Аль-Мааридж сүресі pdf — Жүктеу (Қазақша)
Аль-Мааридж сүресі pdf Қазақша — Жүктеу Аль-Мааридж сүресі Аударма. Аль-Мааридж сүресі (Meccan) 44 Аят.
Related
- Аль-Мааридж сүресі АудармаҚазақша
- Аль-Мааридж сүресі mp3Тыңда
- Quran Index Қазақша114
More Сүресі PDF
Аль-Мааридж сүресі

ﮮﮯﮰﮱﯓ
70:1
Бір сұраушы, болатын азапты сұрады
ﯔﯕﯖﯗﯘ
70:2
Кәпірлерге болатын. Оны қайтарушы жоқ
ﯙﯚﯛﯜﯝ
70:3
Ол азап сатылар дәрежелер Иесі Аллаһтан
ﯞﯟﯠﯡﯢﯣﯤﯥﯦﯧﯨﯩ
70:4
Періштелер мен Рух Жәбірейіл Оған Аллаһқа өлшемі елу мың жыл болған бір күнде көтеріледі
ﯪﯫﯬﯭ
70:5
Ей, Мұхаммед! Көркем сабырмен сабыр ет
ﯮﯯﯰﯱ
70:6
Шын мәнінде олар оны алые көреді
ﯲﯳﯴ
70:7
ал, Біз оны жақын көреміз
ﯵﯶﯷﯸﯹ
70:8
Ол қиямет күні аспан еріген мыс сияқты болады
ﯺﯻﯼﯽ
70:9
ал, таулар түтілген жүн секілді болады
ﯾﯿﰀﰁﰂ
70:10
Әрі жақын жақынынан сұрамайды
ﭑﭒﭓﭔﭕﭖﭗﭘﭙﭚﭛ
70:11
олар бір-біріне көрсетілсе де. Қылмыскер сол күннің азабынан құтылу үшін өзінің перзенттерін өтемге беруді қалайды
ﭜﭝﭞ
70:12
және өзінің әйелін, өзінің аға-інісін
ﭟﭠﭡﭢ
70:13
әрі өзіне қамқор болып, паналатқан туыстарын да
ﭣﭤﭥﭦﭧﭨﭩ
70:14
және жер жүзіндегі адамдардың барлығын да, тек кейін өзі құтқарылса болды
ﭪﭫﭬﭭﭮ
70:15
Жоқ, олай емес! Шын мәнінде, ол Ләзо
ﭯﭰﭱ
70:16
Бас терісін сыдырып алушы
ﭲﭳﭴﭵﭶ
70:17
Ол тозақ теріс айналғанды және бет бұрғанды өзіне шақырады
ﭷﭸﭹ
70:18
әрі дүние жинап, жасырғанды
ﭺﭻﭼﭽﭾﭿ
70:19
Негізінде, адам баласы орнықсыз етіп, тұрақсыз жаратылған
ﮀﮁﮂﮃﮄ
70:20
Қашан оған жамандық жетсе, ол тым мазасыз
ﮅﮆﮇﮈﮉ
70:21
ал, оған жақсылық келгенде өте сараң
ﮊﮋﮌ
70:22
Тек намаз оқитындар ғана мұндай емес
ﮍﮎﮏﮐﮑﮒ
70:23
Олар намаздарын әрқашан қалдырмай орындайтындар
ﮓﮔﮕﮖﮗﮘ
70:24
әрі мал-дүниелерінде белгілі бір үлес барлар
ﮙﮚﮛ
70:25
сұраушыға және еш нәрсесі жоқтар үшін
ﮜﮝﮞﮟﮠ
70:26
әрі олар Есеп күнін шын деп білетіндер
ﮡﮢﮣﮤﮥﮦﮧ
70:27
және олар Раббысының азабынан зәресі ұшып қорқатындар
ﮨﮩﮪﮫﮬﮭ
70:28
ақиқатында, Раббысының азабынан ешкім де қауіпсіз емес
ﮮﮯﮰﮱﯓ
70:29
Әрі олар өзінің әурет мүшесін сақтаушылар
ﯔﯕﯖﯗﯘﯙﯚﯛﯜﯝﯞ
70:30
жұбайлары мен қол астарындағы күңдерінен басқалардан, оларға бұл күнә емес
ﯟﯠﯡﯢﯣﯤﯥﯦ
70:31
ал, бұдан өзгені қалағандар шектен шығушылар
ﯧﯨﯩﯪﯫﯬ
70:32
Әрі олар аманаттары мен серттерін сақтайтындар
ﯭﯮﯯﯰﯱ
70:33
және олар куәліктерін әділ орындайтындар
ﯲﯳﯴﯵﯶﯷ
70:34
әрі олар намаздарына мұқият қарайтындар
ﯸﯹﯺﯻﯼ
70:35
міне, осылар жәннаттарда сый-құрметке бөленетіндер
ﯽﯾﯿﰀﰁﰂ
70:36
Ей, Мұхаммед! Сондай күпірлік етушілерге Раббыңның игіліктерін мойындамағандарға не болды, алдында асығыс-үсігіс жүгіріскен
ﰃﰄﰅﰆﰇﰈ
70:37
оң жақтан және сол жақтан топ-топ болып
ﰉﰊﰋﰌﰍﰎﰏﰐﰑ
70:38
Олардан әрбірі Наъим(Жәннаттың аты. Мағнасы көптеген нығмет, игілік) бағына кіргізілуін шынымен дәмете ме
ﰒﰓﰔﰕﰖﰗﰘ
70:39
Жоқ, олай емес! Анығында, Біз оларды өздеріне мәлім болған нәрседен жараттық
ﰙﰚﰛﰜﰝﰞﰟﰠ
70:40
Шығыстар мен батыстардың Раббысымен ант етемін! Күмәнсіз, Біз жасай аламыз
ﭑﭒﭓﭔﭕﭖﭗﭘﭙ
70:41
олардың орындарына олардан да жақсыны алмастыруды. Әрі Бізден ешкім озушы емес
ﭚﭛﭜﭝﭞﭟﭠﭡﭢ
70:42
Оларды жөніне қалдыр. Олар өздеріне уәде етілген Күнге жолыққанға дейін бос сөз, жалғанға сүңгіп, ойнап-күле тұрсын
ﭣﭤﭥﭦﭧﭨﭩﭪﭫﭬ
70:43
Ол күні олар орнатылған белгілерге жүгіргендей қабірлерден асыға шығады
ﭭﭮﭯﭰﭱﭲﭳﭴﭵﭶﭷ
70:44
олардың көздері жуасып, өздерін қорлық басқан күйде болады. Міне, оларға уәде етілген Күн осы
Құран Кәрім
Wednesday, September 9, 2026
Don't forget us in your sincere prayers







