Wa mal lam yastati` minkum tawlan ai yankihal muhsanaatil mu`minaati famimmaa malakat aimaanukum min fatayaatikumul mu`minaat; wallaahu a`lamu bi eemaanikum; ba`dukum mim ba`d; fankihoohunna bi izni ahlihinna wa aatoohunna ujoorahunna bilma`roofi muhsanaatin ghaira musaa fihaatinw wa laa muttakhizaati akhdaan; fa izaaa uhsinna fa in ataina bifaahi shatin fa`alaihinnna nisfu maa `alal muhsanaati minal `azaab; zaalika liman khashiyal `anata minkum; wa an tasbiroo khairul lakum; wallaahu Ghafoorur Raheem
📖 Аударма (Қазақ тілінде)
📖 Қазақ тілінде
Сендерден басы азат иманды мүмін әйелдерге үйленуге кімнің қаражат жағынан шамасы келмесе, онда қолдарыңдағы иманды мүмін күңдердің біріне үйленсін . Аллаһ сендердің имандарыңды жақсы біледі. Сендер бір-біріңненсіңдер. Оларға иелерінің рұқсатымен үйленіңдер және оларға мәһрлерін тиісінше беріңдер. Олар әйелдік пәктігін сақтаушы, ойнас жасамайтын, көңілдес ұстамайтын болсын. Олар қашан күйеуге шығып, кейін бір жиіркенішті іс ойнастық істесе, оларға азат әйелдерге тиісті азаптың жазаның жартысы беріледі. Бүл сендердің араларыңдағы зина істеп қоюдан қорыққандар үшін. Ал, сабыр етулерің, өздерің үшін қайырлы. Аллаһ өте Кешірімді, ерекше Мейірімді
🌐 Additional reference in Русский
🌐 Русский
А у кого из вас нет средств Взять верную и охраняемую в жены, Берите в жены тех из верных, Которыми владеют ваши правы руки. Аллах ведь знает вашу веру, Вы друг от друга все (сотворены). На них женитесь с позволенья их господ, По справедливости им дар назначив, - Им - целомудренным, непохотливым, Внебрачных связей не имевшим. Но если они мерзость совершат, Уже вступивши с вами в брак, Им (в наказание) - лишь половина из того, Что охраняемым назначено (за тот же грех). Сие (установление) - для тех из вас, Которых тягости (семейных уз) пугают, Но, несомненно, лучше будет вам, Коль будете вы сдержанны и терпеливы, - Аллах ведь всепрощающ, милосерд!
مُتَّخِذَاتِ أَخْدَانٍ — жасырын түрде сүйіскен жар тауып, зина жасайтындар.
أُحْصِنَّ — тұрмысқа шыққан, күйеуге шыққан.
الْعَذَابِ — осында: шариғат белгілеген жаза (хад).
الْعَنَتَ — зинаға бару қаупі, нәпсіге ауыр тиетін қысым.
2) Аяттың тәпсірі:
Ей, мүмін ерлер! Кімде еркін, иманды әйелдерге үйленуге жететін қаржылай мүмкіндік болмаса, ол өздеріңнің қол астыңдағы иманды құл әйелдерге үйлене алады. Аллаһ сендердің имандарыңның шынайылығын жақсы біледі. Сендер бір-біріңненсіңдер — дінде және адамзаттықта теңсіздік жоқ, сондықтан құл әйелдерге үйленуден бас тартпаңдар. Оларға иелерінің рұқсатымен үйленіңдер және мәһірлерін жақсылықпен, кемсітпей, кешіктірмей беріңдер. Олар зинадан аулақ, ар-намысын сақтайтын, ашық та, жасырын да зина жасамайтын әйелдер болуы керек. Егер олар тұрмысқа шыққаннан кейін зина жасаса, онда оларға еркін әйелдерге берілетін жазаның жартысы — елу дүре соғылады, тасбен ату жазасы қолданылмайды. Бұл рұқсат — араларыңнан зинаға бару қаупінен қорыққандар үшін. Ал сабыр етіп, өздеріңді тежеулерің сендер үшін қайырлырақ, өйткені бұл балалардың құл болып туылуынан сақтайды. Аллаһ күнәларыңды кешіруші, сендерге ерекше мейірімді.
3) Алынатын пайдалар:
Ислам дінде адамдар арасында теңдік орнатады: байлық пен әлеуметтік жағдай иман мен адамдық қадір-қасиетті арттырмайды.
Аллаһ Тағала пенделерінің жағдайын біледі және қиындыққа тап болғандарға жеңілдік жасайды — бұл Оның рақымының көрінісі.
Нәпсіге ие болу, сабыр ету — әрқашан қайырлы. Асықпай, шыдамдылық танытқан адам Аллаһтың разылығына бөленеді.
Ислам отбасын қорғауға, ар-намысты сақтауға және зинадан аулақ болуға шақырады.
Аллаһ күнәларды кешіреді және мейірімді — тәубе етіп, тура жолға түскен әрбір пендесіне Оның рақымы ашық.
Сендерден басы азат иманды мүмін әйелдерге үйленуге кімнің қаражат жағынан шамасы келмесе, онда қолдарыңдағы иманды мүмін күңдердің біріне үйленсін . Аллаһ сендердің имандарыңды жақсы біледі. Сендер бір-біріңненсіңдер. Оларға иелерінің рұқсатымен үйленіңдер және оларға мәһрлерін тиісінше беріңдер. Олар әйелдік пәктігін сақтаушы, ойнас жасамайтын, көңілдес ұстамайтын болсын. Олар қашан күйеуге шығып, кейін бір жиіркенішті іс ойнастық істесе, оларға азат әйелдерге тиісті азаптың жазаның жартысы беріледі. Бүл сендердің араларыңдағы зина істеп қоюдан қорыққандар үшін. Ал, сабыр етулерің, өздерің үшін қайырлы. Аллаһ өте Кешірімді, ерекше Мейірімді
Сендерге аналарыңа, қыздарыңа, әпке-қарындастарыңа, әкелеріңмен бір туған әйелдерге, шешелеріңмен бір туған әйелдерге, бір туған бауырларыңның қыздарына, бір туған әпке-қарындастарыңның қыздарына, өздеріңді емізген сүт аналарыңа, бір еміскен сүт бауыр әпке-қарындастарыңа, әйелдеріңнің аналарына, үйленіп жақындасқан әйелдеріңнің бұрынғы күйеуінен болған қолдарыңдағы өгей қыздарыңа үйлену тыйым салынды. Егер ол әйелдерге жақындаспаған болсаңдар, сендерге күнә жоқ. Әрі туған балаларыңның әйелдеріне және әпке-сіңліліге қатар үйленулеріңе тыйым салынды. Бірақ бұрын өткені өтті. Ақиқатында, Аллаһ өте Кешірімді, ерекше Мейірімді
Сондай-ақ, некелі әйелдерге үйленулеріңе тыйым салынды . Бірақ қол астарыңдағы соғыстан түскен күңдерің бұған жатпайды. Сендерге Аллаһтың жазғаны үкімі осы. Ал, бұлардан басқа әйелдерге мал-дүниелеріңмен мәһр беріп талпынуларың, ар-намыстарыңды сақтаған халде, зина жасамай үйлену сендерге рұқсат етілді. Олармен қосылған болсаңдар, мәһр ретінде ақыларын беріңдер. мәһрді бекіткеннен кейін, оның көлемін өзара келісулеріңде сендер үшін күнә жоқ. Ақиқатында, Аллаһ бәрін Білуші, аса Дана
Сендерден басы азат иманды мүмін әйелдерге үйленуге кімнің қаражат жағынан шамасы келмесе, онда қолдарыңдағы иманды мүмін күңдердің біріне үйленсін . Аллаһ сендердің имандарыңды жақсы біледі. Сендер бір-біріңненсіңдер. Оларға иелерінің рұқсатымен үйленіңдер және оларға мәһрлерін тиісінше беріңдер. Олар әйелдік пәктігін сақтаушы, ойнас жасамайтын, көңілдес ұстамайтын болсын. Олар қашан күйеуге шығып, кейін бір жиіркенішті іс ойнастық істесе, оларға азат әйелдерге тиісті азаптың жазаның жартысы беріледі. Бүл сендердің араларыңдағы зина істеп қоюдан қорыққандар үшін. Ал, сабыр етулерің, өздерің үшін қайырлы. Аллаһ өте Кешірімді, ерекше Мейірімді
Аллаһ сендерге түсіндіріп беруді және сендерді өздеріңнен бұрын өткендердің жолдарымен жүргізуді әрі сендердің күнәларыңа шынайы өкініп, Өзіне бойсұнуға қайтуларыңды тәубелеріңді қабыл етуді қалайды. Аллаһ бәрін Білуші, аса Дана
Аллаһ сендердің істеген күнәларыңа шынайы өкініп, Өзіне бойсұнуға қайтуларыңды тәубелеріңді қабыл етуді қалайды. Ал, тән құмарлықтарына шәһуәттарына еретіндер болса, сендердің хақ жолдан қатты ауытқуларыңды қалайды
SurahQuran.com was founded as a humble effort to serve the Noble Book and the pure Sunnah, to invite people to Allah, and to make the religious sciences accessible according to the methodology of the Quran and Sunnah. We praise and thank Allah for His grace, and we ask Him to accept our work and make it sincere for His noble Face.