Wa izaa kunta feehim fa aqamta lahumus Salaata faltaqum taaa`ifatum minhum ma`aka walyaakhuzooo aslihatahum fa izaa sajadoo fal yakoonoo minw waraaa`ikum waltaati taaa`ifatun ukhraa lam yusalloo falyusallo ma`aka walyaakhuzoo hizrahum wa aslihatahum; waddal lazeena kafaroo law taghfuloona `anaslihatikum wa amti`atikum fa yameeloona `alaikum mailatanw waahidah; wa laa junaaha `alaikum in kaana bikum azam mimmatarin aw kuntum mmardaaa an tada`ooo aslihatakum wa khuzoo hizrakum; innal laaha a`adda lilkaafireena `azaabam muheenaa
📖 Аударма (Қазақ тілінде)
📖 Қазақ тілінде
Ей, Мұхаммед! Қашан олардың арасында, оларға имам болып намазды орындайтын болсаң, олардың бір бөлігі сенімен бірге тұрып, қаруларын ұстасын. Олар сәжде жасап болған соң, сендердің арт жақтарыңа өтсін, сөйтіп намаз оқымаған екінші бөлігі келіп, сенімен бірге намаз оқысын және сақтық істеп, қаруларын ұстасын. Күпірлік етушілер Аллаһқа қарсы келушілер сендердің қаруларыңнан және заттарыңнан қаперсіз қалғандарыңды қалайды, сонда олар сендерге бірден лап қоймақшы. Егер сендерге жаңбырдан бір жайсыздық туса немесе науқас болсаңдар, қаруларыңды қоя тұруларың айып емес. Бірақ, сақтық шараларын ұстаныңдар. Ақиқатында, Аллаһ кәпірлерге қорлаушы азап әзірледі
🌐 Additional reference in Русский
🌐 Русский
Когда же ты, (о Мухаммад!), Находишься средь них и их ведешь при совершении молитвы, То пусть один отряд стоит с тобой И при себе оружие свое имеет. Когда же преклонение закончат, Пусть отойдут назад от вас, И пусть другой отряд, который не молился, Придет и молится с тобой - Но чтобы осторожны были И при себе оружие имели. Неверным бы хотелось, чтобы вы С обозами своими и оружием небрежны были, Чтоб одолеть одним ударом вас. Греха не будет в том, Если вы сложите оружие свое Под тягостью дождя или болезни. При этом в отношении себя блюдите осторожность, - Аллах поистине, уготовАл неверным Столь унизительные кары!
Уа, Пайғамбар! Сен жаумен соғыс майданында болып, жамағатқа намаз оқытқың келгенде, әскерді екі топқа бөл. Бірінші топ сенімен бірге намазға тұрсын және қаруларын өздерімен алып жүрсін. Екінші топ жауға қарсы күзетте тұрсын. Сенімен намаз оқыған топ бір рәкәғатты бітірген соң, өздері қалған рәкәғатты толықтырып, сәлем берсін де, жауға қарсы алдыңғы шепке өтсін. Содан кейін күзетте болған, әлі намаз оқымаған екінші топ келіп, сенімен бір рәкәғат оқысын. Имам сәлем бергенде, олар өздерінің қалған рәкәғатын өздері толықтырсын. Бұл кезде олар сақтықтарын да, қаруларын да қолдарына алсын. Өйткені имансыздар сендердің намаз оқып жатқанда қару-жарақтарыңнан және жабдықтарыңнан бейқам қалуларыңды қалайды да, бір-ақ соққымен үстіңдерге басып кірмекші болады. Алайда жаңбырдан зиян шексеңдер немесе науқас болсаңдар, қаруларыңды қоюларыңда айып жоқ. Бірақ сақтықтарыңды тастамаңдар. Шүбәсіз, Алла имансыздарға қорлайтын азап дайындады.
Алынатын ғибраттар:
Ислам діні қиын жағдайда да құлшылықты жеңілдетіп, намаздың маңыздылығын көрсетеді. Тіпті соғыс майданында да намаз тасталмайды.
Дін қауіпсіздік пен сақтықты ұсынады. Қорғаныс шараларын алу — иманның бір бөлігі.
Алла Тағала пенделерінің әлсіздігін ескереді: науқастық немесе жаңбыр сияқты себептермен жеңілдік беріледі. Бұл — Исламның мейірімділігі мен шынайылығының дәлелі.
Жау әрқашан бейқамдықты іздейді. Сондықтан мұсылмандар әрдайым сергек болуы керек.
Имансыздардың ақыретте қорлайтын азапқа ұшырайтыны ескертіліп, иман мен сабырдың маңызы арта түседі.
Осы аят арқылы Исламның қиындыққа төзімді, парасатты әрі мейірімді дін екенін көреміз. Ол пенделерін қорғауға, сақ болуға және құлшылықты әрдайым орындауға шақырады.
Ей, Мұхаммед! Қашан олардың арасында, оларға имам болып намазды орындайтын болсаң, олардың бір бөлігі сенімен бірге тұрып, қаруларын ұстасын. Олар сәжде жасап болған соң, сендердің арт жақтарыңа өтсін, сөйтіп намаз оқымаған екінші бөлігі келіп, сенімен бірге намаз оқысын және сақтық істеп, қаруларын ұстасын. Күпірлік етушілер Аллаһқа қарсы келушілер сендердің қаруларыңнан және заттарыңнан қаперсіз қалғандарыңды қалайды, сонда олар сендерге бірден лап қоймақшы. Егер сендерге жаңбырдан бір жайсыздық туса немесе науқас болсаңдар, қаруларыңды қоя тұруларың айып емес. Бірақ, сақтық шараларын ұстаныңдар. Ақиқатында, Аллаһ кәпірлерге қорлаушы азап әзірледі
Кім Аллаһ жолында иманын сақтау үтін қоныс аударса, ол, қоныстану үшін жер жүзінде көптеген орын әрі молшылық табады. Кім үйінен Аллаһ және Оның Елшісіне қарай қоныс аударып шығып, содан кейін оған өлім жетсе, ақиқатында, оның сыйы Аллаһта. Аллаһ өте Кешірімді , ерекше Мейірімді
Жер жүзінде сапарда болғандарыңда, күпірлік етушілердің Аллаһқа қарсы келушілердің өздеріңе бүлік тудыруынан қауіптенсеңдер, сендерге намазды қысқартуларыңда айып жоқ. Ақиқатында, кәпірлер сендерге анық дұшпан
Ей, Мұхаммед! Қашан олардың арасында, оларға имам болып намазды орындайтын болсаң, олардың бір бөлігі сенімен бірге тұрып, қаруларын ұстасын. Олар сәжде жасап болған соң, сендердің арт жақтарыңа өтсін, сөйтіп намаз оқымаған екінші бөлігі келіп, сенімен бірге намаз оқысын және сақтық істеп, қаруларын ұстасын. Күпірлік етушілер Аллаһқа қарсы келушілер сендердің қаруларыңнан және заттарыңнан қаперсіз қалғандарыңды қалайды, сонда олар сендерге бірден лап қоймақшы. Егер сендерге жаңбырдан бір жайсыздық туса немесе науқас болсаңдар, қаруларыңды қоя тұруларың айып емес. Бірақ, сақтық шараларын ұстаныңдар. Ақиқатында, Аллаһ кәпірлерге қорлаушы азап әзірледі
Қашан намазды орындап болсаңдар, Аллаһты тұрған, отырған және жамбасымен жатқан халде еске алыңдар. Қашан алаңсыз болғандарында, намазды барлық шарттарын сақтап, беріле толық орындаңдар. Анығында, намаз имандылар мүміндер үшін уақыттары белгіленген парыз
соғысқан елдің соңына түсуде осалдық танытпаңдар. Егер сендер күйзелген болсаңдар, негізінде олар да сендер секілді күйзеледі. Ал сендер болсаңдар, Аллаһтан олар үміт етпейтінді үміт етесіңдер. Аллаһ бәрін Білуші , аса Дана
SurahQuran.com was founded as a humble effort to serve the Noble Book and the pure Sunnah, to invite people to Allah, and to make the religious sciences accessible according to the methodology of the Quran and Sunnah. We praise and thank Allah for His grace, and we ask Him to accept our work and make it sincere for His noble Face.