігі Өзінде болған Ол аса Берекелі. Сағат Қайта тірілу күні жайлы білім Оған тән. Әрі сендер Оған қайтарыласыңдар
ﯢﯣﯤﯥﯦﯧﯨﯩﯪﯫﯬﯭﯮﯯ
43:86 Олардың мүшріктердің Одан өзге жалбарынатындары ара түсу күшіне шапағат етуге ие емес. Тек ақиқатқа куәлік бергендер басқа, олар біледі
ﯰﯱﯲﯳﯴﯵﯶﯷﯸﯹ
43:87 Ал, егер олардан серік қосушылардан өздерін кім жаратқанын сұрасаң, олар сөзсіз: «Аллаһ», дейді. Сонда олар қайда бұрылып барады
ﯺﯻﯼﯽﯾﯿﰀﰁ
43:88 Әрі ол: «О, Раббым! Негізінде бұлар иманға келмейтін адамдар», деді
ﰂﰃﰄﰅﰆﰇﰈﰉ
43:89 Ей, Мұхаммед! Олардан кең пейілдікпен бұрылып: «Тыныштық болсын!»- деп айт. Жақында олар білетін болады

Құран Кәрім


Wednesday, September 9, 2026

Don't forget us in your sincere prayers