Ас-Саффат сүресі pdf — Жүктеу (Қазақша)
Ас-Саффат сүресі pdf Қазақша — Жүктеу Ас-Саффат сүресі Аударма. Ас-Саффат сүресі (Meccan) 182 Аят.
Related
- Ас-Саффат сүресі АудармаҚазақша
- Ас-Саффат сүресі mp3Тыңда
- Quran Index Қазақша114
More Сүресі PDF
Ас-Саффат сүресі

ﭑﭒﭓ
37:1
Ант етемін! Сап түзеп тұратындармен
ﭔﭕﭖ
37:2
және айдаған айдаушылармен
ﭗﭘﭙ
37:3
және Еске салушыны Құранды оқитындармен
ﭚﭛﭜﭝ
37:4
Ақиқатында, сендердің құдайларың әл-Уахид Бір, жалғыз
ﭞﭟﭠﭡﭢﭣﭤﭥ
37:5
Ол аспандар мен жердің және екеуінің арасында болғандардың Раббысы, әрі шығыстардың Раббысы
ﭦﭧﭨﭩﭪﭫﭬ
37:6
Біз төменгі аспанды аспан денелерімен жұлдыз, ғаламшарлармен көріктендірдік
ﭭﭮﭯﭰﭱﭲ
37:7
және оны барлық бойсұнбаушы шайтаннан сақтадық
ﭳﭴﭵﭶﭷﭸﭹﭺﭻﭼ
37:8
Олар жоғарыдағы топты тыңдай алмайды, сөйтіп олар жан-жақтан атқыланып
ﭽﭾﭿﮀﮁﮂ
37:9
қуылады. Әрі оларға тұрақты азап бар
ﮃﮄﮅﮆﮇﮈﮉﮊ
37:10
Ал, кім тыңдап іліп алса, оның соңына отты ұшқын түседі
ﮋﮌﮍﮎﮏﮐﮑﮒﮓﮔﮕﮖﮗﮘ
37:11
Ей, Мұхаммед! Олардан сұра, оларды жарату қиын ба, әлде Біздің жаратқандарымызды ма? Анығында, Біз оларды жабысқақ лайдан жараттық
ﮙﮚﮛﮜ
37:12
Негізінде, сен таңғалдың, ал олар айтқандарыңды келеке етеді
ﮝﮞﮟﮠﮡ
37:13
Әрі қашан естеріне салынса, олар естеріне алмайды
ﮢﮣﮤﮥﮦ
37:14
ал, егер бір белгіні көрсе, мазақ етеді
ﮧﮨﮩﮪﮫﮬﮭ
37:15
Олар: «Бұл ап-анық сиқыр ғана
ﮮﮯﮰﮱﯓﯔﯕﯖ
37:16
Біз өліп, топырақ пен сүйектерге айналған кезімізде қайтадан тірілтілеміз бе
ﯗﯘﯙ
37:17
Әрі біздің алдыңғы бабаларымыз да ма?» дейді
ﯚﯛﯜﯝﯞ
37:18
Ей, Мұхаммед! Айт: «Иә. Әрі сендер де қор болған күйлеріңде», деп
ﯟﯠﯡﯢﯣﯤﯥﯦ
37:19
Шын мәнінде, ол бір дыбыс қана. Сонда олар қайта тіріліп қарап тұрады
ﯧﯨﯩﯪﯫﯬ
37:20
Олар: «Қап! Сорымыз құрысын! Бұл Есеп күні»,- дейді
ﯭﯮﯯﯰﯱﯲﯳﯴ
37:21
Оларға!: «Міне, өздерің өтірік санап келген Айыру күні осы», делінеді
ﯵﯶﯷﯸﯹﯺﯻﯼﯽ
37:22
Аса ұлы Аллаһ періштелерге °: «Әділетсіз болғандарды және оларға ұқсағандарды және олардың табынғандарын жинаңдар
ﯾﯿﰀﰁﰂﰃﰄﰅ
37:23
Аллаһтан өзге жалған құдайларын . Сөйтіп оларды Жахимның тозақтың жолына салыңдар
ﰆﰇﰈﰉﰊ
37:24
Әрі оларды тоқтатыңдар, өйткені олар сұраққа тартылады
ﭑﭒﭓﭔﭕ
37:25
Оларға : «Сендерге не болды, неге бір-біріңе көмектеспейсіңдер?» делінеді
ﭖﭗﭘﭙﭚ
37:26
Әрине, олар бүгін бойсұнушы
ﭛﭜﭝﭞﭟﭠ
37:27
Әрі олар бір-біріне қарап, сұрақ қояды
ﭡﭢﭣﭤﭥﭦﭧ
37:28
Ерушілер : «Сендер бізге оң жағымыздан келуші едіңдер», -дейді
ﭨﭩﭪﭫﭬﭭ
37:29
Бастаушылары : «Жоқ! Сендер өздерің иманға келмедіңдер
ﭮﭯﭰﭱﭲﭳﭴﭵﭶﭷﭸﭹ
37:30
Әрі сендерге біздің билігіміз болған жоқ. Негізінде, сендер шектен шыққан адамдар едіңдер
ﭺﭻﭼﭽﭾﭿﮀﮁ
37:31
Енді Раббымыздың бізге қатысты Сөзі орындалды. Күмәнісіз, жазаны татамыз
ﮂﮃﮄﮅﮆ
37:32
Иә, Біз сендерді адастырдық, өйткені өзіміз де адасуда едік», дейді
ﮇﮈﮉﮊﮋﮌ
37:33
Әрі сол күні олар азапта бірге болады
ﮍﮎﮏﮐﮑ
37:34
Ақиқатында, Біз қылмыскерлерге осылай істейміз
ﮒﮓﮔﮕﮖﮗﮘﮙﮚﮛﮜ
37:35
Өйткені оларға: «Аллаһтан басқа ешбір құдай жоқ», деп айтылған кезде, олар менменсіп, өздерін жоғары қоятын
ﮝﮞﮟﮠﮡﮢﮣ
37:36
әрі олар: «Біз жын соққан бір ақынға бола құдайларымызды тастайық па?» -дейтін
ﮤﮥﮦﮧﮨﮩ
37:37
Жоқ, олай емес! Ол ақиқатпен келді және алдыңғы елшілердің хақтығын растады
ﮪﮫﮬﮭﮮ
37:38
Сендер міндетті түрде қинаушы азапты татасыңдар
ﮯﮰﮱﯓﯔﯕﯖ
37:39
Әрі сендерге тек, істеп өткен амалдарыңның қайтарымы беріледі
ﯗﯘﯙﯚﯛ
37:40
Ал, Аллаһтың тазартылған құлдары басқа
ﯜﯝﯞﯟﯠ
37:41
Міне, соларға белгілі ризық бар
ﯡﯢﯣﯤ
37:42
сан түрлі жемістер, әрі олар құрметке бөленеді
ﯥﯦﯧﯨ
37:43
Наъим (Жәннаттың аты. Мағрасы көптеген нығмет, игілік) бақтарында
ﯩﯪﯫﯬ
37:44
көтеріңкі орындарда бір-біріне қарама-қарсы отырады
ﯭﯮﯯﯰﯱﯲ
37:45
Оларды бұлақтан толтырылған кеселермен айналып жүреді
ﯳﯴﯵﯶ
37:46
аппақ әрі ішушілер үшін ләззатты
ﯷﯸﯹﯺﯻﯼﯽﯾ
37:47
Одан іш ауырмайды әрі одан олар ақыл-естерін жоғалтпайды
ﯿﰀﰁﰂﰃ
37:48
Әрі олардың жанында көздерін қорғайтын, жанарлары үлкен қыздар бар
ﰄﰅﰆﰇ
37:49
Әрі олар бейне бір аялап қорғалған жұмыртқадай
ﰈﰉﰊﰋﰌﰍ
37:50
Олар жәннаттықтар бір-біріне қарап сұрасады
ﰎﰏﰐﰑﰒﰓﰔﰕ
37:51
Олардың біреуі: «Менің бір жолдасым бар еді
ﭑﭒﭓﭔﭕ
37:52
Ол маған: «Сен қайта тірілуді! шын деп сенушілерденсің бе
ﭖﭗﭘﭙﭚﭛﭜﭝ
37:53
Біз өліп топырақ пен сүйектерге айналған кезімізде есеп беріп жазаға тартыламыз ба?» дейтін
ﭞﭟﭠﭡﭢ
37:54
Сендер оны көріп тұрған жоқсындар ма?»- деп жанындағылардан сұрайды
ﭣﭤﭥﭦﭧﭨ
37:55
Сонда өзі қарап, оны Жахимның ортасында көреді
ﭩﭪﭫﭬﭭﭮ
37:56
Ол: «Аллаһпен ант етейін, сәл болмағанда сен мені құрта жаздадың
ﭯﭰﭱﭲﭳﭴﭵ
37:57
Раббымның игілігі болмағанда, мен тозаққа келтірілгендерден болар едім», -дейді
ﭶﭷﭸﭹ
37:58
Жәннаттықтар : «Біз өлмейміз бе
ﭺﭻﭼﭽﭾﭿﮀ
37:59
дүниедегі бірінші өлімімізден басқа. Әрі біз жазаға тартылмаймыз ба?» дейді
ﮁﮂﮃﮄﮅﮆ
37:60
Шын мәнінде, бұл ұлы табыс жетістік, игілік
ﮇﮈﮉﮊﮋ
37:61
Амал етушілер, міне, осы секілді ұлы игілік үшін амал етсін
ﮌﮍﮎﮏﮐﮑﮒ
37:62
Сый-сияпат ретінде осы Жәннат жақсы ма, әлде тозақтағы заққұм ағашы ма
ﮓﮔﮕﮖﮗ
37:63
Анығында, Біз оны заққұмды әділетсіздер үшін сынақ еттік
ﮘﮙﮚﮛﮜﮝﮞ
37:64
Ол Жахим тозағының түбінен өсетін бір ағаш
ﮟﮠﮡﮢﮣ
37:65
Оның жемістері шайтандардың бастары секілді өте ұсқынсыз
ﮤﮥﮦﮧﮨﮩﮪ
37:66
Ал, олар одан жейді әрі онымен қарындарын толтырады
ﮫﮬﮭﮮﮯﮰﮱﯓ
37:67
Содан кейін оларға оның үстінен қайнап тұрған су араластырылып беріледі
ﯔﯕﯖﯗﯘﯙ
37:68
Кейін олардың әділетсіздердің қайтар жерлері Жахим
ﯚﯛﯜﯝﯞ
37:69
Ақиқатында, олар аталарын адасқан күйлерінде тапты
ﯟﯠﯡﯢﯣ
37:70
әрі өздері де олардың аталарының іздерінен асығыс жүгіруде
ﯤﯥﯦﯧﯨﯩ
37:71
Негізінде оларға дейін де алдыңғылардың көбі адасқан еді
ﯪﯫﯬﯭﯮ
37:72
Біз оларға ескертетін ескертушілерді пайғамбарлар жібердік
ﯯﯰﯱﯲﯳﯴ
37:73
Ей, Мұхаммед! Ал, енді ескертілгендердің соңы қалай болғанына назар сал
ﯵﯶﯷﯸﯹ
37:74
тек Аллаһтың тазартқан құлдарынан басқаларының
ﯺﯻﯼﯽﯾﯿ
37:75
Ақиқатында, Нұх Бізге жалбарына үн қатты, Біз қандай жақсы жауап қайтарушымыз
ﰀﰁﰂﰃﰄﰅ
37:76
Әрі Біз оны және оның үй ішін өте үлкен қайғыдан құтқардық
ﭑﭒﭓﭔﭕ
37:77
Әрі оның ұрпағын қалушылар еттік қалдырдық
ﭖﭗﭘﭙﭚ
37:78
Ол жайлы кейінгілердің арасында ізгі сөз қалдырдық
ﭛﭜﭝﭞﭟﭠ
37:79
Әлемдердің ішінде Нұхқа сәлем
ﭡﭢﭣﭤﭥ
37:80
Күмәнсіз, Біз жақсылықты ықыласпен істеушілерге сыйын осылай береміз
ﭦﭧﭨﭩﭪ
37:81
Шын мәнінде, ол Біздің иманды мүмін құлдарымыздан
ﭫﭬﭭﭮ
37:82
Кейін басқаларды суға батырдық
ﭯﭰﭱﭲﭳﭴ
37:83
Әрі шын мәнінде, Ибраһим де оның жолындағылардан еді
ﭵﭶﭷﭸﭹﭺ
37:84
Ол Раббысына сау жүрекпен келді
ﭻﭼﭽﭾﭿﮀﮁ
37:85
Ол әкесіне әрі еліне: «Сендер не нәрсеге табынасыңдар
ﮂﮃﮄﮅﮆﮇ
37:86
Сендер Аллаһтан өзге, ойдан құрастырылған құдайларды қалайсыңдар ма
ﮈﮉﮊﮋﮌ
37:87
Әлемдердің Раббысы жайында не ойлайсыңдар?» деді
ﮍﮎﮏﮐﮑ
37:88
Сөйтіп, ол жұлдыздарға бір қарап көз тастады да
ﮒﮓﮔﮕ
37:89
«Мен ауырып тұрмын», деді
ﮖﮗﮘﮙ
37:90
Сонда олар одан бұрылып кетті
ﮚﮛﮜﮝﮞﮟﮠ
37:91
Ал, ол олардың құдайларына пұттарына жасырына келіп: «Сендер жемейсіңдер ме
ﮡﮢﮣﮤﮥ
37:92
Сендерге не болды, неге сөйлемейсіңдер?» деді
ﮦﮧﮨﮩﮪ
37:93
Сөйтіп, ол оларды оң қолымен ұруға кірісті
ﮫﮬﮭﮮ
37:94
Сонда олар қауымы оған асығып келді
ﮯﮰﮱﯓﯔ
37:95
Ол Ибраһим : «Сендер, өздерің қашап жасағандарыңа табынасыңдар ма
ﯕﯖﯗﯘﯙ
37:96
Ал Аллаһ сендерді де, сендердің жасап жатқандарыңды да жаратқан», деді
ﯚﯛﯜﯝﯞﯟﯠﯡ
37:97
Олар: «Оған бір құрылыс құрып, оны отқа лақтырыңдар», деді
ﯢﯣﯤﯥﯦﯧ
37:98
Әрі олар оған бір айла жасағылары келді, бірақ Біз оларды ең төменгілерден еттік
ﯨﯩﯪﯫﯬﯭﯮ
37:99
Оттан аман шыққан соң Ибраһим : «Мен өзімнің Раббыма барамын, Ол мені тура жолмен жүргізеді
ﯯﯰﯱﯲﯳﯴ
37:100
Раббым! Маған ізгілерден тарту ет», деді
ﯵﯶﯷﯸ
37:101
Сонда Біз оны өте ұстамды бір ұлмен сүйіншіледік
ﯹﯺﯻﯼﯽﯾﯿﰀﰁﰂﰃﰄﰅﰆﰇﰈﰉﰊﰋﰌﰍﰎﰏﰐﰑﰒﰓﰔﰕ
37:102
Ол ұлы оның өзімен бірге жүріп, әрекет етуге жеткен кезде, ол: «Әй, балам! Мен түсімде сені құрбандыққа шалып жатқанымды көремін. Байқап қарашы, сен не ойлайсың?» деді. Ол: «Әкешім! Өзіңе бұйырылғанды орында. Аллаһ қаласа, мені сабырлылардан табасың», деді
ﭑﭒﭓﭔﭕ
37:103
Сөйтіп, екеуі де бойсұнып, ол оны маңдайын жерге тигізіп жатқызған кезде
ﭖﭗﭘﭙ
37:104
Біз үн қатып: «Ей, Ибраһим
ﭚﭛﭜﭝﭞﭟﭠﭡﭢ
37:105
Сен түсіңде көргеніңді растап, орындадың»,-дедік. жақсылықты ықыласпен істеушілерге қайтарым сыйын Біз осылай береміз
ﭣﭤﭥﭦﭧﭨ
37:106
Ақиқатында, бұл анық сынақ
ﭩﭪﭫﭬ
37:107
Әрі Біз оның орнына ұлы құрбандық бердік
ﭭﭮﭯﭰﭱ
37:108
Әрі кейінгілердің арасында ол жайлы игі дұға-салауат қалдырдық
ﭲﭳﭴﭵ
37:109
Ибраһимге сәлем амандық болсын
ﭶﭷﭸﭹ
37:110
Біз жақсылықты ықыласпен істеушілердің сыйын осылай береміз
ﭺﭻﭼﭽﭾ
37:111
Шын мәнінде, ол Біздің иманды мүмін құлдарымыздан
ﭿﮀﮁﮂﮃﮄ
37:112
Әрі Біз оны Исхақпен ізгілердің қатарындағы пайғамбармен сүйіншіледік
ﮅﮆﮇﮈﮉﮊﮋﮌﮍﮎﮏﮐ
37:113
Әрі Біз оған және Исхаққа береке дарыттық. Ол екеуінің ұрпақтарының ішінде игілік істеушілер бар, сондай-ақ, өзіне-өзі анық әділетсіздік етуші де бар
ﮑﮒﮓﮔﮕﮖ
37:114
Әрі Біз Мұса мен Һарұнға да игілік жасадық
ﮗﮘﮙﮚﮛﮜ
37:115
Әрі ол екеуін және олардың елін үлкен қайғы-қасіреттен құтқардық
ﮝﮞﮟﮠﮡ
37:116
және Біз оларға көмек беріп, олар жеңіске жетті
ﮢﮣﮤﮥ
37:117
Әрі Біз екеуіне анық Кітапты Тәуратты бердік
ﮦﮧﮨﮩ
37:118
және екеуін тура жолмен жүргіздік
ﮪﮫﮬﮭﮮ
37:119
Әрі Біз ол екеуі жайлы кейінгілердің арасында жақсы сөз қалдырдық
ﮯﮰﮱﯓﯔ
37:120
Мұса мен Һарұнға сәлем амандық
ﯕﯖﯗﯘﯙ
37:121
Ақиқатында, Біз жақсылықты ықыласпен істеушілердің сыйын осылай береміз
ﯚﯛﯜﯝﯞ
37:122
Күмәнсіз, ол екеуі Біздің иманды мүмін құлдарымыздан
ﯟﯠﯡﯢﯣ
37:123
Әрі шын мәнінде, Ілияс та жіберілгендерден
ﯤﯥﯦﯧﯨﯩ
37:124
Кезінде ол еліне: « Аллаһтан қорқып, сақтанбайсыңдар ма
ﯪﯫﯬﯭﯮﯯ
37:125
Сендер Бәълға пұтқа жалбарынып, ең жақсы Жаратушыларыңды тастайсыңдар ма
ﯰﯱﯲﯳﯴﯵ
37:126
өздеріңнің Раббың әрі бұрынғы ата-бабаларыңның Раббысы болған Аллаһты?» деді
ﭑﭒﭓﭔ
37:127
Сонда олар оны өтірікшіге шығарды, енді олар міндетті түрде тозаққа келтіріледі
ﭕﭖﭗﭘﭙ
37:128
тек Аллаһтың тазартқан құлдарынан басқалары
ﭚﭛﭜﭝﭞ
37:129
Әрі Біз ол жайлы кейінгілердің арасында жақсы сөз қалдырдық
ﭟﭠﭡﭢﭣ
37:130
Ілиясинге сәлем
ﭤﭥﭦﭧﭨ
37:131
Күмәнсіз, Біз жақсылықты ықыласпен істеушілердің сыйын осылай береміз
ﭩﭪﭫﭬﭭ
37:132
Шын мәнінде, ол Біздің иманды мүмін құлдарымыздан
ﭮﭯﭰﭱﭲ
37:133
Сөзсіз, Лұт та жіберілгендерден
ﭳﭴﭵﭶﭷ
37:134
Біз оны және оның үй ішінің барлығын құтқардық
ﭸﭹﭺﭻﭼ
37:135
тек қалушылардан болған бір кемпірден басқа
ﭽﭾﭿﮀ
37:136
Содан кейін басқаларын жойып жібердік
ﮁﮂﮃﮄﮅ
37:137
Әрі сендер олардың жанынан таңертең өтесіңдер
ﮆﮇﮈﮉﮊ
37:138
және түнде де. Ақылдарыңды істетіп, ұғынбайсыңдар ма
ﮋﮌﮍﮎﮏ
37:139
Йунус та жіберілгендерден
ﮐﮑﮒﮓﮔﮕ
37:140
Кезінде ол лық толы болған кемеге қашқан еді
ﮖﮗﮘﮙﮚ
37:141
Содан жеребе тартып, жеңілгендерден болды
ﮛﮜﮝﮞﮟ
37:142
Сөйтіп оны жазғырылуға лайық болған күйінде кит жұтты
ﮠﮡﮢﮣﮤﮥ
37:143
Егер де ол Аллаһты кемшіліктен пәк деп дәріптеушілерден болмағанда
ﮦﮧﮨﮩﮪﮫﮬ
37:144
оның киттің ішінде қайта тірілтілетін күнге дейін қалған болар еді
ﮭﮮﮯﮰﮱﯓ
37:145
Сонда Біз оны ашық жерге шығарып тастадық.Ал, ол әлсіз еді
ﯔﯕﯖﯗﯘﯙ
37:146
Әрі Біз оның үстіне оған иақтийн өсімдігін өсірдік
ﯚﯛﯜﯝﯞﯟﯠ
37:147
Әрі Біз оны жүз мың немесе одан да көпке жібердік
ﯡﯢﯣﯤﯥ
37:148
Олар иманға келді. Сонда Біз оларды бір мерзімге дейін пайдаландырдық
ﯦﯧﯨﯩﯪﯫ
37:149
Олардан мүшріктерден сұра, шынымен-ақ сенің Раббыңа қыздар, ал оларға ұлдар ма
ﯬﯭﯮﯯﯰﯱﯲ
37:150
Әлде Біз періштелерді әйел етіп жаратып, олар оны көріп куә болды ма
ﯳﯴﯵﯶﯷﯸ
37:151
Біліңдер! Олар ойларынан шығарған жаласын айтады
ﯹﯺﯻﯼﯽ
37:152
«Аллаһ туды», деп. Олар сөзсіз, өтірік айтушылар
ﯾﯿﰀﰁﰂ
37:153
Ол ұлдарға қарағанда қыздарды таңдады ма
ﭑﭒﭓﭔﭕ
37:154
Сендерге не болды, қалай шешім шығарасыңдар
ﭖﭗﭘ
37:155
Естеріңе түсірмейсіңдер ме
ﭙﭚﭛﭜﭝ
37:156
Әлде сендерде анық дәлел бар ма
ﭞﭟﭠﭡﭢﭣ
37:157
Егер шын сөзді болсаңдар, кітаптарыңды әкеліңдер
ﭤﭥﭦﭧﭨﭩﭪﭫﭬﭭﭮﭯ
37:158
Олар серік қосушылар Онымен Аллаһпен жындардың арасында туыстық байланыс бар деп ұйғарды. Ал жындар болса өздерінің есеп беруге келтірілетінін білді
ﭰﭱﭲﭳﭴ
37:159
Аллаһ олардың таңған сипаттарынан жапқан жалаларынан пәк
ﭵﭶﭷﭸﭹ
37:160
тек Аллаһтың тазартқан құлдары ғана басқа ондайдан аулақ
ﭺﭻﭼﭽ
37:161
Ал, сендер және сендердің табынғандарың
ﭾﭿﮀﮁﮂ
37:162
Оған Аллаһқа қатысты ешкімді де бүлікке сала алмайсыңдар
ﮃﮄﮅﮆﮇﮈ
37:163
тек Жахимда (Тозақта) жанатындарды ғана бүлікке түсіре аласыңдар
ﮉﮊﮋﮌﮍﮎﮏ
37:164
Періштелер : «Бізден орны белгілі болмаған ешкім жоқ
ﮐﮑﮒﮓ
37:165
Ақиқатында, біз қатарланып тұрушымыз
ﮔﮕﮖﮗ
37:166
Әрі біз Аллаһты кемшіліктерден пәк деп дәріптеушіміз», дейді
ﮘﮙﮚﮛ
37:167
Ал, олар Мекке мүшріктері кезінде
ﮜﮝﮞﮟﮠﮡﮢ
37:168
«Егер де бізде әуелгілерден бір «Еске салу» болғанда
ﮣﮤﮥﮦﮧ
37:169
онда біз де Аллаһтың таңдалған құлдарынан болар едік», деп айтатын еді
ﮨﮩﮪﮫﮬﮭ
37:170
Алайда, олар оған Елшіге күпірлік етті сенбеді . Енді олар жақын арада біледі
ﮮﮯﮰﮱﯓﯔ
37:171
Әрі Біздің Сөзіміз Елші етіп жіберілген құлдарымызға алдын ала бекітіліп қойылған
ﯕﯖﯗﯘ
37:172
Оларға сөзсіз көмек берілетіні
ﯙﯚﯛﯜﯝ
37:173
және Біздің әскеріміздің жеңетіні туралы
ﯞﯟﯠﯡﯢ
37:174
Ей, Мұхаммед! Олардан мүшріктерден бір уақытқа дейін жүзіңді бүр
ﯣﯤﯥﯦ
37:175
әрі Оларға қара, жақында олар азапты көреді
ﯧﯨﯩ
37:176
Олар Біздің азабымыздың тез болуын талап ете ме
ﯪﯫﯬﯭﯮﯯﯰ
37:177
Ал, ол азап олардың есіктерінің алдына түскен кезде, ескертілгендердің таңы қандай жаман болады
ﯱﯲﯳﯴﯵ
37:178
Ей, Мұхаммед! Олардан мүшріктерден бір уақытқа дейін жүзіңді бүр
ﯶﯷﯸﯹ
37:179
және қара, жақында олар азапты көреді
ﯺﯻﯼﯽﯾﯿﰀ
37:180
Сенің Раббың үстемдік Раббысы Иесі олардың сипаттағандарынан пәк
ﰁﰂﰃﰄ
37:181
Әрі елшілерге сәлем амандық
ﰅﰆﰇﰈﰉ
37:182
Барлық мақтау Әлемдердің Раббысы Аллаһқа
Құран Кәрім
Wednesday, September 9, 2026
Don't forget us in your sincere prayers







