Сүресі Аль-Муминун
PDF —
118 Аят Meccan PDF
Built right in your browser — download starts automatically

Сүресі Аль-Муминун pdf — Жүктеу (Қазақша)

Сүресі Аль-Муминун pdf Қазақша — Жүктеу Сүресі Аль-Муминун Аударма. Аль-Муминун (Meccan) 118 Аят.



Сүресі Аль-Муминун
118 Аят · Meccan · Қазақша
bismillah
ﭑﭒﭓﭔ
Ақиқатында имандылар мүміндер жеңіске бақытқа, мұраттарына жетті
ﭕﭖﭗﭘﭙﭚ
Олар намаздарында беріле бойсұнатындар
ﭛﭜﭝﭞﭟﭠ
және олар пайдасы жоқ, бос нәрселерден бас тартатындар
ﭡﭢﭣﭤﭥ
және олар зекетті беретіндер
ﭦﭧﭨﭩﭪ
Әрі олар жыныс ағзасын қорғайтындар
ﭫﭬﭭﭮﭯﭰﭱﭲﭳﭴﭵ
тек жұбайлары мен қолдарындағы басыбайлы күңдерінен басқа. Бұлар үшін олар айыпталмайды
ﭶﭷﭸﭹﭺﭻﭼﭽ
ал кім бұдан басқаны қалаушы болса, міне, солар шектен шығушылар
ﭾﭿﮀﮁﮂﮃ
Әрі олар аманаттарын өздеріне сеніп тапсырылғанды және келісімдерін сақтайтындар
ﮄﮅﮆﮇﮈﮉ
және олар намаздарына мұқият қарап, орындайтындар
ﮊﮋﮌﮍ
Міне, осылар мұрагерлер
ﮎﮏﮐﮑﮒﮓﮔ
Фирдаусты мұра етіп алып, ол жерде мәңгі қалатындар
ﮕﮖﮗﮘﮙﮚﮛﮜ
Ақиқатында, Біз адамды Адам атаны лайдың негізінен жараттық
ﮝﮞﮟﮠﮡﮢﮣ
Кейін оны берік орынға орналасқан тамшы ұрық су еттік
ﮤﮥﮦﮧﮨﮩﮪﮫﮬﮭﮮﮯﮰﮱﯓﯔﯕﯖﯗﯘﯙﯚﯛ
Содан кейін тамшыны ұйыған қан етіп жараттық, ұйыған қанды бір тілім шайналған секілді ет етіп жаратып, шайналған секілді етті сүйектер етіп жараттық, сүйектерді етпен қаптадық. Содан кейін оны өзге жаратылыспен жараттық. Жасап шығарушылардың ең жақсысы Аллаһ аса Берекелі
ﯜﯝﯞﯟﯠﯡ
Осыдан соң сендер туылып ,кейін әлбетте өлесіңдер
ﯢﯣﯤﯥﯦﯧ
Содан кейін сендер Қайта тірілу күні қайта тірілесіңдер
ﯨﯩﯪﯫﯬﯭﯮﯯﯰﯱﯲ
Ақиқатында Біз үстеріңнен жеті қабатты жараттық. Біз жаратылғандардан ғапыл қапы қалушы емеспіз
ﭑﭒﭓﭔﭕﭖﭗﭘﭙﭚﭛﭜﭝﭞﭟ
Біз аспаннан суды белгілі мөлшермен түсіріп, оны жерге орналастырдық. Әрі оны Біз кетіре де аламыз
ﭠﭡﭢﭣﭤﭥﭦﭧﭨﭩﭪﭫﭬﭭ
Біз онымен сендерге құрма және жүзім бақтарын өсірдік. Сендер үшін оларда бақтарда көп жемістер бар әрі сендер олардан жейсіңдер
ﭮﭯﭰﭱﭲﭳﭴﭵﭶﭷ
Әрі Синай тауында өсетін ағашты да зәйтүнді өсірдік . Одан жеушілер үшін май және дәм беретін дәмдеуіш шығады
ﭸﭹﭺﭻﭼﭽﭾﭿﮀﮁﮂﮃﮄﮅﮆﮇﮈ
Ақиқатында сендер үшін малдар да ғибрат бар. Сендерге олардың іштеріндегін сүтті ішкіземіз. Оларда сендер үшін коп пайда бар әрі олардан азықтанасыңдар
ﮉﮊﮋﮌﮍ
Әрі сендер оларда және кемелерде тасымалданасыңдар
ﮎﮏﮐﮑﮒﮓﮔﮕﮖﮗﮘﮙﮚﮛﮜﮝﮞﮟ
Біз Нұхты өзінің еліне Елші етіп жібердік. Ол: «Әй, елім! Аллаһқа құлшылық етіңдер, сендер үшін Одан басқа ешбір құдай жоқ. Сонда сендер Оның жазасынан қорқып, сақтанбайсыңдар ма тақуалық етпейсіңдер ме? »- деді
ﮠﮡﮢﮣﮤﮥﮦﮧﮨﮩﮪﮫﮬﮭﮮﮯﮰﮱﯓﯔﯕﯖﯗﯘﯙﯚﯛ
Сонда оның елінің күпірлік еткен Аллаһтың бірліген мойындамаған мансап, бедел иелері: «Бұл бар болғаны өздерің сияқты адам. Ол сендерден үстем болуды қалайды. Егер Аллаһ қалағанда, періштелер түсіретін еді. Мұндайды бұрын өткен аталарымыздан естімеппіз
ﯜﯝﯞﯟﯠﯡﯢﯣﯤﯥﯦ
Бұл бір жын соққан адам ғана. Бір уақытқа дейін онымен бірге күте тұрыңдар», -деді
ﯧﯨﯩﯪﯫﯬ
Ол Нұх : «Раббым! Оларменіөтірікшіге шығарғандықтары үшін маған жәрдем бер!» деді
ﯭﯮﯯﯰﯱﯲﯳﯴﯵﯶﯷﯸﯹﯺﯻﯼﯽﯾﯿﰀﰁﰂﰃﰄﰅﰆﰇﰈﰉﰊﰋﰌﰍﰎ
Сонда оған: «Біздің көз алдымызда және уахиымыз үйретуіміз ш бойынша кеме жаса. Ал, қашан әміріміз келіп, тандырдан су бұрқылдап атылып шыққанда, оған кемеге әрбір түрден бір жұптан әрі отбасыңды және өздеріне алдын ала Сөзіміз өткендерден басқасын кіргіз. Әділетсіздік еткендер жайын­да Маған сөз айтпа сұрама . Олар суға батырылатындар», деп уахи еттік
ﭑﭒﭓﭔﭕﭖﭗﭘﭙﭚﭛﭜﭝﭞﭟﭠ
Сен және сенімен бірге болғандар кемеге мініп жайғасқан кездеріңде: «Барлық мақтау, бізді әділетсіз елден құтқарған Аллаһқа болсын!» деп айт
ﭡﭢﭣﭤﭥﭦﭧﭨﭩ
Тағы да айт: «Раббым! Мені берекелі орынға түсір. Орын берушілердің ең қайырлысы Өзіңсің», деп
ﭪﭫﭬﭭﭮﭯﭰﭱ
Анығында Мұнда белгі-ғибраттар бар. Ақиқатында Біз сынаймыз
ﭲﭳﭴﭵﭶﭷﭸ
Кейін, олардан соң басқа халықтарды пайда еттік
ﭹﭺﭻﭼﭽﭾﭿﮀﮁﮂﮃﮄﮅﮆﮇﮈ
Оларға өз іштерінен Елші жіберіп, ол: «Аллаһқа құлшылық етіңдер, сендер үшін Одан басқа ешбір құдай жоқ, Оның жазасынан қорқып, сақтанбайсыңдар ма тақуалық етпейсіңдер ме ?»- деді
ﮉﮊﮋﮌﮍﮎﮏﮐﮑﮒﮓﮔﮕﮖﮗﮘﮙﮚﮛﮜﮝﮞﮟﮠﮡﮢ
Оның елінен күпірлік еткен Аллаһқа қарсы келген және соңғы, мәңгілік өмірдегі ақиреттегі кездесуді өтірік санаған әрі өздерін осы өмірде Біз сән-салтанат, рахатқа кенелткен мансап, бедел иелері: «Бұл бар болғаны өздерің сияқты, сендердің жегендеріңді жеп, ішкендеріңді ішетін адам
ﮣﮤﮥﮦﮧﮨﮩﮪ
Егер өздерің сияқты бір адамға бағынсаңдар, онда сендер сөзсіз зиян шегесіңдер
ﮫﮬﮭﮮﮯﮰﮱﯓﯔﯕ
Ол сендерге: «Сендер өліп, топырақ пен сүйекке айналғандарыңда, әлбетте қайта тірілтіліп шығарыласыңдар», деп уәде ете ме
ﯖﯗﯘﯙﯚﯛ
Сендерге уәде етілген нәрсе алые, тым ұзақ
ﯜﯝﯞﯟﯠﯡﯢﯣﯤﯥﯦ
Осы өмірімізден басқа ешнәрсе жоқ. Өлеміз, өмір сүреміз, бірақ қайта тірілмейміз
ﯧﯨﯩﯪﯫﯬﯭﯮﯯﯰﯱﯲﯳ
Ол бар болғаны Аллаһ жайында ойынан өтірік шығарған бір адам ғана. Біз оған сенбейміз», деді
ﯴﯵﯶﯷﯸﯹ
Ол Елші : «Раббым! Олар мені өтірікшіге шығарғандықтары үшін маған көмек бер!» деді
ﯺﯻﯼﯽﯾﯿ
Ол: «Бір аз ғанадан соң, олар өкінушілерге айналады», деді
ﰀﰁﰂﰃﰄﰅﰆﰇﰈﰉ
Сонда оларды сайха алып, Біз оларды ағынсудағы секілді қоқымға айналдырдық. Әділетсіз ел Аллаһтың мейірімінен алыстатылсын
ﰊﰋﰌﰍﰎﰏﰐ
Кейін олардан соң басқа қауымдарды пайда еттік
ﭑﭒﭓﭔﭕﭖﭗﭘ
Ешбір ел өзіне белгіленген мерзімінен оза алмайды әрі оны артқа да қалдыра кешіктіре алмайды
ﭙﭚﭛﭜﭝﭞﭟﭠﭡﭢﭣﭤﭥﭦﭧﭨﭩﭪﭫﭬﭭﭮﭯ
Содан кейін елшілерімізді арасын үзбей, бірінен соң бірін жібердік. Әрбір халыққа өз Елшісі келген сайын, олар оны өтірікке шығарып отырды. Сонда оларды бірінің соңынан бірін құртып жібердік әрі оларды аңыз-әңгімелерге айналдырдық. Иманға келмейтін ел Аллаһтың мейірімінен алыстатылсын
ﭰﭱﭲﭳﭴﭵﭶﭷﭸ
Кейін Біз, Мұса мен оның бауыры Һарұнды белгі-мұғжизаларымызбен және анық дәлелмен жібердік
ﭹﭺﭻﭼﭽﭾﭿﮀ
Фиръаунға және оның уәзір, бектеріне. Алайда олар өздерін жоғары санап тәкаппарланды. Өйткені олар менменшіл ел еді
ﮁﮂﮃﮄﮅﮆﮇﮈ
Сонда олар: «Елі бізде құлдықта жүрген, өзіміз сияқты осы екі адамға сенеміз бе?» деді
ﮉﮊﮋﮌﮍ
Олар ол екеуін өтірікшіге шығарды да, сөйтіп жойылғандардан болды
ﮎﮏﮐﮑﮒﮓﮔ
Әрі Біз Мұсаға олар елі тура жолмен жүруі үшін Кітап Тәуратты бердік
ﮕﮖﮗﮘﮙﮚﮛﮜﮝﮞﮟﮠ
Сондай-ақ Мәриямның ұлы мен оның анасын бір белгі-мұғжиза еттік. Әрі ол екеуіне бұлағы бар жайлы төбелі жерден пана бердік
ﮡﮢﮣﮤﮥﮦﮧﮨﮩﮪﮫﮬﮭ
Ей, елшілер! Таза халал нәрселерден жеңдер және ізгі амал істеңдер. Ақиқатында, Мен не істеп жатқандарыңды Білушімін
ﮮﮯﮰﮱﯓﯔﯕﯖﯗ
Негізінде сендердің үмметтерің бір үммет, ал Мен сендердің Раббыңмын, сондықтан тақуалық етіңдер Менің жазамнан қорқып, сақтаныңдар
ﯘﯙﯚﯛﯜﯝﯞﯟﯠﯡﯢ
Ал, олар имансыздар араларында істерін діндерін бөліктерге бөлді. Әрбір бөлінген ағым өздеріндегіге мәз болуда
ﯣﯤﯥﯦﯧﯨ
Оларды бір мерзімге дейін адасуларында қалдыр
ﯩﯪﯫﯬﯭﯮﯯﯰ
Олар ойлайды ма, Біздің өздерін дүние және балалармен сынақ үшін қамтамасыз етуімізді
ﯱﯲﯳﯴﯵﯶﯷﯸﯹ
олар үшін жақсылықтармен асыққанымыз деп. Олай емес. Олар оны сынағымызды сезбейді
ﯺﯻﯼﯽﯾﯿﰀﰁ
Ақиқатында Раббысынан қорыққандықтан зәресі ұшып тұратындар
ﰂﰃﰄﰅﰆﰇ
әрі Раббысының аяттарына сенетіндер
ﰈﰉﰊﰋﰌﰍ
және Раббысына серік қоспайтындар
ﭑﭒﭓﭔﭕﭖﭗﭘﭙﭚﭛ
әрі өтегендерін өтеп, өздерінің Раббысына қайтатын болғандықтан жүректері қорқатындар
ﭜﭝﭞﭟﭠﭡﭢﭣ
міне, осылар жақсылықтарды істеуде алдында болуға ұмтылады әрі олар онда жақсы істерде озық болады
ﭤﭥﭦﭧﭨﭩﭪﭫﭬﭭﭮﭯﭰﭱ
Әрі Біз әрбір жанға шамасы келетін нәрсені ғана жүктейміз. Күші келмейтін істі міндеттемейміз Бізде ақиқатты айтушы Кітап бар, әрі оларға әділетсіздік жасалмайды
ﭲﭳﭴﭵﭶﭷﭸﭹﭺﭻﭼﭽﭾﭿﮀ
Алайда, олардың қарсы келушілердің жүректері бұдан Құраннан ұзақ қатты адасуда. Олардың бұдан басқа да амалдары бар, олар соны істейді
ﮁﮂﮃﮄﮅﮆﮇﮈﮉ
Ал, қашан Біз олардың сән-салтанат, рахатта шалқып жүргендерін азаппен ұстағанымызда, олар зар илейді
ﮊﮋﮌﮍﮎﮏﮐﮑﮒ
Оларға Бүгін зарламаңдар, сендерге Бізден жәрдем берілмейді
ﮓﮔﮕﮖﮗﮘﮙﮚﮛﮜ
Менің аяттарым сендерге оқылатын еді, алайда сендер сонда арттарыңа қарап кері кеттіңдер
ﮝﮞﮟﮠﮡ
онымен Қағбамен менменсіп, түнгі әңгімелерінде жаман сөздер сөйледіңдер
ﮢﮣﮤﮥﮦﮧﮨﮩﮪﮫﮬ
Олар Сөзге Құранға зер салып қарамады ма? Әлде оларға бұрынғы ата-бабаларына келмеген нәрсе келді ме
ﮭﮮﮯﮰﮱﯓﯔﯕ
Әлде олар өздерінің арасынан шыққан Елшісін білмейтін бе еді, сондықтан оны теріске шығаруда ма
ﯖﯗﯘﯙﯚﯛﯜﯝﯞﯟﯠﯡ
Әлде олар оны жын соқты дей ме? Ақиқатында, ол оларға ақиқатты әкелді, бірақ олардың көпшілігі ақиқатты ұнатпайды
ﯢﯣﯤﯥﯦﯧﯨﯩﯪﯫﯬﯭﯮﯯﯰﯱﯲﯳ
Егер де ақиқат олардың көңіл құмарлығына ергенде, аспандар мен жер және ондағы бар нәрселер бүлініп кетер еді. Біз оларға өздері онда Еске алынғанды Құранды бердік, бірақ олар өздері Еске алынғаннан Құраннан бас тартуда
ﯴﯵﯶﯷﯸﯹﯺﯻﯼﯽﯾ
Әлде сен олардан ақы сұраудасың ба? Раббыңның беретін сыйы одан қайырлы және Ол ризық берушілердің ең қайырлысы
ﯿﰀﰁﰂﰃﰄ
Әрі шын мәнінде, сен оларды тура жолға шақырудасың
ﰅﰆﰇﰈﰉﰊﰋﰌﰍ
Ал, соңғы мәңгілік өмірге ақиретке сенбейтіндер міндетті түрде жолдан ауытқиды
ﭑﭒﭓﭔﭕﭖﭗﭘﭙﭚﭛﭜﭝ
Егер де Біз оларға рахым етіп, зияннан айықтырсақ та олар көзсіз сенделуін жалғастырып, шектен шығуларынан қайтпайтын еді
ﭞﭟﭠﭡﭢﭣﭤﭥﭦ
Әрі Біз оларды азаппен жазаладық, бірақ олар өздерінің Раббысына бағынбады және Оған жалынып, сұрамады
ﭧﭨﭩﭪﭫﭬﭭﭮﭯﭰﭱﭲﭳ
Ал, оларға қатты азаптың есігін ашқанымызда, сол сәтте олар күдер үзеді
ﭴﭵﭶﭷﭸﭹﭺﭻﭼﭽﭾﭿ
Әрі Ол Аллаһ , сендер үшін естуді, көруді, жүректерді пайда қылды. Ал, сендер аз шүкір етесіңдер Оның берген игіліктеріне аз алғыс білдіресіңдер
ﮀﮁﮂﮃﮄﮅﮆﮇ
Әрі Ол сендерді жер бетіне таратты және сендер Оған Есеп күні жиналасыңдар
ﮈﮉﮊﮋﮌﮍﮎﮏﮐﮑﮒﮓ
Әрі Ол тірілтеді және өлтіреді. Түн мен күндіздің алмасуы Оның иелігінде. Ақылдарыңды істетіп ұғынбайсыңдар ма
ﮔﮕﮖﮗﮘﮙﮚ
Алайда, олар бұрынғылардың айтқан сөздеріне ұқсас нәрсені айтады
ﮛﮜﮝﮞﮟﮠﮡﮢﮣ
Олар: «Біз өліп, топырақ және сүйектерге айналған кезімізде, қайтадан тірілтілеміз бе
ﮤﮥﮦﮧﮨﮩﮪﮫﮬﮭﮮﮯﮰ
Бұл бізге де және біздің аталарымызға бұрын да уәде етілген еді. Бұл бар болғаны бұрынғылардың ертегілері ғана», деді
ﮱﯓﯔﯕﯖﯗﯘﯙﯚ
Ей, Мұхаммед! Айт: «Егер білсеңдер, жер және ондағылар кімдікі?» деп
ﯛﯜﯝﯞﯟﯠﯡ
Олар: «Аллаһтікі», дейді. Айт: «Ендеше, естеріңе алмайсыңдар ма?»- деп
ﯢﯣﯤﯥﯦﯧﯨﯩﯪ
Айт: «Жеті аспанның Раббысы және ұлы Аршының Раббысы кім?» деп
ﯫﯬﯭﯮﯯﯰﯱ
Олар: « Барлығы да Аллаһтікі»,- дейді. Айт: «Ендеше Аллаһқа бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанбайсыңдар ма тақуалық етпейсіңдер ме ?»- деп
ﯲﯳﯴﯵﯶﯷﯸﯹﯺﯻﯼﯽﯾﯿﰀ
Айт: «Барлық нәрсенің иелігі кімнің қолында болған әрі Өзі қорғайтын және Одан ешқандай қорғаныс болмайтын кім ? Егер білсеңдер айтыңдар », деп
ﰁﰂﰃﰄﰅﰆﰇ
Олар: «Аллаһтың», дейді. Айт: «Қаншалықты алданудасыңдар көздерің байланып қалған »-деп
ﭑﭒﭓﭔﭕﭖ
Иә, Біз оларға ақиқатты келтірдік, ал олар мүлде өтірікшілер
ﭗﭘﭙﭚﭛﭜﭝﭞﭟﭠﭡﭢﭣﭤﭥﭦﭧﭨﭩﭪﭫﭬﭭﭮﭯﭰﭱ
Аллаһ Өзіне ешбір бала алмады әрі Онымен бірге ешқандай құдай болған жоқ. Егер болған жағдайда, әрбір құдай Өзі жаратқандарын алып кетер еді, әрі міндетті түрде олар бір-біріне үстемдік ететін еді. Аллаһ олардың Оған таңғандарынан пәк
ﭲﭳﭴﭵﭶﭷﭸ
Ол ғайыпты да, айқын нәрсені де Білуші. Ол Аллаһ олардың серік етіп қосқандарынан жоғары
ﭹﭺﭻﭼﭽﭾﭿ
Ей, Мұхаммед! Айт: «Раббым! Егер оларға уәде етілгенді маған көрсетсең
ﮀﮁﮂﮃﮄﮅﮆ
Раббым, онда мені әділетсіз адамдардың ішінде қалдырма!» деп
ﮇﮈﮉﮊﮋﮌﮍﮎ
Анығында оларға уәде еткенімізді саған көрсетуге Біздің құдіретіміз жетеді
ﮏﮐﮑﮒﮓﮔﮕﮖﮗﮘﮙ
Жамандықты одан жақсы нәрсемен кетір. Біз олардың не қосып, не таңатын дарын жақсы білеміз
ﮚﮛﮜﮝﮞﮟﮠﮡ
Ей, Мұхаммед! Әрі айт: «Раббым! Шайтандардың мені арбап, азғыруынан Өзіңе жүгініп, қорғауыңды сұраймын
ﮢﮣﮤﮥﮦﮧ
Раббым! Олардың жаныма келуінен Саған жүгініп, қорғауыңды сұраймын», деп
ﮨﮩﮪﮫﮬﮭﮮﮯﮰ
Олардың күпірлік етушілердің біріне өлім келген кезде, ол: «Раббым! Мені артқа қайтар
ﮱﯓﯔﯕﯖﯗﯘﯙﯚﯛﯜﯝﯞﯟﯠﯡﯢﯣﯤﯥ
Мүмкін, кезінде қалдырған ізгі амалдарды істермін», дейді. Жоқ, олай емес! Шын мәнінде, бұл ол айтқан жай сөз ғана. Олардың алдында қайта тірілтілетін күнге дейін бөгет бар
ﯦﯧﯨﯩﯪﯫﯬﯭﯮﯯﯰ
Сүр үрілгенде, сол күні олардың арасында туыстық қатынас болмайды және олар бір-бірі жайында сұраспайды
ﯱﯲﯳﯴﯵﯶﯷ
Сонда кімнің таразысы ауыр тартса, міне, солар мұратына жеткендер
ﯸﯹﯺﯻﯼﯽﯾﯿﰀﰁﰂ
Ал кімнің таразысы жеңіл тартса, солар өздеріне зиян келтіргендер, олар Жаһаннамда мәңгі қалады
ﰃﰄﰅﰆﰇﰈﰉ
Олардың беттерін от шарпиды және олар түнерген сұрықсыз күйде болады
ﭑﭒﭓﭔﭕﭖﭗﭘﭙ
Оларға : «Сендерге аяттарым оқылған жоқ па еді, бірақ сендер оны өтірікке шығардыңдар», -делінеді
ﭚﭛﭜﭝﭞﭟﭠﭡﭢ
Олар: «Раббымыз! Бақытсыздығымыз бізден үстем келді, біз адасқан бір ел болдық
ﭣﭤﭥﭦﭧﭨﭩﭪ
Раббымыз! Бізді бұдан шығар, егер имансыздыққа, күнәға қайтар болсақ, әлбетте әділетсіз болған боламыз»,- дейді
ﭫﭬﭭﭮﭯﭰ
Оларға : «Ол жерде қор болып қалыңдар әрі Маған тіл қатпаңдар
ﭱﭲﭳﭴﭵﭶﭷﭸﭹﭺﭻﭼﭽﭾﭿ
Анығында, Менің құлдарымнан бір тобы: «Раббымыз! Біз иманға келдік, бізді кешір, бізге мейірім ет, Сен мейірім етушілердің ең қайырлысысың», деген еді
ﮀﮁﮂﮃﮄﮅﮆﮇﮈ
Сонда сендер оларды келеке еттіңдер, тіпті, бұл істерің сендерге Мені еске алуды ұмыттырды. Әрі сендер олардың үстінен күлетін едіңдер
ﮉﮊﮋﮌﮍﮎﮏﮐﮑ
Мен бүгін оларға сабыр еткендіктері үшін қайтарым сыйын бердім. Расында, олар жетістікке жетушілер», дейді
ﮒﮓﮔﮕﮖﮗﮘﮙ
Тозақтықтарға : «Жер бетінде қанша жыл болдыңдар?» дейді
ﮚﮛﮜﮝﮞﮟﮠﮡﮢ
Олар: «Бір күн немесе күннің бір бөлігі болдық. Есеп жүргізушілерден сұра», дейді
ﮣﮤﮥﮦﮧﮨﮩﮪﮫﮬﮭ
Ол: «Сендер аз ғана болдыңдар, егер білген болсаңдар
ﮮﮯﮰﮱﯓﯔﯕﯖﯗ
Сонда сендер Біз өздеріңді бостан-бос, ермек етіп жаратты, әрі Бізге қайтарылмаймыз деп ойладыңдар ма?» дейді
ﯘﯙﯚﯛﯜﯝﯞﯟﯠﯡﯢﯣﯤ
Әл-Мәлик барлық нәрсенің шын Билеушісі , әл-Хақ күмәнсіз Ақиқат Аллаһ аса жоғары. Одан басқа ешбір құдай жоқ. Ол Ұлы Аршының Раббысы Иесі
ﯥﯦﯧﯨﯩﯪﯫﯬﯭﯮﯯﯰﯱﯲﯳﯴﯵﯶﯷﯸ
Кім Аллаһпен бірге құдай екендігі жайында, өзінде ешбір дәлелі болмаған басқа бір құдайдан тілесе, оның есебі тек Раббысында. Анығында, кәпірлер мұратына жетпейді
ﯹﯺﯻﯼﯽﯾﯿﰀ
Ей, Мұхаммед!I Айт: «Раббым! Кешір, рақым ет! Сен мейірім етушілердің ең қайырлысысың», деп

Құран Кәрім


Tuesday, August 18, 2026

Don't forget us in your sincere prayers