Сүресі Нух
PDF —
28 Аят Meccan PDF
Built right in your browser — download starts automatically

Сүресі Нух pdf — Жүктеу (Қазақша)

Сүресі Нух pdf Қазақша — Жүктеу Сүресі Нух Аударма. Нух (Meccan) 28 Аят.

Related



Сүресі Нух
28 Аят · Meccan · Қазақша
bismillah
ﭸﭹﭺﭻﭼﭽﭾﭿﮀﮁﮂﮃﮄﮅﮆ
Ақиқатында, Біз, Нұхты еліне: «Қауымыңды, оларға жан күйзелтуші азап келместен бұрын ескерт», деп жібердік
ﮇﮈﮉﮊﮋﮌﮍ
Ол айтты: «Әй, елім, шын мәнінде мен сендерге анық ескертушімін
ﮎﮏﮐﮑﮒﮓ
Аллаһқа Құлшылық жасаңдар, Одан Оның жазасынан қорқып, сақтаныңдар және маған бағыныңдар
ﮔﮕﮖﮗﮘﮙﮚﮛﮜﮝﮞﮟﮠﮡﮢﮣﮤﮥﮦﮧﮨ
Ол күнәларыңды кешіреді және сендерге белгіленген бір мерзімге дейін мұрсат береді. Шын мәнінде, Аллаһ белгілеген мерзім жетсе, ол кейінге ұзартылмайды, Егер де сендер білсеңдер», деп
ﮩﮪﮫﮬﮭﮮﮯﮰ
Ол айтты: «Раббым, ақиқатында мен елімді түнде де, күндіз де иманға шақырдым
ﮱﯓﯔﯕﯖﯗ
Алайда, шақыруым олардың кері қашуын ғана арттырды
ﯘﯙﯚﯛﯜﯝﯞﯟﯠﯡﯢﯣﯤﯥﯦ
Ақиқатында, мен оларды Сенің кешіруің үшін шақырған сайын олар саусақтарын құлақтарына тығып, киімдерімен бүркеніп алды және қасарысып, өздерін жоғары қойып, тәкаппарлана түсті
ﯧﯨﯩﯪﯫ
Мен оларды ашық түрде шақырдым
ﯬﯭﯮﯯﯰﯱﯲﯳ
Содан кейін мен оларды жалпы және оңаша жекеше түрде де үгіттедім
ﯴﯵﯶﯷﯸﯹﯺ
Сондай-ақ: «Өздеріңнің Раббыңнан кешірім тілеңдер, өйткені Ол көп Кешіруші Ғаффар
ﭑﭒﭓﭔﭕ
Ол сендерге аспаннан мол жаңбыр жібереді
ﭖﭗﭘﭙﭚﭛﭜﭝﭞﭟ
сендерді мал-мүліктермен және перзенттермен қолдайды. Сендерге бау-бақшалар өсіріп және сендер үшін өзендер пайда қылады
ﭠﭡﭢﭣﭤﭥﭦ
Сендер неге Аллаһқа бойсұнып, Одан қорықпайсыңдар
ﭧﭨﭩﭪ
Негізінде, Ол сендерді кезең-кезеңдермен жаратты
ﭫﭬﭭﭮﭯﭰﭱﭲﭳ
Аллаһ жеті аспанды қабат-қабат етіп қалай жаратқанын көрмедіңдер ме
ﭴﭵﭶﭷﭸﭹﭺﭻ
Олардың ішінде айды нұр қылып, күнді жарық шығарушы қылды
ﭼﭽﭾﭿﮀﮁ
Аллаһ сендерді жерден өсімдік секілді шығарды
ﮂﮃﮄﮅﮆﮇ
Содан кейін сендерді оған қайтарады және қайта шығарады
ﮈﮉﮊﮋﮌﮍ
Әрі Аллаһ сендерге жерді кілем етті
ﮎﮏﮐﮑﮒ
онда кең жолдармен жүрулерің үшін», деп
ﮓﮔﮕﮖﮗﮘﮙﮚﮛﮜﮝﮞﮟﮠ
Нұх айтты: «Раббым! Ақиқатында, олар мағанбағынбай, сондай, өздеріне мал-дүниесі мен перзенттері зияннан басқаны арттырмаған біреулерге ілесті»
ﮡﮢﮣﮤ
Сондай-ақ, олар өте үлкен құлықпен айлакерлік істеді
ﮥﮦﮧﮨﮩﮪﮫﮬﮭﮮﮯﮰﮱﯓ
және қауымына айтты: «Сендер ешқашан өз құдайларыңды тастамаңдар. Уадты, Суағты, Яғусты, Яғуқты және Нәсірді еш уақытта тастаушы болмаңдар», деп
ﯔﯕﯖﯗﯘﯙﯚﯛﯜﯝ
Нұх : «Ақиқатында, бұлар көбін адастырды. Сен де Раббым әділетсіздерге адасудан басқаны арттырма!» деді
ﯞﯟﯠﯡﯢﯣﯤﯥﯦﯧﯨﯩﯪ
Олар біле тұра істеген қателерінің салдарынан суға батырылып әрі отқа кіргізілді. Сөйтіп, олар өздеріне Аллаһтан басқа ешқандай көмек берушілерді таппады
ﯫﯬﯭﯮﯯﯰﯱﯲﯳﯴﯵ
Нұх айтты: «Раббым, кәпірлерден жерде бірде-бір тұрғын қалдырма
ﯶﯷﯸﯹﯺﯻﯼﯽﯾﯿﰀ
Өйткені, Сен оларды қалдырсаң, олар құлдарыңды адастырады және бұзық, кәпірден басқаны көбейтпейді
ﰁﰂﰃﰄﰅﰆﰇﰈﰉﰊﰋﰌﰍﰎﰏﰐﰑ
Раббым, мені, ата-анамды, үйіме иманды болып кіргендерді және иманды ерлер мен иманды әйелдерді кешір! Ал, әділетсіздерге жойылып кетуден басқаны арттырма!» деді

Құран Кәрім


Tuesday, August 18, 2026

Don't forget us in your sincere prayers